Өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары "Кешірімді бала-кішіпейіл бала"

Предпросмотр материала:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін

Тақырып:  Кешірімді бала – кішіпейіл бала

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ата – анаға, ұстаздарға, үлкендерге деген құрмет, кішіге ізет көрсету.

Мұғалiм: Мухамбетжанова Салтанат Орынбасаровна

Сынып: 2 а сынып

Оқушылар саны:

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға кешірімді болудың маңыздылығын ұғындыру арқылы  дұрыс әрекет құндылығынын мәнін ашу.

Міндеттері:

- үлкенге-құрмет,кішіге-ізет көрсетудің дұрыс әрекет екендігін түсіндіру;

- адамдарға кешірімшіл болу құндылығын дамыту;

-кешірімшілдікке,кішіпейілділікке  тәрбиелеу.

Ресурстар:

А-4 қағазы, маркерлер, мазмұнды суреттер.

Сабақ барысы:

        1.Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

Нұрға бөлену.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Кешірім     (Р. Әбілқадырова)

Сұрақтар:

1. Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?

2.Атай балалардың қылығын кешірді ме?

3. Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

3. Дәйек сөз.

         "Кешірім-ізгіліктің белгісі."

                                                                       Халық  даналығы

     Дәйексөзді хормен оқу, қайталау дәптерге көшіріп жазу.

     Дәйексөздің мәнін ашу.

       Сұрақтар:

       1. Кешірім деген сөзді қалай түсінесіңдер?

       2. Ізгілік деген қандай мағына береді?

       3. Неліктен кешірім ізгіліктің белгісі деген?

Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.

Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.

  Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.  

 

 

4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Мұғалім сыйы:

Автобуста

Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.

Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп. Бірі мінсе, бірі түсіп жатты. Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік.

– Мұнда отырыңыз, – деп, менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.

– Рақмет, балалар, – деді анам отырып жатып.

– Апа, рақметті не үшін айттыңыз?

– Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рақмет айтатын болады.

Сәлден кейін базарға жеттік.

  Сұрақтар:

1. Бұл оқиға қайда болды?

2. Кішіпейілділік дегенді қалай түсінесің?

3. Әңгімеден қандай ой түюге болады?

 

5. Шығармашылық жұмыс.

Кешірім жасау:

1)    татуласуға бірінші қадам жасау;

2)    кішіпейіл болу;

3)    қателікті мойындау;

4)    өзара түсінісу;

5)    ренішті ұмыта білу.

Жағдаяттар ойлап, көрініс көрсету.

 

6. Топпен ән айту

  Күн күледі

Сөзі Қ. Толыбаевтікі

Әні И. Нүсіпбаевтікі

Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

 

Қайырмасы:

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

 

Жалбыр шашы – гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.

 

Қайырмасы.

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді.

 

 

7. Үй тапсырмасы.

"Өсиет әңгіме"  аңызын оқып келу. 50-52-бет.

 

8.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

 

 

 

 

 

Өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары "Кешірімді бала-кішіпейіл бала"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Мухамбетжанова Салтанат Орынбасаровна

учитель начальных классов

  • На сайте: 10 лет и 8 месяцев
  • Всего просмотров: 117170
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 19
  • 117170
    просмотров
  • 19
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Мухамбетжанова Салтанат Орынбасаровна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~150

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: