Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыӨзін - өзі тану пәнінен "Тамырын жайып тереңге " атты ашық сабақ 7 сынып

Өзін - өзі тану пәнінен "Тамырын жайып тереңге " атты ашық сабақ 7 сынып

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мектеп :Мәдениет қазақ - орыс орта мектебі   Мерзiм______

Мұғалiм: Исмаилова А.А.

Сынып 7 «Ә» Оқушылар саны  28   Тақырып: Тамырын жайып тереңге.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Кешіре білу, адалдық, мейірімділік .

 

Сабақ мақсаты: Тамырымыздың тереңділігін түсіндіру арқылы, сүйіспеншлік  құндылығын  ашу.

   Міндеттері:

-         Бір-бірін кешіре білуге ұйрету.

-         Адалдық қасиетін дамыту.

-         Мейірімділікке тәрбиелеу.

 

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

№1 Нұрға  бөлену.

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

 

Ескерту

3.     Дәйексөз.

«Әке –бәйтерек, ана-мөлдір бұлақ, бала-жағасындағы құрақ».                                                            Халық мақалы.

1.Бұл мақалда әкені неге  бәйтерекке, ананы бұлаққа теңейді?

2.Бала  жағасындағы  құрақ дегенді  қалай  түсінесіңдер?

 

Сурет  арқылы  талдау.

4.     Әңгiмелесу (сұхбаттасу).

     Әңгіме «Боз орамал»  П. Джон

         Автобус аялдамасында ешкімді елеместен мұңға батып жалғыз жігіт отыр. Жолаушылардың кейбірі оған көңіл аударып қарап өтсе, енді біреулері қарамайды да. Жігіттің оларға мойын бұруға мұршасы да жоқ, терең ойға батқан.

         Ол өткен өмірін қайта-қайта есіне алды. Жиырма жылдай бұрын ол келесі көшедегі қызыл кірпіш үйде дүниеге келіп, бақытты балалық шағын өткізіп еді. Бұл үй мүмкін орнында жоқ та шығар бірақ, қызыл-жасыл гүлдер орнында қалған болар. Ол үйінің маңындағы сол гүлдерді есінен бір сәт те шығара алмады. Үйдің жанында әкесі өз қолымен жасап берген әткеншек, өзі алғаш велосипед теуіп үйренген бақтағы жалғыз аяқ жол бәрі-бәрі есінде. Ата-анасы осы велосипедті бірнеше ай бойы еңбек-ақыларын жинап алып беріп еді. Араға оншақты жыл салып велосипедті мопедке ауыстырды.

       Жасөспірім енді ата-анасына төбесін сирек көрсететін жағдайға жетті. Өзі ақша таба бастады, достары да көбейді, ол үшін ата-анасы өмірден артта қалғандай болып, олардан гөрі, достарымен сауық кештерде уақыт өткізу қызықтырақ көрінді.

       Жігіт өмірінің осы бір кезеңін есіне алғанда жаны түршікті, оны жан дүниесінің көмескілеу жеріне жасырғысы келді де өне бойы дір ете қалды. Ол сол күні алған қарыздары жиналып қалып, ата-анасына ақша сұрауға келді. Анасы ұлын көргенде құрақ ұшып, барын аузына тосты, әкесі баласына әкелік мейірімін төкті. Ал ұлы әке-шешесінің ақшасын рұқсатсыз алған күйі кете барды.

        Осы күннен бастап жасөспірім ата-анасының бет-жүзін көрген жоқ. Өзінің осы қылығынан соң ата-анасының жүзіне қарауға дәті де шыдамады. Сөйтіп, ол өте алысқа кетті…

     Ата-анасы баласының өмірінен хабарсыз еді.

     Ол кейде түнде айға қарап өз ата-анасын есіне алатын, «егер ата-анам аман болса, мені көргілері келсе, әйтеуір бір үйіме барармын», – деп ойлайтын.

     Жігіт үлкен қалада жұмысқа орналасады, жұмыстан қолы қалт ете қалса ойына ата-анасы мен үйі түсетін, көзге көрінбейтін бір күш үйіне қарай тарта беретін еді. Көз алдына кішкентай кірпіш үйі мен үйінің маңындағы қызылды-жасылды гүлдер елес болып орала кететін.

    Ақыры үйіне қайтуға бел буғанымен жолға ақшасы болмай ұзақ жолға жаяу шығады. Жол жөнекей кездескен көліктерге мініп, жаяулатып үйіне жақын қалған жігіттің ойы сан саққа кетеді.

    …Ата-анасының үйіне қайта баруға қақысы бар ма? Өзін жан-тәнімен сүйген адамдар жасаған қиянатын кешіре ме?

   Жігіт күні бойы ағаш астында отырып өз ойымен әлек болды. Сөйтіп кеш бата бір күн бойы, бірақ бірнеше сөз ғана жазылған хатты пошта жәшігіне салды. Хатта «Мені көргілерің келетінін ойлау ақымақтық болар. Бірақ қалау өздеріңізден. Бейсенбі күні таң сәріде мен біздің көшеде боламын, мені көргілеріңіз келсе, босағаға боз орамал байларсыздар. Егер орамал болса мен үйге кірермін, егер болмаса туған үйге қолымды ең ақырғы рет бұлғап, өз жөніммен кетермін…» деп жазылған еді.

    Міне күткен бейсенбі күнінің де таңы атты. Жігіттің жүрегі алып ұшып, асығып келеді. Кенет өз ойынан өзі шошып кілт тоқтай қалды. Мүмкін ата-анасы басқа жаққа көшіп кеткен болар… Босағада боз орамал болмаса ше…Егер боз орамал босағада болмаса көршілерге кіріп ата-анамның жағдайын біліп, өз жөніме кетермін…

     Өзімен өзі ойға батқан жігіт ағаш маңында бірнеше минут аялдап, көшесіне жасқана көз қиығын салды. Өз көзіне өзі сенер емес. Анадайдан туған үйі аппақ шағаладай жарқырайды. Үйдің барлық есік терезесі ақ матадан көрінбейді. Үй бозарып атқан ақ таңның сәулесімен шағылысып тұр еді.

       Екі көзден парлап аққан жасқа ие бола алмаған жігіт, үйінің босағасына қалай жеткенін де байқамай қалды. Ал оның алдында туған үйдің есігі шалқасынан ашық тұр еді.

 

Сұрақтар:

1.Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?

2. Оның сағынышының сыры  неде?

3.Ата-анасының ұлына  деген сезімін сипаттап беріңдер?

4.Ата-ананың ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

 

5.Мұғалімнің сыйы: «Анамның  жалған  сөздері».                 

                                                                                   Бейнебаян.

1.     Жалған сөздердің  себебі  неде?

 

 

   6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Отбасының бір  мүшесіне хат жазу.

 

 

 

Әр оқушыны тыңдау.

    7. Топпен ән айту.

Роза Әлқожа «Қос бәйтерек»

 1.Әкешім пана болған,

     Биік шыңын!

    Үйреткен мына өмірдің,

     Барлық сырын!

Қайырмасы:

Жербетін кезген менен,

Сендердің көздеріңнен. 2-рет

Төгілген жылылықты

Ешкімнен сезбедім мен.

 

 2.Анашым ақ сүт беріп мәпелеген,

Кешірген коп кенсе де қәте менен!

Қайырмасы:

Анамның алақаны,

Әкемнің қарағаны. 2-рет

Ұқтырды бізде екенін

Бақытқа балағаны!

 

3.Сендердің арқаларың жүргеніміз,

Алаңсыз мына өмірде күлгеніміз.

 Қайырмасы:

 Менің қос бәйтерегім

 Сендерсіз қайтер едім. 2-рет

 Әрқашан бірге болсақ,

 Түгел ғой бар керегім.

 Менің қос бәйтерегім

 

8.Үй тапсырмасы.

Отбасылық  суреттерден коллаж жасау.

 

9.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар  енді  көзімізді жұмып, бүгінгі  сабақта өткен  кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді  осы барлық жағымды  әрекеттерімізді жүрегімізде  сақтайық.

  Сіздерге  көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін - өзі тану пәнінен "Тамырын жайып тереңге " атты ашық сабақ 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 140 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2016 1331
    • DOCX 25.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмаилова Аида Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исмаилова Аида Абаевна
    Исмаилова Аида Абаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 39440
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Диагностика и формирование пространственного представления у детей 5-9 лет

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 78 человек

Курс повышения квалификации

Основы спортивно-психологического консультирования

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Курс повышения квалификации

Технологии взаимодействия психологов с усыновляющими семьями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов