Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыӨзін өзі тану.Отбасы-бақыт мекені.3-сынып.Жарыс.

Өзін өзі тану.Отбасы-бақыт мекені.3-сынып.Жарыс.

библиотека
материалов

Отбасы-бақыт мекені

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру,үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Отбасы туралы слайд.

Түрі: жарыс

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

-Сәлемдесу.

Оқушыларды 3 топқа орналастыру.

Кіріспе сөз

Бүгін біз « Отбасы-бақыт мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеді.

Шаттық шеңбері:

Отбасында кімдер тұратынын білу үшін «Шеңберге тұр» ойынын ойнап жіберейік
«Шеңберге тұр»

  • Кімнің қарындасы бар? -аяқпен тапырлатамыз,

  • Кім әжесімен бірге тұрады? -айналыңдар,

  • Кімнің інісі бар? -көздеріңді қысып қойыңдар,

  • Кімнің әпкесі бар? - қоян сияқты секіреміз

  • Кімнің атасы бар? -отырыңдар

  • Кімнің ағасы бар? -күштеріңді көрсет

  • Кімнің анасы бар? -күлімдеп шапалақтаңдар

І бөлім: Таныстыру.

«Бақыт» тобы

«Береке » тобы

«Шаттық» тобы

- Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді.

ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады.

Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше лездеме сұрақтар беріледі.

І топ

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы?  (ата)

4.  Үйдегі алтын адам кім?  ( ана)

5. Бес дұшпанды атаңдар?  ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,  бекер мал шашпақ)

6. 30 минутты сағатқа айналдыр. /0,5сағат/

7. Нағашы ата-әжеңе сен кім боласың? (жиен немере)


ІІ топ

1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

2.18 жасқа толмаған адам ( бала)

3. «Өзін-өзітану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)

4. Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, тереңой, қанағат, рақым)

5. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

6. Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз? (екінші)

7.Анаңның ағасы саған кім болып келеді? (нағашы)

ІІІ топ

1.Отбасылар күні қай күн деп белгіленді? (8 қырқүйек)

2.Әкеден балаға берілет зат

. 3. Сара Назарбаеваның мамандығы кім?» (инженер-экономист)

4. Мемлекеттік рәміздерді ата  (  елтаңба, ту, әнұран )

5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

6. Әкеңнің әкесі саған кім болып келеді? (ата)

7. Отбасындағы үлкеннің орны қай жер?(төр)


Сергіту сәті.

Ойын «Кімдің заты».

-Қазір сендермен ойын ойнаймыз.Мен бір затты айтамын да бұршақты лақтырамын,сендер қайтадан маған лақтыра отырып осы затты отбасында кім көбірек пайдаланатынын айтасыңдар.Кәне,бастадық...

Сыпыртқы,диван, телевизор, шеге,ине-жіп, доп, телефон, дәптер, қазан, , кресло, интернет, кір жуатын машина, үтік, күнделік, ,шаңсорғыш, балта, духовка, кітап, отбасылық альбом.


ІІI бөлім «Отбасымды ойласам»

Отбасы сөзіне ребус,бес жолды өлең,сөз құрау

3 топ тапсырмаларын оқып, қорғайды.


ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің ?

  3. Ата-анаң, ертең қонаққа барамыз, сабаққа бармай-ақ қойсаң қайтеді,- деді. Ал ертең мұғалім бақылау жұмысын жазамыз, сабақтан қалмаңдар деген еді, не істейсіңдер?

V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.

  1. Атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)

  2. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

  3. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

  4. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

  5. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

  6. Туған үйдің түтіні жылы, ............................. .( туған ананың күтімі жылы)

  7. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)

  8. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

  9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

  10. «Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),


VІ. Қорытындылау:

Жеңімпаз топты жариялау

Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Отбасына деген жылулық ол біздің таза жүрегімізден шыққан мейрімділік. Оқушылар енді алдымызда тұрған жұлдызшаларды отбасымызға тілек тілеп аналарымыз құрған

«Біздің шаңырағымыз, үйіміздің» айналасына орналастырайық. Осымен «Отбасы-бақыт мекенім» тәрбие сағатын «Әке» әнімен аяқтағымыз келіп тұр


Тексерілді:

Кошакаева А.

Курс повышения квалификации
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Өзін өзі тану пәнінен өткізген Отбасы-бақыт мекені атты сыныптан тыс іс шараны екі бөлімнен жоспарладым.

1.Кіріспе кезінде 1 минут үнсіздік жарияладым,себебі Астана қаласында болған өрт себебінен қаза болған сәбилерді еске алдық,

слайдтармен жұмыс,сергіту болды

.2.Жарыс түрінде өткізілді,арасында ойын "Кімнің заты" жүргізілді.

3.Қорытынды.

Проверен экспертом
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современный переговорный процесс в практике образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.