Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану Эссе "Шынайы көшбасшы"

Өзін-өзі тану Эссе "Шынайы көшбасшы"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

«Өзін-өзі тану» гимназиясының педагог-психологы

Рахманова Камиля Аскарбековна


Эссе


Шынайы көшбасшы


Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!

Қазақ халқында елді аузына қаратқан даналығымен, кие қонған әулиелік қасиетімен, ақыл-парасаты, адамгершілік қасиетімен аттары аңызға айналған аналар аз емес. Халық олардың есімдерін еске сақтап қана қоймай, олардың әруақтарына бас ие, пір тұтып, өздерін кие, өмірлерін өнеге етіп, тағылымын ұрпақ санасына сіңіріп отырған. Сондай қасиетті тұлғаның бірі – Домалақ ана. Азан шақырып қойған есімі Нұрила болғанымен, қалың көпшілікке Домалақ ана атымен белгілі.

Домалақ ана – ең алдымен, алланың нұры төгіліп, ұрпағы бірнеше тайпаға айналған елдің анасы. Домалақ ана кезінде батыр әрі би болған тарихи тұлға Бәйдібектің үш әйелінің бірі болғаны белгілі.Бүгінгі Албан, Суан, Дулат тайпалары Бәйдібектің Домалақ анадан туған Жарықшақ деген ұлының кіндігінен тараған.

Домалақ ананың әулиелігі мен көрегендігі, парасаттылығы мен даналығы, адамгершілігі мен адалдығы жайында аңызбен астасқан әңгімелер көп. Соның бірі мынау: « Бәйдібек заманында жайлауында үйір үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пенен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» деп, өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған жүген құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, «жолдан қайтар қатын емеспін» деп, жасағын бастап, жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты.

Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісенеді дейді. Сол күні намаздыгер шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп ақ.
Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез көрінеді. Ол Домалақ ана мазары. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпақтың ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.

Менің Домалақ ананы шынайы көшбасшы ретінде тануым ол кісінің мәнді де мағыналы әңгімелерін әжем мен анам, сынып жетекшім жиі айтып беріп отыратын. Бұл жолды көп нәрсені ойыма, бойыма тоқыдым. Жылда көктемнің шуақты күндерінің бірінде сынып жетекшімізбен сыныптастар Домалақ ана кесенесіне барып құран бағыштап қайтатынбыз. Сынып жетекшіміздің Домалақ анамыздың баға жетпес құнды даналық сөздерін аңыз етіп айтып бойымызға сіңіріп өсірді.

Мен Домалақ анамызды ӨМІР мектебінің ұстазы деп білемін.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров733
Номер материала ДВ-280225
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх