Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Өзін-өзі тану "Өнеге-отбасынан" 4 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Өзін-өзі тану "Өнеге-отбасынан" 4 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Өнеге - отбасынан

Сабақтың мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • отбасының адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым – қатынасының дамуына ықпал ету;

  • отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, слайдтар, жүрекше, плакат, күн мен бұлттың суреттері, отбасы туралы сурет;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка

Сабақтың өтілу барысы:

Шаттық шеңбері

Мұғалім

- Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Барлығымыз ортаға шығып, «шаттық шеңберін» құрайық. Біз бір – бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын сезіне отырып, амандасалық. Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға жақсылық, көтеріңкі көңіл күй тілей отырып Әсет Бейсеуовтың «Ақ мамам» әнін бәріміз бірге айталық.

- Ал енді, балалар, орнымызға жайғасайық. Бәріміз мына сөзжұмбақты шешейік.

Сөзжұмбақ «Отбасы».

Тамаша, балалар, біздің сөзжұмбағымыздан «отбасы» деген сөз шықты. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өнеге – отбасынан» деп аталады. Біз бүгінгі сабақта отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығы туралы әңгімелейміз.

Әңгімелесу

- Отбасы дегеніміз не?

- Сен отбасында кімсің?

- Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым–қатынас жасайды?

-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар, отбасы бұл тәрбие бесігі. Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы - қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.

 Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс

        Оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында Ы.Алтынсариннің « Бақша ағаштары» атты әңгімесін оқытамын, оқушылар сахналайды.

  • Бақша ағаштарының тік немесе қисық өсулерінің себебі неде?

  • Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

  • Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

  • Адамға ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Бірлік бар жерде берік отбасы болады. Бала ата-анаға қандай ыстық болса, ата-ана да балаға сондай ыстық әрі қымбат екенін естен шығармау керек.

Дәйек сөз

  • Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз –ата-ана .Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ.Адамгершілік,бауырмалдылық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер -жанұяда тәрбие балаға сөзбен емес үлкендердің үлгісімен сіңеді.Сондықтан «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің» дейді дана халқымыз.Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе , ол ақылды , әдепті азамат болып шығады.

Бейнеролик

  • Ал, енді, балалар мына бейнероликке назар аударайық.

Балалар, осы бейнероликтен қандай ой түйдіңдер?

Жағдаяттарды талдау
Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін топқа түрлі жағдаят беремін.
1. Саят  өз  ата – анасын  басқа  балалардың  ата-аналарымен  көп салыстырады. Кейде  Саятқа  өз  ата–анасы басқалардікіндей  емес  сияқты  болып,  оларға  ренішпен  қарайтын болды.

- Саяттың  іс-әрекеті  дұрыс  па?

- Саятқа  қандай  кеңес  берер  едіңдер?

2. Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата–анасының жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.

- Меруерттің немқұрайлығының себебі неде?
- Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетпейді деп ойлайсыңдар?

3. Ербол үйіндегі кәрі әже,атасының мазасыздығына құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол өзінің ашуға қалай бой бергенін сезбей де қалады.

- Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
- Ерболға қандай кеңес бересіңдер?

4. Бір үйдің екі қызы бар. Ата –анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі, керісінше, шат шадыман.

- Себебі неде деп ойлайсыңдар?

- Балалар, мен сендердің өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа өте қуаныштымын. Енді бір серігіп алайық.


Сергіту сәті.


Тыныштық сәті.
Ал қазір көзімізді жұмамыз да, көз алдымызға таза әрі жайлы ауланы елестетеміз.Әдемі етіп салынған жол бізді бір үлкен үйге апарады. Біз баяу жүріп отырып үй иесінің бар ықыласпен отырғызылған гүлдеріне көз тастаймыз. Міне үйге де келіп қалдық, баспалдақпен үйге енеміз. Үй ішінен жаңа піскен нанның иісі мен хош иісті шайдың иісі келіп тұр. Көзімізді ашамыз.
- Сендерге бұл үй ұнады ма?
- Балалар, енді тақтаға назар аударайықшы. Не байқап тұрсыңдар? Күніміз бұлтты екен, ия? Біздің шаңырақта да кейде бұлт төнетін сәттер болатынымен келісеміз. Оған сендердің қандай іс - әрекеттерің себеп болып тұрады деп ойлайсыңдар? Ал қане бұлтты қуып жіберейік (бұлтты алып отырып артындағы жазуды оқимын: жалқаулық, қаталдық, өтірік айту)
енді шаңырағымыздың үстінде күн одан бетер жарқырай түсу үшін күн шуақтарын тағуымыз керек. Ол үшін шуақтардың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз керек:
1. Отбасы тәрбиесіне ата - анаңның қайсысы көп көңіл бөледі?
2. Қиын жағдайда қайсысынан бірінші көмек сұрайсың?
3. Өзіңнен қателік кеткен жағдайда өзіңді қалай сезінесің?
4. Ата - анаңның қайсысына ұқсаймын деп ойлайсың?
5. Отбасында қандай аға, іні, қарындас, әпкесің?
6. Ата - анаң сені қалай және қандай сөздер арқылы еркелетеді?
7. Анаң немен айналысқанды жақсы көреді? Әкең ше?
8. Құрбыларың ата - анасын ренжітіп алды делік, сен қандай ақыл берер едің?

Топпен жұмыс

Балаларға 4 топ бойынша плакаттар беріп, тапсырма беремін.

  • 1-топ. «Мен үшін ананың … қымбат»

  • 2-топ. «Мен үшін әке …»

  • 3-топ. «Отбасындағы бала ...»

  • 4-топ. «Отбасының жарастығы ...»

Балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылаймын.



Мақалдың жалғасын тап ойыны.

1 – топқа

Әдепті бала ата-анасын мақтатар................

Ана сүтін ақтамағанды.....................

Әке тұрып ұл сөйлегеннен без........................

Қарағайға қарап тал өсер...............

Үйінде ұл қызы бардың..........................

2 – топқа

Жығылып жатып.....................................

Күлме досыңа.................................

Ауру қалса да.................................

Әдепті бала арлы бала.................................

Ұяда нені көрсең..............................

Үйге тапсырма
«Ата-анам- берік қорғаным» тақырыбында эссе жазу.

Қорытынды

  • Бүгін менің көзім жетті, сендер өте тату отбасынан шыққан балалар екендеріңе. Оған сендердің бүгінгі іс - әрекеттерің куә. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге рахмет айтамын.

Жүректен жүрекке

  • Ал қазір отбасыларыңа, шаңырақтарыңа деген жақсы тілектеріңді жүрекшеге жазып, тақтаға орналастырыңдар.

(Оқушыларға кішкене бір – бір жүрекше таратылады. Сол жүрекшелерге өздерінің отбасына деген тілектерін жазып, тақтаға орналастырады.)

  • Балалар,бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Өте жақсы, балалар. Мен сендердің әрқайсыңның шаңырақтарыңа шын жүректен бақыт тілеймін! Мен сендерді ортаға «Жүректен жүрекке» шеңберіне шақырамын. Отбасының алтын тірегі - әке. Әкеміз асқар тауымыз, ендеше асқар тауымыздың еңсесі биік болсын деп әке туралы ән шырқалық.

«Әкем -әнім» әні.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-496151

Похожие материалы