Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Өзін - өзі тану сабақ жоспарлары 1 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Өзін - өзі тану сабақ жоспарлары 1 сынып

Выбранный для просмотра документ 21 саб 1 сынып.docx

библиотека
материалов


«16» 02. 2016ж.

Сынып: 1

Пән: Өзін – өзі тану

Сабақтың тақырып: Шыншылдық – адамдықтың белгісі.

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік.

Сабақ мақсаты:

 Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

 Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету

 Өзара адал қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту

 Шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: компьютер

үлестірме қағаздар


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті: Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру:  

 

Оқушыларды топқа бөлу

3.Дәйексөз

                  «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді»

Халық даналығы

Дәйек сөздің мағынасын оқушылардан сұрау                                                        

Шындық неге жеткізеді? Ал өтірік ше? Мысал келтір.

ІШыншылдық дегенді қалай түсінесіңдер?

 Шыншыл адам қандай болады?

Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың  жауаптары тыңдалып, түйінделеді.

Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі – шыншыл болу, өтірік айтпау.

Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

Дәптермен жұмыс

Дәйек сөзді дәптерге жазғызамын

 


4.Әңгімелеу

Халық ертегісі: \мұғалімнің сыйлығы\

Бүркіт пен сұңқар

Бір күні бүркіт өзіне сенімді, адал, шыншыл дос іздеп, әлемге хабар беріпті. Құстар жиналып, бүркіттің алдына келіпті. Сонда бүркіт:

-Кімнің қандай қасиеті бар?-деп сұрапты.

Бірінші болып қаз сөйлеген екен:

-Мен суда да жүземін, жер де жүремін ұша да білемін, -депті

Жапалақ ортаға шығып:

-Менен басқа құстар түнде ұшып көрген емес,- деп мақтаныпты.

Құстардың көбі осылай өзін –өзі мақтаған екен.

Сонда бүркіт алыстау тұрған сұңқардан:

-Сен неге үндемейсің? Сенің қандай қасиетің бар?-деп сұрапты.

Сұңқар: -Менің үндемей тұрған себебім, өзімде түрлі қасиет те жоқ, бір ғана қасиетім бар. Ол өзіңіз сияқта шармамай ұшу,-депті

Бүркіт:

-Бір басыңа осы қасиет те жетеді. Маған сен ғана дос бола аласың. Асырмай, тек шындықты айттың ғой, -депті.

Содан бері биікте бүркіт пен сұңқар ғана самғайтын болыпты.

Сұрақтар:

Бүркіт әлемге қандай хабар берді?

Оған қаз не деді?

Жапалақ не деді?

Сұңқар неге үндемеді?

-Ал, сендер бүркіттің орнында болсаңдар қайсымен дос болар едіңдер?


 

5.Шығармашылық жұмыс:

Топпен жұмыс

Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.
Мысалы: Ш шана, А алма т. с. С


 

6.Топпен ән айту

«Көбелек»

Дала қандай керемет

Қойның гүлге толады

Қызыл жасыл көбелек

Бір ұшып, бір қонады 2 рет

Көбелек-ау,көбелек

Әдемісің керемет

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой 2 рет

 

7.Үй тапсырмасы Дәптерге «Шындық, шыншылдық, өтірік айтпау» туралы мақал-мәтелді жаттап келу

 

8. Соңғы тыныштық сәті.

Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын » деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу)

-Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық.  Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр.

Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырайық.

Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.

Сендердің сабақтан қандай әсер алған жайында стикерлерді таңдап, тілек ағашына жабыстырамыз.

Бағалау: Баллдық жүйемен.


 



















                                    Ата ақылы

Шындық деген –ар-ұят         

Әділдік пен адалдық              

Бол ісіңе мұқият,                     

Қалсын десең жамандық       

                                        Қайырмасы

                                   Еңбекшіл осындай,

                                   Болайықшы досым ай

Айтпа, жаным, өтірік,

Болам десең үлгілі

Мәпелеген өсіріп,

Сен де еліңнің бір гүлі




«Көбелек»

Дала қандай керемет

Қойның гүлге толады

Қызыл жасыл көбелек

Бір ұшып, бір қонады 2 рет

Көбелек-ау,көбелек

Әдемісің керемет

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой 2 рет

Ақ қанатты көбелек

Көк қанатты көбелек

Қызыл қанат көбелек

Бақшамызға келе кет


Қайырмасы:

Көбелек-ау, көбелек

Бақшамызға келе кет


Көбелек-ау, көбелек

Бақшамызға келе кет


Ақ гүлдер де, көк гүлдер

Бақшамызға көп гүлдер

Көбелек-ау, көбелек

Қонбай қайда кеттіңдер?


Қайырмасы:

Көбелек-ау, көбелек

Бақшамызға келе кет


Көбелек-ау, көбелек

Бақшамызға келе кет


Гүлдер, гүлдер көктесін

Көбелектер көп келсін

Гүл қанатты көбелек

Бақшамыздан кетпесін


Қайырмасы:

Көбелек-ау, көбелек

Жақсы көрем не керек?


Көбелек-ау, көбелек

Жақсы көрем не керек?


Выбранный для просмотра документ 21-22 1 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 2016ж

Сынып: 1

Тақырып: Шыншылдық – адамдықтың белгісі

Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет.

Қасиеттер:шындықты айту, өтірік айтпау, адалдық

Сабақ мақсаты: оқушыларға шындықты айту, өтірік айтпау, адалдық туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет құндылығын дамыту.

Міндеттері:

Білімдік: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: шыншылдық, адалдықтың мәнін түсіндіру арқылы, ақиқат пен дұрыс әрекет құндылығын дамыту.

Тәрбиелік: шыншыл, адал болуға тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ә.Табылдиевтің «Ағайынды екі қыз» әңгімесі оқуға берілген болатын.

Сұрақтар:

  1. Әңгіме не жайында?

  2. Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?

  3. Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?

Сеніңше шыншыл бала қандай болады?

Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді

- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады.Сондай жақсы қасиеттердің бірі - шыншыл болу, өтірік айтпау.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Шыншылдық жақсылыққа жетелейді». (Халық даналығы)

- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналы ғынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

Сұрақтар:

  1. Шындық неге жеткізеді?

  2. Ал өтірік ше?

Қорытынды:

  • Ендеше балалар, тек шындықты айтып, өтірікке жол бермей, дұрыс ірекет жасайық.


  1. Әңгiмелеу. Аңыз әңгіме: «Асығыс үкім». (Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).

     «Шындық пен өтірік»

Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.

Сұрақтар:

  1. Әңгімеде не туралы айтылған?

  2. Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?

  3. Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?

  4. Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?

  5. Шындық неге жетелеп отыр?

Қорытынды:

  • Балалар, ақиқатқа көз жеткізе отырып, дұрыс ірекет жасайық. Ешқашан өтірік айтпайық.


Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

Дәптермен жұмыс

Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

Тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау.

Қорытындылау:

  • Шындыққа көз жеткізе отыры, өтірік айтпайық, дұрыс әрекет жасайық.


  1. Топпен ән айту.

«Балдырғандар әні

Сөзін жазған: О.Әубәкіров Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз балалар барлығымыз.

Қайырмасы Өмір тым жайдары

Қызықтың қайнары

Мектебіміз жайнады \рет\

Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.

Қайырмасы

Қорытынды:

  • Әрқашан да әдептілік, шыншылтық біздің ұранымызға айналсын.


  1. Үй тапсырмасы.

    1. «Жауапты іс» деген мәтінді оқу;

    2. Дәптерде берілген «Мақал мәтелдерді оқыңдар. Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар» деген тапсырманы орындау ұсынылады.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!



« » 2016ж.

Сынып: 1

Тақырып: Жауапкершілік пен жауапсыздық.

Құндылық: дұрыс әрекет.

Қасиеттер:шындықты айту, жауапкершілік, адалдық

Сабақ мақсаты: оқушыларға шындықты айту, жауапкершілікпен қарау, адалдық туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет құндылығын дамыту.


Міндеттері:

Білімдік: жауапкершілік пен жауапсыздықты ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: жауапкерлілігін дамытуға ықпал ету арқылы, дұрыс әрекет құндылығын дамыту.

Тәрбиелік: өз сөзіне, ісіне жауапкерлілікке тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Жауапты іс» әңгімесі оқуға берілген болатын.

Сұрақтар:

  1. Әңгіме не жайында?

  2. Мұрат не үшін өкінді?

  3. Мұраттың ісін қалай айтуға болады?

  4. Сендер әңгімені қалай аяқтар едіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді

- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Олай болса, барлық істі жауапкершілікпен орындайық.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады». (Халық даналығы)

- өз сөзінде тұратын, тапсырманы дер кезінде орындайтын адамдар сыйлы, сенімге ие, көңілі жарқын болады. Өз сөзінде тұрмау, тапсырылаған істі өз уақытында орындамау адамды ұятқа қалдырады .

Сұрақтар:

  1. Жауапсыздық неге жеткізеді?

  1. Жауапкерлілік деген не?

Қорытынды:

  • Ендеше балалар, тапсырылаған істі жауапкершілікпен қарап, жауапсыздыққа жол бермей, дұрыс ірекет жасайық.


  1. Әңгiмелеу. Аңыз әңгіме: (Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).

hello_html_76d5d31.jpghello_html_b756a77.jpgСұрақтар:

  1. Әңгімеде не туралы айтылған?

  2. Хан ғұламаға қандай тапсырма береді?

  3. Ғұлама неге қашпақшы болады?

  4. Ғұлама ханға қандай ақыл-кеңес берді?

  5. Ханзаданың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

Қорытынды:

  • Балалар, артылған істі жауапкершілікпен орындап, дұрыс әрекет жасайық. Ешқашан жалқауланбайық.


Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

Дәптермен жұмыс

Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

Тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау.

Қорытындылау:

  • Берілген істі жалқауланбай, жауапкершілікпен орындау арқылы дұрыс әрекет жасайық.


  1. Топпен ән айту.

«Балдырғандар әні

Сөзін жазған: О.Әубәкіров Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз балалар барлығымыз.

Қайырмасы Өмір тым жайдары

Қызықтың қайнары

Мектебіміз жайнады \рет\

Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.

Қайырмасы

Қорытынды:

  • Әрқашан да әдептілік, жауапкершілік біздің ұранымызға айналсын.


  1. Үй тапсырмасы.

    1. «Өкініш» деген мәтінді оқу;

    2. Дәптерді аяқтау


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!


















Выбранный для просмотра документ 22 с 1 сынып.docx

библиотека
материалов



« » 2016

Сынып: 1

Тақырып: Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік

Ресурстар: \құралдар, мәліметтер\ (1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті:
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


    1. 2. Үй тапсырмасын тексеру. (1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)
      «Жауапты іс» деген мәтінді оқу;

Дәптерде берілген «Мақал мәтелдерді оқыңдар. Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар» деген тапсырманы орындау ұсынылады.


3. Дәйексөз.
«Шыншылдық жақсылыққа жетелейді».
Оқушыларға мағынасын түсіндіру
- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналы ғынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.
Сұрақтар:
- Шындық неге жеткізеді?
- Ал өтірік ше? Мысал келтір.
Жаттату:
- үш рет қайталау;


4. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы
«Шындық пен өтірік» (Аңыз әңгіме)
Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.
Сұрақтар:
- Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?
- Шындық неге жетелеп отыр?
- Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?
- Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?
Қорытынды: Балалар, шыншыл адам өз сөзіне берік, ісіне адал болады


5. Шығармашылық жұмыс.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.
Мысалы: Ш шана, А алма т. с. с


6. Топпен ән айту.

«Балдырғандар» әні
Сөзін жазған: О. Әубәкіров
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар барлығымыз.
Қайырмасы: Өмір тым жайдары
Қызықтың қайнары
Мектебіміз жайнады \рет\
Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.
Қайырмасы


7. Үй тапсырмасы.
а\85 беттегі «Жауапты іс» деген мәтінді оқу;
ә\ Дәптерде берілген «Мақал мәтелдерді» оқыңдар.
Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар» деген тапсырманы орындау ұсынылады.


8. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қою
Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады










Выбранный для просмотра документ 24 сабақ 1 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж

Сынып: 1

Тақырып: :Жауапкершілік пен жауапсыздық

Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет.

Қасиеттер: шындықты айту, өтірік айтпау, адалдық

Мақсаты:«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

- жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;

- балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;

- өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Мұғалім тақтаға «Уәде берсең - орында» деп жазып қояды және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

- Әңгімеде айтылғандай, адам өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындамаса, өзін ғана емес, өзгені де ұятқа қалдырады екен.

- Сендер «Уәде берсең - орында» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

- Сендердің уәде беріп, орындай алмай қалған кездерің болды ма? Болса естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

   Балалардың жауаптары тыңдалып, өздері қорытындылауға мүмкіндік беріледі:

- Берген уәдені уақытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді. Ата-бабамыз балаларының жауапкершілікті болып өсуін армандаған, сол үшін де «Уәдені – берсең орында» мақалы ұрпақтан ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

   Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады.


Әңгiмелеу. Өкініш

     Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді.

- Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нөлмен  қатырмасақ па?

- Әттеген-ай-а!- деп Қайырбек басын шайқады. – Атам фермадағы бір танысынан есектің  қамытын алған екен. «Соны апарып тастарсың»? деп еді.

- Өй, бар болғаны сол ма? Жақып көңілдене күліп қойды.

- Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің... Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр. Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады.

Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да:

- Мейлі ендеше, - деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті.

- Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе?

Қайырбек не дерін білмей абдырап:

- Иә, ата, апарып тастадым, - деді.

- Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым!- Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды.

      Үй іші кешкі асқа отырды. Ас үйде әжесімен амандасқан біреу дабырлап кіріп келді.

- Кеш жарық!

- Оу, Келденбісің. Жоғары шық!? деп атасы көңілдене дауыстап, кешкі қонақты төрге шақырды.                                                                                                              – Шығамыз ғой. Айтпақшы, құрдас, қартайғанда өтірік айтатын болғанбы-            сың. Бүгін аласың деген қамыт қайда? Үйдегілер «қамыт әкелген пендені көрмедік» деп ант-су ішеді.                                                                                                  

- Апармағаны қалай? Қайырбек шырағым... – Атасы түсін суытып, немересіне қарады. Қайырбек ұяттан кірерге тесік таппай, көзімен жер шұқыған қалпы үнсіз отырып қалды.

                          • Балалар, Қайырбекті ұятқа қалдырған қай әрекет?

                          • Қайырбектің атасы не үшін ұялды?

                          • Қайырбектің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.


Шығармашылық жұмыс

Мұғалім дәптерде берілген екі тапсырманы түсіндіреді:

Дәптердегі суреттерге қарап, олардың мазмұны бойынша жауапкершілік, жауапсыздық сөздерін қатыстырып әңгіме құрандар.

1-суретте: Екі бала әкесімен бірге екі ағаш көшетін отырғызды. Әкесі балаларына ағаштың күтімі туралы кеңес беріп тұр.

2-суретте: Бірінші бала ағашқа су құйып жатыр. Оның ағашы тіп-тік болып, жапырағы жайқалып өсіп тұр.

3-суретте: Екінші баланың ағашы қурап тұр. Ал баланың өзі алаңсыз доппен ойнап жүр.

«Мен – жауапкершілікті баламын, өйткені...» айдарымен берілген бос жолдарға жауапкершілікті білдіретін іс-әрекеттерді естеріңе түсіріп жазыңдар.

Мысалы:Мен – жауапкершілікті баламын, өйткені тапсырманы орындай-  мын.


  1. Топпен ән айту.

Таудай болып өсеміз

                                                                                               А.Естенов

 

«Таудай бол!» - дер атам да,                   Желкілдеген баудай көк,

«Таудай бол!» - дер апам да.                       Балдырғандар балдай көп-

Асқар таудай жігіттер                                Өсіп келе жатырмыз

Қажет дейді Отанға.                                   Бір-бір асқар таудай боп.

 

                                        Жаттап ертек, мол аңыз,

                                        Өсіп, өніп тола біз,

                                        Алатаудай айбыңды            

Ел қорғаны боламыз


  1. Үй тапсырмасы.

    1. «Жауапты іс» деген мәтінді оқу;

    2. Дәптерде берілген «Мақал мәтелдерді оқыңдар. Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар» деген тапсырманы орындау ұсынылады.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!




Выбранный для просмотра документ 25 сабақ 1 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж

Сынып: 1

Тақырып: Адам болу арманым

Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет.

Қасиеттер: шындықты айту, өтірік айтпау, адалдық

Мақсаты: Оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

-Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.

-Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

-Жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Орманға саяхат.

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

«жауапты іс» мәтінің оқып келу

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Адамның ең жаманы – талапсыз

( Бұл нақыл сөз Абайдың 44-ші қара сөзінен алынды.)

- Мына сөзге назар аударайық. Өлеңде айтқандай, адам талаптанбаса, яғни бір нәрсеге ұмтылмаса, білуге құштарланбаса, алдына қойған мақсатына жетуге талпынбаса, өмірден бос қалады. Сондықтан да талап қылып, қолдан келгенше соған жетуге ұмтылу керек екен.


Әңгiмелеу. Әңгімелеу

Ғылым таппай мақтанба


Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз,

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.


- Өлеңнен не түсіндіңдер?

- Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?

- Неден аулақ бол дейді?

Сызбаны көрсетіп түсіндіру.

Талап, еңбек, терең ой,


қанағат, рақым

Өсек, өтірік, мақтаншақ,


еріншек, бекер мал шашпақ


Топпен жұмыс

- Балалар, адам бойындағы тағы да қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді білеміз? Сол білетінімізді қазір мына бетшеге жазайық.

(бетшені толтыру)


Еңбекқор, шыншыл, әдепті, ұқыпты,


Қамқор, көпшіл

әдепсіз, өтірікші, еріншек, салақ,


мақтаншақ, тентек.


- Ақ тізімге жақсы қасиеттерді, ал қара тізімге жаман қасиеттерді әр оқушы бір-бір сөзден жазып шығады..

Соңында екі оқушыға оқытамын.


Шығармашылық жұмыс.

Салыстыру

- Аң мен адамды салыстыра отырып, адамның басқа тіршілік иелерінен басты айырмашылығын атайық.

Аң адам







- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.

Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Адам болу – арманым » деп аталады. Бұл сабақта адам құндылығының маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелесеміз.


Ойын: « Мен адаммын »


- Қазір ойын ойналық.Ойынның шарты: Барлығың «Мен адаммын», өйткені...деп адамның ерекше қасиеттерін айтып шығасыңдар. Ойымызды жинақтап, шеңбер бойымен айтамыз.


- Мен адаммын, өйткені сөйлей аламын.

- Мен адаммын, өйткені ақылдымын.

- Мен адаммын, өйткені үлкенді сыйлаймын,

- Мен адаммын, өйткені ойлай аламын, т.б.


М: Өте жақсы, жарайсыңдар.



Топпен ән айту.

Мен-Адаммын, өйткені,

Тағылықтан тайсалам.

Мен-Адаммын,өзімнің

Туып өскен жерімде,

Көктем келген кезінде

Көктеймін де жайқалам.

  • .


Үй тапсырмасы.

- Үйге тапсырма алайық. Дәптердегі « Мен кім болам? » тақырыбына арнап сурет салып келеміз.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!










Сабақтың тақырыбы: Адам болу - арманым




Көрнекі құралдар: глобус, күн шуағы, бетше, түсті қағаздар, қайшы.


Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгімелеу, ойын әдісі


Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика.

1.Ана тілімен байланыс ( өлең оқу, мақал-мәтелдер айту )

2.Дүниетанумен байланыс ( глобус арқылы әңгімелеу )

3.Математикамен байланыс ( сөздерді санау )

4.Еңбек сабағымен байланыс ( қию, жапсыру)


Шаттық шеңбері

  • Амансыңдар ма, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, бәріміз шеңберге тұрып амандасып алайық.

Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып өлеңді мұғаліммен бірге айтады.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.


-Рахмет, балалар, енді орнымызға отырайық.


Әңгімелесу

Барлығымыз мына сұрақтарға жауап берейік.

- Балалар, біз кімбіз?

- Адамбыз.

- Адамды қоршаған орта қалай аталады?

- Табиғат

( глобусты көрсетемін)

- Балалар, менің қолымдағы зат қалай аталады?

- Глобус

- Дұрыс айтасыңдар. Глобус - жердің кішірейтілген дәл үлгісі. Ал осы глобустан не көріп тұрмыз? Атайық.

- күн, ай, жұлдыздар, адамдар, құстар, жануарлар, сулар, т.б

- Дұрыс айтасыңдар.Осылардың ішінде адамның, біз атаған табиғат иелерінен ерекшелігі неде?( Дүниетанумен байланысты)


Салыстыру

- Аң мен адамды салыстыра отырып, адамның басқа тіршілік иелерінен басты айырмашылығын атайық.



аң адам











- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.

Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Адам болу – арманым » деп аталады. Бұл сабақта адам құндылығының маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелесеміз.



Ойын: « Мен адаммын »


- Қазір ойын ойналық.Ойынның шарты: Барлығың «Мен адаммын», өйткені...деп адамның ерекше қасиеттерін айтып шығасыңдар. Ойымызды жинақтап, шеңбер бойымен айтамыз.


- Мен адаммын, өйткені сөйлей аламын.

- Мен адаммын, өйткені ақылдымын.

- Мен адаммын, өйткені үлкенді сыйлаймын,

- Мен адаммын, өйткені ойлай аламын, т.б.


М: Өте жақсы, жарайсыңдар.


Тыныштық сәті


Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бойымыздағы жаман қылықтарымыз сыртқа шығып, оның орнына шипалы ауамен бірге жақсы қасиеттердің де бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді 1,2,3 деп көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға келейік.




Мақал – мәтелдер айтайық.


М: Балалар, Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? Ойланып көрелік. Кәне, кім айтады?


- Өтірік сөз өрге баспас.

- Еріншектің ертеңі таусылмас.

- Жалқаудың жаны тәтті.т.б.

М: Рахмет, балалар! Бәріміз де мақал-мәтелдерді көп біледі екенбіз.Енді кезекті тағы да ойынға берелік.


Ойын: « Мен қандай баламын? »

Шарты: Оқушыларға сары түсті қағаздар таратылады. Оқушылар осы қағаздан күннің шуақтарын қиып алып, өзінің киған «шуағына» әр бала өз бойындағы жақсы қасиеттердің бірін жазып, «шуақты» тақтаға кезекпен іледі. Ал мұғалім күннің ортасын, яғни дөңгелегін өзі қиып, ортасына «мен» деп жазып, тақтаға іледі. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.


М: Балалар, қараңдаршы, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де осы күн сияқты айналамыздағы адамдарға жылылық сыйлап, жақсы жақтарымызбен көрініп жүрейік.



Қорытындылау

-Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда адамның адамгершілік қасиеттері туралы, адам деген ардақты атқа лайық болу үшін қандай болу керектігі жөнінде әңгімелестік.

- Енді осыларды қорыта келе « Бүгінге бес тапсырма » алайық. Ортамыздан бес оқушы тұрып, « дәл бүгіннен бастап, мен әдепті боламын » деген сияқты өзіне тапсырма алады. Кәне, кім бастайды?


  • Дәл бүгіннен бастап, мен тәртіпті боламын.

  • Дәл бүгіннен бастап, мен өтірік айтпаймын.

  • Дәл бүгіннен бастап, мен шыншыл боламын.

  • Дәл бүгіннен бастап, мен айтқанды тыңдаймын.

  • Дәл бүгіннен бастап, мен үлкенді сыйлаймын.


- Рахмет. Енді осы берген уәдемізде тұратын болайық.


Үйге тапсырма

- Үйге тапсырма алайық. Дәптердегі « Мен кім болам? » тақырыбына арнап сурет салып келеміз.



Жүректен жүрекке

- Барлығымыз орнымыздан тұрып, шеңбер құрайық.

(Оқушылар шеңберге тұрады.)

- Мына « Қошемет қуыршағын » бір-бірімізге жалғастыра отырып, табиғат заттарымен байланыстыра жақсы тілегімізді айтайық.

( балалар бір-біріне тілектерін айтады. )


  • Күндей жарық бол!

  • Судай мөлдір бол!

  • Бұлақтай таза бол!

  • Сүттей ақ бол!

  • Құмырсқадай еңбекқор бол!

  • Таудай талапты бол!

  • Күн нұрындай мейірімді бол!

  • Жердей кең пейілді бол!

  • Жаздай жайдарлы бол!


Хормен:


М: Рахмет, балалар. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.

Выбранный для просмотра документ 26 сабақ 1 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж

Сынып: 1

Тақырып: Адам болу арманым

Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет.

Қасиеттер: шындықты айту, өтірік айтпау, адалдық

Мақсаты: Оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

-Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.

-Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

-Жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу..

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Орманға саяхат.

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен кім болам» сурет көрмесін ұйымдастыру

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

Дәйексөздің мағынасын ашу.


Әңгiмелеу.

Шындық деген –ар-ұят,

Әділдік пен адалдық.

Бол ісіңе мұқият,

Қашсын десең жамандық.

Айтпа,жаным, өтірік.

Болам десең үлгілі,

Мәпелеген өсіріп,

Сен де еліңнің бір гүлі...

-Балалар, айтыңдаршы, біз кімбіз?

-Адамбыз

-Адамды қоршаған ортаны не дейміз?

-Табиғат

-Адам табиғаттың бір бөлігі.Адамды адам ететін оның жақсы қасиеті.Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен ,ақылдылығымен, күш-қуатымен ерекшеленеді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Адам болу-арманым» деп аталады.(Тақтаға жазады) Бүгінгі сабақта не туралы айтатынымызды біз сабақ барысында білеміз.Оқулықты ашып, «Нағыз адам боламын» Е.Өтетілеуовтың өлеңін кезекпен оқып шығамыз.(Е.Өтетілеуов 1938 жылы 1- қаңтарда Ақмола қаласында дүниеге келген.«Балдырған» журналында жұмыс істеген, «Балауса» баспасында 20 жыл жұмыс істеген,балаларға арналған көптеген өлеңдері бар. Ол-балалар ақыны.)

-Өлең не туралы? Иә, өлеңде ең жақсы мамандықтар туралы айтылады.(Слайдтан әр түрлі мамандықтарды көрсетіп,олардың атқаратын қызметі туралы балалардан сұрайды).

Сұрақ:

1-топқа: Ата-анаң қандай болғаныңды қалайды?

2-топқа: Өзіңнің кімге ұқсағың келеді?

3-топқа: Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?

(Оқушылардың жауабы)

-Мен сендерге әңгіме айтып берейін.Әсет деген кішкентай баланың тілін жақсы көріп, үлкендер үнемі «Сен өскенде кім боласың?» деп сұрайды екен.Ол әр түрлі айтады. Бір күні дәрігер болам дейді, бір күні жүргізуші, тағы бір күні шахтер, шопан дейді. Бір күні атасы:- Ең бастысы , адам бол,-депті.-Мен онсызда адаммынгой, -депті.-Ойлан, ойлан , -депті атасы.

-Балалар, атасы немересіне не айтқысы келді?


Шығармашылық жұмыс.

Жағдаят. 1 тапсырма «Сыныпта», 2 тапсырма «Көшеде», 3 тапсырма «Автобуста».Оқушылар жағдаятты сахналап көрсетеді.

-Қандай әрекет жасайсың?

-Қандай қасиеттер көрінді?

Қалған оқушылар осы жағдаятқа байланысты қойылған сұраққа жауап береді. Мұғалім сабақ соңында оқушыларға түрлі-түсті бас киімдерді кигізіп, «Нағыз адам болу үшін адамның бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек деп ойлайсың?» деп сұрақ қояды. Оқушылар «адалдық»,«мейірімділік» «қамқорлық» т.б.

-Балалар,қолдарыңыздағы күнді қасыңыздағы өзіңнің парталас досыңа сыйла,барлығыңыз осы күн сияқты жан-жағыңызға күн шуағын шашып жүріңіздер.Бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар.Сабақты әнмен аяқтау «Ата-ананы тыңдаймыз» (Б.Бисенова.)


Топпен ән айту.

Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

қиындықты жеңіп кіл,

құшағы гүлге толады.


қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Уқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.


Үй тапсырмасы.

- Үйге тапсырма алайық. Дәптердегі «Мен –адаммын, өйткені» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.



  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!









































Тақырыбы: Адам болу-арманым.


Көрнекі құралдар: ,

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгімелеу, ойын әдісі

Барысы: Оқушылар музыка әуенімен сыныпқа кіреді.Жарты шеңбер болып тұрады. Мұғалім оқушыларға апталық туралы, оның тақырыбы және бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отырғанын айтады.Топқа бөледі.

1-топ-әдептілік

2-топ-сыпайылық

3-топ –еңбекқорлық

Оқушылар орындарына отырады.Топ туралы айтады,«Әдептілік » деген сөз-әдепті болу, үлкендерге сәлем беру,«Сыпайылық» деген сөз-үнемі сыпайы болу, сіз, біз деп сыйлау» «Еңбекқорлар» деген сөз-еңбекті сүю.

Тыныштық сәті.

Сергіту сәті.

Оқушыларды шеңберге тұрғызу.(тренинг)

Мұғалім: -, мен балаларды жақсы көремін, (ары қарай оқушылар жалғастырады)




«№ 7жалпы білім беру орта мектебі» КММ






«Өнерлі бала

сүйкімді »

(Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ)

3-сынып







Өткізген:Чыгырбаева.Ж.

бастауыш сынып мұғалімі















Мұнайлы ауданы

2015-2016 оқу жылы



Выбранный для просмотра документ 27 сабақ 1 сынып.docx

библиотека
материалов

Алматы қаласы 
«Бөбек» ҰҒПББСО 
«Өзін - өзі тану» гимназиясының 
бастауыш сынып мұғалімі 
Жетписбаева Ләззат Жұмашқызының 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары 

Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы Мерзiмі:17.01.14ж № 28 

Мұғалiм: Жетписбаева Ләззат Жұмашқызы Сынып: 4«А» Оқушылар саны:16 

Ресурстар: 
(құралдар, мәлiметтер) 
Күнделік,дәптер, 
пенал, 
бейджик,қалам 
Сабақ барысы: 
1. Ұйымдастырукезеңi. 
Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу 
5 «Т» ұстанымын еске түсіру. 
1. Тәртіп 
2. Талап 
3. Тыныштық 
4. Тазалық 
5. Татулық 

Тыныштық сәтi: «Орманға ойша серуен» 

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек). 
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). 
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 

Ескертулер: 

2. Үй тапсырмасын тексеру: 
130-беттегі А. Мырзағұлованың «Табиғат-ана» мәтінін оқып келу. 
Мазмұны бойынша сұрақтар: 
1. Табиғат-ана ұлдарына неліктен сый жасағысы келді? 
2. Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер? 
3. Табиғат-ананың көріктеніп сұлулығының артуының сыры неде? 
4. Анасы ұлдарына қандай сый тартады деп ойлайсыңдар? 
5. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың? 


3. 4. Әңгiмелеу. 
«Киіктер толғауы» мультфильмінен үзінді көрсету. 

5.

6. Топпен ән айту. 

7. Үй тапсырмасы. 
8. Соңғы тыныштық сәтi. 




Категория: Самопознание | Доба

















« » 201 ж

Сынып: 1

Тақырып:Табиғатқа қамқорлық 
Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: сүйіспеншілік , қамқорлық 

Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру 
Міндеттері: 
1. Білімділік: Оқушыларға табиғатқа қамқорлықтың- 
қиянат жасамау екендігін ұғындыру. 
2. Дамытушылық:Оқушылардың бойында сүйіспеншілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту. 
3. Тәрбиелік:Оқушыларды айнала қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Су түбіне саяхат

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен адаммын өткені...» шағын әңгіме құрастырып келу

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ». 
Р.Сәтімбеков 
1.Дәйексөзді оқыту. 
2.- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеcіңдер? 
3. Дәйексөзді дәптерге жаздыру 
4.
Қорытынды 


Әңгiмелеу.

Үзілген гүл

Кеңес Оразбекұлы 

Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген. 
Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті. 
Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. 
Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрдіде, жанына келді. 
-Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді адырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты: «Табиғатты қорғау керек» деп... 
-Сен оларды қорғаудың орнына, өсіп тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой. 
-Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпейқурап қалатыны содан... 
Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып: 
-Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. –Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді. 
Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашынан сипап: 
- Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, -деді. 
Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді. 

Мәтін бойынша сұрақтар қою: 
1. Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеліп, үйінің маңына отырғызды? 
2. Гүлмінездің әрекетіне анасы қалай жауап берді? 
3. Гүлмінездің іс- әрекеті туралы не айтуға болады? 
4. Анасының «табиғаттың өз орны, заңдылығы бар»деген сөзін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңдер 
5. Гүлмінездің «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер? 


Шығармашылық жұмыс.

  • Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 
    Оқушыларды 4 топқа бөлу (кездейсоқ бөлу,тдөңгелекшелер арқылы шартын түсіндіру, уақытты жариялау.7 минут.) 
    1-топ: «Жер»тобы- Жұмбақты шешу, сұраққа жауап. 
    2-топ: «Су»тобы- Ребусты шешу. 
    3-топ: «Ауа»тобы-Жақсы қасиеттер, пайдасын әңгімелеу. 


Топпен ән айту.

  • Ертегілер әлемі 
    АйгерімҚалаубаева 
    Ғажайып түс көрдім, 
    Таң ата мен бүгін, 
    Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, 
    Нұрына шомылдым бүгін. 
    Жұлдыз, айы көркем, 
    Әдемі еді неткен, 
    Құстары сөйлейді, 
    Бұлттары тербейді, 
    Мен оянып кеттім, әттең! 
    Қ/сы: 
    Ертегілер, ертегілер, 
    Неге мені ертпедіңдер, 
    Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
    Ертегілер, ертегілер, 
    Неге мені ертпедіңдер, 
    Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 

    Гүл тердім бұлттардан, 
    Әр гүлде бір арман, 
    Таусылмайтын тәтті, 
    Сыя келіп жатты 
    Жан біткеннің бәрі маған. 


Үй тапсырмасы.

    1. 1. Оқулықтың 133-бетіндегі Э.Шимнің «Көктем иісі» мәтінін оқып келу. 
      2. «Табиғатты қорғайық!» тақырыбында жоба әзірлеу. 


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

- Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.





Выбранный для просмотра документ 28 сабақ 1 сынып.docx

библиотека
материалов


« » 201 ж

Сынып: 1

Тақырып:Табиғатқа құштарлық
Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: құштарлық 

Сабақ мақсаты: 
Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру 
Міндеттері: 
Білімділік мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету

Дамытушылық мақсаты:  табиғатқа деген аялы қарым қатынастарвн дамыту

Тәрбиелік мақсаты: табиғатты сүюге тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Су түбіне саяхат

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен адаммын өткені...» шағын әңгіме құрастырып келу

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Ендеше бүгігі сабағымыздың түйіні Р.Сәттімбекұлының :

Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп көрік берсін жер бетіне.

Жоғарыда айтылғандай өлкеміз жайқалған жасыл әлемге орануы үшін,жер беті көрікті, әсем табиғатқа айналуы үшін табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан—жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жеріміздітаза ұстау, аялау—біздің адами борышымыз,парызымыз. Осыны әрқашан жадымыздан шығармайық.


Әңгiмелеу.

Балалар , қазір мен сіздерге Ә . Ысқақтың «Табиғат деген не?» деп аталатын қызық әңгімесін айтып беремін . Мұқият зейін қойып тыңдаңыздар .

-Балалар мәтін ұнады ма?

-Сендер табиғатты қалай түсінесіңдер?

-Неліктен табиғатты анаға теңейміз? (Балалардың жауаптары)

-Дұрыс айтасыңдар біз өзімізге қажетті заттарымыздың бәрін табиғаттан аламыз.

-Ал Садықбек Хангелдин табиғат дегенді былай сипаттайды:

Табиғат

Тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан ,

Сен – көлсің ,

Сен – ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен – жарықсың,

Сен – жерсің,

Сен – гүлсің,

Сен – адамсың,

Сен – ауасың,

Сен – анамсың,

Бәрі – менің өмірім сен сыйлаған.


Шығармашылық жұмыс.

-Балалар алдарыңыздағы параққа табиғаттағы неге ұқсағыларыңыз келеді, соның суретін салыңдар және неге оған ұқсағыларыңыз келетінін астына жазыңыздар.

балаларға оқытамын), (гүл, ай, күн, жұлдыз, тау, аққу, құс , жылқы, бұлбұл, су, ағаш, т.б.)

Ойын – жаттығу.

-Біздің табиғат туралы сабақ өтіп жатқанымызды естіп құстар, ағаштар, бәрі бірігіп, хат жазып жіблеріпті.Осы хатты оқып берейік.(конверттен хатты алып оқимын)

Құстардың, ағаштардың сырларын білгілерің келсе, мұқият тыңдаңдар.

Құстардың сыр

Балапандай балаларым,

Аман болсын аналарың,

Біздерде де ана бар

Құстарда да бала бар.

Өсіруге баланы

Біздер ұя саламыз

Жасауға жұмсақ ұяны

Жабағы жүнді жиямыз

Жайлы қып жасап ұяны

Жұмыртқаны саламыз

Қуанысып қаламыз

Ұшып жүрсек аспанда

Сыр ашамыз жас жанға

Құс ұясын бұзбаңдар

Бізге тұзақ салмаңдар

Жұмыртқаны алмаңдар

Обалына қалмаңдар.

-Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастық бар?

-Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

-Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды ? (Оқушылардың жауаптары )

Ағаштардың сыры

Көктем келді көңілді

Ағаш егіп көрейік.

Саясында ертең-ақ

Біз демалып жүрейік.

Сындырмаңдар ағашты

Пайдасын оның біліңдер.

Қамқор болып қашанда

Күтіп баптап жүріңдер.

-Ағаштың адам үшін қандай пайдасы бар?

-Қандай қамқорлық жасар едіңдер? (Оқушылардың жауаптары)

Бәріміз тақтаға қарайық, нелерді көріп тұрмыз?(жапырақсыз ағаш ,панасыз балапан)

Жапырақсыз ағаш саялы жасыл, мәуелі ағашқа, панасыз балапан алып құсқа айналуы үшін тақтадағысөздерден ағашқа қатыстысын ағаштың , балапанға қатыстысын балапанның жанына жинаймыз, егертапсырманы дұрыс орындасақ екеуіне де көмектесе аламыз.

-Жақсы балалар ағаштар да, құстар да бізге дән риза.

-Сендерді өмірге әкелген кім?(ана)

-Бізді қоршаған тіршіліктің анасы кім?(табиғат)

-Табиғатты ойлайтындар кімдер?(адамдар)

-Ендеше, оларды қорғайтын, қамқорлық жасайтын,аяп, жанаршылық танытын біз екенбіз,ал оларды қорғау үшін табиғаттың сырын ұғынып,көңіл-күйін сезіне білуіміз керек.


Топпен ән айту.

  • Ризамыз,Табиғат – Анамыз

  • Өзіңнен денсаулық аламыз

  • Ризамыз, Табиғат – Анамыз

  • Қашанда қорғаушы панамыз


Үй тапсырмасы.

    1. Біздің ауылдың тамаша табиғаттын суретін салындар


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

- Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.





































Әбілдаева Айсұлу Ембергенқызы
Пәні: Өзін-өзі тану

 

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Сабақтың мақсаты: « Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу

Балалардың табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру , «табиғат» ұғымын түсіндіру .

Олардың табиғатқа аялы қарым – қатынастарын дамыту .

  • Табиғатқа , туған өлке әсемдігіне сүйсіну , қамқорлық ,сүйіспеншілік сезімдерін ояту , тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекі құралдары : табиғат көріністері (слайд) , құстар , ағаштар, видиокөрініс

Шаттық шеңбері — Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын .

Балалар терезеге көз салып , табиғатқа қарайықшы ! Бүгін табиғат қандай тамаша !Біз осы тамаша , әсем , көрікті табиғатқа тамсана отырып , бүгінгі сабағымызды бір – бірімізбен және табиғатпен сырласамыз . Алдымен табиғатқа сәлем берейік .

 

Армысың , алтын күн! (күнге қарап бас иеді)

Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды)

Бармысың құстарым ! (құстарға қол бұлғайды)

Қанатты достарым ! (құсша қанат қағады)

Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады)

Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады)

Бас ием тауларға (бастарын иеді)

Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады)

Жайқалған даланы (қолдарын жан – жанқа соз)

Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)

Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды)

Келген біз балаңыз . (бастарны иеді)

Әңгімелесу :

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Табиғатқа құштарлық» деп аталады .

Біз табиғаттың сұлулығы , әсемдігі , олардың адамға әсері , табиғатқа аялы қарым- қатынастар туралы әңгімелесеміз.

Ең алдымен табиғат туралы не білетінімізді ортаға салайық .

Табиғат дегеніміз не ?

Табиғат нешеге бөлінеді ?

Тірі табиғатқа нелер жатады ?

Өлі табиғатқа нелер жатады ? (оқушылардың жауабы)

 

Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер . Енді бәріміз зейін қойып үнтаспадағы дыбыстардытыңдайық . (үнтаспада орман, жел , су, құс, т.б.)

-Бұл үнтаспада ненің дыбыстарын естідіңдер ?

-Ол дыбыстарды естігінде қандай әсерде болдыңдар , көз алдарыңа не елестеді ?

-Өте жақсы ,адам мен табиғат тығыз байланысты, табиғат құбылыстары адамның көңіл күйіне әсер етеді екен , яғни күн жарқырап тұрса , адамның көңілі де көтеріліп , шаттыққа бөленеді , егер күн бұлттанып , аспан түнеріп тұрса, сенің көңіл-хошың болмай , еңсеңді ауыр зіл басқандай болады . Осы құбылыстың бәрі, адам мен табиғаттың үйлесімдігін білдіреді .

 

 

Мәтінмен жұмыс

Шығармашылық жұмыс.

Қорытындылау

Балалар экранға назар аударайық. «Менің Қазақстанымның табиғаты» бейнекөрініс(2 мин),

-Қазақстанның табиғаты қандай екен ?

-Бейнекөріністен қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауаптары)

-Дұрыс айтасыңдар Қазақстанның жері өте үлкен, кең байтақ. Жерінде тауда, жазық та, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Өсімдікке де өте бай. Орманды жерлерінде ағаштың әр т үрі , бұталар мен шөптер өседі.

Далалы жерлерінде шөптекті өсімдіктер жайқалады.Көктемде гүлдер далада кілемдей құлпырады, жануарларға да өте бай.

Жүректен-жүрекке

-Балалар бәріңді ортаға шақырамын.

Табиғат сұлулығын көру үшін қалай қараймыз?(қызыға, қуана. т.б.)

-Табиғаттағы жарқыраған нелер?(күн, ай, жұлдыздар)

-Табиғаттағы көгілдір нелер? (аспан,теңіз,көл,өзен)

-Табиғаттағы жайқалған нелер? (гүлдер,шөптер,талдар)

-Табиғатта ән салған нелер? (құстар)

-Сыбырлаған нелер? (жапырақтар)

-Сыңғырлаған нелер? ( сулар)

-Осының бәрін бір сөзбен не дейді екенбіз ? (Табиғат-Ана)

-Ендеше табиғат – Анаға ризашылығымызды білдіретін өлең жолдарын айтайық.

.

 



Мектеп: №24 Степной Сабақ:№ Мерзімі:

Мұғалімі:А.Б.Тасыбаева

Сынып 1«а»

Пәні:Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Құндылық: Табиғат

Қасиеттер:Құштарлық

Ресурстар: электрондық оқулық, жаңғақтар

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Табиғат – анамыз

Табиғат ол – анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

·        Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?

·        Адам табиғатты түсіне ала ма?

·        Туған жерлеріңнің қандай көріністерін ұнатасыңдар?

 

Күн мен гүлдер

Құрманбек Толыбаев

Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.

– Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Құстар да оянды. Шырылдап сайрап жүр.

Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді:

– Қазір, Күн көке,...қазір, ақ Сәуле. Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.

– Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

– Қазір, ашайын көзімді, қазір...

Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.

– Гүлбадан, көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.

– Жарайды, – деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: «қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын!»

Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барады.

– Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!

– Қазір, алтын Күн!        

Атқұлақ керіліп-созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді. Қаз-қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.

Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәндендіріп жіберген.

    Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?

·     Таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

 Суретте бейнеленген табиғат бөлшектерінің адамға тигізетін әсерлері туралы әңгімелеп беріңдер.Табиғат – бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.

 Сурет бойынша табиғат сұлулығын сипаттаңдар.

  Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.Табиғат та бір кітап

Қ. Мырза Әли

Тамаша ғой

Бүгін сен

Табиғатқа жүгінсең.

Құлақ түріп,

Көз тігіп,

Төңірекке үңілсең.

 Еріп бұлттың ырқына,

Жоқ болады бір күн ай...

Табиғат та бір кітап,

Оқи алсаң, шіркін-ай!

 ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 



Выбранный для просмотра документ 29 сабақ 1 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж

Тақырып: Денсаулық құпиялары

Құндылық: дұрыс әрекет,

Қасиеттер: адамгершілік

Сабақ мақсаты: «Денсаулық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімдік:      денсаулық күтімі туралы түмінік беру;

Дамытушылық:   денсаулығын нығайтуға деген қызығушылықтарын дамыту;

Тәрбиелік:  денсаулығын күте білуге  тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу.

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жағдаяттарды шешу: Балаларға таратып беру.

1-жағдаят:

      Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос  бұл  ойға  келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

·         Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

 

2-жағдаят:

      Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең  қайтер еді?» - деп кейіді. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» - деп, жүре тыңдады.

·         Қалай ойлайсыңдар Саматтың айтқаны дүрыспа? Сендер қалай  тамақтанасыңдар?

 

3-жағдаят:

      Аслан енді  өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

·         Асланның ойы дұрыспа? Сендер Асланның орнында  болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?


Сұрақтар:


Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді

- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Олай болса денсаулықты сақтап, жаман әдеттерден аулақ болайық!

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Жан мен тәннің саулығы - өмірдің байлығы» деген халық даналығы жазылып қойылады.

-          Балалар, сендер жан саулығы, тән саулығы үшін қандай әрекеттер жасау керек екендігін үйрендіңдер.

-          Олар – таза ауа, табиғи су, спорт, амандасу, жақсы сөздер, таза ой, дұрыс тамақтану, тазалық, зиянды әрекеттер жасамау, жақсы көңіл-күй, осылардың бәрін орындасақ жанымыз, тәніміз сау болады. Жан мен тәніміз сау болса өмірде бақытты боламыз.

Сұрақтар:

  • Халық даналығын қалай түсінесіңдер?

  • Денсаулықты қалай күтеміз?

Қорытынды:

Ендеше балалар, денсаулығымызды сақтайық!


Әңгiмелеу. Әжемнің әңгімесі. Ертегі. «Ең қымбат байлық».

(Дискіден тыңдалып әр бала өз пікірін айтады) Қандай сезімде болдыңдар балалар?

Сұрақтар:

Әңгімеде не туралы айтылған?


Қорытынды:

Балалар, денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық!


Шығармашылық жұмыс.

І тапсырма. Денсаулықтың келесі құпиясы. Дұрыс тамақтану.

Балалар екі топқа бөлінеді.

 

І топ – денсаулық үшін қандай тағамдар пайдалы, ІІ топ денсаулық үшін қандай  тағамдар зиян екендігін жазады.

 

ІІ тапсырма. Жариялау. Топ жетекшілері сынып алдына шығып жазғандарын жариялайды. Оқушылар талқылайды.

Ойын-жаттығу «Пайдалы - зиянды» мұғалім оқушыларға жағдайаттар жазылғн кеспе қағаздар таратып береді. (Олар суреттермен де берілуі мүмкін) оқушылар мұғалім  ұсынған жағдайаттардың денсаулық үшін пайдалы немесе зиянды екендігін ажыратуы керек.

Дайындалуға 1-2 минут уақыт беріледі.


Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

Дәптермен жұмыс

Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

Тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау.

Қорытынды



Топпен ән айту.

Ән «Біз - өмірдің гүліміз»
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев
Әні: Б. Ғизатов

Зеңгір көктен, Бал достыққа,
Нұрын төккен, Жолдастыққа,
Ортақ біздің күніміз, Шақырады әніміз,
Жайдары өскен, Тыныштықта,
Жайнап өскен, Нұр құштық та,
Біз - өмірдің гүліміз Бақыттымыз бәріміз!

Қорытынды:



Үй тапсырмасы.

«Тәтті алма» деген мәтінді оқу;

Дәптерді аяқтау


Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!










Выбранный для просмотра документ 30 сабақ 1 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Тақырып: Денсаулық құпиялары

Құндылық: ақиқат 
Қасиеттер: денсаулық,қадірлеу,сақтау 

Сабақтың мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. 
-
Міндеттері:

Денсаулықты сақтау,нығайту 
- Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру; 
- Денсаулығын күтуге,бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті «Ғажайып бақ»:

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. 
Сіз өзіңіздің ішкі мүшелеріңізді сезініп,жүрек соғысын тыңдаңыз.Барлық мүшео\леріңізге ішкі қуаныш,күлкі толқынын жіберіңіз. 
Айнала тыныштық.Өзіңізді жеңіл сезініңіз.Жеп-жеңіл мамық сияқтысыз.Жоғары көтеріліңіз.Көйлегіңіз қандай әдемі!Алдыңыздан соққан самал жел сізді биікке үйіріп көтеріп әкетті.Қандай тамаша!!!Еркіндік.Жүрегіңізді қуаныш билейді.Күнге қарай ұшып келесіз.Жерге қараңызшы,ол сізге қол бұлғайтын сияқты.Алдыңызда баспалдақБұл-сіздің арманыңыздың баспалдағы.Баспалдақпен жоғары көтеріліңіз,көтеріле беріңіз,сіз шаршамайсыз.Баспалдақ сізді басқа әлемге алып келеді.Бір кезде сіз ғажайып бақтың ортасында тұрсыз. 
Алдыңызда алтын тақ тұр.Айналасыеа сәуле шашады.Бұл –сіздің өмірдегі өз орныңыз..Енді сіз өз өміріңіздің қожайыңысыз. 
Айналаға қараңыз,қандай тамаша!Алуан түрлі хош иісті гүлдер,сіз көрмеген әдемі ағаштар тербеліп,сізге сәт спар тілейтін сияқты.Құстардың сайрағаны естіледі.Жүрегіңіздің қуанышын жасырмаңыз.Қасыңыздан құйрықтары сан құбылған тауыстар өтіп бара жатыр.Олардың біреуі сізге қарай бұрылды.Тұмсығыңдағы асыл тастармен безендірілген жалтжұлт еткен тәжді байқадыңыз.Ол-сіздікі! 
Енді алдыңызға мақсат қойыңыз.Сізде үлкен күш-қуат бар!Менімен бірге іштей қайталаңыз:Мен қабілеттімін,ең ақылдымын,ең әдемімін,ең ерекшемін,ең күштімін,ең бақыттымын 
Қайтадан жеңіл көтерілім,баспалдаққа келіңіз,төмен қарай түсе бастаңыз. 
1,2,3-көзімізді ашамыз. 
2.Үй тапсырмасын тексеру. 
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді 

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Жаны саудың – тәні сау»
- Балалар, «Жаны саудың – тәні сау» қалай түсінесіңдер?/балалардың жауаптары/ 
- Иә,ойларыңыз дұрыс. Адамның ішкі ойы таза болса, дені сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан да жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің адамдығы үшін ғана емес, жанының сау болуы үшін де әрекеттер жасау керек. Ол үшін өз бойындағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек. 


Әңгiмелеу. Денсаулық құпиялары 
- Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті өттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа – денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса,ауа таза болады. Сондықтан да табиғатты сүю жанға саулық береді. Су , біздің тәнімізге азық,тазалық,жанымызға тыныс,сұлылық береді. Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды. Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді. Табиғи суға шомылсаң денең шынығады. Сондықтан да келесі денсмауылық құпиясы – табиғи су. 
/ өлең жолдарын бірге қосылып айтқызу/ 
Су – табиғат байлығы, 
Өзен- көлге барғайсын, 
Кемі екі рет әр күні 
Суға түсіп алғайсың. 
- Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы – спорт. Өткені, ол денені шынықтырады,сергітеді, тәңіне сымбаттылық,жаныңа кұш-құат береді, аурудың алдын алады. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы – жан сұлулығы. 
Жақсылық айтып басқаға, 
Ортаға ойды салғайсын. 
Тек мақтанба, жасқанба, 
Сұлу жанды болғайсың. 
Өйткені жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді. . 


Шығармашылық жұмыс.

/оқушыларға ақ қағаз,түрлі түсті қарындаштар тарату/ 
-Өздеріңді табиғаттағы, тіршіліктегі неге теңейсіңдер, ұқсатасыңдар? 
1-тапсырма: Сол суретті салыңдар. 
/2 мин/ 
2- тапсырма: Жариялау. Мысалы; 
- Мен гүлдей әдемімін. 
- Мен көбеліктей көріктімін. 
- Мен судай тазамын 
- Мен күндей нұрлымын т.б. 



Топпен ән айту.

«Денім сау болсың десең.» Музыка 1 сынып 
\өзгертілген\ 


Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасы. Дәптер,37 бет 1 сынып «Өзін-өзі тану» дәптер 


Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Көздерімізді жұмамыз,бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады. 
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Көріскенше !















Тақырыбы: Денсаулық құпиялары.

Батыс Қазақстан облысы 
Теректі ауданы 
Айтиев селосы 
Айтиев бастауыш мектебі 
Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна 
Сынып:1 
Тақырыбы: Денсаулық құпиялары. 

- Ресурстар: үнтаспа,релақсация жаттығулар жиынтығы,оқулық,дәйексөз,дәптер. 
3. Дәйексөз. 
/дәптердегі «Менің дәйексөздерім» айдарындағы осы дәйексөзді жазғызу/ 
4. Әңгімелесу. 5. Шығармашылық жұмыс. 
/


6. Топпен ән айту. 7.
8. Соңғы тыныштық сәті.



Выбранный для просмотра документ 32 сабақ 1 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Тақырыбы: Отанымды сүйемін.

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отан,қадірлеу,сақтау,сүйіспеншілік,мақтаныш,татулық.


Сабақтың мақсаты: «Отан», «Махаббат»ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу


Ресурстар: үнтаспа,релаксация жаттығулар жиынтығы,оқулық, дәйексөз,дәптер.

Сабақ барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

«Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді







  1. Дәйексөз.

Ынтымақ бар жерде бақыт бар.

Нақыл сөз



4. Әңгімелесу.

Отан деген...

Бірде құрбыластарым бас қосып, көңілді әңгімелесіп, сөз таластырып қалдық.

– Біз тұратын көше ауылдағы ең әдемі көше, жап-жалтыр асфальт төселген, –деді Мадина.

– Ешбір көше біздің көшеге жетпейді. Жол жиегі жап-жасыл ағаштар, тіптен өзіңді паркте жүргендей сезінесің,деп мақтанышпен сөйледі Меруерт.

– Ой, қыздар-ай, біздің көше ше?! –деп, сөзін бастай берген Розаны Салтанаттың киліккен сөзі бөліп жіберді.

 Қойыңдаршы, қыздар. Бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ, бір үлкен қаладай-ақ бұл ауыл... –деп қабағын шытты.

– Қыздар үн-түнсіз қалды... Бәрі де Салтанаттың сөзін іштей мойындағандай. Өткір мінезді Самалдың қатқыл үні бәрімізді елең еткізді.

– Неге, неге олай дейсің, Салтанат? «Отан» деген құдіретті ұғымның өзі осы өз ауылыңнан, өз көшелеріңнен басталмай ма? Өз көшелеріңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отанды қалай сүймексің? – деп жатыр.

Сол сәт мен де Самалдың өтімді сөзін толқи тыңдадым. Ойыма «Отаншыл болу от басынан басталады» деген батыр ағамыз Бауыржан Момышұлының аталы сөзі оралды...

·   Балалар өз көшелерін қалай мақтан етті?

·   Ал сендер «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?

Төменде берілген суреттерді пайдалана отырып, «Менің Отаным» деген тақырыпта айтып беріңдер.


.

5. Шығармашылық жұмыс.

«Жылы сөздер»

(балалар шеңберге тұрып отан туралы жақсы, жағымды сөздер айтады)

Менің отаным өте сұлу

Менің Отаным өте әдемі

Менің Отаным өте бай

Менің Отанымда өте ақылды адамдар тұрады.

Менің отанымда өте бауырмал адамдар тұрады

Менің Отанымда елдер тату тұрады

Менің Отанымның табиғаты тамаша!

Мен Отанымды мақтан етемін!



6. Топпен ән айту. «Жаса Қазақстан» Қайрат Нұртас



7. Үй тапсырмасы. «Достық мерекесі» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.



8. Соңғы тыныштық сәті.

Көздерімізді жұмамыз,бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Көріскенше !





































Өз отанымды сүйемін.

Құндылығы: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

- Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;

Ресурстар: қала макеттері, суреттер, аудиотаспа.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар! Қандай керемет күн! Бір бірімізді көңілді әрі үлкен қуанышпен қарсы алу үшін мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері

Алақан мен жылуды,

Айналаға таратайық,

Бір-бірімізге жақындасып,

Бақыт, күлкі сыйлайық.

Жүректі біз ашайық,

Бақыт нұрын шашайық.

Барлық жақсы тілекті,

Сіздерге біз арнайық.


Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырған іс-әрекетіміз ерекше болмақ, себебі біз сендермен бүгін өз еліміз, Отанымыз туралы әңгімелесеміз.

Армандайық

Келіңдер балалар біздер өз Отанымызды еске түсірейік. Отанымыз туралы әңгімелесейік.

Балалар, біз қай елдің баласымыз?

- біз қазақ елінің баласымыз.

Біздің отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан республикасы деп аталады.

Еліміздің бас қаласы қай қала?

-Астана

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіздер?

-Отан біздің атамекеніміз.

-отан біздің туылған жеріміз

Ал балалар, енді Отан дегенді, біздің үйдегі үлкендеріміз қалай түсінеді екен, тыңдайықшы.

Ата-аналардың пікірі:

*Атамекен – ол біздің туып өскен ауылымыз, қаламыз, ол біздің туған жеріміз.

*Атамекен – ата бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен.


*Атамекен аталарымыз, әжелеріміз аянбай күресіп, жауларға бермей қорғап қалған жері. Ол кең байтақ қазақ жері.

Сендер Қазақстан деген сөзді естігенде қандай сезім пайда болады?

Балалар келесі сөздерді атайды: Отан, жазық дала, елбасы, ту, елтаңба, алтын адам, домбыра, жайлау, шаңырақ, аАстана, Атамекен.

Балалар, сендер көптеген керекті және қымбат сөздерді атадыңдар.

Бірақ, солардың ішінде ерекше қымбат сөз бар, ол «Отан»

Отан

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені,

Отан баласындай



Бізді өсірер аялап.

Отан деген – Атамекен

Отан деген – туған жер

Отан – ана,

Отан үлкен

Қазақстан – туған ел.

Тыңдайық-ойланайық

Тәрбиеші балаларға Абылқасымовтың «Туған жер» әңгімесін айтып береді.

Енді ғана жасыл желек шыға бастағанда Анар өз ауылын сағынғанын байқады. Ауылда оның атасы мен әжесі және сүйікті иті Ақтабан қалған еді. Анар де үйдің алдындағы бақшаны еске түсіріп мұңайды.

Ол соңғы аптада әкесінен күніне төрт рет бір сұрақпен келе берді.

Әке көктем қашан келеді?

- күтетұр қызым тағы сәл уақыттан күн жылынады - деп анарды жұбата салды әкесі.

Міне, көктемде келді, Анарда ауылға жиналды.

Ауылға келген соң оны сүйікті атасы күтіп алды.

Атасы анардың келгеніне қуанып, бүгін мен Анардың туған жерімен таныстырамын -деді.

- Анар түсінбей-менің туған жерім қай жер? – деп таңдана сұрақ қойды.

- Ана теректің астында деп күліп жіберді атасы. Отыр қызым-мен саған сол жерді көрсетейін -деп аттың үстіне отыруды ұсынды.



Олар аттпен анау тұрған үндемес тауға қарай кетті.

Міне Анар осы таудың етегінде, теректің маңында біздің қыстағымыз болған. Біздер қиын қыстау уақыттарымызда осы жерде боран суық күндердің басылуын күткенбіз.

Осындай көктемнің шуақты күндерінің бірінде бізге қонаққа сенің анаң келген болатын. Сол күні сен дүниеге келдің.

Анаржан, ешқашан туған жеріңді ұмытпа, туған өлкең әрдайым ана секілді жомарт, өзін ұмытпаған адамға бар жақсылығын , мейірімін күшін сыйлайды. Анаржан осы менің өсиетімді ұмытпай, үлкен мықты қыз бол деп тілеймін.

- Ата, мен міндетті түрде ақылды , мықты қыз болып өсемін, осында сізге қонаққа келіп сізге көмектесіп тұрамын. Туған жерімді бар

жүрегіммен, бар тәніммен сүйемін деп сөз беремін- дей отыра туған жердің желіне қарсы жүгіре кетті.

* Балалар бұл әңгімеде туған өлке туралы қандай сөздерді естідіңдер?

* Адам өзінің туған өлкеге деген сүіспеншілігін қалай білдіреді?

* Неліктен туған өлкені анамен теңейді?

Балалардың жауаптары:

Жарайсыңдар балалар. Енді кім бізге Отан туралы тақпақтар оқып береді?

Көп аузынан түспейтін

Отан-деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін,

Достым, білгің келеме?


«Отан» менің ата-анам

«Отан» досым бауырым

«отан» өлкем астанам

«Отан» туған ауылым

***

Отан- тарих, Отан-тіл

Жасаған елің, өз халқың

Отан – өлкең, отан жыр

Көтерген көкке елхалқын


Қамқоршы саған да,

Оған да, маған да

Отандай қымбатты

Жер көктен табамба?

***

Жайнаған сансыз қаласы

Жайқалған жомарт даласы

Ер отан біздің кең байтақ

Отанның біздер баласы

Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.

Ал енді Отан туралы мақал-мәтелдер білесіңдер?


Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.


Отан отбасынан басталады.


Отан оттан да ыстық


Отан үшін отқа түс күймейсің

Арың үшін алыссаң- өлмейсің


Отанын сатқан оңбас


Отаның тыныш-сен тыныш


Отансыздың оты жанбайды.



Алтын ұяң – отан қымбат,

Құт берекең –атаң қымбат

Аймалайтын –анаң қымбат

Асқар тауың – әкең қымбат


Бұлбұл гүлзарын сүйеді

Адал адам отанын сүйеді.

Ойын.

Тыныштық сәті:

- балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерімізді жұмып, туған еліміздің ауасын жүтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашсаңдарда болады.

1. Еліміз аман болсын!

2. Әр қашан күн күлім деп тұрсын!

3. Көк туымыз биік болсын!

4. Аспанымыз ашық болсын!

5. Әрқашан соғыс болмасын!

6. Күніміз жарқырай берсін!

7. Елбасымыз жасай берсін!

8. Табиғатымыз сұлу болсын!

9. Суларымыз-мөлдір таза болсын!

10. Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын!

11. Болашағымыз жарқын болсын!

12. Астанамыз көркейе берсін!

Қорытындылау

Рахмет балалар, сендерде отан туралы көп мағлұматтарыңыз бар екен.

Шығармашылық жұмыс:

Ән «Жаса Қазақстан»



Сабақтың тақырыбы:  Отанымды сүйемін

Сабақтың мақсаты:

.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Туған жер, армысың!

 

Асқарлы, қарлы шың,

Аялаған ән құсым

Туған жер, армысың!

Саған мың алғысым

 

Туған жер – тірегім!

Сенде өстім түледім,

Бір, сен деп үнемі

Соғады жүрегім!

Туған жерім, туған елім –

Ардақтағаным, айбыным

Арманымсың, арман

Думан елім

Асқар белің, шалқар көлің

Құшағын жайған, айдыным

Мәңгілікке пана өзің ғана!

·        Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

·        «Ұлттар достығы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ағайынбыз бәріміз

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Қайырмасы:

 

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

 

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын бізге ту да ортақ.

·        «Ағайын», «бауыр», «туыс» дегенді қалай түсінесіңдер?

·        Еліміздегі халықтар достығы туралы әңгімелеп беріңдер.

 

Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері бейбіт, жарасымды өмір сүру үшін ынтымақ, татулық, сыйластық, құрмет, достық қажет.

Сурет бойынша

·           Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ортақ мерекелерін атап беріңдер?

 

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Отанымды сүйемін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

 

 

  

Ризамыз саған біз.

 Қ. Ыдырысов

 Күнде шат күліп күн –

 Өміріміз жайдары.

 Мәңгілік бақыттың

 Өзіміз – айғағы.

 Күлеміз, ойнаймыз,

 Демалып алаңсыз.

 Ризамыз саған біз,

 Ұлы Отан – анамыз!

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 





Автор
Дата добавления 12.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1242
Номер материала ДБ-027837
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх