Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану "Дос болайық, бәріміз" 3 сынып

Өзін-өзі тану "Дос болайық, бәріміз" 3 сынып


библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Уәлиханов орта мектебі Мерзiм: « » қараша 2015 жыл №12

Тақырып: Дос болайық, бәріміз!

Құндылық Дұрыс әрекет. Қасиеттер Шындықты айту, қарым-қатынасты бұзбау, батылдық.

Мұғалiм: Калдыбаева С.Ж. Cынып 3 Оқушылар саны 6


Сабақ мақсаты: Оқушыларға достықтың маңыздылығы туралы түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мағынасын ашу.

1. Білімділік: Оқушыларға достар арасында шындықты айта білуге үйрету. 

2.Дамытушылық: Бір-бірімен дұрыс қарым-қатынастарды әрі қарай дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды батылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: суреттер, презентация, мақал-мәтелдер, ноутбук, магнитафон.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. «5Т»

2. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

3.Үй тапсырмасын тексеру. «Ұл бала мен қыз бала» атты өлеңін мәнерлеп оқып келу. (Е.Өтетілеуов 65-бет)

Сұрақтары:

1.Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?

2.Біздің арамызда осындай достар бар ма?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйек сөз.

«Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес» Ермек Өтетілеуовтың сөзін жазып тақтаға іліп қоямын.

Оқушылармен 2-3 рет қайталап оқып, дәптерлеріне көшіріп жазып алу.

- Сендердің достарың бар ма?

- Достарыңа көмектесесіңдер ма?

- Достарыңа әрқашан тілектес дегенді қалай түсінесіңдер?

Мағынасын ашу, талдау, оқушылардың ойларын тыңдау

5.Әңгiмелеу. «Сазды хикая» (ертегі) Е.Козлова Аударған М.Есенәлиева

Күздің бір күні еді. Құстар да жылы жаққа бет алған мезгіл. Тынышталып қалған орман ішінде бір Көртышқан келе жатады. Кенет ол орманда қалып қойған бір құстың керемет әуенін естиді. Мұндай әуенді келесі жылға дейін тыңдай алмаймыз-ау деген ойдан Көртышқанның көңілі бір түрлі жабырқау күйге түсіп, басы салбырап кетеді. Осы кезде сынған ағаш бұтақтарының арасынан:

- Ай-әй-әй-әй-әй-әй,

- Ай-әй-әй-әй-әй-әй,-деген әуен естілді.

- Амансың ба, құрметті Бұлан! Айта қойшы,қазіргі орындағаның қандай ән?-деп қызыға сұрайды Көртышқан.

- Ә, не..., тым қатты әндеттім бе?

- Жоқ, өлеңді тамаша орындадың. Менің ойымша, сен мынадай бұлбұл дауысыңмен эстрада сахнасына шығуың керек. Біздің орманымызда өз «жұлдыздарымыз» бар емес пе? Міне, бір сазгер табылды, орындаушы да табылар-деп Көртышқан армандайды.

- Біз мына құстан жүз есе артық айтпасақ, кем айтпаймыз. Мен достарымды ұйымдастырып, музыкалық топ құрайын, содан соң көрші ормандарға гастрольге шығамыз. Арғысын тағы көрерміз.

«Көртышқан дарындарды жинап жүр» деген жаңалық әп-сәтте бүкіл орманға тарайды. «Дарындымын» дегендер орманның түпкір-түпкірінен жорытып та, жорғалап та, секіріп те, жүгіріп те жинала бастайды. Әндетемін деп егіз-шылбыр Қырықбуындар, желкілдеген Қоян, әуендеткен Тиін, Қабан-торай, Құрт-құмырсқа, Шыбын-шіркей түгел жиналады.

Көртышқанның алдына келген орманның әрбір тұрғыны өз әнін өзгеден қатты айтқысы келеді. Алаңқайды құлақ жаралық айқай-шу басталды. Жамыраған дауыстан шошып қалмасын деп орман тұрғындары балақайларының құлақтарына мақта тығады. Ал көрші алаңның тұрғындары мекен-жайларын ауыстырады.

- Болды! Тоқтатыңдар!-деп айқай салады Көртышқан.- Жетер енді! Ешкімді де тыңдағым келмейді! Ешқайсында өлең айта алмайсыңдар! Сендерде не дауыс, не қабілет жоқ, ешнәрсеге жарамайсыңдар!

Көртышқан айқай-әндерден үйіне қашады. Екі құлағын жастықпен бекітіп мазасы кетеді. Ол ойлаған ойын іске асыра алмай, қатты қапаланады.

Ал Көртышқанға дарындарын көрсеткісі келген достары оған наразы болып, жан-жаққа тарайды. Енді ол мүлде жалғыз қалған еді.

Арада бірнеше күн өтеді. Көртышқан достарын сағына бастайды. Оларды қалай қайтарудың амалын ойластырады. Ақыры, біреуден ақыл сұрау керек деген шешімге келеді. Осы ниетпен ол жақын маңайдағы көлді мекендеп жүрген дана Бақаны іздеп табады. Көртышқан Бақаға болған мән-жайды баяндап береді.

Көртышқанның әңгімесін тыңдап болып Бақа:

-Ымм... Енді құлақ салып, көпті көрген мені тыңда,-дейді,- Дүниеде құстар көп, дауысы керемет, әсерлісі де бар, Дауысы жоқ бақырғандарыда кездеседі, ал нағыз досты жолықтыру өте қиын. Ескі достан айырылсаң жаңасын таппайсың. Осыдан өзің қорытынды жаса!

Көртышқан үйіне қайтып келе жатып, қарияның сөзін есіне түсіреді. «Бақа дұрыс айтады, жалпы олар тым нашар әндетпейді. Өздері де жақсы достар еді»,-деп ойланып қалады. Кенеттен ол:

-Таптым! Таптым! Мен олардың басын қосып, ән айтуды үйретемін!-дейді қуана айқайлап.

Көртышқан достарын жинап:

-Мені кешіріңдер! Мен әділ болмадым.Сендерді дұрыс көріп, дұрыс естімеппін. Дүниедегі ең дарынды әнші екендеріңе енді көзім жетті. Егер бәріміз бірігіп тамаша хор ұйымдастырсақ, бізден талантты ұжым болмас еді,-деп өз ұсынысын айтады.

Осылай достар татуласады. Бірігіп сүйікті әндерін шырқайды.

1-сұрақ: Көртышқанның жалғыз қалу себебі қандай? Көртышқанның өзгеруіне кім, қалай әсер етті?

2-сұрақ: Егер де сенің жақын досыңның кемшіліктерін байқасаң қандай әрекет етесің?

3-сұрақ: «Шынайы достық» деген не?

6.Мұғалімнің сыйы «Достық даңғылы» мультфильм қарау.

(00:00-01:46).

Сұрақтар:

  1. Шын достың бойында қандай қасиеттер болу керек?

Ертегіні түсіндіру, өз ойларын сұрау.































Сұрақтарға толық жауап алу, талдау.























































































«Достық даңғылы»

мультфильмін көрсету,

ертегіні талқылау.

7.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, мақал-мәтелдерді құрастыру.

1-топ. Досы көпті ... алмайды,

Ақылы көпті ... алмайды.

2-топ. Жүз ... болғанша,

Жүз .... болсын.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң әр топ жұмысын жария етеді.

Оқушыларды ІІ топқа бөліп, мақал-мәтелдер құрастыру, түсіндіру.

Үй тапсырмасы. «Менің досым осындай...» суретін салып келу.


Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.

Топпен ән айту. «Дос болайық, бәріміз»

Сөзін жазған: Х. Талғаров

Әнін жазған: И Нүсіпбаев

Әрқашан да біргеміз,

Ажырамыз іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!



Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.



Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас,жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.



Қайырмасы:

Оқушылар барлығы қосылып, ән шырқайды.

Соңғы тыныштық сәтi.

«Дем алу жаттығулары»

Мұғалім сөзі: Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, көз алдарыңа өз достарыңды немесе достасқыларың келетін адамдарды, олармен өткізген жақсы сәттеріңді естеріңе түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар, достыққа берік болыңдар.

Көзімізді ашамыз, бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Рахмет, сіздерге бүгінгі сабаққа ризамын, жарайсыңдар!

Оқушылар көздерін жұмып отырады.



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-365216

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG