Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӨзін өзі тану. 2 сынып. Обал мен сауап.

Өзін өзі тану. 2 сынып. Обал мен сауап.

Скачать материал

Сынып 2                Пән  Өзін өзі тану

 

Сабақтың тақырыбы:  «Обал мен сауап»
Мақсаты:
    «Мейрімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсінік беру;

Міндеттері:

- обал мен сауап туралы түсінік беру;
- халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;
- мейрімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта,сюжетті суреттер, оқулық, дәптер.

 

Сабақтығ барысы:
Тыныштық сәті.

Сабақта көңілді орта құру мақсатында А.Естеновтың «Көк алма» өлеңін оқу.

                                         Көк алма

Жас түйнек көк алма                      Мәуе берер, ал, күзде

Түсіп қапты көгалға.                      Қайдағы ала оларға?

Көктей жұлған оларды                   Соны неге білмейді,

Отқар бала оңар ма?                       Құлағына ілмейді.

Сауап пенен обал да                       Күтіп-баптап неге ертең

Көкейіне қонар ма?                        Тәтті  алма жеп жүрмейді. 

- Бұл өлеңде не туралы айтылған?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

 

Интербелсенді тақтадан  «Обал мен сауап»тақырыбы жазылып шығады.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Обал мен сауап»

-Балалар сендер көп жағдайда үлкендерден обал болады, сауап іс – істедің деп, естіп жүресідер. Осы сөздің мағынасын түсінесіңдер ме?
- Обал дегенді қалай түсінесіңдер?
- Обал болады, сауап болады деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?
- Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
Оқушылар жауаптарын тыңдау.

Мұғалім толықтырады:

Обал мен сауап мағынасы жағынан бір - бірінен ұқсас ұғымдар. Обал жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген мағынаны білдіреді екен. Сауап деген - адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу деген мағынаны білдіреді. Қазір өздерің күнде отыратын парталарыңды алайық. Өздерің отырған парта әдемі ма, таза ма? Күнделікті сабақта пайдаланып жүрген оқулығыңды жыртып, лас ұстасаң. Оқулықпен не болады? Келесі жылы пайдалануға келе ме екен? Ал өздеріңнен кейін бұл мектепке өздеріңнің іні, сіңлілерің  келеді. Олар бұл кір оқулықты ұстағысы келе ме екен? Ойлаңдаршы?  Иә, алғысы келмей ренжиді. Аулада  құстың ұясын бұзып тастасақ, біз қандай іс әрекет жасадық?  Балалар  осы аталған істерді жасасақ: партаны сызу, кірлету, кітапты жырту, беттеріне қалам, қарындашпен жазу, құстың ұясын бұзу обал іске жатады екен. Парта, кітап еңбекпен жасалып келді, біз
білмегендіктен обал іс істедік. Алдағы уақытта осындай жаман істерден аулақ болайық. Сауап  іс - дегеніміз жақсылық жасау, яғни далада бір кішкентай бала жылап тұр, сол баланы үйіне кіргізіп анасына табыс еттің сауап іске жатады.
Аулада құстың ұясынан балапаны түсіп қалыпты, оны мысық жегелі жатыр еді сен барып көтеріп алып ұясына салдың. Сен сауап іс істедің.

Алдағы уақытта обал мен сауаптың айырмашылығын ажырата білетін болдық:

 

Обал

Сауап

Жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың.

Адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу.


Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға обал мен сауаптың мәнін жете түсіндіру үшін мәтін оқу ұынылады. Оқушылар мәтін мазмұнын танысып берілген сұрақтарға жауап береді.

1 слайд. Балалардың балық аулауға бара жатқаны.
Балалар қалай ойлайсыңдар, қармаққа балық қанша түсті деп ойлайсыңдар?
Мәтінде қалай екен деп салыстыру арқылы сұрақ толықтырылады.
2 слайд: Балалардың сорпа пісіріп жатқаны.
Асантайдың іс – әрекеті.
3 слайд. Тамақ ішіп болып жатқаны.
Сен балалар орнында болсаң ше?
Балалар обал және сауапқа байланысты қандай істерді байқадыңдар?
- Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?
- Нанды жерге тастау дұрыс па?

 

Дәйексөзбен жұмыс: (Слайд)

                        «Обалды біліп өссең -  сауапқа кенелесің»

                                                                               Халық даналығы

Түсіндіру: «Обалды біліп өссең – сауақа кенелесің» - деген халық даналығында үлкен мән бар. Қйткені үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып, кішілерді, балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. «Сауабын аласың» дей отырып, жақсы істер жасауға жетелейдң. «Сауабын аласың» дегеннің өзі, бұл – жақсы іс істегенің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады», «сауабын аласың» деп айтқандағы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтарға жеткізеді.

 

Ойын-жаттығу: «Обал-сауап»

Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдері ойын жаттығу арқылы бекітіледі.

Әр жұптың алдына сөйлем жазылған карточклар таратылып беріледі. Әр жұп дауыстап оқып, мағынасына қарай карточканы өз үйшігіне апарып салады.

 

 

 

 

 


Мысалы:

*Көк шөпті жұлма.

*Қарияның жүгін көтеріс.

*Сүтті төкпе.

*Құмырсқаның илеуін таптама.

*Мысыққа тас лақтырма.

*Торға түскен құсты босат.

*Ұяны бұзба.

*Нанды лақтырма.


Сергіту сәті:
Торғайларды атпаймыз,
Ұяларды бұзбаймыз.
Тентек бала болмаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.


Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді. Оқушылар дәптерге тапсырманы орындайды. Жұмыстарын аяқтаған соң. Жұмыстарын дауыстап оқып таныстырады.

Тапсырма: Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып жазады.

 

Қорытынды:
Балаларға «Жалғасын тап» ойынын жүргізу, сабақты қорытындылау.

Нан қоқымын ...... .

Малды ........ .
Құстың ....... бұзба,
Үлкеннің алдынан ....... .
......... төкпе,
Адасқанға ........ сілте,
................ теппе.
Экран арқылы «Нұрлы күн» тапсырмасын тексеруге болады
Барлығы:
Бүгінгі сабақта мен:

 - жақсылық жасауға ұмтылуды үйрендім.

- менің бойымда үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау қасиетім бар.

- табиғатты аялау қасиеттері қалыптасты.

 Себебі мен Қазақстанның нағыз ұлтжанды азаматымын. Мен елімнің мақтанышы болам. Мен жақсылық нұрын құямын.
-Балалар бүгінгі сабақта обал мен сауап туралы білім алдыңдар. Оларды жырата білесіңдер. Балалар әрқашан кішіпейіл, қайырымды, мейрімді болыңдар. Сендердің бойларыңда бүгінгі сабақ арқылы адамгершілік қасиеттерін артып, әрқашанда адал азамат болып жүресіңдер деген ниеттемін.
Үйге тапсырма «Обал мен сауап» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін өзі тану. 2 сынып. Обал мен сауап."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2015 4524
    • DOCX 21.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мындаспекова Шнар Абылкаировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46192
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов