Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану "Іздегенде табылатын қасыңнан" 8 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Өзін-өзі тану "Іздегенде табылатын қасыңнан" 8 сынып

библиотека
материалов

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Уәлиханов орта мектебінің Мерзiмі: « » қараша 2015жыл

Мұғалiм: Калдыбаева Сауле Жаксылыковна

Сынып 8 Оқушылар саны 4

Тақырып «Іздегенде табылатын қасыңнан»

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: жақсы әдет, өзіне сенімділік, ұқыптылық.

Сабақ мақсаты: «Шынайы достық» түсінігін жан-жақты қарастыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мағынасын ашу.

Міндеттері:

1.Өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыру.

2.Бойындағы жақсы әдеттерді дамыту.

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,бейнебаян.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «5Т» ережесі.

Тыныштық сәтi: №1 «Нұрға бөлену»

Үй тапсырмасын тексеру. «Жақындарымның ынтымақтастығы...» атты эссе жазып келу.

Ережені сақтап сабақты бастау.


Әр оқушы өзінің жазып келген эсселерін өз қалаулары бойынша оқытуға болады.

Дәйексөз.

«Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа»

Халық даналығы

Сұрақтар:

1.Жақсы достардың бойында қандай қасиеттерді табуға болады?

2.Жаман достармен қай уақытта ұятқа қаласың деп ойлайсыңдар?

3.Өзіңнің достарың туралы не ойлайсың?

Дәйексөзді бірнеше қайталап, дәптерлеріне жазып қою.

Әңгiмелеу. «Екі дос» аңыз әңгімесін оқып беру.

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлайды. Ондай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрады.

Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды, оған қарайтын адам болмайды» деп ойлайды. Осылайша, бұл да түн жамылып, үйден шығып досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неліктен азаймайтына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір-бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.

Сұрақтар:

1.Неліктен достар бірінің бірі қорасына қаптарды тасып қойып отырды?

2.Досың үшін осыған ұқсас қамқорлық жасай алар ма едің?

3. «Досыңа қарап, сенің кім екеніңді білуге болады» деген сөз бар, қалай түсіндіріп берер едіңдер?

4. Сенің ойыңша, адал достық пен амал достықтың айырмашылығы қандай?

Мұғалім сыйы.

Достық туралы өсиетнама. «Шөл даладағы достар»

Сұрақтар:

-Ол досының ұрғанын құмға, ал жақсылығын неліктен тасқа жазды?

Мұғалім ауызша әңгімені әңгімелеп береді.


















Әңгіме тыңдалып болған соң, сұрақтар талқыланады.

Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Оқушылармен жұптық жұмыс жасау. Жұп болып жағдаяттар талдайды.

Жағжаяттар.

1.Арман қанша әуренленсе де, есепті шығара алмай қойды. Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап, одан көшіріп алды. Алғашқыларын көшіріп, келесі есепке келгенде, Зейнептің қатесін байқап қалды. Бірақ Арман өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды. Алайда ол бұл туралы Зейнепке айтқан жоқ.

2.Сыныптас қыздар мереке қарсаңында би кешіне баратын болды. Олар киетін көйлектері жайлы жарыса айта бастады. Айша ғана үнсіз қалды.Бм кешіне асыға жеткен қыздар айна алдына жиналды. Бір-біріне қараған қыздар Айшаның жоқ екенін байқады...

Әр жұп өздерінің жағдаяттарын ортаға шығып қорғайды.

Топпен ән айту.

Жан жылуы
Өлеңін жазған: Елена ӘБДІХАЛЫҚОВА
Әнін жазған: Бағлан ОМАРОВ

Ізгілік нұрын сепкен,
Махаббат гүлін еккен,
Күн көзі бар шуағын,
Төккендей бүгін көктен!
Бөленіп далам нұрға,
Бусанып санам жырға,
Жүректерсоқсын бірге,
Тебіреніп бабам қырда!

Қайырмасы:
Жан жылуым – Саған!
Ән ғұмырым – Саған!
Аман болсын ұл мен қызың!
Аман болсын Далам!
Тыныш болсын Жерім!
Ырыс көрсін Елім!
Жан жылуы төгіледі жүрегімнен менің!
Менің!

Жалғыз қалдым демеші,
Тәңіржанның егесі!
Күтеді әне, қол бұлғап
Болашақтың кемесі!
Қолыңды бер, кел, досым!
Жан жылуым ем болсын!
Биіктерге бастайық,
Бұл бақытты ел көшін!

Оқушылар барлығы қосылып ән шырқайды.

Үй тапсырмасы. 27 беттегі 1- тапсырма

«Жақсы» немесе «жаман» дос туралы өзің мақал құрастырып келу.


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалімнің сөзі:

  • Оқушылар, бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер көздеріңізді жұмып ой елегінен өткізіңіздер.

  • Сабағымыз аяқталды, белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Сіздер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар! Рахмет сіздерге! Сау болыңыздар!

(баяу музыка ойнап тұрады, көзді жұмып өздері сабақты іштей қорытындылайды)





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров186
Номер материала ДВ-365224
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх