Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы туралы әдістемелік нұсқау

Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы туралы әдістемелік нұсқау

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«ШҚО педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлату институты «Өрлеу» біліктілікті жоғарлату Ұлттық орталығы АҚ филиалы







«Педагог: ізденіс, шығармашылық»

облыстық әдістемелік көрмесіне ұсынылған

тақырыптық тәрбиелік іс-шараның

авторлық әзірлемесі



Өзін-өзі басқару ұйымы: Студенттік парламент



Топ жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық









Дайындаған А.К.Уразбаева

Семей көп салалы колледжі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
















КІРІСПЕ

Қазақстандық қоғамның қазіргі кезеңдегі дамуында саяси мәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселесінде - жеке тұлғаның дамуына барлық тәрбие бағытының ролі ерекше. Кәсіптік білім ала отырып, болашақ маман ретінде қазіргі жастардың саяси дамуына рухани-адамгершілік құндылықта өте қажет деп ойлаймын. Саяси мәдениетті тұлға – отбасынан нәр ала отырып, жалпы қоғамда өзінің тәрбиелілігін ары қарай дамыта түседі. Бұған көптен-көп әсер ететін фактор – орта. Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажет.

Осыған орай, Семей көп салалы колледжінде жастар саясатын қалыптастыруда өзін- өзі басқару жұмысы белгілі бір жолға қойылған.

Бүгінгі қоғамдық өзгерістердің күрделігі жастардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауымның тыныс-тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді.

Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:

1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.

2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.

3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.

4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.

6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру үрдістеріне тарту.

Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.  

Семей көп салалы колледжінде жас таланттарды қолдау мен шыңдау Мемлекет дарынды тұлғаның аса зор қоғамдық маңызын, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай жасау үшін Студенттер парламенті құрылып бүгінгі күні қызмет жасауда.

«Қазақстан болашағы – жастардың қолында» - деп, елбасымыз сенім артатын жастарымыз рухты, дені сау, мәдениетті болып дамуына келешекте біздің Студенттік парламенттің мүшелері өз үлестерін қосады деп ойлаймын.

Семей көп салалы колледжінің Студенттік парламентінің Жарғысы мен үлгі ретінде жұмыс жоспарын ұсынамын.







































Семей көп салалы колледжінің

Студенттік Парламент

Жарғысы


Жалпы ережелер

Студенттік Парламент- жалпы адами құндылықтарға бағытталған еркін негізде құралатын өзін-өзі құраушы, өзін-өзі басқарушы қоғам.

Студенттік Парламент- ашық, демократиялық, өзіндік қалыптасқан құрылым.

Парламент қызметі оқушылардың адамға деген жақсы қарым-қатынасын тәрбиелеуге негізделген:

  • Өзінің Отанына және жалпы адам дамуына;

  • Азаматтық қоғамға және азаматтық идеал негізінде заңнамалық мемлекетке;

  • Гуманизм негізінде адам арасындағы қарым-қатынас принципіне;

  • Қоғамдық тәртіп нормасы негізінде жауапкершілік;

  • Әлеуметтік белсенділікке;

  • Шығармашылық еңбеккер, жалпы адами қасиеттерге ие тұлғаға;

  • Ұлттық мәдениетінің жаңаруына;

  • Қоршаған ортаны қорғауға;

  • Спортты дамытуға;


Студенттік парламент жұмысының мақсаты, міндеттері және формалары


Мақсаты – әр бір студентке азамат болуға көмектесу, өзінің іс-әрекетімен өзіне, өзінің отбасына, Отанына көмегін тигізу.


Негізгі міндеті – ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру, қоғам дамуын жақсарту, түрлі бағдарламалар арқылы қалыптастыру.


Қызмет формалары:

  • акциялар

  • қайырымдылық шаралар

  • семинарлар

  • сайыстар

  • байқаулар

  • көрмелер

  • концерттер

  • фестивалдар

  • жиындар

Парламент мүшелігі:

Парламенттің ережесін орындайтын, оның дамуына үлес қосатын 1-4 курс студенттері Парламент мүшесі бола алады.

Парламенткеқабылдау жазбаша негізде өтеді – өтініш.

Парламентке мүшелік тоқтатылады:

  • парламент жиналысында Парламент мүшесі өз таңдауы бойыншабас тартады;

  • парламент шешімі бойынша Жалпы ережеге сай келмейтін іс-әрекеті үшін тоқтату.

Студенттік парламент мүшелерінің құқығы, міндеті және дәстүрі:


Парламент мүшесінің құқығы:

Өзінің қажеттілігін, жеке басын қорғау мақсатында Парламенттің өзіндік атқару органдарына көмек сұрай алады.

  • Парламент қызметінің түрлі мәселелері бойынша өзінің ойын ашық білдіре алады;

  • Парламент жұмысы жөнінде түрлі ақпарат алады;

  • Парламенттің өзіндік атқару органыны сайлану және сайлаушыларды санай алады;

  • Басқа да студенттк құрылымдардың мүшесі бола алады.


Парламент мүшесі міндетті:

  • Парламент Жарғысын орындауға;

  • Парламент ар-намысын, өзінің абыройын қорғауға;

  • Сөзі өз ісінен аутқымауға;

  • Көмек қажет еткендердің барлығына қамқорлық жасауға;

  • Өз құрылымының иесі болуға, еңбекке қадірмен қарауға; жолдастарын сыйлауға, достыққа берік болуға;

Парламенттің әр құрылымдарында өз дәстүрлері мен қЖалпы ережеге қосымшалар енгізулеріне болады.


Парламент құрылымы

Парламент жетекшісі – Президент. Президент міндеттері мен өкілдіктері белгіленген парламент мүшелерін басқарады.


Параламент мүшесінің құқығы:

- өз қызметінің бағдарламасын әзірлеуге;

- өз құрамына жаңа мүшелерді қабылдап, шығаруға;

- өзін – өзі басқару органдарына өз өкілін ұсынуға, олардың есептерін тыңдап, қажетті жағдайларда шақыртуға;

- өз еріктерімен қызметтерінің формаларын, құрылымын, өзін- өзі басқару органдарының рәміздерін белгілеуге, өз іс-әрекеттерінің арнайы бағдарламасын құру;


Парламент және парламенттегі жетекшілік

Парламенттің жоғарғы органы айына бір рет өтетін жиналыс болып есептеледі. Шешімі дауыс беру арқылы белгіленеді.

Жиналыс:

- Парламенттің жұмысын жаңартуға бағдарлама құру;

- Жарғыға қарсы келмейтін Парламент жұмысының бағдарламасын құру;

- Басқару және басқа органдарды сайлап, олардың өкілдігін және міндеттерін белгілейді;

- Парламент мүшелерінің жұмысын бағалайды;

- Парламент қызметіне қатысты кез келген сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау;


СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ


 Мақсаты – әр бір студентке азамат болуға көмектесу, өзінің іс-әрекетімен өзіне, өзінің отбасына, Отанына көмегін тигізу.


Негізгі міндеті – ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру, қоғам дамуын жақсарту, түрлі бағдарламалар арқылы қалыптастыру.





СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚҰРАМЫ



Президент Соционер Дархан (ЕТЖ 31 топ)

«Жас Отан» жастар қанаты Мухаметжанова Аяулым (ҚТ 31 топ)

Білім беру министрлігі Қамшыгер Жарқын (ҚТӘ 21 топ)

Мәдениет министрлігі Төлеутаева Жансая (ҚТӘ 31 топ)

Спорт министрлігі Сапашев Бакытжан (ДШ 41 топ)

Құқықбұзушылықтың

алдын алу министрлігі Құрманғазы Жансая (ҚТ 31 топ)

Көпшілік ақпарат министрлігі Сахабанова Мадина (ҚТ 21 топ)





















Қыркүйек



Мерзімі

Министрліктер

Іс-шаралар

1

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Президент

Білім күні.

Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін сайлау

Жылдық жұмыс жоспарын дайындау, бекіту

Ст.парламенттің отырысын өткізу

2

1 апта

2, 3 апта


3 апта

4 апта

«Жас Отан» жастар қанаты

Білім күні.

«Жас Отан» жастар қанатына жаңа құрам белгілеу. Презентация өткізу

Қамқорлық акциясының жоспарын бекіту

Балалар үйі мен ардагердің үйіне бару

3

1 апта

3 апта


4 апта

Білім беру министрлігі

Білім күні.

Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін сайлау

«Үздік топ» байқауының Ережесін әзірлеу, бекіту

4

1 апта

3 апта

4 апта

Мәдениет министрлігі

Білім күніне арналған салтанатты лездеме.

«Жас жұлдыз» байқауына дайындық жұмысы

«Алтын күз» мерекесінің жоспарын әзірлеу

5

1 апта

2 апта

3 апта


4 апта

Спорт министрлігі

«Денсаулық фестивалі» күні

Спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыру

Қалалық спорт бөлімімен бірлескен жұмыс жоспарын бекіту

Футболдан колледж директорының біріншілігін өткізу жоспарын жасау.

6

Үнемі

Құқықбұзушылықтың алдын алу министрлігі

Колледжішілік кезекшілікті ұйымдастыру

Колледж маңындағы тәртіпті бақылау

7

3-4 апта

Көпшілік ақпарат министрлігі

Мұғалімдер күніне орай қабырға газетінің мазмұнын әзірлеу, бекіту


Қазан



Мерзімі

Министрліктер

Іс-шаралар

1

1 апта

3 апта

Ай бойы

Президент

Өзін-өзі басқару күні

Аттестацияға дайындық жұмысы

«Тазалық айнасы» колледж маңында тазалық жұмысын ұйымдастыру

2

1 апта




Ай бойы

«Жас Отан» жастар қанаты

Қарттар күніне орай «Жақсылық жасайық» акциясы

Қала колледждерінде презентациялар өткізу

3

3-4 апта

Білім беру министрлігі

Аттестация қорытындысы бойынша мониторинг жасау

Стенд безендіру

4

1 апта


1 апта


3 апта

Мәдениет министрлігі

Қарттар күніне арналған мерекелік концерт

«Жас жұлдыз» байқауы

«Студенттің келбеті» рейд жүргізу

5

2 апта

Спорт министрлігі

Минифутболдан біріншілік өткізу

6

Ай бойы


3 апта


2 апта


4 апта

Құқықбұзушылықтың алдын алу министрлігі

Тәртіптің сақталуын бақылау

Учаскелік инспектормен кездесу

Тәртіпбұзуға бейім студенттердің тізімін құру

«Алтын күз» мерекесінде кезекшілік ұйымдастыру

7

1 апта


3 апта

Көпшілік ақпарат министрлігі

Мұғалімдер күніне құттықтау газеті

«Берекелі күз» айдары бойынша газет



Қараша



Мерзімі

Министрліктер

Іс-шаралар

1

1 апта

Президент

«Менің оқу орным» шығарма сайысының жоспарын әзірлеу

2

4 апта

«Жас Отан» жастар қанаты

Президент күніне арналған «Мен өз елімнің патриотымын» іс-шарасының өтілу сценарийн дайындау

Мәдениетті адам қандай болу керек (пікірталас)

3

3-4 апта

Білім беру министрлігі

Үлгермеуші студенттер тізімін анықтау, қосымша жұмыс жүргізу жоспарын құру

4

2 апта

Мәдениет министрлігі

«Темекіге жол жоқ!!!» акциясы

5

3 апта

Спорт министрлігі

Шахмат, шашки, тоғыз құмалақтан жарыс ұйымдастыру

6

Ай бойы


Құқықбұзушылықтың алдын алу министрлігі

Тәртіптің сақталуын бақылау

7

3 апта

Көпшілік ақпарат министрлігі

Ұлттық валюта күніне қабырға газеті



Желтоқсан



Мерзімі

Министрліктер

Іс-шаралар

1

1 - 3 апта

Президент

«Тәуелсіз ел- тұғырың» Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараның ұйымдастырылуына көмек көрсету, Жаңа Жыл кешін ұйымдастыру

2

1 апта

«Жас Отан» жастар қанаты

«Мен өз елімнің патриотымын» іс-шара

3

3 апта

Білім беру министрлігі

«Үздік топ» сайысы бойынша рейтинг шығару

4

3 апта

Мәдениет министрлігі

«Тәуелсіз ел- тұғырың» Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара

5

2 апта

Спорт министрлігі

«Жастар СПИД-ке қарсы» тақырыбында акция ұйымдастыру

6

2 апта


Құқықбұзушылықтың алдын алу министрлігі

«Өзінің құқықтық жауапкершілігін түсіну» дөңгелек стол

Жаңа Жыл кешінде кезекшілік ұйымдастыру

7

3 апта

Көпшілік ақпарат министрлігі

«Менің байтақ елім- Қазақстан!»Тәуелсіздік күніне арналған газеттер конкурсы



Ақпан



Мерзімі

Министрліктер

Іс-шаралар

1

1 апта

Президент

1 семестр қорытындысы бойынша Топ күнін ұйымдастыру

2

3апта

«Жас Отан» жастар қанаты

«Ауған соғысы ұмытылмақ емес»

Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу

3

1 апта

Білім беру министрлігі

1 семестр қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысында ақпарат жасау

Білім рейтингісі бойынша стенд безендіруге көмек көрсету

4

2 апта

Мәдениет министрлігі

«Жігіт сұлтаны» сайысты ұйымдастыру

5

4 апта

Спорт министрлігі

Стол тенисінен колледжішілік жарыс өткізу

6

1 апта


Құқықбұзушылықтың алдын алу министрлігі

«Менің құқығым және міндетім» атты құқық қызметкерлерімен ток-шоу өткізу 

7

4 апта

Көпшілік ақпарат министрлігі

Халықаралық әйелдер күніне арналған қабырға газеті


Наурыз



Мерзімі

Министрліктер

Іс-шаралар

1

1 апта

Президент

Оқу кабинеттерінің тазалығы мен безендірілуін бақылау рейді

2

3апта

«Жас Отан» жастар қанаты

Наурыз мерекесін ұйымдастыруда көмек көрсету

3

4 апта

Білім беру министрлігі

Аттестация қорытындысын жасау. Үлгермеуші студенттермен жұмыс жүргізу

4

2 апта

Мәдениет министрлігі

«Ана-өмірдің шуағы» Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт

5

2 апта

Спорт министрлігі

«Ал, қанеки қыздар!» қыздар арасында спорттық жарыс өткізу

6

Ай бойы


Құқықбұзушылықтың алдын алу министрлігі

Барлық шараларда кезекшілік ұйымдастыру 

7

2 апта

Көпшілік ақпарат министрлігі

Халықаралық әйелдер күніне арналған қабырға газеті












Сәуір



Мерзімі

Министрліктер

Іс-шаралар

1

Ай бойы

Президент

Тазалық айлығын өткізудің жоспарын бекіту

2

Ай бойы

«Жас Отан» жастар қанаты

Ардагерлерге көмек көрсету

3

2 апта

Білім беру министрлігі

Үздік студенттерді қалалық шараға қамту

4

Ай бойы

Мәдениет министрлігі

Қалалық жас ақындар мүшайрасының өтілуіне көмек көрсету

5

2 апта

Спорт министрлігі

«Спортты сүйем жаныммен» 1 курс топтары арасында жарыс

6

3 апта


Құқықбұзушылықтың алдын алу министрлігі

Учаскелік инспекторлардың жұмыс орнына экскурсия ұйымдастыру

7

4 апта

Көпшілік ақпарат министрлігі

ҚР халқының бірлігі күніне құттықтау газеті


Мамыр



Мерзімі

Министрліктер

Іс-шаралар

1

1 апта

Президент

«Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» Жеңіс күніне арналған апталықтың барысына көмектесу

2

Ай бойы

«Жас Отан» жастар қанаты

Ардагерлерге көмек көрсету

3

2 апта

Білім беру министрлігі

Ашық тәрбие сағатына қатысу, көмек көрсету

4

Ай бойы

Мәдениет министрлігі

Қалалық жас ақындар мүшайрасының өтілуіне көмек көрсету

5

2 апта

Спорт министрлігі

«Спортты сүйем жаныммен» 1 курс топтары арасында жарыс

6

3 апта


Құқықбұзушылықтың алдын алу министрлігі

Қалалық шарада кезекшілік ұйымдастыру

7

4 апта

Көпшілік ақпарат министрлігі

Ұлы Жеңіс күніне құттықтау газетін шығару



























"Бекітемін"

Семей көп салалы колледжінің директоры

_________Ә.Қ.Қабылғазинова

"________"________2014ж.






































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1390
Номер материала ДВ-379095
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх