Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Өзін -өзі тану пәнінен 3 сынып оқушыларына жүргізілген "Дос болайық бәріміз" ашық сабағы

Өзін -өзі тану пәнінен 3 сынып оқушыларына жүргізілген "Дос болайық бәріміз" ашық сабағы

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

"Дос болайық,  бәріміз"

Өзін-өзі тану    3- сынып


Дос болайық,  бәріміз!

Татулық –достықтың кепілі.

Халық мақалы

Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері:

-         Татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

-         Достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-         Достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар:  үнтаспа, дәптер, оқулық, саңырауқұлақтың үлгісі, жануарлардың маскалары.


Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.

Сәлеметсіздер ме достар?

Сәлеметсіздер ме қонақтар?

Татуласу

О. Асқар

Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, кәне соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі,

Кел қосылып күлейік:

-Ха-ха-ха-ха-ха-ха!

Ойланайық, пікірлесейік.


  Әңгімелесу.

Сендер 1,2-сыныптарда дос, достық қарым қатынас туралы қызықты шығармалармен танысып, дос бола білуді оқып үйрендіңдер.

Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?

Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?

Жағдаяттар талдау

Құрбылары Жанарға

Балмұздақ бергенді.

Жанар кетті алға тез,

Алды- артына қарамай,

«Рақмет» деп, жалғыз сөз

Айтуға да жарамай.

-         Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?

2. Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына тиді.  Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.

- Жанар мен Сырымды шын достар деп айтуға бола ма?  Неліктен?

- Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар? 

Мұғалім оқушылардың ойларын түйіндейді.

-         Кейде біз асығып жүріп, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар  «Рақмет» деген сөзді, Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.

Мәтінмен жұмыс

«Күштісің енді сен», -деді.

Ө.Тұрманжанов

Қасақана болып қас,

Жолда жатты қара тас.

Сүрініп талай құладым,

Жабырқап талай жыладым.

«Жатпа! -деп, -жолда, тас шіркін!»

Алыстым таспен бір дүркін.

Жалғыз күшім жетпеді,

Тас жатты, мыңқ етпеді.

Шақырдым досым Қабышты,

Күш қосты, Қабыш- жабысты.

Күшіміз бірақ жетпеді.

Тс жатты, мыңқ етпеді.

Күшіміз бірақ жетпеді.

Тас жатты мыңқ етпеді.

Шақырдық: «Кел», - деп Садықты,

Күш қосты Садық жабысты.

Күшіміз бірақ жетпеді,

 Тас жатты мыңқ етпеді.

Көмекке келді Түгелбек:

«Төртеудің күші түгел», -деп.

Төртеуміз түгел күш салдық,

Жолдан ап тасты тастадық...

Жалғызға тас көнбеді:

«Күштімін сенен мен »,-деді.

Екеуге тас көнбеді:

«Күштімін сенен мен »,-деді.

Үшеуге тас көнбеді:

«Күштімін сенен мен »,-деді.

Төртеуге төтеп бере алмай:

«Жеңілдім енді мен, -деді,-

Күштісің енді сен », - деді.

-         Мәтінді талдау.

-         Мәтінді қалай түсіндік?

1-оқушы:  Мәтіндегі тастың суретін елестете отырып сал.

2- оқушы:  Мәтіндегі кейіпкерлерді сызбаға түсір.

3-оқушы:  Авторға хат жаз.

4-оқушы:   Дос туралы 5 жолды өлең жаз.

-         «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз  татулық – достық кепілі.

 Халық мақалы.

Мұғалім түсіндірмесі.

Шын  достар уәдесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бірін-бірі ренжітпейді, қуантқысы келеді, бір-бірінің көңіліне қарайды. Ал осы айтылған татулық белгісі. Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.

Сергіту сәті:                              Санайық жаңаша

                                                           Бір, екі, үш.

                                                     Желбіре жалауша,

                                                      Достықта біздің күш.

Сахналау. 

Саңырауқұлақтың астында  

Қатысушылар:  Жүргізуші, құмырсқа, көбелек, торғай, қоян, түлкі, бақа.

Құмырсқа- Айша.

Көбелек- Алтынай.

Торғай- Кристина.

Қоян- Амир.

Түлкі- мұғалім.

Бақа –мұғалім.

Жаңа ақпарат тыңдайық.

Дәптермен жұмыс.     1.    Ребус шешіңдер.

2. Дос туралы   эссе жазу.

Эссені алға шығып, оқу және тақтаға ілу.

Смайлик жапсыру.

Қорытындылау.   -  Достықтың күші- бірлікте, кепілі- татулықта.  Адамдардың бір-біріне деген ең қымбат сезімдерінің бірі- достық. Ал адам бойындағы ең игі қасиеттердің бірі- достаса білу. Адамдар қарым-қатынасындағы аса бағалы құндылық- достық. Сол себепті, балалар әрқашанда дос болайық, бәріміз! 

Жүректен жүрекке

Ән:   Дос болайық бәріміз.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДA-037309

Похожие материалы