Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Өзін - өзі тану сабақ жоспарлары 3 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Өзін - өзі тану сабақ жоспарлары 3 сынып

Выбранный для просмотра документ 15 3 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Дос болайық, бәріміз

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Мейірімділік,адамгершілік, әділ болу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашып, қиянат жасамауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

Оқушыларға достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.

Оқушыларға адамдарға деген тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қыздар сұлу көрінер...»

«Ер жігітке жарасар...» шағына әңгіме, мақал жазып келу.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.


2.Дәйексөз

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.

Е.Өтетілеуов

Жаңа тақырыпқа дайындық.

«Сазды хикая» атты ертегіні оқып, талдау.

Көртышқан достарымен қалай татуласты?

Көртышқанның жалғыз қалу себебі неде деп ойлайсыңдар?

«Екі достан айырылсаң, жаңасын таппайсың» дегенді қалай түсінесіңдер?


3.Әңгімелеу

Екі дос...

Екі дос бір егістікте жүмыс істейтін.Бірінің отбасы, балалары бар,ал екіншісі жалғыз басты еді.Күн батқанға дейін жұмыс істеп,достар тапқан өнімді тепе – тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе – тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлайды.Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.

Досы да ішінен:« Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар,қартайған шағымда олар маған қарайды.Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып үйден шығып,досының қорасына өнімді апарып тұрады.Алайда қорадағы қаптардың саны неге азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді.Бір түні бір – бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады.Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді.Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.


4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды шешу.

Санжар, Қайнар, Айдос үшеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде өзенге жетті. Өзендегі көпір тар екен. Үшеуі қатар өте алмайтын болды. Бір – бірден өтпек болды.....


1.Санжар мен Қайсардың орнында не істер едіңдер?


5.Топпен ән айту

Дос болайық, бәріміз

с. Х.Талғаров

ә. И.Нүсіпбаев

1.Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

2.Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.



6.Үй тапсырмасы

«Жақсы» немесе «жаман дос туралы» өзің мақал құрастырып көр.



7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет.



Выбранный для просмотра документ 16 3 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: «Дос болайық, бәріміз!»

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: әдептілік, шыдамдылық, тәртіп.

Сабақ мақсаты: достарға деген қарым – қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір - біріне көмек көрсету және шыдамды, тәртіпті және тыныштықты сақтай білуге үйрету.

Міндеттері: - достық, әдептілік туралы түсінік беру;

-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, шыдамдылығын дамыту;

-әдептілікке,кішіпейілділікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Балаларды топқа бөлу

Тыныштық сәт (баяу әуен) «Су асты патшалығына саяхат»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Жақсы» немес «жаман туралы» мақал жазып келу

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

Достық малға емес, басқа жарасады,

Нағыз дос бір - біріне шынайы қарасады.

Амандық шешен

  • Нағыз достық дегенімізді қалай түсінесіздер?

  • Осы құндылықтар өз бойымыздан табыла ма?

  • Қандай іс-әрекеттер арқылы бойымыздағы қасиеттерімізді дамыта аламыз.


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Достың арманы»

(үлгі әңгіме)

Сұлтан 18-ге толғанда ағасы оған жаңа көлік сыйлады. Ол алған сыйлығын көрсету үшін достарына барды.

-Көлігім қалай?-деді ол мақтанышпен.

-Керемет!-деді досы.

-Өте тамаша!

Сұлтан бұл көлікті оған өзіне ағасы сыйлағанын айтты. Бұны естіген досы таңқалды.

-Ағаң сыйлады ма? Шіркін, мен де...-деген кезде досының не айтқысы келіп тұрғанын Сұлтан білемін деп ойлады. «Менің де сондай ағам болса ғой» деп айтқысы келіп тұр деп ойлады.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Досының не айтқысы келді?

Досы: «мен де сондай аға бола алсам ғой» деді. Сұлтанды досының бұл сөзі қатты толғандырды. Ол көлігіне отырып, қыдырып келуді ұсынды. Досы көлікке қызығып, көңілді келе жатты.

Ол өзінің үйіне соғуды ұсынды. Сұлтан досы өзінің қандай көлікпен жүргенін көршілеріне көрсетіп, мақтанғысы келіп тұр деп ойлады.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Досы неге үйіне алып келді?

Олар досының үйіне келді.Ол үйге жүгіріп кетіп, біраздан соң кемтар балаға арналған арбаға отырғызған кішкентай бауырын алып шықты. Ол бауырына көлікті көрсетіп «Кейін мен де

саған дәл осындай көлік әперемін» деді. Досының сөзін естігенде Сұлтанның көңілі босап кетті. Ол досының бауырын да көлігіне отырғызып, үшеуі бірге қыдырды. Досы мен бауырының қуанышты көңіл-күйіне қарап, Сұлтан өзінің оларға аз да болса қуаныш сыйлай алғанына қуанды.

-Сұлтан қандай бала екен?

-Сұлтанның орнында болсаң сен не істер едің?

-Досқа байланысты қандай мақал білесіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1.Адал дос барлық жерде керек екен,

Өмірде достың орны бөлек екен.

Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді,

Жаман достан жамандық келеді екен.

2.Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген — адамның көрігі екен,

Достық деген адалдың серігі екен.

3.Достық деген өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.

4. Нағыз достар бір-біріне ұнаған.

Қиындықта бірін-бірі сынаған.

Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,

Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

5. Досы үшін дос көнеді бейнетке,

Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,

Жақсылардың айрылмас досы көп.

Қолын берген қиыншылық кездессе.


  1. Топпен ән айту.

«Достарым»

Әні: Көшеровтікі Сөзі: Х.Закарияныкы

Толтыра біліп көңілдің олқы, бос жағын,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс-қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүрдіңдер, сендер,қолтықтан демеп, достарым.

Қайырмасы:

Жабыққан сәтте қас қағым,

Жанымды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап, достарым.

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,

Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.

Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,

Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.

Десек те қанша баянсыз достан түңілді,

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.

Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін,

Соларға тағдыр,өкінбей өтер ғұмыр бе


  1. Үй тапсырмасы.

17 Е.Шайқыұлы «Жақсы ата» мәтінін оқу


  1. Сабақтың қорытынды сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс істейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет!Көздеріңізді ашуларыңызға болады.

















«Достарым»


Әні: Көшеровтікі

Сөзі: Х.Закарияныкы


Толтыра біліп көңілдің олқы, бос жағын,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс-қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүрдіңдер, сендер,қолтықтан демеп, достарым.


Қайырмасы:

Жабыққан сәтте қас қағым,

Жанымды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап, достарым.


Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,

Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.

Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,

Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.


Десек те қанша баянсыз достан түңілді,

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.

Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін,

Соларға тағдыр,өкінбей өтер ғұмыр бер













Выбранный для просмотра документ 17 3 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: Жылы жүрек-  жақсы тілек

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: «мейірімділік», «қайырымдылық», «ізгілік» т.б.

Сабақ мақсаты:Оқушылардың қиянат жасаудың  бұрыс әрекет екені жайлы және «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

1.Білімділік. Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік пен ренжіту,зиян келтіру жайлы түсініктерін        қалыптастыру;

2.Дамыту. қайырым ды қарым қатынас жасау  іскерліктерін дамыту;

3. Тәрбиелеу.мейрімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.     Тыныштық сәтi. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН 

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

Әңгіме «Жақсы ата»

-Әңгіме не туралы?

-Ерасылға жасалған қайырымсыздықты қай жерден көруге болады?

-Жылы сөз бен жақсы тілек айтылған жерлерді мәтіннен тауып оқып бер.

Әр адамның арманы, болашақ өмірі оның жылы жүрегінен шыққын жақсы сөзге байланысты.Сондықтан жылы сөз, жақсы тілек айту әр қайсысымыздың парызымыз.

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

Жақсы сөз- жан семіртер

Халық мақалы

 -Балалар, сендер осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?

Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді,мұңайтады, оны уайымға салады.


3.     Әңгiмелеу. 

Енді осы тақырыпты жақсылап ұғып алу үшін мына әңгімені тыңдайық.

Қандай тілек жақсы?

Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.

-Балам, бүгін мазам кетіпғ шаршап тұрмын. Шайды өзәі қамдап қоямысың?Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын.

Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды.

«-Жасағани ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жіутеңдете көрме!»-деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.

-Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә?

-Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы.

-Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?

-Балам тн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа , балам!

-Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

-Неліктен жаман тілек тілеуге болмайды?

-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?

Қорытынды

Балалар бүгінгі «Жылы жүрек-  жақсы тілек» атты сабағымыз не жайлы екен?

Бір бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып,қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді айтып жүрейік.


4.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ситуациялық жағдаяттардың шешімін тап.

Сол тақырыпқа сәйкес сөйлем құрастыр.

Дәпермен жұмыс

 -«Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер» күнделігін арнап , күн сайын өзінің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің  мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып көріңдер.


  1. Топпен ән айту.

Жақсы көрем                                               

Ақыл ойдың мекені ,

Ата – әжем бар менде.

Айтып түрлі ертегі,

Аялайды әнмен де

Қ-сы

Жақсы көрем атамды

Жақсы көрем әжемді

Асыл сөздің мақалды

Екеуі де әдемі .

Тыңдап әже – атамды,

Берем менде қол ұшын.

Жасы үлкен адамды,

Сыйлай білу борышым.

Қ-сы

Күн нұрындай шуақты.

Атам, әжем ардақты.

Күнде екеуін қуантам ,

Беске оқып сабақты.

Қ-сы

Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.


Үй тапырмасы: Жүрек істеп келіп артына жылы өздер жазып келіндер.

   Соңғы тыныштық сәтi.

Қымбатты, балалар, қазір барлықтарымыз Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отыра тұрайық!

 Ықыластарыңа рахмет.

Адамзатық  жақсы қасиеттер өзгелерге қайырымдылық жасаудан,  жақсы тілек айта білуінен көрінеді.

Қайырымдылық жасауды үйрен!

 Шамаң келсе көмектес!

 Жақсы болу өз қолыңда!


 

 


Выбранный для просмотра документ 18 3 сынып.docx

библиотека
материалов


« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Ұқыпты бала –әдепті бала

Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттері: Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет, адал еңбек

Сабақ мақсаты:

Балаларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру.
Міндеттері:
ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсінік беру.
сыпайылылық қарым - қатынастарын дамыту
ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдемілікке тәрбиелеу

Ресурстар: үнтаспа, сызбалар, ассоциация


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

- Ыңғайлы қалыпта жайғасып отырыңыздар. Терең тыныс аламыз 1,2,3. Жаймен көзіңізді жұмып, мені тыңдаңыздар.

Қазір сіздерге барлығымыз жаз мезгілінің шуақты бір күніне ойша саяхат жасаймыз. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз де танық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңыз бен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағаны мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір. Сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштықта және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы демалудасыз. Енді барлығымыз қайтадан сыныпқа оралып, көзімізді жайлап ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз, жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Ұқыптылық, әдептілік» туралы мақал-мәтелдер жаттап келу



Тыныштықта отыру











сұрақ- жауап

  1. Дәйексөз

«Ұқыптының уақытты мол»

деген сөзін жазып қояды.
Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.
Ұқыпсыздықтан арылу үшін барлық жұмысты дер кезінде орындап отырған жөн. Оқу құралын, киімді таза ұстап, әдеппен сөйлеп, әдеппен тамақтануға тырысу керек. Өзіміздің де өзгелердің де уақытын қадірлейік.
Дәйек сөздің мағынасын түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу


  1. Әңгiмелеу

* Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
* Ұқыптылық не үшін керек?
* Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс. «Ұқыптылық»
* Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
* Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
* «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқулықтағы берілген көп нүктенің орнына ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып мақалдар мен жаңылтпашты оқиды. Оларды түсініп оқып есте сақтап, өмірде қолдана білуге үйрету.
Мақалдар.
1...... ның тоны тозбас,
...... дың ісі оңбас.
2..... – тылық – істің көркі.

Жаңылтпаш.
...... бала –
Кітапты түптеп тастады.
..... бала.
Кітапты бүктеп тастады.
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
Жаттығу – ойлану.
Балалар үш топқа бөлінеді. Әр топ ұқыпсыздықтан арылудың жолдары туралы ойланып, ойларын қағаз бетіне түсіру.


  1. Топпен ән айту

Өтебай Тұрманжанов «Ана өсиеті»
Ана айтты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарын сан саласына
Ей балам шамаң келсе жақсылық ек
Ақ пейіл адамзаттың арасына
Егерде жол үстінде тіккен жатса
Кірер деп аяғына біреу басса
Ерінбей – ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста
Бұл еңбегің қалмасты босқа, бекер
Соны көрген соңы жас солай етер
Жақсы үлгіні жалпы дәстүр жасап,
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер


  1. Үй тапсырмасы:

Ұқыпты ұқыпсыз бала туралы өз ойларын кестеге жазу. Дәптермен жұмыс


  1. Соңғы тыныштық сәтi

Қымбатты, балалар, қазір барлықтарымыз Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бүгіннен бастап ұқыпты және әдепті, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отыра тұрайық!



















Выбранный для просмотра документ 19 3 сынып.docx

библиотека
материалов


« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Ұқыпты бала –әдепті бала

Құндылық: «дұрыс қарым - қатынас»

Қасиеттер: ұқыптылық, әдептілік

Сабақ мақсаты:

«Ұқыптылық», «әдептілік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Балаларға әдептілік, ұқыптылық, сыпайылық адами қажеттер туралы түсіндіру;

-Оқушылардың көпшілік орында, ұжымда өздерінің ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін сақтай білуге үйрету.

-Балалардың өзін-өзі тану арқылы өзін бақылауын, үнемі ұқыптылық, әдептілік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа, сызбалар, ассоциация


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

- Ыңғайлы қалыпта жайғасып отырыңыздар. Терең тыныс аламыз 1,2,3. Жаймен көзіңізді жұмып, мені тыңдаңыздар.

Қазір сіздерге барлығымыз жаз мезгілінің шуақты бір күніне ойша саяхат жасаймыз. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз де танық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңыз бен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағаны мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір. Сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштықта және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы демалудасыз. Енді барлығымыз қайтадан сыныпқа оралып, көзімізді жайлап ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз, жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Жүрек жылуынан шыққан тілектерді оқу.



Тыныштықта отыру











сұрақ- жауап

  1. Дәйексөз

«Ұқыптының уақыты мол»

М.Әлімбаев

Ұқыпты   бала  әрқашан   да  өз   жұмыстарын   уақытылы   орындайды.  Ал  мұндай   қасиетке  ие  бала   жұмысқа  да,  оқуға  да,  ойнауға  да,  серуендеуге  де,  қонаққа  баруға  да, дос,  жақын,  туыс  адамдардың  көңілін  көтеруге  де  үлгереді.


  1. Әңгiмелеу

-Қазір сендер М.Гумеровтің «Дәме» әңгімесін тыңдайсыңдар.

  • Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Мүмкін бе? Неліктен?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Әр  топ  ұқыпсыздықтан  арылудың  жолдары  туралы  ойланып, ойларын  қағаз  бетіне  түсіреді. 1- 2 минут  уақыт  беріледі. Ойларын  ортаға  салып,  бір – бірімен  пікір  алысады.  


  1. Топпен ән айту

Әні: Ә.Еспаевтікі, сөзі: Ж.Тұрабековтікі

«Бақытты балалық шақ»


  1. Үй тапсырмасы:

«Ұқыптылық, әдептілік» туралы мақал-мәтелдер жаттап келу


  1. Соңғы тыныштық сәтi

Қымбатты, балалар, қазір барлықтарымыз Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бүгіннен бастап ұқыпты және әдепті, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отыра тұрайық!







Выбранный для просмотра документ 20-21 3 сынып.docx

библиотека
материалов

Тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттері: еңбексүйгіштік,өнерпаздылық

Сабақ мақсаты: Оқушылардың «еңбексүйгіштік» «ізденімпаздылық» арқылы дұрыс әрекет етуге баулу

Міндеттері:- еңбексүйгіштікке,ізденімпаздылыққа жетелеу

  • еңбексүйгіштік,мейірімділік қасиеттерін дамыту

  • еңбекқорлыққа,өнерпаздылыққа баулу

Ресурстар:

оқулық, дәптер


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәт

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).



Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма : Ұқыпты бала-әдепті бала

  • Ақылбектің ұқыпсыздығы неден көрінді?

  • Ақылбек ұқыптылыққа өзін қалай тәрбиеледі?

  • Ақылбекке қандай ақыл айтар едің?



Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз

«Адамның сәні –өнер,білім,ақылы.»

Халық мақалы



Барлығына айтқызамын.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызамын.


  1. Әңгiмелеу

Құмға салған сурет

  • Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінді?

  • Ә.Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?

  • Өз өнерлеріңді қалай шындап жүрсіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сурет салу,мақал-мәтел,жаңылтпаш айттыру



  1. Топпен ән айту.

«Әнші балапан»

.



  1. Үй тапсырмасы.

20-сабақ. «Құмға салған сурет» мәтінің оқып келу.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық,тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық бүкiл әлемде)

-Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

-Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
























Сабақтың тақырыбы:  2- сынып «Еңбек – бәрін жеңбек»

                                           3- сынып «Өнерлі бала сүйкімді»

Сабақтың мақсаты:

«Еңбек», «өнер» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 
Сабақтың міндеттері: 
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру

- еңбек етуге, өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру; 
- еңбексүйгіштікке, өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу; 
Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, Сюжетті суреттер,  жеміс ағаштары, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суретер, жүрекшелер. 
Амандасу 
Біз әдепті баламыз, 
Айтқан тілді аламыз, 
Қонақтарды көргенде, 
Сәлеметсіздер ме! – деп 
Сәлемдесіп аламыз. 
Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның алғашқы күнінде яғни, дүйсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. 

 

Шаттық шеңбері

 

Оқушыларм бірге шеңбер құрып mұpaды сәлемдеседі, ән айтады:

Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

қиындықты жеңіп кіл,

құшағы гүлге толады.

қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Уқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Тыныштық сәті

Үнтаспа тыңдау
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бір кезде Айнала қап- қараңғы боп кетти. Ештеңе көрінбейді. Жо-жоқ бір нәрсе көрінетін сияқты. Бұл не екен? «Бұл еңбек» және «өнер» Көздеріңе елестетіп көріңдер. Олай болса енді көздерімізді ашып  айтайық не көрдіңдер.

Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу жvргізіледі.

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

 

 

Адам өмірді не үшін үйренеді?

Өнерлі өрге жүзер? Дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Балалардың жауаптары.

- Дұрыс айтасындар! Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. 
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді. Өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі. 

 

Жаңа ақпарат Қоршаған әлемді шығармашылықпен
көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады . Өнер әр адамға керек.
Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

 

Тапсырма

Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау vшін балаларға тапсырма береді

Мәтінмен жұмыс

 

М ұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген

Б. Әділовтің «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар Сұрақ бойынша өз ойларын айтады Еңбексіз өмір – сүреңсіз

Б.Әділов

Мысал әңгіме

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.

Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен қүтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...

Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:

- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлу ланып кетіпті.

- Төмен секір, - деді қара пышақ. – Бірге жатаиық. БІЗДІ ешкім білмейді.

- Ол жерде не бар?

- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!

- Ал жұмысты кім істейді?

- Жұмыс бізсіз де істеледі. .

- Рақмет! – деді Сары пышақ. – Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.

Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.

Мысал әңгімедегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

 

Оқушылар өз бетінше «Құмға салған сурет» К. Сегізбаев мәтінін оқып отырады Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді?
Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?
Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
Әбілхан Қастеев туралы мағұлмат
Әбілхан Қастеев – қазақ халқының ұлы суретшісі . Ол Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекетінің сылығының лауреаты.
Суреші 1904 жылы Талдықорған болысы, Панфилов ауданындағы Шежін ауылында көшпелі кедей семьясында дүниеге келген . Ол өзінің қас шеберлігінің арқасында көптеген жетістіктерге жетті. Әбілхан Қастеев Қазақ ССР халық суретшісі деген жоғары атаққа республика қыл қалам шеберлерінің арасында бірінші ие болды,ол суретшілік жаратылысы мен талғамы эстетикалық дәстүр мен өмірді терең танауы негіздегі қалыптасқан тума талант еді.

 

 

Дәйексөз

Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген анықтама мен дәйексөздің мағынасын түсіндірумен түйінделеді.

Тақтада Абайдың «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» деген нақыл сөзі

 

 

 

Адамдықтың басты қасиеті- өнер, білімге ұмтылу

Абай

-Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық» epіншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың. Жалықпай еңбек еткен адам ғана өнерге қол жеткізеді. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.

Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.

Қайдан келдің, бауырсақ?

Ө. Тұрманжанов

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып, қарап тұрып көзін сап:

- қайдан келдің, бауырсақ? Деп сұрады қуыршақ.

- Дүкеннен келдім

Нан сатқан, -

Деді оған бауырсақ.

- Дүкенге келдің қай жақтан?

- Наубайдан келдім нан жапқан.

- Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім кең жатқан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Оқулықтагы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс даласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?,> - деген Сұрақ аясында шығып сөйлейді.

 

Өмір таны, өнер қу.
Д. Әлімжанов
Өмір таны,өнер қу,
Өнер табу –ол да оқу.
Талаптансаң тартынба,
Өз күшіңде жол табу!
Өнер сүйсең жиренбе,
Дамыта бер, үйрен де!
“Өнер алды кең”,-деп біл,
Қалсын үлгі кейінге!

 

Ребусты шешу

 

 

Дәптермен жұмыс

М ұғалім оқушыларға дәптермен Жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

«Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбыңда әңгіме жазыңдар.

 

 

Өз өнерлерің туралы«Еңбек –өнер бастауы» тақырыбында әңгіме жазыңдар

Қорытындылау 
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кезде келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді. 

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір- біріне Жүрекжарды тілектерін айтады.

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек.

Кесте терсең зерлеп

Мұның аты еңбек

Домбыра мен биге,

Ән мен күйге

Жүрсең күнде қатысып

Мұның аты еңбек

«Айгөлек» - өлеңі



Выбранный для просмотра документ 20-21.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбекқорлық,адамгершілік

Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

-өнердің адам өміріндегі маңызындылығын түсіндіру.

-өнерге қызығушылықтарын,сүйіспеншіліктерін артттыру.

-өнерпаздыққа,өнерді,сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа, сызбалар, ассоциация


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

- Ыңғайлы қалыпта жайғасып отырыңыздар. Терең тыныс аламыз 1,2,3. Жаймен көзіңізді жұмып, мені тыңдаңыздар.

Қазір сіздерге барлығымыз жаз мезгілінің шуақты бір күніне ойша саяхат жасаймыз. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз де танық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңыз бен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағаны мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір. Сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштықта және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы демалудасыз. Енді барлығымыз қайтадан сыныпқа оралып, көзімізді жайлап ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз, жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Ұқыпты ұқыпсыз бала туралы өз ойларыңызды жазып келіндер.



Тыныштықта отыру











сұрақ- жауап

  1. Дәйексөз

Дәйексөз

Адамның сәні-өнер,білім,ақылы.

Халық мақалы

Дәйек сөздің мағынасын түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу


  1. Әңгiмелеу

Оқулықтағы

«Құмға салынған сурет» мәтінімен жұмыс

-Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді ?

-Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті ?

-Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер ?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

«Кім тапқыр »ойынын ойнату.

Парақшаларда мамандық иелернінің аттары жазылған балалар сол мамандық иесінің қимылын жасайды.

1.Ақындар тобына сурет салу

2.Бишілер тобына түрлі-түсті қағаздан ұлттық киімдер жасау

3.Әншілер тобына


  1. Топпен ән айту



  1. Үй тапсырмасы:

Қазақстанның өнер адамдары туралы мәлімет жинап келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi

Қымба

тты, балалар, қазір барлықтарымыз Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бүгіннен бастап ұқыпты және әдепті, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отыра тұрайық!

































« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбекқорлық,адамгершілік

Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

-өнердің адам өміріндегі маңызындылығын түсіндіру.

-өнерге қызығушылықтарын,сүйіспеншіліктерін артттыру.

-өнерпаздыққа,өнерді,сұлулықты сүюге тәрбиелеу.


2

Үй тапсырмасын тексеру

Ұқыпты, ұқыпсыз бала. Дәптермен жұмыс



3

Жаңа сабақ

«Өмір таны, өнер қу»

өлеңін оқу


«Өнерлі өрге жүзер» дегенді қалай түсінесіңдер ?

Адам өнерді не үшін үйренеді ?


3

Дәйексөз

Адамның сәні-өнер,білім,ақылы.

Халық мақалы



4

Әңгімелеу

-Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді ?

-Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті ?

-Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер ?



Оқулықтағы

«Құмға салынған сурет» мәтінімен жұмыс.


Сергіту сәті

«Кім тапқыр »ойынын ойнату.

Парақшаларда мамандық иелернінің аттары жазылған балалар сол мамандық иесінің қимылын жасайды.


5

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1.Ақындар тобына сурет салу

2.Бишілер тобына түрлі-түсті қағаздан ұлттық киімдер жасау

3.Әншілер тобына




6

Үй тапсырмасы:

Қазақстанның өнер адамдары туралы мәлімет жинап келу.


7

Топпен ән айту


8

Соңғы тыныштық сәті

















Выбранный для просмотра документ 22 3 сынып.docx

библиотека
материалов

«16» 02 2016ж.

Сынып: 3

Пән: Өзін – өзі тану

Сабақтың тақырыбы: «Ақыл-жастан, асыл-тастан»

Құндылық: Дұрыс іс- әрекет.

Қасиеттер: ақылды болу, бабалар дәстүрін құрметтеу


Мақсаты: Балалардың «даналық» құндұлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

. Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

. Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

. Балалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

Нұрға бөлену.

 

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру;

 

 

Үнтаспа

Баяу әуен

 

 

Шетелдік әріптерді сызып тастасаңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

UАJQҚVЫJЛLЖАUCSTZАVHN-

АQCЫWЛZRTUАZVCNQTZFАWH

сонымен бүгінгі тақырыбымыз «Ақыл жаста – асыл тастан» Бүгінгі ақыл, ақылдық, сондай-ақ бала кезде ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.


3.  Әңгімелесу.

Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?

 -өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал, бүгін ақыл, ақылдылық, сондай-ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.

 

4. Дәйексөз

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе- білім мен ақыл» Жүсіп Баласағұни

-балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.

 

 


5.Мәтінмен жұмыс

«Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгіме  оқыту, талдау;

- Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?

- Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

-Қыздың бойынан таы қандай асыл қасиетті байқадыңыздар?

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу:

-Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан- жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.


6.Тапсырма

Гүлдер салынған себепке араларды қондырайық. Тапсырма аралада берілген.

А) Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып айту;

1.Ақылды адам ерінбейді.

2.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

   Ақылыңа ақыл қос.

3.Ақылдан жақын дос бар ма?

4.Ақыл азбайды,  білім тозбайды.

5.Адамның жүзі, ақылдың айнасы

6. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

 

Б) дәптерде берілген тапсырмаларды орындау;  

 

Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Адам болу, жақсы тұлға болуға ұмтылдыратын нәрселер туралы айтылған. Екі топ сол айтылған асыл қасиеттер мен жағымсыз қасиеттерді топтастырайық.

 Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Қашық болу: мақтаншақ, өсек, өтірік, еріншек, мал шашпақ  талдау;

 


7.Сахналау

«Байлық, бақыт, ақыл» ертегісін сахналау
Бақыт,байлық,ақылдың артықшылығы неде екен?

Данышпан қандай ой түйіндеді?

Данышпанның орнында болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

8. Ойын жаттығу

«Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін»,

«мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын»,

«Мен ақылды баламын, өйткеніболмашыға ренжімеймін»,

«Мен ақылды баламын, өйткені дер кезінде шешім қабылдай аламын»,

«Мен ақылды баламын, өйткені үлкеннің тілін аламын»,

«Мен ақылды баламын, өйткені үнемі ізденемін»,

«Мен ақылды баламын, өйткені көп оқимын»,

«Мен ақылды баламын, өйткеніалға қойған мақсатыма жетуге тырысамын»,

«Мен ақылды баламын, өйткені үй тапсырмасын өз бетімше орындаймын»,

«Мен ақылды баламын, өйткені кішілерге қамқорлық жасаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені, мұғалімнің берген тапсырмасын тиянақты орындаймын».

 

Балалар, қараңдаршы бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толы жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күннің шуақтары бізге жылылық сыйлайды. Біз де осы күн сияқты айналамыздағы адамдарға жылылық сыйлап, ақылдылығымызбен жақсы жақтарымызбен көрініп жүрейік.

                                                       

  1. 9. Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай»

Сөзі мен әнін жазған:

А. Меңжанова

10. Үй тапсырмасы: Аташымның батасы. Ә. Табылдиев

 

11.Соңғы тыныштық сәті

Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық

Сабақтан алған әсерлерінді көбелекке жазып себетке жабыстыру. 

 

 











1.Ақылды адам ерінбейді.


2.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

   Ақылыңа ақыл қос.


3.Ақылдан жақын дос бар ма?


4.Ақыл азбайды,  білім тозбайды.


5.Адамның жүзі, ақылдың айнасы


6. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.


Выбранный для просмотра документ 23 сабақ 3 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Сынып: 3

Тақырып Еңбектің наны тәтті

Құндылық «Дұрыс әрекет» 

Қасиеттер: еңбекқорлық,


Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері: а) Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,.

Ә) еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту

Б) еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру. 

компьютер

Дәйексөз. «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар». Дәйексөзді қалай түсінетінін сұрап, нақтылай түсу. Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді. Әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат.


Әңгімелеу (сұхбат). «Маңдай тер» және «Еңбекпен тапқан тиын» мәтінін оқыта отырып, екі мәтінде де негізгі ой не, сәйкестігін анықтату. Қорытынды ой шығару. Мәтіннен адам бойында болуға қажетті еңбекқорлық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін ұғынады, байқаған жолдарды тауып оқиды.

Сұрақтар бойынша мәтінінің негізгі ойын анықтау.

-Атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді қалай түсіндіреді?

-Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?

Үлестірмелі деңгейлік тапсырмалар жазылған парақшалар.

Шығармашылық жұмыс. Топтық тапсырма. Ойын жаттығу.

1-топ. «Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?» деген сұраққа жауап беріп шығады. Мысалы, өйткені өз қолыңмен жасайсың, өз күшіңді жұмсайсың, қиналып, шыдап көресің, т.с.с. .

2-топ. Ойын «Аралар» Бір топ ара қол ұстасып қимыл жасайды, балалар қайталау керек, қайталай алмаған жалқауларды ортаға алып шығады.


Топпен ән айту. «Бақытты балалық шақ»


Үй тапсырмасы. 1. Оқушылардың өзіндік қызығушылықтарын арттырып, іскерліктерін бекіту мақсатында «Даналық кітабына» өз тілектерін , аталарының батасын жазып келу .

2. Келесі сабақ. «Алтын мүйіз» мәтінін оқып келу.


Баяу музыканы тыңдай отырып, сабақта игерген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Соңғы тыныштық сәті.

Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, бар жерде,

Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет бар бүкіл әлемде.








Выбранный для просмотра документ 24 сабақ 3 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Сынып: 3

Тақырыбы: мақтану – мақтаншақтық емес

Құндылық: ақиқат

Қасиет: шындық айту, кішіпейілділік, тек жақсы және қажет заттарды айту


Сабақтың мақсаты:

балалардың «ақиқат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  1. Адами қасиетін және жалған сөйлемеуге үйрету

  2. Бойындағы жақсы қасиеттерін алға тартып, мақтанудан, тәкаппарлықтан алыс болуға тәрбиелеу

  3. Шындықты айту, кішіпейілділікке дағдыландыру

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі өзін-өзі тану сабағына құралдарымыз түгел ме?

  1. Тыныштық сәті.

  • Орнымызға отырайық қозғалмай. Екі қолымыз тізеге қояйық. Көзімізді жұмайық.

Релаксациялық әуен ойнайды

«Нұрға бөлену»


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар, өткен сабақтағы әңгімені еске түсірейік.

  • Онда астарлап не туралы айтылған?

  • Қандай дәйексөзбен таныстыңдар?

  • Ол қандай мағына береді?


  1. Дәйексөз.

Тақтада дәйексөз жазылып тұрады. А. Құнанбаевтың сөзі: «бес нәрседен қашық бол»

  • Балалар, бұл кімнің сөзі?

  • Өлеңнің осы жерін кім айтып береді?

  • Қандай мағына береді деп ойлайсыңдар?

Дәйексөздің мәнін ашып, жаттатқызу. Дәптерге жаздыру.


  1. Әңгімелеу.

Баяғыда ағалы-інілі екі аяз болыпты. Қыс бойы олар жер-жерді шарлап, қыдырғаннан басқаны білмейді екен. Бірде інісі ағасына: 
– Көк мұрын аға-аяз, бұл жұртты суыққа үсіртсек қайтеді? – дейді ерігіп.
– Несі бар? Қызыл мұрын інім, халықты тоңдырып, бір рақаттанайық, – деп құптайды оны екінші аяз.
 – Ал, кеттік, жолда біреу-міреу кездесіпте қалар.
Ермек іздеп аттанған екеуі бір кезде ат тұяғының дүбірін естиді. Бұл шанасын атына жегіп, қалаға қарай бағыт алған бір бай саудагер мен орманға отын әкелуге бара жатқан кедей еді. Қызыл мұрын аяз:
 
– Өзінің киімі жұпыны екен, қолғабы да жыртық. Мен оны тез-ақ аязға үсірермін. Ал саудагерге сен бар, менің оған шамам келе қоймас, – деп кедейді таңдайды. 
 
– Айтқаның болсын! – дейді де көк мұрын аяз саудагердің соңына

ілеседі.
Кешкісін ағайындар тағы да кездеседі. Көк мұрын аяз көңілді. Қызыл мұрын одан:
– Не, саудагерді үсіре алдың ба? – деп сұрайды.
– Иә, – дейді көк мұрын аяз.
– Қалай үсірдің? – деп таң қалады інісі.
Ағасы мақтанып:
– Алдымен тонын, сонан соң малақайын, тіпті етігіне дейін шешіп алдым, – дейді .

  • Бұл әңгіме не жайында айтылған?

  • Сендер осылай айтасыңдар ма?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін дамыту мақсатыңда тапсырма беріледі. Оқушыларға «Алтын қарбыз» мультфилімін көрсету.

Ойын

Балалар алдарындағы кез келген бір затқа жарнама жасайды.

Дәптермен жұмыс жасалады.


Топпен ән айту.

Оқушыларға әннің сөздері жазылған парақ таратып, «Қуанышым қазнам.» әнін бірге, хормен шырқаймыз.

Қуанышым қазынам

Мені армансыз деп пе едің,

Жердей емес көктеймін.

Көзімді ашып көргенім,

Аузымды ашып өткенім.

Қ-сы

Қуанышым қазынам

Қабағыңнан наз ұғам.

Таратайын халқыма,

Өзің жайлы жазып ән.


Қиял құстай самғайды,

Білесің ғой мән-жайды.

Көрсем көзім талмайды,

Сүйсем құмар қанбайды.

Қ-сы




  1. Үй тапсырмасы.

  • Балалар, бүгінгі тақтада жазылған дәйексөзді келесі сабаққа жаттап, мазмұнын айтып бересіңдер.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу ән қосылады.

  • Көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткендерімізді еске түсірейік. Ешқашан өтірік айтпауға, алдамауға, тәкаппар болудан аулақ болыңдар.

  • Енді көзімізді ашайық.

  • Осымен, балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.






Выбранный для просмотра документ 25сабақ 3 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Сынып: 4

Тақырып: Мейірмділік –асыл қасиет

Құндылық: мейірімділік,сүйіспеншілік, қайырымдылық, сыйластық

Қасиеттер: мейірімділік,сүйіспеншілік,сыйластық, қайырымдылық




Сабақ мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

  • Мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер, бейнебаян)

Сабақ барысы:

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру




Олай болса, біз бүгін «мейірімділік» жайында әңгімелесеміз.



Жаңа сабақ

Бейнебаян көрсетіледі: (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

 Ойланайық, пікірлесейік

  • Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

  • Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

  • Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

  • Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген


Әңгімелесу

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС

Мейірімділік туралы өсиет әңгіме

Саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір інжуден жасалған моншақты нұсқады.

Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? – деп сұрады бүлдіршін.

Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып:

- Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады.

Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды.

- Бұл жете ме? – деп сұрады. Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті.

Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді.

- Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді. Көгілдір түсі көзімен жақсы үйлесетін еді, - деп бүлдіршін мақтана түсті.

Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.

- Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр. Жоғалтып алма, - деп моншақты ұсынды.

Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды.

- Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? Оның бағасы қанша? – деп сұрады бойжеткен.

- А! – деді саудагер, - Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.

- Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза інжуден жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп ағынан жарылды бойжеткен.

Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды.

- Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...

Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.

Сұрақтар.

1. Саудагерден кішкентай қыз інжуді кім үшін, не үшін сатып алғысы келді ?

2.Қыз әпкесін қалай сипаттады?

3.Саудагер қыздың ақшасы жетпеседе неліктен қымбат моншақты әдемілеп орап берді?

4. Әпкесі моншақты неге қайтарғысы келді?

5. Саудагер кішкентай қыздың моншаққа қандай құнын төлегенін айтты?

6.Өсиет әңгіменің мәні неде?

7.Осы әңгімеден қандай қасиеттерді көруге болады екен?


Әңгімелесу








Ана туралы жыр» өлеңі ойнап тұрады.

Дәйексөз

«Мейірімділікті анадан үйрен» Халық даналығы

Оқиды, түсіндіреді, қайталайды.

Ана - халық ұғымында жаратушы.Олай дейтініміз, табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші-ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірімнен,шапағаттан пайда болады.


Сұрақтары:

  • Мейірімділік туралы мақал-мәтелдер айтыңыздар

  • Мейірімділік туралы өлең шумақтарын айтыңыздар

жазыңыздар












Ойын: «Мен қандаймын?»

Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған.


Суретпен жұмыс

Топтарға сурет беріледі.


1) Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?

hello_html_742b211c.png


2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.

hello_html_47b7f1de.png

3) - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар

hello_html_m95d8439.png


Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөздің алдынан қызыл нүкте, жоқ болса көк нүкте қояды.

(оқушыларды тыңдау)


Ойын арқылы сұрақтарға жауап береді.













Соңғы тыныштық сәтi.

Олай болса балалар,

Көзімізді жұмып: өткен тақырыпты музыка әуенімен елестету.

Балалар ,бүгін біз не жайлы

әңгімелестік?


«Аяқталмаған сөйлем» тренингі

1.Мейірімділік-бұл…

2.Мейірімді сөздер…

3.Мейірімділік сезімі ғана дүниені…


«Мейірімділік гүлін» құрастыру


Ойын «Мейірімділік жүрегі»

(Балалар бір-бірлеріне жүрекше беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жүрекше мұғалімге беріп, өз тілегін айтады)

- Күлімдеген- күн мейірімді!

- Кіршіксіз ақ қар мейірімді

- Таза мөлдір су – мейірімді !

- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

- Тату-тәтті Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді!

- Аяулы анам мейірімді!

- Қадірлі әкем мейірімді!

- Әлпештеген әжем мейірімді!

- Еркелеткен достарым мейірімді!

- Егіні мол жер мейірімді!

- Қамқор апам мен ағам мейірімді!

-Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жүрекше жоғары көтеру арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз.


Сабағымыздың соңында Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген Сара Назарбаева айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық.
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
Бүгінгі сабағымыздан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге салып қоялық.

Жүректен- жүрекке Мұғалім: «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырдым. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне деген жақсы тілектерін білдіреді , мысалы «Ажар сен ғажайыпсың, Абылай сен ақкөңілсің т.б».

Кері байланыс.( сабақтан алған әсері)

Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп «мейірім жүрегіне» стикермен жапсыра отырып, сабағымызды аяқтаймыз.




Үйге тапсырма: Сара апаға хат жазу.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.


Қорытындылау


















Оқушылар түрлі-түсті қағаздан гүлдердің күлтесіне мейірімділікке тән қасиеттерді жазып, қиып, жапсырмалайды.



hello_html_1e765e3b.gif







hello_html_m508d4d31.png

hello_html_m49d378a2.jpg




Выбранный для просмотра документ 26 сабақ 3 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Сынып 3

Тақырып Жаным толған жақсылық

Құндылық Ішкі тыныштық

Қасиеттер өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық


Сабақ мақсаты:

Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу


Міндеттері:

- оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамдылықпен жеңуді ұғындыру;
- жақсылыққа ұмтылып, өзіңді - өзің алдамауға тәрбиелеу;
- іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену (оқушылар өз әсерлерімен бөліседі)
Үй тапсырмасын тексеру


Ескерту

3. Дәйексөз.
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе!

Ыбырай Алтынсарин

- Адамдар бір - біріне риясыз жақсылық жасаудан жалықпаса өмірде не орнайды?
- Жақсылықтың өтеуін сұрау қажет пе?
- Өмірде жақсылық жасаудың маңызы қандай?


Әңгімелеу.

Тату ағайындылар

  Өте ертеде бір патшалықта  екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың  екі жағында  болса да,  олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.

  Бір күні  ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы  ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп  бөліп алдық, бұл дұрыс емес.  Інім жаңа ғана шаруашылығын  бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».

   Ағасы тұрып, түнде інісіне  бір қап бидайды апарып

тастайды.

   Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады:  «Жоқ,.біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен  үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».

   Таңға жақын інісі де  білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.

    Таңертең ағайындылар  өз қамбаларына  қарап,  таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой,  ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»

    Түн болысымен ағасы мен  інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.

   Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың  түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:

-          А, бұл сен бе? Кештетіп қайда  бара жатырсың?

Інісі айтады:

-А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?

  Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.

Сұрақтар:

1.      Әнгіме кімдер жайлы? Екі ағайындының іс-әрекеттері дұрыс па?

2.      Сен болсаң не істер едің?

3.      Әңгіменің соңында ағайындыларды не біріктірді?

4.     Осындай дұрыс әрекет жасап отырсақ,риясыз сүйіспеншілікпен көмектесіп отырсақ ішкі тыныштығың жай табады. Мысалы өздеріңнің өмірлеріңде осындай  жағдай кездесті ме?

Шығармашылық жұмыс,

 

1-ші топқа

............................. өзіңнен,

............................. көзіңнен.

..............................өзіңнен,

............................. сөзіңнен.

2-ші топқа

 ................................. адам,

............................... жасаса.

................................ қадам,

...............................орнатса.

 

(Өз шығармашылығымнан айтып беру)

 

Жақсылығың өзіңнен,

Көрінеді көзіңнен.

Жақсылығың өзіңнен,

Айтылған ой мен сөзіңнен.

 

Жақсылықты тек адам,

Дұрыс әрекетпен жасаса.

Жасағаның әр қадам,

Жүрекке әкеп орнатса.

Балалар, егер біздің ішкі тыныштығымыз дұрыс болса біз текқана жақсылық жасаймыз



Күн шуағын жасау алақаннан




Топпен ән айту. Топпен ән айту. «От улыбки» әнімен айтамыз

Барлық жанға мейірім сыйла,

Мейіріммен алтын күн де жарқырайды.

Жүзіңде күлкің де арайлы,

Бүкіл әлем бәрімізге нұр сыйлайды.


Қайырмасы:
Аспанда ақша бұлттар,
Күлімдеп бізді құптар,
Шегірткелер әнге салып шырылдайды ...

Сылдыр қаққан бұлақтан

Басталады өзен-көл

Ал мейірім басталады шын достықтан.


Мейіріммен өзгерет өмір,

Мейірімнен құс та аң да шаттанады.

Жүректе ұялап ақ сенім,

Айналамыз бір ерекше нұрланады.


Қайырмасы:
Аспанда ақша бұлттар,
Күлімдеп бізді құптар,
Шегірткелер әнге салып шырылдайды ...

Сылдыр қаққан бұлақтан

Басталады өзен-көл

Ал мейірім басталады шын достықтан.




Үй тапсырмасы.
Жақсылық туралы мақал мәтел жаттап келу




Соңғы тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Кері қайту

























































Бекітемін:

Утверждаю:

Директор

_______________

« »_______2015ж











































Топпен ән айту. «От улыбки» әнімен айтамыз

Барлық жанға мейірім сыйла,

Мейіріммен алтын күн де жарқырайды.

Жүзіңде күлкің де арайлы,

Бүкіл әлем бәрімізге нұр сыйлайды.


Қайырмасы:
Аспанда ақша бұлттар,
Күлімдеп бізді құптар,
Шегірткелер әнге салып шырылдайды ...

Сылдыр қаққан бұлақтан

Басталады өзен-көл

Ал мейірім басталады шын достықтан.


Мейіріммен өзгерет өмір,

Мейірімнен құс та аң да шаттанады.

Жүректе ұялап ақ сенім,

Айналамыз бір ерекше нұрланады.


Қайырмасы:
Аспанда ақша бұлттар,
Күлімдеп бізді құптар,
Шегірткелер әнге салып шырылдайды ...

Сылдыр қаққан бұлақтан

Басталады өзен-көл

Ал мейірім басталады шын достықтан.


Выбранный для просмотра документ 27 сабақ 3 сынып.docx

библиотека
материалов

« » 201 ж.

Сынып: 3


Тақырып: Туған жер ғажаптары

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік

Мақсаты: Оқушылардың «Отан», «туған жер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
- Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту.
- Туған жерін сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (күн, гүл, ағаш, бұлт, мазмұнды суреттер, бейнекөрініс, үнтаспа)

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.


Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сабақ барысын талдау:

2. Үй тапсырмасын тексеру


3. Жаңа сабақ.

(«Күннің көзін бұлт басыпты» Тақырыпты таныстыру)


Дәйексөз

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас»

Мақал

Түсіндірмелі сөз:


«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.» деген даналығында үлкен мән бар. Туған жер - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры да туған жерімен байланысты. Сондықтан, әрбір адам өзі туып өскен мекенін құрметтеп, оған қамқоршы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.


4. Әңгімелесу

Сұрақ – жауап


- Өздеріңнің туған жерлерің несімен көрікті деп ойлайсыңдар?
- Отанымыз Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
- Неліктен осы аталған жерлеріңді көрікті жерлер, ғажап жерлер деп ойлайсыңдар?



5. Мұғалім сыйы


Қазақстанның көрікті жерлері туралы бейнефильм көрсету



6. Мәтінмен жұмыс Қ. Толыбаев «Күн мен гүлдер»

«Джигсо» әдісі


- Гүлдерді, шөптерді кім және қалай оятады екен?
- Осы көріністі өздеріңнің таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңмен салыстырып, әңгімелеп беріңдер.
- Мәтіннің соңғы екі сөйлемін оқығанда сендер нені елестетесіңдер?
(Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап.

Жер бетін сәндендіріп жіберген.)
- Әдемілікті, әсемдікті елестетеміз.
- Табиғаттағы әдемілікті, әсемдікті байқағанда, көргенде сендер қандай сезімде боласыңдар. (Жайқалып гүл өсіп тұрған даланың суреті көрсетіледі.)

7. Сахналық көрініс

«Әже мен немере»


8. Топтық жұмыс

«Күн» және «Гүл» топтары.
1 - топқа плакат беріледі. Ол плакаттың дәл ортасында күн бейнесінің ішінде «Табиғат бізге не береді?» деп жазылған. Оқушылар оның жан - жағына түрлі «нұр»
таратады. Мысалы: табиғат бізге ішетін тамақ, киетін киім, жұтатын ауа, сусын, шығармашылық шабыт, қуаныш, дәрі - дәрмек, танып - білу, білім, қазба байлықтар
Осы сөздер нұр болып таралады. Бұл жерде «соғыс, ашаршылық, табыну» сөздері жарамайды, сондықтан себетке тастаймыз

2 - топқа да гүлдің ортасына «Біз табиғатқа не бере аламыз?» деп жазылған плакат беріледі. Аяушылық, қамқорлық, қорғаныш, аялау, жылылық, мейірімділік, қайырымдылық махаббат, реніш, қорқыныш, жирену деген сөздердің ішінен керектісін алып, гүл күлтелерін құрастыру.
Керек емес сөзді себетке тастау.


9. Топпен ән айту.

Б. Тәжібаев «Туған жер, өзің дегенде»


Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!
Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!


Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!


10. Шығармашылық тапсырма


Алдарыңыздағы суреттерден табиғаттың әсем көрінісін жасайық

  • Мен туған жерді сүйемін, өйткені ....

  • Мен туған жерді қорғаймын, өйткені ....

  • Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені ....

  • Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені ....

  • Мен табиғатты қорғаймын, өйткені ....

Әке асқар тау, ана жағасындағы бұлақ, бала жанындағы құрақ


11. Рефлекция


«Кір қыстырғыш»

Табиғаттан қандай ой түйдік?



12. Үйге тапсырма


Туған еліңнің өзің мақтан ететін ғажап жерлерінің суретін салып келіңдер



13. Соңғы тыныштық сәтi.











Выбранный для просмотра документ 29 сабақ 3 сынып.docx

библиотека
материалов

Мектеп:ЖОББМ № 2

Пәні :Өзін - өзі тану.

Мұғалімі:Сарамбетова Динара Мадмусиновна.

Тақырып :Табиғат сыйы (29- сабақ)

Құндылық :Қиянат жасамау

Қасиеттер: Әр қашанда көмекке дайын болу, киянат жасамау, өзгелерді ренжітпеу, жануарларға

қамқорлық көрсет, қауыпты заттармен ойнамау, ұжымда жұмыс жасау, бірлік т.б.

Сыныбы: 3, күні: оқушы саны:

Сабақ мақсаты: Балалардың «табиғат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып, табиғатқа

қиянат жасамай қорғап, аялауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

- табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсіндіру,әрқашан көмекке дайын болуға үйрету.

- құстарға аялы қарым қатынас жасап, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу

- табиғаттың аң- құстарына қамқор болуға,қиянат жасамауға тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Құстар үні жазылған үнтаспа,гүлдер,бұлттар және жапырақтардың суреті

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

- Сәлеметсіздер ме балалар? Көңіл күйлерің қалай?

  1. Тыныштық сәтi.

Жәй әуен тындай отырып, денемізді тік ұстап тыныс алу жолдарын

қалыптастырып, ойымызды жинақтап дем аламыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерге туған еліңнің өзің мақтан ететін ғажап жерлерінің суретін салып

келу тапсырылған еді. Қане суреттерімізді қарап талқылап шығайық.

«Адамның артықшылығы» Қ.Мырза Әли

- Адам табиғаттан нені үйрене алады?

- Адамның аң құстардан айырмашылығы неде?

- Аңдар мен құстардың біздің өмірімізге қажеті бар ма?

-дұрыс айтасыңдар,балалар,адам табиғаттан жүруге,жүзуге және ең бастысы әдемілікті,сұлулықты үйренеміз.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

«Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тілінбей»

Қане балалар осы мақалды ашып көрейік,

-Еңбек ету адамға не үшін керек?

-Еңбектенген адам қандай көңіл күйде болады?

- Иә еңбек еткен адамның көңіл күйі көтеріңкі,әрі дені сау болып келеді. Адам еңбексіз өмір сүре алмайды.


5 .Әңгiмелеу.

Оқулықта берілген сурет бойынша әңгіме жүргіземіз

- «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз

- Табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?

- Төмендегі суретке қарап,табиғат сыйы туралы не айтуға болады?

6. Аңыз әңгіме: «ӘКЕ МЕН БАЛА» Ы.Алтынсарин

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі

тағасын көріп, баласына айтты:

Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы

тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол

үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем

- бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің

қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді

екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және

бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан

түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып

айтты:

Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің,

енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.

Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға

қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді

- Осы әңгімеде ең бірінші не туралы айтылған?

- Баласының істегені дұрыс па?

- Әкесінің әрекетін қалай түсіндірер едіңдер?

- Өз ойларығмен қорытынды жасаңдаршы. Тамаша, жауаптарыңа рахмет.


7. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс,сахналау)

Шығармашылық жұмысты жүргізбес бұрын,балалрды топтарға бөліп аламыз. Мен сендерге табиғатың бір бөліктерін беремін (бұлт,жапырақ,гүл) суреттері. Ал сендер кімге қандай сурет түссе,сол бойынша топтаса қойындар.

І топ «бұлттар». Тапсырма «Ағаш сындырған бала...»

ІІ топ «жапырақтар». Тапсырма «Автобуста болған оқиға...»

ІІІ топ «гүлдер». Тапсырма «дүкенде саған артық ақша қайырды...»


8. Топпен ән айту. «Дос болайық бәріміз»

Сөзін жазған: Х.Талғаров

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев


9. Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс 1- 2 тапсырманы жазбаша орындап келеміз.

Мәтін «Наурызгул»


10. Соңғы тыныштық сәтi.

Құстардың үні жазылған үнтаспаны тыңдап,сабақты қорытындылаймыз.







Выбранный для просмотра документ 30 сабаө 3 сынып.docx

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: _№11о.м_ Мерзiм: 23.04.2015ж

Тақырып: Табиғат сыйы.

Құндылық:Табиғат құндылықтары туралы түсініктер.

Қасиеттер: «Сүйіспеншілік», «Мейірімділік», шын пейіл,ниет тазалығы, қамқорлық жасау, жанашырлық, ізгілік.

Мұғалiм: Конарбаева Г.Н._ Сыныбы: _3«а»_ Оқушылар саны: 24


Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: а/ Оқушыларды табиғат тірішілік бастауы,адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.

ә/оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету.

б/ізгікті, жауапкершілікті,ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тыныштық сәті.



Үй тапсырмасын тексеру.

   Оқушылардың үйден орындап келген тапсырмаларын тыңдап, талқылау.

Балалар, біз бүгінгі сабақта табиғаттың сұлулығы мен әсем құбылыстары, олардың адамға әсері туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу:

ТАБИҒАТ СЫЙЫ” өлеңін мәнерлеп оқу.
Тамаша көк жазығы таң қалғандай,
Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.
Қызығып ішсең суын құмартасың,
Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай

Сурет бойынша әңгімелеу

«Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?

Табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?

Суретке қарап табиғат сыйы туралы не айтуға болады?

Мәтінмен жұмыс

«Адамның артықшылығы» Қадыр Мырза Әлінің өлеңін оқу.

  • Ақын өлеңде арғымақтың қасиетін қалай суреттейді?

  • Судың маңызы қандай?

  • Құстар не үшін жаралған?

  • Топырақ, су, жан-жануар, аң-құстарды неліктен табиғат сыйы деп айтамыз?

  • Адам табиғаттан қандай үлгі алады?

  • Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?

- Ия, балалар, табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл. Осының барлығы Табиғаттың берген сыйы.Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.

Дәптермен жұмыс

Табиғат –анаға деген сүйіспеншіліктеріңді жазыңдар.

Сергіту сәті

Құстардың әдемі сайраған дыбысын жіберу

Сахналық көрініс

Құс ұясын бұзбайық! Өтебай Тұрманжанов.

Мәнерлеп оқу. Көрініс көрсету.

1.Табиғат ана.

2.Оқушы.

3.Мұғалім.

Ой қозғайық!

Табиғат ана балаларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсыңдар?

Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?

Құстардың жақсы қасиеттерін тауып, айтыңдар.

Аққудың жақсы қасиеті...
Қарлығаштың жақсы қасиеті...
Қыранның жақсы қасиеті...
Тоқылдақтың жақсы қасиеті...
Сауысқанның жақсы қасиеті...
Бұлбұлдың жақсы қасиеті...
Тотының жақсы қасиеті...
Керекті сөздер: адалдығы, достығы, батылдығы, қамқорлығы, сақтығы, әншілігі, әдемілігі.


Дәйексөз

«Табиғатым аң-құсымен ажарлы....» 

Топтық жұмыс.

1-топ.Бес жолды өлең жазу

2-топ.Мақал-мәтелдер,ырым-тыйымдар тауып жазу.

3-топ. Сурет салу.

Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Бұл заңдылық деп білейік

Үйге тапсырма
Табиғатты қорғау,құстарды қорғауға байланысты өлең шығару
Қорытындылау
1. Бүгін сабақта не білдік?
2. Не айта аламыз ?


Ән орындау

Ақ көгершін

Ақ көгершін
Өлеңі: Н. Баймұхамедов
Әні: А. Жұбанов

Ақ көгершін , көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.

Көзін сенен алмайды
Ақ ниеті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына







Выбранный для просмотра документ Ақыл жастан асыл тастан.docx

библиотека
материалов

«Ақыл-жастан, асыл-тастан»

Құндылық: Дұрыс іс- әрекет. Қасиеттер: ақылды болу, бабалар дәстүрін құрметтеу

Мұғалім: С.Бисенғалиева  Сынып 3  Оқушылар саны: 11

 

Сабақ мақсаты: «Даналық» құндылығы  туралы  түсініктерін кеңейту.

Сабақ міндеттері:

  • Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

  • Бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер

 

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып, денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

             Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашыр тұр.күннің нұры қоға барды, қолдарыныздың саусақтарына ыстық сезім ұялатты, қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті. Аяғың нұрлы жолға бастады. Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды,Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Талғайран ауылын аралап жүр,барлық адамдарға жылылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге оралды. Сіз күн нұрындасыз. Сіз нұр сәулесісіз!

 

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру;

«Өнерлі бала сүйкімді» эссе жазу

 

 

 

Үнтаспа

Баяу әуен

 

 

3.  Әңгімелесу.

Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?

 

-өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал, бүгін ақыл, ақылдылық, сондай-ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.

 

4.Мәтінмен жұмыс

«Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгіме  оқыту, талдау;

- Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?

- Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

-Қыздың бойынан таы қандай асыл қасиетті байқадыңыздар?

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу:

-дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан- жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.

 

 

Тақырыпқа сай суреттер

5. Дәйексөз

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе- білім мен ақыл» Жүсіп Баласағұни

-балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.

Дәйексөз жазылған плакат

6.Тапсырма

А) Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып айту;

1.Ақылды адам ерінбейді.

2.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

   Ақылыңа ақыл қос.

3.Ақылдан жақын дос бар ма?

4.Ақыл азбайды,  білім тозбайды.

5.Адамның жүзі, ақылдың айнасы

6. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

 

Б) дәптерде берілген тапсырмаларды орындау;  

 

Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Адам болу, жақсы тұлға болуға ұмтылдыратын нәрселер туралы айтылған. Екі топ сол айтылған асыл қасиеттер мен жағымсыз қасиеттерді топтастырайық.

 Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Қашық болу: мақтаншақ, өсек, өтірік, еріншек, мал шашпақ  талдау;

 

А4 қағазда жазылған тапсырмалар

8. Сергіту

Әдемі әуен ырғағымен би билеу;

СД дискі

9.Сахналау

«Байлық, бақыт, ақыл» ертегісін сахналау
Бақыт,байлық,ақылдың артықшылығы неде екен?

Данышпан қандай ой түйіндеді?

Данышпанның орнында болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

10. Ойын жаттығу

«Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені болмашыға ренжімеймін», «Мен ақылды баламын, өйткені дер кезінде шешім қабылдай аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үлкеннің тілін аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үнемі ізденемін», «Мен ақылды баламын, өйткені көп оқимын», «Мен ақылды баламын, өйткені алға қойған мақсатыма жетуге тырысамын», «Мен ақылды баламын, өйткені үй тапсырмасын өз бетімше орындаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені кішілерге қамқорлық жасаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені, мұғалімнің берген тапсырмасын тиянақты орындаймын».

 

Балалар, қараңдаршы бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толы жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күннің шуақтары бізге жылылық сыйлайды. Біз де осы күн сияқты айналамыздағы адамдарға жылылық сыйлап, ақылдылығымызбен жақсы жақтарымызбен көрініп жүрейік.

                                                       

11. Мұғалім сыйы

«Бала мен алма» анимациялық фильм

 

12. Жаңа ақпарат

«Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.»

 

 

13.Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі өткен сабаымызды тағы да ой елегінен өткізіп, тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.

- Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл-жастан,асыл-тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» деген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған. Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған бала ойы ұшқыр, дана болады.

 

 

 

    



Выбранный для просмотра документ дәйексөз.docx

библиотека
материалов












Достық малға емес, басқа жарасады,

Нағыз дос бір - біріне шынайы қарасады.

Амандық шешен

«Адамның сәні –өнер,білім,ақылы.»

Халық мақалы

«Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» Абай

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.

Е.Өтетілеуов

Өнерлі өрге жүзер.

Мақал

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе- білім мен ақыл» Жүсіп Баласағұни

Адамның сәні-өнер,білім,ақылы.

Халық мақалы

«Ұқыптының уақыты мол»

М.Әлімбаев

«Жеті атасын білмеген - жетесіз »

Халық даналығы.

Кешірім – ізгіліктің белгісі.

(халық даналығы)


«Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақал


«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Халық даналығы

«Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол» Халық даналығы.

Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесін

Халық даналығы

« Бірлік болмай, тірлік болмас»

Халық даналығы

«Жақсылық қылсаң жасыр,

Жақсылық көрсең асыр» /Халық даналығы/


Шуақты болса әр таңым

Күлімдеп күнім батады

халық аузынан алынған

Оқу- инемен құдық қазғандай

Мақал


Айнымас досы бар адам- ең бақытты адам

Халық даналығы


Әдептілік бастауы-иіліп сәлем бергенің

Нақыл сөз

Әдепті бала- әдемі бала

Нақыл сөз

  1. «Түсіне білген адамның-досы көп болады» Халық даналығы


  1. «Түсіне білу- ұлы қасиет» Халық даналығы

  2. . «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Мақал



  1. «Жаяудың шаңы шықпас...». Мақал



Ең жақсы адам- сыйлай білетін адам

Халық даналығы



Әдептің бастауы-сыйластық Халық даналығы

Жақсы болу өзіңнен

Жаман болу өзіңнен А.Асылбеков





Қайырымдылық пен қамқорлық -жылы жүректен шығады. Ш.Құдайбердіұлы



Жақсы болу-өз қолыңда

Халық даналығы

«Қайырымдылық – жылы жүректен»



Выбранный для просмотра документ әндер.docx

библиотека
материалов

Жақсы көрем


Ақыл ойдың мекені ,

Ата – әжем бар менде.

Айтып түрлі ертегі,

Аялайды әнмен де


Қ-сы

Жақсы көрем атамды

Жақсы көрем әжемді

Асыл сөздің мақалды

Екеуі де әдемі .


Тыңдап әже – атамды,

Берем менде қол ұшын.

Жасы үлкен адамды,

Сыйлай білу борышым.


Қ-сы

Күн нұрындай шуақты.

Атам, әжем ардақты.

Күнде екеуін қуантам ,

Беске оқып сабақты.


Қ-сы













«Достарым»


Әні: Көшеровтікі

Сөзі: Х.Закарияныкы

Толтыра біліп көңілдің олқы, бос жағын,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс-қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүрдіңдер, сендер,қолтықтан демеп, достарым.


Қайырмасы:

Жабыққан сәтте қас қағым,

Жанымды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап, достарым.


Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,

Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.

Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,

Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.


Десек те қанша баянсыз достан түңілді,

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.

Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін,

Соларға тағдыр,өкінбей өтер ғұмыр бе









Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

қиындықты жеңіп кіл,

құшағы гүлге толады.



қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Уқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.















Дос болайық, бәріміз

с. Х.Талғаров

ә. И.Нүсіпбаев

1.Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!


Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


2.Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.













Атам мен әжем

Қалмасын деп қатардан,

Ойлайтынын сезем мен.

Айналайын атамнан,

Айналайын әжемнен,

Мақтанбаймын бекер мен.

Өшпейсіңдер санамнан

Айналайын әкемнен,

Айналайын анамнан.

Күн сияқты ашылар,

Қамқоршылар осылар.


А-та-а-а, ә-же-е-е,

Мен сендерді сүйіп өсемін,

А-на-а-а, ә-ке-е-е,

Сыйлаймын ғой бәріңді,

Мен сіздерге қарап өсемін.


2. Қанша көрдім дегенмен,

Көрмегенім көп менің.

Қанша білдім дегенмен,

Білмегенім көп менің.

Мен дегенде ештеңе,

Аямайтын осылар.

Таңертең де, кеште де,

Аялайтын осылар.

Қалай жаман боламын,

Мен бақытты баламын.





Достық

Сөзін жазган Е. Елубаев  

Әнін жазган И. Нүсіпбаев





Ортақ мекен жер шары,              Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан.                    Ортақ жердің байлығы.

Барлық ұлттың баласы                Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Достығымыз жарасқан.               Ортақ бізге барлығы









Ризашылық әні

Сөзі мен әнін жазған Л.Хей.

Ризамыз бүгінге, ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге, ризамыз қазірге! (2 рет)

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2 рет)









Достарым

Сөзі: Хасен Закарияновтікі.

Әні: Оралхан Көшеровтікі.


Толтыра біліп көңілдің олқы бос жағын,

Қатемді түзеп жол тапсам дұрыс қостадың,

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүрдіңдер сендер қолтықтан демеп достарым.


Жабыққан сәтте қас-қағым

Жанымды ұғар басқа кім?!

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап , достарым.


Сағыныш толы кеудемді кернеп жыр көшкін,

Достыққа келді сағына әнмен үн қосқым,

Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,

Биіктен сайлап, орынын адал, шын достың.


Жабыққан сәтте қас-қағым,

Жанымды ұғар басқа кім?!

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап , достарым.


Десек те қанша баянсыз достан түңілді ер

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.

Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін

Соларға тағдыр, өкінбей өтер ғұмыр бер.


Жабыққан сәтте қас-қағым,

Жанымды ұғар басқа кім?!

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап , достарым.



Келші, келші балашым

Е. Хасанғалиевтікі

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да...

Қуанышым, арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде,

Болмаған деп санаймыз.

Не деп енді мақтайын,

Айтуға сөз таппаймын.

Мақтап кетсем көбірек,

Мен әжеңе жақпаймын.

Келші келші балашым,

Бір иіскемей жатпаймын.















Елімізді сүйемін

Өлеңін жазған: Қ. Мырзалиев 

Әнін жазған: Д. Ботбаев 


Балбұл жанған гүл шағында, 
Біз Отанның ұланымыз. 
Бақытты елдің құшағында 
Білім алу - ұранымыз.


Біз өнерге, ұлы өмірге, 
Гүл өмірге иеміз. 
Көгімізді, көлімізді, 
Елімізді сүйеміз.

Туған жерде аунап – қунар, 
Біз ұланбыз, өрімдейміз. 
Біз ұланбыз еңбек құмар, 
Өнер десе ерінбейміз. 

Біз өнерге, ұлы өмірге, 
Гүл өмірге иеміз. 
Көгімізді, көлімізді, 
Елімізді сүйеміз.

Қуанышты әніміз де, 
Біз ұланбыз - жоқ арманы. 
Біздер әлі бәріміз де, 
Боламыз ел қаһарманы.

Біз өнерге, ұлы өмірге, 
Гүл өмірге иеміз. 
Көгімізді, көлімізді, 
Елімізді сүйеміз.



Мен оқушы баламын

Еңбек етіп тынбастан

Оқып білім аламын

Ерте тұрып, ерінбей

Мен мектепке барамын


Қ-сы

Алақай, алақай!

Ерте келдім бәрінен

Алақай, алақай!

Бүгін бестік алдым мен







Бала тілегі

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман

Барлық бала армандауға жаралған

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер

Гүлденсін деп атамекен қара орман


Болашақтың тірегіміз бәріміз

Туған елдің түрлендірер сәніміз

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жақын болсын шырқап айтар әніміз













Балдырғандар әні

Сөзін жазған О. Әубәкіров
Әнін жазған Ш. Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

қайырмасы:
Өмір тым жайдары,
Қызықтың қайнары,
Бақшамыз жайнады.

Біз - Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық - ұранымыз.
қайырмасы



























Ертегілер әлемі


Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім,


Қ/сы: Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.








Әже


Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен-кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам


Қайырмасы:

Ля-ля-ля-ляля

Ля-ля-ля-ляля


Аппақ әжем, ақ әжем

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Менің әжем ауылда



Бақыттымыз бәріміз!


Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Біз өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз!






Анашым қартаймашы


Оянғанда түнде жұбатып

Ақ сүт беріп өсірген

Басқанымда тәй – тәй қуантып

Тұсауымды кестірген


Қайырмасы:

Анашым құдіретіне табынамын

Көрмесем бір күн сені сағынамын

Анашым қартаймашы жалынамын

Анашым саған қарызым


Бас иемін даңқына

Білемін өтеу парызым

Кір келтірмей атына

Қайырмасы:























Көгәрайда шегіртке.

Сөзі: Н.Носовтікі

Әні: В.Шаинскийдікі


Көгәрайда отырады,

Қиярға ұқсап шегіртке.

Жап –жасыл боп отырады,

Қиярға ұқсап шегіртке.


Елестет сен, өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Жап жасыл боп отырады,

Қиярға ұқсап шегіртке!


Қиянат ол жасамайды,

Шіркейге ол тимеді.

Көгәраймен қоректеніп,

Шыбындармен дос еді.


Елестет сен, өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Көгәраймен қоректеніп,

Шыбындармен дос еді.


Құрсағы бір тойматын,

Келе қалды көлбақа.

Шегірткені жеп қояды,

Мүдірмей ол тез ғана.


Елестет сен, өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Шегірткені жеп қояды,

Мүдірмей ол тез ғана.


Тіптен ол ойламады,

Мүлдем ол ойламады.

Осылай болып қалады деп,

Солай болып қалады деп.



Елестет сен, өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Мүлдем ол ойламады,

Осылай болып қалады деп.

Біз өмірдің гүліміз


Нұрланамыз бәріміз

Ақ ниетпен

Пәк жүрекпен

Өмірге біз келеміз.

Қуанышты

Ізгілікті

Күн нұрындай төгеміз.


Адалдықпен

Ақиқатқа

Жүгінеміз бәріміз.

Жақсылықты

Жамандықты

Айырады жанымыз.


Адамзатқа

Махаббатпен

Шырқалады әніміз.

Мейіріммен

Шуақ шашып

Нұрланамыз бәріміз.











Балдәурен

Сөзі: Ш.Сариев,

Әні:Е. Слетдинов

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.


Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.


Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.













«Мен сүйемін»

Әні: В. Питерцев

Сөзі: С. Жарқынбек

Мен сүйемін анамды,
Ізгілікпен пен адалдыққа баулыды
Мен сүйемін әкемді
Қорған болған, өзің сынды асылды

Қайырмасы:
Мен сүйемін елімнің кең даласын,
Мақтанышым өмірде бір өзіңсің.
Мен сүйемін, Мен сүйемін туған жер,
Бақ дәулеттің сыйы болған көзісің.

Мен сүйемін тауымды,
Баурайынан мөлдіреген нәр ақты.
Мен сүйемін елімді,
Тілеуменен бір өзіңе бақытты.

Қайырмасы:
Мен сүйемін досымды,
Жақсылықты ортақ бізге тіледі,
Мен сүйемін бәрінді,
Мақтанышпен сүйе бергім келеді.

Қайырмасы












Выбранный для просмотра документ әңгімелер.docx

библиотека
материалов

Қандай тілек жақсы?


Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.

-Балам, бүгін мазам кетіпғ шаршап тұрмын. Шайды өзәі қамдап қоямысың?Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын.

Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды.

«-Жасағани ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жіутеңдете көрме!»-деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.

-Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә?

-Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы.

-Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?

-Балам түн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа, балам!

-Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

-Неліктен жаман тілек тілеуге болмайды?

-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?
















«Достың арманы»

(үлгі әңгіме)


Сұлтан 18-ге толғанда ағасы оған жаңа көлік сыйлады. Ол алған сыйлығын көрсету үшін достарына барды.

-Көлігім қалай?-деді ол мақтанышпен.

-Керемет!-деді досы.

-Өте тамаша!

Сұлтан бұл көлікті оған өзіне ағасы сыйлағанын айтты. Бұны естіген досы таңқалды.

-Ағаң сыйлады ма? Шіркін, мен де...-деген кезде досының не айтқысы келіп тұрғанын Сұлтан білемін деп ойлады. «Менің де сондай ағам болса ғой» деп айтқысы келіп тұр деп ойлады.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Досының не айтқысы келді?

Досы: «мен де сондай аға бола алсам ғой» деді. Сұлтанды досының бұл сөзі қатты толғандырды. Ол көлігіне отырып, қыдырып келуді ұсынды. Досы көлікке қызығып, көңілді келе жатты.

Ол өзінің үйіне соғуды ұсынды. Сұлтан досы өзінің қандай көлікпен жүргенін көршілеріне көрсетіп, мақтанғысы келіп тұр деп ойлады.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Досы неге үйіне алып келді?

Олар досының үйіне келді.Ол үйге жүгіріп кетіп, біраздан соң кемтар балаға арналған арбаға отырғызған кішкентай бауырын алып шықты. Ол бауырына көлікті көрсетіп «Кейін мен де

саған дәл осындай көлік әперемін» деді. Досының сөзін естігенде Сұлтанның көңілі босап кетті. Ол досының бауырын да көлігіне отырғызып, үшеуі бірге қыдырды. Досы мен бауырының қуанышты көңіл-күйіне қарап, Сұлтан өзінің оларға аз да болса қуаныш сыйлай алғанына қуанды.



-Сұлтан қандай бала екен?

-Сұлтанның орнында болсаң сен не істер едің?

-Досқа байланысты қандай мақал білесіңдер?















«Еңбексіз өмір – сүреңсіз»

Б.Әділов

Мысал әңгіме

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.

Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен қүтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...

Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:

- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлу ланып кетіпті.

- Төмен секір, - деді қара пышақ. – Бірге жатаиық. БІЗДІ ешкім білмейді.

- Ол жерде не бар?

- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!

- Ал жұмысты кім істейді?

- Жұмыс бізсіз де істеледі. .

- Рақмет! – деді Сары пышақ. – Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.

Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.

Мысал әңгімедегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?





Екі дос...


Екі дос бір егістікте жүмыс істейтін.Бірінің отбасы, балалары бар,ал екіншісі жалғыз басты еді.Күн батқанға дейін жұмыс істеп,достар тапқан өнімді тепе – тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе – тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлайды.Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.

Досы да ішінен:« Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар,қартайған шағымда олар маған қарайды.Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып үйден шығып,досының қорасына өнімді апарып тұрады.Алайда қорадағы қаптардың саны неге азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді.Бір түні бір – бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады.Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді.Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.



























«Бүркіт пен оның балапандары»

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты:

-Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай баққанымды білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: - Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүремін.

Бүркіт басын шайқап, екіншісіне бұрылып:

  • Ал сен не айтасың? – депті.

Екіншісі: - Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп беремін, - дейді.

Бүркіт тағы да басын шайқайды. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып:

- Ал, сен мені қалай жарылқамақсың? – дейді.

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты: - Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты айтайын. Маған жасаған жақсылықтарыңның шегі жоқ. Оны өтеуге менің ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана терең дем алып:

-Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті, - деген екен.

Сұрақтар: 1. Әулет, ұрпақ дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Ертегіден құндылықтарды табу.





Кешірім

Р.Әбілқадырова



Тұрсын мектептен көңілсіз қайтты. Үн-түнсіз отырып, тамағын ішті. Бір кезде:

  • Апа, әлгі біздің кешені сыпыратын атай ауруханаға түсіп қалыпты, - деді.

  • Ә, бұл бейнет дегенің де тілсіз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесін жөндеймін деп жүріп, мертігіпті, байғүс. Апа, ұрыспайсыз ба? - деді Тұрсын қипақтап.

  • Не үшін? Екілік алғаннан саумысың?

  • Жоқ екілік емес. Одан да жаман...

Жұлқысып келіп отыр екенсің ғой. Жетпегені сол еді! Бәсе, желкеңді сипалай бергеніңнен бір нәрсені ішім сезген.

  • Апа, айтайын дегенім, аула сыпыратын атайға барсам деймін. Халін біліп кешірім сұрайын.

Жағдай сұрағышын. Қақ-соқпен жұмысы жоқ деп жүрген бала сен болсаң, көгертеді екенсің. Дәл казір бар және жалғыз емес, қасыңда болған нөкерлеріңді де ертіп ал. Сендердің кешірім сұрағандарыңнан сауығып кете қоймас. Сөйтсе де жан жарасына себі тиер.

Апасы жұмысына кетті. Тұрсын аула сыпыратын картқа барды.

-Бір қателік кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрінен де қателіктеріңді түсіне білгендерің жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесіз болмас» деген, - деді қарт.

- Балалар өз кателіктерін қалай түсінді?

- Атай қаңдай жақсы қасиет танытты?

- Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Мәтіндегі ойдың шешуін төмендегі ойын-жаттығу арқылы да ұйымдастыруға болады.



















Піл   мен    Маймыл

Халық ертегісі


Автор: Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.

Піл:- Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш
болса да тамырымен жұлып аламын!

Маймыл:  -Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Менептімін!

Автор: Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді.  Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.

Маймыл:  - Уа, данышпан,Үкі! (Маймыл бұтақтан   ұстап тербетіліп тұрып.)

Үкі:-У-у-х! Өй! (Үкі шошып кетеді. Бағдаршам сияқты үп-
үлкен көзін бір ашып қалып, қайта жұма қояды.) Не болып қалды?Айта беріңдер!

Маймыл:-Піл: «дүниедегі ең күшті менмін», - деп мақтанады. Ал мен
оған: «Дүниеде менен асқан епті жоқ», - деймін. Төрелігін өзің айтып бер.

Піл:-Бір сөзбен айтқанда, күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма?

Автор: Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта  жұмады.

Үкі:-Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім жалғыз алма ағашы бар. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын.

Автор: Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:

Маймыл:  Өзеннен қалай өтеміз?

Піл: Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін Автор: Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді. Биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:

Піл: Алманы қалай жинаймыз?

Маймыл: Сен осы жерде тұр. Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой!

Автор:Екеуі бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан  қайтадан Үкіге келеді. Үкі тағы да көпке дейін көзін ашпайды.

Үкі: Сен өзеннен өзің өттің бе? - дейді Үкі көзін ашпаған күйі.

Маймыл: Піл өткізді.

Үкі:  Епті едің ғой, ебің кемектеспеді ме?

Маймыл:Ағысы катты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді.

Үкі: Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің?

Піл: Маймыл көмектесті.

Үкі: Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма?

Піл:Жоқ. Егер Маймыл кемектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім.

білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең кымбат –  достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. Мен мүлде алма жемеймін.

Автор: Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.

Сұрақтар:

•   Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?

•   Татулық деген не?

•   Қандай көңіл күйде боласыңдар?

•   Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?




Өсиет әңгіме.

(Аңыз)

Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарды үйіне шақырып, аз-кем кеңес құрыпты.

  • Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді. Әрі біріміздің белмегенімізді екіншімізге айтар едік. Қалай десек те, «Кеңесіп пішкен тон келте болмас», - депті.

hello_html_m4453d0ab.jpg

-Осындай ой-пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын,- депті шұбар ат құндыздай жалы жалт – жұлт етіп.

- Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ, мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда, үй жайын қорып, күзетуге мен әзірмін,- депті төбет зор дауыспен арп –арп етіп.

hello_html_m8d90a71.jpg

Бадырайған көзін анда –санда ашып жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.

-Шақырған жерден қалма,- деген шұбар аттың сөзін естен шығарыпты.

-Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін! - деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзінмісе тұтпапты.

Бір кезде Адамның, Аттың Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып кетіпті.

Жапалақтың өз достарынан жеке дара бөлектенуі, оны оданәрі адастырыпты. Өмір сүру тәсілі де өзгеріпті.

Содан бері Адамның, Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.

Жетекші сұрақтар : - Адам, Ат, Ит қандай келісімге келді?

  • Жапалақ неліктен жалғыз қалды?

  • Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?

  • Балалардың жауаптарын толық тыңдап, «Кеңесіп тіккен тон келте болмас» -деген мақалдың мағанасын аша отырып әңгімені түйіндеу.

  • -Міне балалар, достыққа, ынтымақтасып өмір сүруге келісімін бермеген Жапалақтың өмірі жалғыздықпен өтіп жатыр. Ал достықтары жарасқан Адамның, Ат, Иттің бірлігі келісіп, бірге тату тәтті өмір сүруге ұласты.

Аңыз әңгіме: 


Баяғы бір заманда бір дана қарт ұстаз айналасына шәкірттерін жинап алды да былай деді: 
-Мен өзімнің қартайып, қауқарымның кеткенін сезе бастадым. Сендердің ендігі борыштарың – мені тамақпен қамтамасыз ету. 
-Тақсыр, біз тамақ пен ақшаны қайдан табамыз? Жанымызда өзіміз қатар өмір сүріп жатқан адамдар көмектесе қояр ма екен?- деп сұрақ қоя бастады шәкірттері. (Ұстаз не деп жауап берді? Болжаймыз) 
-Балаларым менің, мен сендердің қайыр тілеулеріңді өтініп отырғаным жоқ. Мен сендердің сұраусыз алуларыңа ұсыныс жасаймын. Бұл күнә болмайды, өйткені ақша бізге басқалардан гөрі қажеттірек. Мұны өзім істейін десем, өте әлсізбін. Өзінің қарт ұстазына кім көмек берер екен? 
-Біз, біз,-деп айқайлайды. Біз жаспыз және күштіміз не істейтінімізді айтыңыз. (Ұстаз не деп айтты? Болжау) 
-Біреу өтсе, жәбірсіз оның әмиянын ұрлайсыңдар,- деді. (Шәкірттері не деп жауап береді? Болжау) 
-Иә, иә айтқаныңызды істейміз!- деп айғайлады көбісі. 
-Мен ұрламаймын, ондай іске бара алмаймын, одан да барып қайыр тілегенім артық деді,- бір шәкірті. (Ұстаз не деп айтты? Болжау) Сол кезде ұстаздары қатты қуанды, әйтеуір іштеріңде біреуің түсіндіңдер ғой менің ойымды,- деді. Ал қалғандары болса қылықтарына ұялып, бастарын төмен түсірді. 


1.Ұстаз шәкірттеріне нені түсіндермек болды? 
2.Бұл жағдайда сен істер едің? 
3.Өмірде не маңызды деп ойлайсыңдар? 



















«Түлкімен ешкі»

Ертегі


Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.

Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

  • Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

  • Ой, не қыласың жаным жай тауып тұр.

Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Менде салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онын мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып , жөніне кетіпті...


  • Балалар түлкінің бұл іс – әрекеті дұрыспа?

  • Сіздер түлкінің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?

Өзгелерді ренжітпи қиянат жасамай өмір сүру оңайма?





































А. Байтұрсынов аударма мысалы «Аққу, шортан Һәм шаян» (Крыловтан)



Жүк алды Шаян, Шортан , Аққу бір күн.

Жегіліп, тартты үшеуі дүркін –дүркін.

Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,

Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.

Бұлардың машақаты аз болмады,

Жұмысы орнына кеп мәз болмады.

Тартса да бар күштерін аямай-ақ,

Асылы жүк орнынан қозғалмады.

Оншама ол жүк онша ауыр емес,

Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес.

Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,

Біріңғай тартпаған со, бәрі тегіс.



Жігіттер бұдан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек болсақ жолдас,

Біріңнің айтқанына бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.



Сұрақтар:

  1. Мазмұны бойынша сұрақтар

Бұл мысалдың кейіпкелері не істемек болды?

2.Құндылығын айқындайтын сұрақтар

Олар жүкті орнынан неге қозғалта алмады?

3.Өмірмен байланысты сұрақтар









«Өмір сүрудің ең жақсы жолы»

Аңыз әңгіме:

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады.Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді.Ол ақкөңіл,жайдарлы болғандықтан,ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін.Бір күні ауыр науқастанып,бұл дүниеден өтерін сезген адам,артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

-Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады.Мирасымды соған қалдырамын.Менің дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін.Осы долларға бір нәрселер алыңдар.Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек.Шартым осы.

Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айрылып қалмауды ойлап,не істерлерін білмей қатты абыржыды.Қалаға барып үшеуіде долларларын жаратты.Кешкісін әкелерінің қасына келгенде үлкен баласы:

-Досымның шаруашылығына барып,екі қап сабан сатып алдым,-деді де,қаптарды ашып,сабанды әр тарапқа шаша бастады.Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал екінші баласы:

-Дүкенге барып екі жастық алдым,-деді де жастықтарды сөгіп,ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады.Бірақ жүн де жерге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал үшінші ұлы:

-Долларды ұсақтап,50 центін мешітке бердім,20 центін қайырымдылық қорға бердім,20 центін садақа ретінде тараттым.Қалған 10 центке екі нәрсе алдым,қалтасынан сіріңке мен шырақты алды.Бөлменің жарығын сөндіріп,шырақты жақты.Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.Әкесі баласына риза болып:

-Мирасымды саған қалдырамын,өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы-айналаңа жарық тарату екенін білдің.

-Үшінші ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көзқарасыңыз?

-Әкелерінің ішкі тыныштық табуына не себеп болды?

-Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ішкі тыныштықты тағы қайдан табуға болады?

Алтын қыз

Алтын кешке қарай ойыннан үйге шаршап келді де, сабағын оқымастан төсегіне жата қалды. Оны көрген 6 жасар інісі Бағылан:

  • Әпке, сен неге кеш келдің, сабағыңды оқыған жоқсың ғой- деді Алтынға

  • Саған не керек? Бізге үй тапсырмасын берген жоқ.-деді Алтын ақталып.

  • Мен анама айтамын. Сен ертең екі алсаң әкем сені Астанаға демалыста апармайды- деді інісі қоймай. Бірақ Алтын інісінің сөзіне құлақ аспай, ұйықтап қалды. Таң ата бере анасы сабаққа оятты.

  • Алтынжан, тұра ғой құлыным! Бүгін сендердің сыныптарыңмен мұражайға баратын күндерің ғой.-деді анасы Алтынның маңдайынан иіскеп.

  • Ту-у-у, апа таң атпастан сөйлеп ұйқы бермедің ғой. Сәл ұйықтай тұрайыншы. Мен мұражайға барғым келмейді- деді Алтын. Бірақ анасы қояр да қоймай оятып, жуындырып, таңғы асын беріп сабаққа жіберді. Алтын сабаққа ашулы келді. Сыныптасы Маржанның амандасқанына жауап та қатпады. Сыныптасы Арманның:- Алтын артық қаламың бар ма?- деген сұрағына: -Мен қаламды сен үшін сатып алдым ба?- деп дөрекі жауап қатты.


  • Алтын не себепті дөрекілік көрсетті?

  • Алтынның әрекеті жайлы не айтасыңдар?

  • Сен таңертең сабаққа қандай көңіл күймен келесің?

Міне, егер таң ертең өз көңіл-күйлеріңді өздерің бұзатын болсаңдар, сіздердің жақындарыңызның көңіліне қаяу түсіресіздер. Сіздерді аналарыңыз қандай сөздер айтып оятады? (Күтілетін жауаптар: Қайырлы таң балапаным! Жаным, жақсы ұйықтап тұрдың ба? Күнім, күліп тұрдың ғой! Т.б)

















«Жаман дос»

аңыз әңгіме

Ертеде екі дос орман аралап, серуенге шығыпты. Екеуі келе жатып, бір аюға тап болыпты. Аюды көрген екі достың бірі, досын тастап, биік ағаштың басына шығып кетіпті. Ал жерде қалған досы өлген адамға аю жақындамайтынын естігенін есіне түсіріп, өлген боп, тыныс алмай жата қалыпты. Аю жанына жақын келіп, иіскеп, дем алмай жатқанын байқап, артына бұрылып, кетіп қалыпты. Сол мезетте ағаш басында отырған досы, ағаштан түсіп, досынан: - Әлгі аю саған не деп сыбырлады? - деп сұрапты. Сонда жерде қалған досы былай депті: - Аю маған, «орта жолда тастап кететін достың саған не керегі бар? - деді,- деп жауап беріпті.



  • Бұл әңгіме неліктен «Жаман дос» деп аталған?

Бұл екі достың достығы шынайы ма?

































«Төле би туралы аңыздар»


Бірде Төле би ақсақал бір даудың шешімін шешіп, екі елді татуластырып келе жатқанда алдарынан бір топ атты қыз-келіншектер көрінеді.Ол топтың ішінде Данагүл атты кедейдің қызы да бар еді.Анадай жерден шаршап келе жатқан атты ер адамдарды көргенде Данагүл:- Әй, апалар, тоқтаңыздар, атарыңыздың басын тартыңыздар.Жоғары жақтан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе көлденең шықпайық. Үлкендердің алдынан кесіп өту дұрыс емес. Олар ел қорғайтын, жер қорғайтын ерлер. Кім біліпті араларында ақылы асқан ақылман данышпан қариялары бар шығар, ашулы, тарында батырлары да бар шығар. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз,-деді Данагүл.

Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей іркіліп тұрып қалды. Топ алдында Төле би көріп, байқап келе жатыр қызыл-жасыл киген қыздардың деңгейіне жетіп, алдарынын өтіп біраз жерге ұзап кеткен соң жолдастарының біреуіне:-Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші – деді. Ол шауып барып қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп, жаяулап:- Апалар, бәріңізде аттан түсіңіздер.Жаяу барып сәлем берелік.Үлкен кісілерге атпен тасырандап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят.Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен,-деді.

Барлық қыз аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп сәлем берді. Төле би: - балалар, өркендерін өссін, бақытты болыңдар,-деді Қуанып. –қарақтарым қай аулдың балаларысыңдар?

  • Сыйқым ауылының баласы едік.

  • Балалар алыстан бізді көріп, тосып тұрдыңдар. Әлде қашан өтетін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар, соны айтыңдаршы?

Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады.ОЛ:- аталар, біз сіздерді алыстан көріп аталарымыз бен ағаларымыз шығар. Араларында қол бастаған батыр бар шыған, елге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Әкемездей үлкен тқызырлы адам бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсына көрмек үшін, көрмеген аталарымыз болса, көрелік. Аты-жөнін білейік деп тосып тұрдық,-дейді.

  • Жақсы шырақтарым, өркендерің өссін. Жарайды енді аттарыңа мініңдер-деп Төле би батасын беріп жүріп кетті.


  • Данагүлдің әрекетін қалай бағалайсыңдар?

  • Сәлемдесер алдында аттан түскендері дұрыс әрекет деп ойлайсыздар ма?





Екі қыз

әңгіме

Бір-бірімен көрші тұратын екі қыз бұзау іздеп жайлауға бет алады. Қараңғы түсіп кетпесін деп жанталасқан екі қыз бұзауларын тауып алу үшін жанталаса жүгіре жүріп іздеп жүреді. Қыздардың аты Алма және Анар екен. Анар өте өркөкірек сабақты беске оқимын деп, басқа балаларға көзінің астымен қарайды. Ал, Алма болса өте ақылды, сабақты жақсы оқысада басқалармен тең, бәріне жылы жүзбен қарайды екен. Сөйтіп екеуі асығып келе жатса, алдарынан бір қарт кісі шыға келгенда Анар, қариямен амандаспақ түгіл, оған назар да аудармай қаға-соға жүгіре басып өтіп кетеді. Анардың мұндай ісіне ренжіген қарт :- Мына бала әдепсіз екен ,-деп қала береді. Керісінше қарияны байқаған Алма қасына жақындап:-Ата амансыз ба? Мен жоқ іздеп жүр едім. Қараңғы түсіп барады, ал, менің бұзауым көрінбейді,-дейді. Алманың асығыс болса да амандасып жөн сұрағанына риза болған қария:- Айналайын өркенің өссін! Танымадым, қай баласың?-деп сұрады.

  • Ата, Ескендір деген кісінің баласымын. Есімім Алма болады- деді.

  • Ә, өзіміздің Ескендірдің қызы екенсің ғой. Әкең жақсы тәрбие берген екен. Сенің бұзауыңды көрдім, жолдың жиегінде жүр.

  • Ата, рақмет сізге! Мен барайын. Қараңғы түспей бұзауымды қамап алайын- деп қариямен қоштасып, жүгіре жөнелді. Ал, Анар болса бұзауын сол күні таба алмай, үйіне қараңғы түскенде барды


  • Алманың әрекетін қалай бағалайсыңдар?

  • Сіздер үлкен кісілерді кездестіргенде өздеріңді қалай ұстайсыздар?

Анар қандай қыз деп ойлайсыздар?





















«Әтеш, лақ және күшік»

Ертегі

Тыңдағылырың келе ме? (Балалардың жауабы иә болуы керек) Ендеше тыңдаңыздар. Ертеде әтеш, лақ және күшік бір-бірімен айнымас дос болыпты. Бір күні ойнап жүріп лақ мүйізімен күшікті түйіп қалады. Қорыққан күшік қашып кетеді. Тағы бірде әтеш лақтың арқасынан шоқып қалады. Лақ бақырып жібереді.Бір-бірінен көңілі қалған достар жан-жаққа тарап кетеді. Достарын ренжіту дұрыс емес екендігін түсінген лақ күшікке барып:

  • Дос болайық! Мен сені өткенде байқамай сүзіп жібердім, кешір күшік,- дейді.

  • Жарайды кешіремін,- деді күшік. Күшік содан соң әтешке барды: -Дос болайық!-деді.

  • Сендерді шоқып алғаныма кешіріңдер, достарым!- деді әтеш. Сөйтіп үшеуі қайтадан достасты. Қазір олар бір аулада тату-тәтті өмір сүруде.


Балалар бұл ертегі кімдер жайлы?

Балалар , бұлар бір-бірімен не үшін ренжісті?





























«Өсиет әңгіме»

ертегі

Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарда үйіне шақырып, аз-кем кеңес құрыпты.

  • Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді. Әрі біріміздің білмегенімізді біріміз айтар ек. Қалай десек те, «кеңсіп пішкен тоң- келте болмас» -депті.

  • Осындай ойды пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын,-депті шұбар ат құндыздай жалы жалт-жұлт етіп.

  • Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ мен келістім. Адам мен ат ұзақ жолға шыққанды үй-жайын қорып, күзетуге мен әзірмін,-депті төбет зор дауыспен, арып-арп етіп.

Бадырайған қөзің анда-санда ашып, жұмған жапалақ адамның шақыруын құп алмай, ағакш басында жападан-жалғыз отыра беріпті.

  • Шақырған жерден қалма, - деген шұбар аттың сөзін естен шығарыпты.

  • Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін!- деп ынтымаққа шақырған төбет сөзін місе тұтпапты.

Бір кезде адамның, аттың, иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, жапалақ елден ұзеғырақ ұшып кетіпті.

Жапалақтың өз достарынан жеке дара бөлектенуі оны одан әрі адастырыпты. Өмір сүру тәсілі де өзгеріпті. Содан бері адамның, иттің, аттың көзң\іне түсіп қалмайын деп жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.


Балалар бұл ертегі кімдер жайлы?

Балалар аңдар өзара келіскенді Жапалақ қандай әрекет жасады?

Аңдар өзара қалай түсіністі ?(балалардан жауаптары сұралады)



















«Арыстан мен тышқан»

ертегі

Бір күні жем іздеп жүрген тышқанды арыстан шап беріп ұстап алады.Тышқан арыстанға:-Ареке, мені жіберші. Менің де саған көмегім тиер-деді жалынып. Арыстан тышқанның «менің де саған көмегім тиер» деген сөзіне күліп:- Сенің маған қандай көмегің тиуі мүмкін. Жарайды бара ғой, мен сені босатайын,-деп босатып жібереді. Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа байлап қояды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп,арқанды тісімен қырқып: «Есіңде ме, сен меннен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне, тышқанның да қолынан қайрымдылық келетінін көрдің»,-депті.

Енді, айта қойыңыздаршы, неліктен арыстан тышқанның жақсылық жасарына сенбеді?



Арыстан қиналғанда бірінші көмекке кім келді?

Тышқанның ісінен оның қандай екенін байқадыңыздар?































«Шалқан»

ертегі

Бір күні бір шал бақшасына шалқан егіпті. Күз түсе шалқанын жинауға бақшасына барса шалқан үлкен болып өсіп кетіпті. Шал шалқанды олай тартып, былай тартып жұла алмапты. Шал қиналғаны солай көмекке кемпірін шақырыпты.Кемпірі мен қоса тартсада екеулеп жұла алмапты. Кемпір жұлынбасын білген соң немересін шақырыпты. Немересі үшеулеп тартып, бәрібір де шалқанды тартып ала алмапты. Немересі өзінің Жучка деген күшігін көмекке шақырады. Атасы, әжесі, немересі, күшік төртеулеп тарта алмапты. Күшік көмекке мысықты шақырады. Мысық келсе де барлығы болып тартып ала алмапты. Әбден шаршағандары сондай, еш амалдары қалмаған соң, мысық тышқанның көмегіне жүгініпті. Тышқанның келгені сол-ақ екен атасы, әжесі, немересі, күшік, мысық тышқанның көмегімен шалқанды жұлып алыпты.

Енді, айта қойыңыздаршы, ертегіде қандай қасиеттерді байқадыңдар? (Бірлік, көмек, ынтымақ)


Шал қиналғанда бірінші көмекке кім келді?

Тышқанның ісінен оның қандай екенін байқадыңыздар?





























«Рақмет, ата!»

әңгіме

Баламның амандығын білейін деп үйден шықтым. Мен өтетеін жолдың қиылысында төрт-бес жасар шамасындағы қыз тұрды. Қасына келіп:

  • Бұл жерде неғып тұрсың?- дедем

  • Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.

  • Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?

  • Гүлнар

  • Кімнің баласысың?

  • Әжемнің балалсымын.

Немереме алып шыққан құртым, ірімшігім, кәмпитім бар еді. Соларды Гүлнарға бердім.

  • Үйде кішкентай Сая бар соған апарып беремін. Рақмет, Ата!- деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне қайран қалып, риза болып қоштастым.




Гүлнардың үлкенді сыйлай білетін қандай іс-әрекетінен аңғаруға болады?

Кішілерді де ойлайтынын қалай аңғартты?

Сіздер өздеріңізді қандаймыз деп ойлайсыздар?



























«Танымасын сыйламас»

әңгіме

Елнұрдың үйінің жанына тоқтаған жеңіл машинадан орта жастағы адам түсті. Алыстан келгенге ұқсайды. Елнұр есікті құлыптап, уәделескен балалармен футбол ойнауға кеткелі жатқан еді.

  • Кеңестің үйі осы ма?-деді әлгі кісі. Одырая кетіп бара жатқан Елнұр:

  • Осы. Бірақ үйде ешкім жоқ,-деді тоқтамастан. Жол жақтан Елнұрдың әжесі Ажар да келіп қалды.

  • Ойпыр-ау, Әділ нағашым ғой мынау!-деп Ажар апай қуана қол беріп жатты.Елнұр селтиіп тұрып қалыпты.

  • Қарағым, Ажар-ау мынау немерең бе? Үйде ешкім жоқ дегесін, туу алыстан іздеп келгесін, өзіңді көре алмай кетем-ау деп тұр едім,-деп жолаушы шағын сөмкесін ала берді.

  • Танымасын сыйламас деген ғой, нағашеке! –деп Ажар апай Елнұрға қарады.-Кел, сәлем бер! Бұл-Әділ атаң ғой, үлкен адамды танымасаң да, қарсы алмайсың ба?

Елнұр бағанағы қылығына ыңғайсызданып, жолаушыға қос қолын ұсынып амандасты да, есікті ашуға жөнелді.


Елнұрдың әдепсіз қылығын қандай іс-әрекетінен аңғаруға болады?

Адамды танымаса да құрмет көрсету керек дегенге келісесіңдер ме?

Сіздер өздеріңізді қандаймыз деп ойлайсыздар?

























«Жақсы деген немене, жаман деген немене?»

В.Маяковскийдің


Бөбек келіп әкеге, қойды алдына мәселе

  • Жақсы деген немене, жаман деген немене?

  • Айналайын бөбегім, мәнін айтып берейін.

Осы берген жауапты кітапша етіп көрейін.

Міне, тағы бір жаман,

көйлегі лас боялып, аузы-басы ластанып.

Жақсы, міне азамат- бетін жуса сабындап

Тісін жуса тазалап.

Еңбек сүйген баланың, кітап оқу талабы

Міне, үлгілі бала деп кітапқа оны жазады.



  • Балалар,сонымен ақынның айтуы бойынша жаман деген не екен?

  • Ал, жақсы деген ше?

  • Сенің жақсы қасиеттерің жайлы айтып бере аласың ба?































«Қарлығаш пен Дәуіт»

ертегі

Бір қарлығаш ағаш басына ұя салып, балапандарына тамақ әкеле жатса, ұясына өрмелеп бара жатқан жыланды байқап қалады. Жаны ышқынған қарлығаш көмек сұрап сауысқанға ұшып келеді де:

  • Сауысқан маған көмектесші. Менің балапандарыма қауіп төнгелі тұр. Ұяға жылан өрмелеп барады,-деп жылай бастайды. Сауысқан таранған күйі, сыланып:

  • Мен тойға барайын деп жатырмын. Саған көмектесетін уақытым жоқ.-деп жауап қайырады. Қарлығаш шыр-шыр етіп, не істерін білмей отырған да дәуітті байқап қалады да: - Дәуіт, маған көмектесші, менің балапандарыма қауіп төніп тұр. Жауыз жылан балапандарымды жеп қояйын деп жатыр,-дейді. Дәуіт: -Әрине мен көмектесемін. Тезірек мені ұяңа апар – деп жалма-жан қарлығаштың қанатына мініп алып, жыланға келеді де , жыланның көзін шұқып алады. Көзі көрмей қалған жылан ағаштан құлап түсіп, мерт болады.

  • Міне, балалар, дәуіт қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?

  • Сауысқанның іс-әрекетін қандай іске бағалауға болады?

Сен өз өміріңде кімдерге көмек көрсеттің?































Айдана мен Ақжолтай

Айдана-әйбат қыз. Ешкіммен ренжіспейді.Түрі де сүп-сүйкімді. Аузы оймақтай, мұрны түймедей, маңдайы жарқырап, көздері нұр шашып тұрады. Тіпті, осынау қуыршақтай қыздың жүрегінің нәзіктігін үй жануарлары да сезетіндей.

Бірде Айдана анасымен бірге емханадан келе жатқанда соңдарынан бір қара ала мысық мияулап қалмай қойды. Бейшараның даусы сондай аянышты еді. Әлдекімнен жәбір көргендей «мені мұнда тастамай алып кетіңдерші» дегендей жалына мияулайды. Айдана оны бауырына басып,сипалап жұбатқан болып еді,анасы шыр-пыры шығып, маңына жолатпады.

Алайда Айдана оған бола райынан қайта қойған жоқ. Қайта, осы бір жүрек тебірентер оқиғадан кейін мысық десе, ішкен асын жерге қоятын болды.Сол-ақ екен, ауладағы бала біткен оған түрлі-түрлі мысықтарды әкеле бастады. Бірақ Айдананың анасы олардың бірінде жаратпады. Сөйтсе,әңгіме мысықта емес, Айдананың анасында болып шықты.Ол өмірі мысық асырап көрмепті.Мысығы бар үйге барса, аузына қылшық түсіп кетердей жиіркеніп, кеткенше асығады екен.

Мұны сезген Айдана қоярда-қоймай, айтқанын орындатып тынды.

...Кіп-кішкене мысықтың үйге әкелінуі Айдана үшін естен кетпес оқиға болды. Әуелі оны анасы балаша мәпелеп шомылдырды. Үсті-басын сүртіп, жүнін мұқият тарап,қылшығынан арылтты. Сол-ақ екен, ақ мысық мұнтаздай тазарып, кісі қызығарлықтай әдемі болып шыға келді.

Енді Айдана мысығын қасынан тастамайтын болды. Қайда барса да алып жүретін болды.Бұл достықтың өзіне үлкен септігін тигізерін сәби жүрегі сезгендей екен.Айданаға бір жылдан бері шиқ-шиқ еткен қу жөтел жабысып еді. Анасы екеуі емхананың табалдырығын тоздырса да, еш нәтиже бермеген. Міне,қызық ! Айдана ақ мысықпен достасқан соң, көп ұзамай-ақ сол жөтел сап тиылды.Содан бастап ақ мысық Ақжолтай атанып кетті.



-Әңгімеде айтылған Айдананың бойынан қандай қасиеттерді байқадың?

-Айдана мен анасы жолда неге кезікті?

-Айдананың анасы не себепті мысықты асырап алуға қарсылық білдірді ?

-Әңгіме саған несімен ұнады?

-Айдананың жасаған жақсылығы өзіне қайтарылды ма?

- Әңгімеде қиянат жасамау туралы сөз қозғалды ма ?

(Оқушылардың жауабын тыңдаймын және толықтырамын)









АЛТЫН БАЛЫҚ

Ертегі

Ертеде ашық алаңқайда бір адам өмір сүріпті. Үйінің қасындағы өзеннен балық аулап, таза ауамен дем алып, мөлдір суға шомылып, таң атқаннан күн батқанша табиғаттың тыныс – тіршілігін бақылап, уақытының қалай өткенін білмесе керек. Бір қызығы, бұл адам ешқашан ауру дегенді білмепті. Бір күні тағы да өзенге балық аулауға қарамағын салып отырса керек. Бұл жолы ауын суға қанша салса да қармаққа ешбір балық түспейді. Күтуден жалыққан адам енді кетейін деп жатқанда, қармағының қозғалғанын байқайды. Адам өз көзіне өзі сенбейді. Дәл алдында көзді қызықтыратындай жалтылдаған алтын балық тұрады. Адам сасқанынан:

  • Сен кімсің? - деп сұрайды.

  • Иә, мен алтын балықпын, кәдімгі бала кезден білетін ертегідегі балықпын, одан да көп тұрмай, тілегіңді айт, - дейді. – Жарайды, сені босатайын, бірақ менің тілегімді тыңда, мен үйшікте тұрудан жалықтым, маған еңселі биік үй керек, - дейді. Балық ләм деместен, құйрығын бір билетіп, суға жоқ болады. Адам үйіне келсе, бұрынғы лашықтың орнында зәулім үй тұрғанын көреді. Рас, үш- төрт ағаштың орны қопарылып, орнын үй алғаны болмаса, барлығы жақсы. – Маған енді дала кезіп, су тасудың қажеті де жоқ, тіпті үйдің ішінде – ақ суға түсуге болады, - дейді қуанып. Аз уақыт өтпестен, адамның, есіне тағы алтын балық түседі.

  • Мен неге балықтан машина сұрамадым, қазір ешкім де жаяу жүрмейді ғой, - деп ойлайды. Асығып – аптығып, өзенге барып, алтын балықты шақырады. Өз тілегін білдіреді. Ауыз жинап үлгергенше адамның алдында алып та әдемі машина тұра қалады. Адам енді өзі өсірген гүлді алқаптарын машина жолына арнап, әбден таптап, қатқақ жерге айналдырады. Сол күннен бастап айнала өткір бензин иісінен улана бастайды, құстардың да саны азаяды. Бірақ бұған мән бермеген адам:

  • Енді мен әлемдегі бай болғым келеді, маған мына қаңыраған орман, қаңыраған дала керек емес, сондықтан менің соңғы тілегім болсын, оның орнына алып завод тұрғызып бер, - дейді.

Балық екі айтқызбастан бар орманды тып – типыл етіп, орнына завод тұрғызып береді. Завод болғанда қандай, мұржаларының үлкендігі көз жетпестей. Ол алып мұржалардан шыққан қара түтіндер көк аспанды қара аспанға айналдырады, ал заводтан аққан лай су өзенді ластайды. Осындай ауасы тар жерде адам өз денсаулығының бұзылғанын кеш түсінеді, тынысы тарылып ауа іздеген адам жалма-жан баяғы өзіне таза ауа сыйлайтын орманын іздейді, жоқ. Бойын сергітіп, демалыс сыйлайтын таза суын іздейді, жан – жағында қою лайдан басқа ешнәрсе көрінер емес. Амалы таусылған адам жалма – жан баяғы алтын балықты іздеп, өзенге келгенде су бетінде көлкіген қара майды көреді. Ал мұндағы балықтар сол кезде – ақ бұл суды тастай қашқан еді.

Сұрақ:

  1. Адам орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?

  2. Сендер адамның орнында боласаңдар, қандай тілек айтар едіңдер?

  3. Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?



Жүрек жарасы – жамандықтан

Аңыз

Баяғыда бір үйде жалғыз ерке  бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы  шарбаққа бір шегеден қағып отыр »,- дейді. Бала жамандық  істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады.  33 шеге қаққасын,  4 шегені әкеп әкесіне  береді де,  былай дейді: «Әке, мен  енді  ешкімге  жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ ». Сонда әкесі былай дейді: « Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр »,- дейді. Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  шарбаққа қараса, ол  тесік – тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: « Балам, адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  тесіктер қалады »,- дейді.





? Әкесінің баласы қандай болып өскен ?

? Әкесі қандай амал ойлап табады ?

? Баласы өз қатесін түсіне алады м





















« Асқабақтың дәні »

(абхаз халық ертегісі)

Бір әйел үйінің табалдырығында балаларының киімін жамап отырады. Күтпеген жерден қарлығаштың ұясынан кішкентай балапан құлап қалады. Әйел балапанды көтеріп алақанына алып қараса, аяғын сындырып алыпты. Балапанға жаны ашыған әйел оның аяғын байлап, балапанды ақырындап ұясына қайта салып қояды.
Бұған риза болған қарлығаш келесі көктемде жылы жақтан ұшып келген кезінде әйелдің алдына асқабақтың дәнін тастап кетеді. Ол дәнді алып бақшасына отырғызады, ал асқабақ әбден піскенде, ас әзірлемек болып асқабақты жарады.
О, ғажап! Асқабақтың ортасынан лақ етіп, алтын теңгелер шашылып кетеді. Мұны қызғаншақ көршісі көріп қалады. Келесі көктемде қызғаншақ көршісі қарлығаштың ұясынан балапанды суырып алып, аяғын сындырып, қауырсынымен байлап, ұясына қайта салып қояды.
Көктемде қарлығаш ұшып келгенде, оған да асқабақтың бір дәнін тастап кетеді. Қызғаншақ әйел асқабақ өсіріп, оның күзде пышақпен жарады. Одан қызыл жылан шығып, қызғаншақ әйелдің сазайын тарттырыпты.



? Балалар ертегіден нені түсіндіңдер?

? Екі асқабақтан да алтын теңге шықты ма?

? Неге олай болды деп ойлайсыңдар?


















Аңыз әңгіме

Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді.

- Баланың іс әрекетіне қарап, мінез құлқына қандай баға беруге болады?

- Әкесі қандай айла ойлап тапты?

- Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді?

- Әкесінің «Бұл саған өмірлік сабақ болсын» дегенін қалай түсіндіңдер?

_ Бала дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар ма?

















Алынбайтын асу жоқ

Д.Аленнің шығармасынан

Сен көз тастаған жер – ол сенің мақсатың. Сол жерге туыңды тігіп, ордаңды құр. Ол үшін рухани әрі дене қуатыңды сол мақсатқа сарқа жұмса.

Сен аңсаған бақыт – сенің арманың. Оған қол жеткізу – жетістігің. Ал жетістік өздігінен келмейді. Оның кілті: талап және еңбек.

Не істесең де мақсатың мен арманыңнан айныма. Ісің ойдағыдай істелсін, жұмысың жоспарлағандай атқарылсын, тілегің мұрат етілгендей орындалсын. Сонда жетістікке жетесің.

Қолға алған ісіңе үлкен жауапкершілікпен қара. Істеген істерің тыңғылықты әрі тындырымды болсын. Немқұрайдылық пен мұңсыздық жетістіктің екі дұшпаны.

6слайд Білім мен біліктілік – жетістіктің ең сүйікті досы, «Білекті бірді, білімді мыңды жығатынын» біл. Өмірге көзқарасың мен ниетің қандай болса, жеткен биігің де сондай болмақ.

Өмірде жақсы мен жаман қатар жүреді. Сен жақсылардың ізімен жүр адаспайсың.

Бірақ жолдың шегіне жеткенде тоқтап қалма, оны ары қарай жалғастыра біл. Сен де өкшеңді басатын өзгелерге жол сал.

Жетістіктер асқан қиыншылықтармен келеді. Оңайлықпен табысқа жетем деу бос әурешілік.

Жағдайың болмаса да, қаражат тапшылығын көрсең де мойыма. Соңынан әйтеуір бір жақсылық көресің.

Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес. Өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады. Алынбайтын асу жоқ!

Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетіңді жоғалтпауда жатыр. Әуелі адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін.



Жетістікке жетудің кілті неде?

Жетістікке жету үшін адам қандай қасиеттер мен дағдыларды сіңіруі керек деп ойлайсыңдар?

«Білекті бірді, білімді мыңды жығатынын» біл деу сөзінің мәні неде?

Жетістіктің ең сүйікті достары нелер деп ойлайсыңдар?

«Талаптыға нұр жауар» сөзінің мәні неде?

Адам қандай қасиеттерді өзі дамытып, жетілдіреді?

Кәрі сиқыршы

(Моңғол ертегісі)

Баяғы өткен заманда кәрі сиқыршы өмір сүріпті. Бір күні оны хан шақыртыпты. Ол хан өмірінде еш қиындық көрмеген, ешкімге жақсылық жасамаған, өзімшіл, өте қатал болатын.
Сиқыршы ханға келеді, ал ол:
- Мен сені ұлы сиқыршы деп естідім. Қанекей, өз өнеріңді көрсет! –деді.
- Хан ием нені көруді қалайды екен?
- Бәрібір! –деп тағатсыздана жауап қатты хан.
- Жақсы. Шыныға ыстық шай құй, оны осында қойда, өзің есіктің сыртына шық.
hello_html_2dfbc07c.jpg

hello_html_317d5b10.jpg

Хан оның айтқанының барлығын жасап, сыртқа шыққанда әдемі жылқыны көреді. Жылқы ханға қатты ұнайды. Ол атқа мініп алып шаба жөнеледі. Шаба, шаба ол белгісіз жерлерге тап болады. Бір кезде ат үстіндегі адамды түсіріп тастап әрі қарай шаба жөнелді, ал хан болса айдалада жалғыз қала берді.

Оның шалшық су ішіп, шегіртке мен қоректенуіне тура келді. Аштықтан азып-тозған хан далада әрең-әрең жүріп, жейтін нәрсе іздестірді.
Бір күні ол кәрі әйел мен екі арық баланы кезіктірді. Әйел ханға оның барлық дүниесін ханның терімшілері тартып алғандығын, енді балалары аш қалғанын айтты. Хан олармен бірге өмір сүре бастады. Оның көктемде бір баласы ауырып, қайтыс болады. Ханның оған қатты жаны ашыды. Ол тасқа отырды да, қатты жылай жөнелді.
Осылайша хан қаншалықты отырғаны белгісіз, тыныштанып, жан-жағына қарағанда, өзінің балдахинастындағы тағында отырғанын,
hello_html_m5993cffc.jpghello_html_1342dba0.jpg

ыдыстағы шайдың да суып үлгермегендігін көреді.
- Қалай екен, хан ием, адамдардың қайғысын көре алдың ба? –деп сұрады кәрі сиқыршы. 
- Көрдіңбе сен ренжіткен адамдар қалай өмір сүріп жатқанын?! –деді де кәрі сиқыршы жоқ болып кетті.







  1. Сиқыршының ісі дұрыс па?

  2. Қиянат жасамау деген не? Ертегіде кім шындықты айтты?

  3. Сиқыршы ханға қандай жол көрсетті?



Автор
Дата добавления 12.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров2672
Номер материала ДБ-027858
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх