Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Өзін- өзі тәрбиелеу өмір талабы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Өзін- өзі тәрбиелеу өмір талабы

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Өзін -өзі  бағалау құндылықтары.

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік:оқушыларға  өзін –өзі бағалауда  ерік –жігердің, адамгершіліктің, мақсаттың, күш-қуат және  сана- сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз-өзін бағалауын, ерік- жігерін, күш –қуатын саналы түрде  арттыра алу дағдыларын дамыту. 

Тәрбиелік: Оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлікке, қажырлыққа ерік- күшінің мықтылығына және өзін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пікірлесу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар. нақыл сөздер.  үлестірме қағаздар т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: сыныпты түгендеу; жаңа сабаққа дайындау: топтастыру:
Жаңа сабақ: Төмендегі берілген сөздердің мағынасының өз өмірімізде құнды екенін ескере отырып, төменде жазылған сөздердің мағынасын ашып алайық.


Өзін –өзі тәрбиелеу,  бағалау – өмір талабы. Адамдардың өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін  дамыта отырып, кездескен  қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам- жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай  аяқ басасыңдар . Осыған дейінгі  алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті, бірақ жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ,  еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін –өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болу керек.

Ой шақыру: - Өзіңді тану дегенді қалай түсінесің?

-         Өзін –өзі бағалау дегенді қалай түсінесің?

-         Өзін өзі бағалау құндылығына нені жатқызамыз?

-         Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

Топпен жұмыс:  Біздің ғасырымызда адамға жоғары адамгершілік керек. Осыған байланысты әр топқа    адамгершілікке байланысты сұрақтар қойып пікірлеседі.

1.     Үлкенді сыйлау дегенді қалай түсінесің?

2.     Басқаның еңбегін бағалай білесің бе?

3.     Жолдасыңды бағалайсың ба?

4.     Өзіңнің туған ауылыңды, жақын адамдарыңды жақсы көресің бе?

5.     Сен мейрімдісің бе?

6.     Ата-ана ұстаз сен ұшін кім?

 «Айна» ойыны:  Өзім жайлы қалай білуге болады?  - Алдарында гүл салынған себетте айналар бар. Сол айнаны алып қараңдар да,  мына сұрақтарға жауап беріңдер?

1.     Сенің көзіңнің, шашыңның түсі қандай?

2.     Сенің бойың қандай? ( өзгелермен салыстырғанда)

3.     Саған қандай адам көбірек ұнайды?

4.     Сенің жымиып күлгенің өзіңе ұнай ма?

5.     Сен өзіңді сұлумын деп санаисың ба?

-Айна тек сендердің сыртқы бейнелеріңді ғана көрсетіп қоймай, адамның ішкі бейнесін , мінез- құлқын , адамгершілігін білдіреді.

-Басқалардан өзгеше болу – кемшілік емес, әр адам әр түрлі болады. Әркім өзінше сұлу, әрі әдемі. Ең бастысы- қасындағы адаммен сеніммен араласу, жақын болу. Кешірімді болу және саған ол адаммен араласудың, сыйласудың жағымды болуы

Өзіңді ғана емес, өзгелерді де таны: «Ұлы адамдар : Абай және Ыбырай»

1-    топқа тапсырма:  Абай туралы не білесің? «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдау.

2-    топқа тапсырма: Ыбырай туралы не білесің? « Өнер- білім бар  жұртта» өлеңін талдау.

Өзін-өзі ашуға арналған жаттығу «Қиялдау сұрақтары».  Қатысушылар шеңбер құрып,  бір -біріне  доп лақтыру арқылы сұрақтар  қойып,  сол сұрақтарға жауап алды..

 Мен сүйемін...........................................................................................

   Маған ұнайды.........................................................................................

    Маған қиын............................................................................................

   Менің жанымды жадыратады................................................................

   Өз достарымның арасында Мен.............................................................

   Мен келешекте.........................................................................................

    Сонымен , балалар, осыған дейін өзіңді-өзің бағалау, тану үшін өз-өзіңді қадірлей білу керек екенін түсіндік. Өз –өзәңді  бағалау- кемшіліктеріңді жетістіктеріңді  басқа адамдармен  бөлісе отырып,  достарыңа деген қарым-  қатынастарыңды, ілтипаттарыңды, іс –әрекеттеріңді білу деген сөз.

 Адам өзін- өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады.

Бүгінгі сабағымыз өздеріңді толығырақ танытуға, жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіруге, жаман қасиеттерден аулақ болуға, табиғатқа, адамзатқа деген сүйіспеншілікке, сұлулықты, әсемдікті.  сезінуге көмектеседі деп ойлаймыз.

  Енді сабағымызды қорытындылай келе, Мұхтар Шахановтың өлеңінен әр топ үзінді  оқысын.

 Көтер. қане, басыңды

Күніңді босқа өткізіп пе едің?

Тағдырың неге сыр айтты сараң?

Өмірдің барлық сәтсіздіктерін,

Бақытсыздық деп кім айтты саған?

 

Кім айтты саған?

Тұлпарды сүрінбеиді деп,

Асауды мінілмеиді деп,

Ақ көйлек кірлемейді деп,

Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.

Кім айтты саған?

Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,

Биікті ардақтайды.

Асылды қорлатпайды деп?

Қиналып бекер  алаңдадың-ау,

Ойыңды шығар өріске.

Өзің- ақ  айтшы ғаламда мынау

Жеңудің бәрі жеңіс ?

Жігітке арман жеткізіп пе еді

Өз сорын өзі жеңбесе ?

Өмірдің барлық сәтсіздіктері

Бақытсыздық емес, ендеше !

Жүректен жүрекке: Балалар шеңбер құрып,көршілеріне жақсы сөз,жылы лебіздерін   білдіріп жүрекшелерді ұсынады

    Адамдар жолында кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып, өмір бойы өзінің мақсатына жету жолында күреседі екен.

      Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

      Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

      Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

      Үлкен  АРМАН керек екен адамға!

 




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-408564

Похожие материалы