Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӨзін-өзі тану ашық сабақ "Өнеге отбасынан"

Өзін-өзі тану ашық сабақ "Өнеге отбасынан"

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары


Мектеп: Талдықорған қаласы № 4 орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан

Құндылығы: Сыйластық

Қасиет:Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру

Мұғалім:Жаутикова Нурбуби Тохтарбековна

Сынып: 2 «А»

Оқушылар саны: 28 оқушы

Күні: 12 ақпан




Сабақтың мақсаты: Отбасының бір шаңырақта бірге өмір сүретін, бірін бірі жақсы көріп, бір-біріне көмектесетін туыстардан туратын туралы түсініктерін кеңейту. Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімдеріне тәрбиелеу, отбасы мүшелерін ұлттық атаулармен атауға жаттықтыру.


Сабақтың міндеттері: 
-отбасындағы сүйспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту.

-отбасында өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

-отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу


Сабақтың эпиграфы:

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев




Ресурстар (материалдар, дерек сөздер)Слайдтар

Оқулық

Парақшалар



І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Нұрға бөлену»

Денемізді тік ұстап,орындықта еркін отырамыз. Қол мен аяқты айқастырмаймыз.Біз тыныс алуға шоғырланған кезде біздің санамыз тынышталады.Тынысты сыртқа шығарғанда біз өзімізге тыныштық пен қуанышты жинаймыз.Тыныстықты сыртқа шығарғанда біз барлық мазасыздықты сыртқа шығарамыз.Ал енді дайындаламыз.Көзімізді жұмамыз,арқамыз тік қолдарынды тізе үстіне коюларыңа болады.Тынысты ішке тартамыз,сыртқа шығарамыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз табиғатқа серуенге шығамыз. Көз алдымызға жайлы ауланы елестетеміз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Айналадағы бар нарсені бақылап гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы естіледі. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз. Жүрегіңізді мейіріммен сүіспеншілікке және татулыққа баулып, тыныштық қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.

Көзімізді ептеп жәймен ашайық

(өз ойларыңызбен бөлісуге болады)

Ескертулер:

Үнтаспа

Нұрға бөлену

http://fs1.ppt4web.ru/images/17412/99123/640/img1.jpg

ІІ. Психологиялық ахуал: Оқушылар бір-бірінің иықтарына қолдарын қоя отырып,ары-бері шеңбер бойында қозғалу(мұғалімнің жетекші түсіндірмесі)

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Отбасы бұл тәрбие бесігі.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа- сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше. (педагогика сүйіспеншілік және шығармашылық атты онкүндік аясындағы шараларға тоқталып, Сара Алпысқызы жөнінде ой қозғау)



Үнтаспа

http://usiter.com/uploads/20120610/radost+eto+tvorchestvo+44329395967.jpg






http://www.psu.kz/images/november2014/bilik_sms/esim.jpg


Назарбаева Сара Алпысовна

ІІІ.Жағымды ой пікірлер:

Сұрақтар: Оқушылардан шеңбер бойында тұрып жасаған қимыл арқылы не ұққаны туралы ой қозғау.Сыныпта да отбасында да туған туыс, достар арасында да адамдар бір-біріне тіреу болатынын дәлелдеу.Әсіресе бұл отбасында маңызды. Олай болса бүгінгі әңгімеміз не жайында болмақ екен? Ендеше отбасы деген не? Отбасы...(оқушылардың мүмкін жауаптары)



ІV. Оқиға айту (әңгіме)

Мәтінмен жұмыс

Отбасы татулығы

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді.

Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалына келіп , отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік » , жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

  • Осы –ақ па?

  • Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.

Сұрақтар:
1. Өсиет әңгіменің мәні неде?

2.Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?

Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең ,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз. Сендер осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы және қызсыңдар. Нағыз «Өнегелі отбасы » осыдан басталады.


Мәтін «Отбасы татулығы»



http://blogtime.kz/uploads/images/00/00/11/2014/03/25/314f9b.jpg

Ү.Дәйек сөз:

Отбасы тату болса , байлықтың да керегі жоқ.


ҮІ. «Сыңарын тап» ойыны

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)



ҮІІ.Шығармашылық жұмыс:

1.Оқушылардың жүрекше тәріздес жасалған өз отбасы жөніндегі жапсырмалары тыңдалады.



2. Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибаратты тілегі















3. «Сара Алпысқызына хат!» (Оқушылар Сара апаларына хат жазады)




Слайд

Суреттер

Нақыл сөздер





































Үлкен жүрек,жүрекше суреттер

http://img0.liveinternet.ru/images/attach/c/2/83/77/83077494_3911698_1272905648_3d_harts.jpg


Слайд

Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».


Сара апаға апағахатасара

слайд http://www.ua.all.biz/img/ua/service_catalog/547700.jpg


Парақшалар, қалам, түрлі-түсті қарындаштар

ҮІІІ. «Кім тапқыр?»тренингі

1.Балдан тәтті? (Бала)

2.Қара шаңырақтың иесі кім? (Кенже бала)

3. Балаға кім сыншы? (Ата)

4.әкеен балаға берілетін зат? (Мұра)

5.Үйдегі алтын адам кім? (Ана)

6.Бес дұшпаның... (өтірік,өсек,мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

7.Тәрбие мен білімнің ортасы (Мектеп)

7.Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы? (Сара Назарбаева)

8. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (Достық)

9.Бес асыл іс (Талап , еңбек, терең ой, қанағат, рахым)


ІХ. Жүректен-жүрекке

«Ойды аяқта....» тренингі

  • Мен ата-анамның....

  • Мен әжемнің....

  • Мен үшін ата-анадан...

  • Мен ата-аналарыма...

  • Өз отбасымды....

  • Менің отбасымдағы...

  • Анам мен үшін ....

  • Өз сырымды мен...

  • Отбасымның мен...

  • Әкеден артықққ

  • Бауырым...

  • Туған туыстарым әрқашан...

  • Біздің үйде....

  • Менің қуанышым....

  • Айналайын анашым...

  • Әжемнің мен ...

  • Ініме мен...

  • Достарым...

  • Мен досымды...

  • Отбасым менің...

  • Барлық баланың...

  • Жер бетіндегі...

  • Қамқоршы апа...

  • Алғысымды...

«Бақыт» ағашы

(Оқушылар өз тілектерін бақыт ағашына іледі)

Стикерлер , «Бақыт» ағашы http://www.wedma.fantasy-online.ru/wedma.instruments/hexes/hexes_tree.jpg


Х. Мұғалімнің қорытынды сөзі


Слайд әзірлемесі , жұмсақ ойыншықтар




ХІ. «Айым болып тудың ба?» әні

(Оқушылар әнге қосылып, бақытты сәттерін көрсетеді)

ХІІ. Түйін сөз:

Анаң – күнің жүрегің

Әкең – өмір тірегің

Әжең – асыл арманың

Атаң- дана қорғаның

Ағаң –қамқор асқарың

Інің- мөлдір аспаның


Қарақат Әбілдинаның «Айым болып тудың ба?» әні үнтаспадан тыңдалады






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану ашық сабақ "Өнеге отбасынан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 6254
    • DOCX 281 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаутикова Нурбуби Тохтарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48481
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 102 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе