Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Өзін - өзі тану сабағынан сыныптан тыс жұмыс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Өзін - өзі тану сабағынан сыныптан тыс жұмыс

библиотека
материалов

Ш.Уәлиханов атындағы

10 орта мектеп- гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Бейсембаева К.М.



Мейірімділік — асыл қасиет

(Өзін-өзі тану сабағы)


Мақсаты:

а) мейірімділік қасиеті жөніндегі ұғымдарын кеңейту;

ә) мейірімділікке баулу;

б) құнды қасиеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, интерактивтіәдіс.

Қажетті оку құралдары: түрлі-түсті суреттер, үнтаспа, шаблондар. Сабақтың барысы

1.Көңілді жүздесу


hello_html_3e4bc927.jpghello_html_5423baf4.jpg


Сабақ алдында жағаздан қиылған жүрекшелер қобдишаға салынып қойылады.

Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме өте қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздерінді көріп,сүйсініп тұрмын.Ал, енді мен сендерді көңілашар стіне шажырамын.

Қараңдаршы, сендерді қандай керемет сыйлықтар күтіп тұр. Қобдишатүрлі-түсті жүрекшелерге толы екен. Есімізде түстерін сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен: қызыл - адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт - мейірімділік, көгілдір - сүйіспеншілік, жасыл -әдептілік, кек - ізеттілік, ақ - қайырымдылық.

- Балалар, осы жүрекшелерді алып, биікке ұшыруға тырысайық, Балалар жүректерді аспанға ұшырады.

hello_html_m529ab28c.jpg

- Қараңдаршы, қандай керемет! Біздің сыныптың іші осы құнды қасиеттерге толды. Балалар, бұл түрлі-түсті кағаздан жасалған жүрекшелердің ұшқанын неге ұқсаттыңдар? Балалардың жауаптары.

-Ондай болса бәріміз бірге мейірімділік сыйлайтын күнмен сәлемдесейік.

Сәлем, Күн-анамыз! (қол жоғарыда)

Қуанатын күн бүгін (қол ұстасады)

Қайырлы таң! Қайырлы күн! (қол көкіректе)

Күліп шықты күн бүгін! (қол жоғарыда).


2.Тыныштық сәті (үнтаспадан баяу классикалық әуен естіліп түрады). Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.

Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

hello_html_m3be83b1a.jpg


Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар- бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, кандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақыт та келді. Осы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нүрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді, балалар көздеріңді аша қойыңдар. Оқушылардың өзіндік пікірлерін білу үшін мынадай сұрақтар қойылады.

- Балалар, өзіміздің жан-дүниеміздегі қандай өзгерістерді сезіндік?

- Бұл сиқырлы әлемнен біз қандай нұрды алып келдік?

- Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

Осы әлемнен алып келген мейірімділік нұрымен жер бетін нұрландырайық. Алдарыңдағы жүрекшелерге қандай мейірімділік жасайтындарыңды жазып, тақтадағы жүреккеорналастырыңдар. (Балалар жазылған жүрекшелерін жүрекке жапсырады.


hello_html_m6928511e.jpg



3.Сергіту сәті

- Өте жақсы, балалар!

- Сендерге сиқырлы әлем ұнады ма?

- Енді мен сендерді сергіту сәтіне шақырамын,

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан, алақан,

Жай, жай, жай!

Қозғап барлық денені

Қолды қатты соқ енді.

Сарт, сарт, сарт!

Тықылдатап таяқты,

Ақырын бас аяқты.

Жай, жай, жай!

Айтқан кезде өлеңді,

Қатты басқын еденді.

Тарс, тарс, тарс!


4.Әңгімелеу.

Балалар, мен сендерге «Мейірімділік» туралы әңгіме айтып берейін.

Мұз сұп-суық еді. Күн ұқзаққа шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруденжалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесіменқарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді.

Ол өткен-кеткендерден мейірім күтіп ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбанетуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді.

Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей

көретін. Кенет мүзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеді.

- Неткен сұлу едің? - деді Күн.

- Мен бе, - деді мұз?

- Тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты. (Әңгіме сюжетті суреттерді көрсете отырып айтылады).

- Мұз қандай еді?

- Оны ерітуге неге адамның мейірімі жетпеді деп ойлайсыңдар?

- Мұз мейірім үшін неге су болып кетуге дайын еді?

- Мұзды ненің мейірімі ерітіп жіберді?

Дәйексөз. «Күннен жылу тарайды,анадан мейірім тарайды» мақалының мазмұнына түсінік беру.

Балаларға күннің жылуы мен ана махаббатының өзара ұқсастығын айтып берудіжәне өз аналарының жақсы қасиеттерін айтып беруді ұсынады. Педагог балалардың жауабын құптап толықтыра түседі.

- Балалар,байқап қарасаңдар аналардың махаббаты қандай керемет!

Әңгімелеу. «Анаға сыйлық» деген әңгіме айтылады:

Аналарының туған күніне байланысты үйде қызу қарбалас басталды. Айнұр анасына қағаздан әдемі гүл жасауды қолға алды, ал Ермек ақ қағазға түрлі-түсті қарындашпен сурет салып отыр. Кішкентай Асқар болса анасына не сыйлауды білмей басы қатты. Ана-сына бір пайдасын тигізсе,сол үлкен сыйлық екенін ол білді. Ойланып отырып сөреде тұрған үлкен гүл салғышқа көзі түсті. Соны тап-таза етіп сүртіп қойса, анасының ерекше қуанатынын білді. Орынынан қуана секіріп тұрған ол бойы жетпегендіктен аяғының астына орындық қойып, гүл салғышты алуға тырысты. Қолы жетуі жетті-ау, бірақ орындық сырғып кетіп гүл салғышпен жерге қоса құлады. Күл паршасы шыққан гүл салғышқа қарап қорқып кеткен Асқар жылап жіберді. Оқыс шыққан дауысқа үйдегілердің бәрі жүгірді. Анасы бәрінен бұрын жетіп, ұлын жерден көтеріп алды.

- Құлыным, еш жерің ауырмады ма?! - деп, ұлын жұбатып, айналып, толғануда. Өксігін баса алмаған Асқар:

- Ана, мені кешірші,сізге сыйлық жасайын деп едім, - деді. Ал, анасы:

- Гүл салғыш деген не тәйірі, маған сенің амандығыңнан артық сыйлық жоқ бұл өмірде- деп күлімсіреді.

Мұғалім әңгіменің мазмұнын балалар қалай түсінгенін сұрақтар қою арқылы тұжырымдайды.

- Әңгіме желісінде ана мен бала арасындағы махаббатты,мейірімділікті қай жерден көріп тұрсыңдар?

- Балалары анасына өз сүйіспеншіліктерін қалай білдіргісі келді?


5. Ойын «Мейірімді перілер»

- Балалар, мен сендерді «Мейірімділік перілері» ойынын ойнауға шақырамын. «Ертеде адамдар ұйықтау дегенді білмейтін. Олар күндіз-түні жұмыс істеп, қаттышаршайтын, сонда мейірімділік перілері кемекке келеді. Далаға қараңғы түсе бастағанда олар келіп, адамдарды ақырын сипап, қызықты түстер жібере бастады. Сөйтіп адамдар үйықтап қалады, Ал, адамдар ұйықы мейірімділік перілерінің ісі екендігін білмейтін. Өйткені олар көзге көрінбей, адамдар сияқты сөйлей алмайтын. Сендер мұны білмейтін бе едіңдер? Олар әлі де бізге келіп тұрады, ұйқымызды күзетеді».


hello_html_me29a2f7.jpg

«Мейірімділік перілері» ойынын ойнайық. Менің оң жағымда отырғандар «Мейірімділік перілері» болады, ал сол жагымда отыргандар адамдарболады. Кейін ауысамыз. Бастайық. Түн. Адамдар ұйықтауға жатады. «Мейірімділік перілері» үшып келіп, оларды сипап, жылы сөз айтып, ұйықтатады. Балалар-адамдар жерге жатады да. «ұйықтайды», балалар-перілер әр балаға барып, ақырын сипап ұйықтатады. (Содан сон рөльдер ауысады).

6. Жүректен жүрекке.

Балалар! Сендер бұл сабақта айналадагы достарыңа, табиғатқа мейірімді болуға. жақсылық жасауға үйрендіңдер. Осы сабактан кейін мен сендердің мейірімді, жақсылық жасауға дайын жүретіндеріңе сенемін.

- Күлімдеген күн мейірімді!

- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

- Таза су мейірімді!

- Бэрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

- Қадірлі әкем мейірімді!

- Әлпештеген әжем мейірімді!

- Еркелеткен атам мейірімді!

- Жылы жүзді апайлар мейірімді!

- Тату-тәтті достарым мейірімді!

- Айнала қоршаған адамдар мейірімді!

- Бәрінен де, алақаны жібектей, күлімдеген күндей ең аяулы жан Анам

мейірімді!




hello_html_ac1ce06.jpghello_html_m42d803e5.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров781
Номер материала ДВ-517304
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

8 месяцев назад
өте жаксы
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх