Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Өзін -өзі тану сабағынан «Бәрін жақсы көремін» тақырыбына ашық сабақ

Өзін -өзі тану сабағынан «Бәрін жақсы көремін» тақырыбына ашық сабақ

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің жоспары


Білім беру саласы: «Әлеуметтік»

Мерзімі: 28.01.2016ж.

Тақырып: «Бәрін жақсы көремін»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, кішіпейілділік , мейірімділік,

Мақсаты: Балалардың айналасындағыларды жақсы көруін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- қамқорлық жасау туралы білім беру;
-
кішіпейілділік қасиеттерін дамыту;
- айналасына мейірімді бола білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) оқулық дәптер, суреттер

Мектепалды даярлау сыныбы

Тәрбиеші Үркімбай Ш.І

Бала саны 19


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi


Шаттық шеңбері

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін.Біз қазір тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ойымызда дем алады.Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуанышты қабылдаймыз.Демді сыртқа шығарған кезде өзіміз мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.


Оқулық, дәптер (аудио, видео жазбалар)

Шеңбер құрады.





Тыныштық сәтін өткізеді

Ұйымдастырушылық- ізденушілік


Мәтінмен жұмыс.

«Бәрінен де жақсы»

Л.Н.Толстой

Бір кішкентай қыз бала көшеде, бір топ адамдардың арасында анасын іздеп ,жылап тұрады.Адамдар оны жұбатып: Жылама, біз сені анаңа апарамыз. Анаң сенің қандай еді?-деп сұрайды.

Қыз жылап тұрып: -Сіз білмеуші ме едіңіз? Менің анам ең жақсы адам.Ол бәрінен де жақсы,-депті.

-Кішкентай қыз неге жылап тұр?

-Кімдер көмекке келді?

-Анасын қалай сипаттады?


-Жақсы бала болу үшін қандай қасиеттер қажет?

-Сен кімдерді жақсы көресің?

-Қандай іс әрекетіңмен көрсетесің?



Сергіту сәті

Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.

Жақсы көріп баршаны

Нұрдан қамал салайық


Дәйек сөз.

«Жақсы көру – жақсы қасиет»

Нақыл сөз

2 рет – ұлдарға, 2 рет – қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту.

Әңгiмелеу

Сүйкімді Ботагөз

Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшағында жүреді. Тәрбиешінің әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін тәрбиеші ерекше тапсырма берді.балаларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар, қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді. Бүлдіршіндер өз арман,тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады. Аздаған үзілістен соң оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ерлан маған машина керек десе, Жансұлу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарыса оқып беріп жатты. Тек қана Ботагөз үндемей отырды. Мұны байқаған тәрбиеші: «Ботагөз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?»-деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагөз өз жазғанын оқып берді. «Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам,ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме,сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады»-деді.   Тәрбиеші  сүйкімді Ботагөзге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қарады, балалар да үлкен ойға батып кетті.

-Балалар әңгіме кім туралы айтылған?

-Сендерге қай баланың тілегі ұнады?

-Ботагөзге ең қымбат нәрсе не болды?


-Егер сен алтын балықты ұстап алсаң не тілер едің?

-Өз сүйіспеншілігімізді ата – анамызға қалай көрсете аламыз ?

-Айналамызға қалай білдіреміз?


Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс

Балаларға түрлі – түсті қағаздан жүрекшелер жасауды ұсынады.(жақсы көру жүректен орын алады.)



Ойын

«Алтын балық»

Балалар көзін жұмып тұрып көп балық арасынан алтын балықты іліп алу керек.


«Достар» әні

Әнін жазған: Айжігіт Асанов
Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова


Ақ,қарамыз,сарымыз.

Тату доспыз бәріміз.

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық,кәне,біз.


Жүзімізге қараңыз,

Бал – бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат Анамыз.


Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз.


Балдырғанбыз арай жүз,

Бал – бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар біздерде,

Көп болғанын қалаймыз.


Таласпаймыз біз бірақ,

Отырмаймыз тұнжырап,

Қуысамыз көгалда,

Жүгіреміз құлдырап.


Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгіге достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.


Мәтінді тыңдайды























Сергіту сәтін өткізеді



















Әңгімені тыңдайды











































Сұрақтарға жауап береді















Ойын ойнайды.







Ән айтады






Рефлексивті- түзетушілік


Тыныштық сәті

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңізді аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Рахмет!


Тыныштық сәтін өткізеді



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қамқорлық жасауды біледі.

Игереді: Кішіпейілділік қасиетін игереді.

Қолданады: Айналасына мейірімді болады.





































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-495081
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>