Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану. ПМӘМ тәрбиеленушілері 3 денгей
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Өзін-өзі тану. ПМӘМ тәрбиеленушілері 3 денгей

библиотека
материалов

Тексерілді:____________

І тоқсан. 1-сабақ.

Мерзімі: 01-05/02

Сабақтың тақырыбы: «Өзін- өзі тану әлеміне» саяхат.

Мақсаты: 1. Ертегі мазмұны бойынша диалогті әңгімелесу.

  1. Айтыс өнерінің ерекшелігін түсіне білуге, өз бетімен ертегіні айта білуге жаттықтыру.

  2. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

  3. Өлең жолдарын анық айтуға дағдыландыру.

Өз атынан тілек айтуға баулу

Көрнекілігі: дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Сабаққа психологиялық дайындық.

Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік!
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!


1-күн. Әңгімелесу

-Біз «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырамыз. Қане, есімізге түсірейікші, сол саяхатымызда біздің қандай көмекшілеріміз болды?

Тәрбиеленушінің жауаббы тыңдалады.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл саяхатымызда «Өзін — өзі тану» әлемінің картасы бізге көмекшіміз болып қала береді.

«Өзін-өзі тану» әлемінің картасы бізге өзіміздің кім екенімізді және қандай екендігімізді білуге көмектеседі?

Әркім өзін қандаймын деп ойлайды?

Жақсы болу дегенді қалай түсуніге болады?

«Өзін-өзі тану» әлемі бізді қандай жақсылыққа үйретті?

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді еске түсіріп атйықшы?

Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды:

-Дұрыс айтасыңдар, балалар! «Өзін-өзі тану» әлемі арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттерді біліп, олармен таныса бастадық. Бұл қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік деп аталады екен.


2-күн. Тренинг.Сәлем, бұл - менмін

Мақсаты: Өзін-өзі таныстыру дағдысын дамыту, тілдесу үшін жағымды байланыс орнату.

Тапсырма: Өзі туралы айту, өзінің қайталанбас дара тұлға екендігін, тренингке қатысушылармен бірге жұмыс жасап, тілдесуге дайын екендігін көрсету.

Нұсқау: Өзіңді көрсет, өзің туралы айтып бер. Өзіңді өзің таныстыру үшін әртүрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: жарнама, газеттегі хабарландыру, өзі туралы әңгіме, өлең, ән, афоризм.

Жаттығуды талдау:

Қай қатысушының өзін-өзі таныстыруы сізге көбірек ұнады, неліктен?

Тренингке қатысушы туралы қандай жаңа мәлімет алдыңыз?

Шығып сөйлеу барысында сіз адамның ашық, тілектестік қарым-қатынасқа бет бұрғандығын сезіндіңіз бе?


3-күн. Ойын «Сиқырлы қоржын»

Сиқырлы қоржында жүрек пішіні бірнеше бөлікке қиып бөлінген. Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы қоржынан осы бөліктерді алып, үлкен бір бүтін жүрек пішінін құрастырады.

- Қандай тамаша!

- Біздің құрасатырған үлкен

жүрегіміз сүйіспеншіліктің мекені.


4-күн. Дәптермен жұмыс

Мұғалім балаға дәптердің бірінші бетін ашып, ондағы жүректің суретіне назарларын аудартады. Ашуланған кезде жүрегіміз ренжіп, ал қуанғанда күлімдеп, ерекше сүйкімді күйде болады екен. Көңіл күйіміз арқылы жүрегіміздің соғуыда өзгеріп тұрады. Жүректің үлкен қасиеті бар. Ол өзі кішкентай болса да, қуаныш бақыт, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық, достық сияқты жақсы сезімдердің барлығы оған сыйып кетеді.

Дәйек сөз

«Адамның жүрегі – сүйіспеншіліктің алтын ұясы» деген халық даналығын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.


5-күн. Ғажайып сөздер.

Ғажайып сөздердің мағынасын түсіндіру, қай-талау: жақсылық,сүйіспеншілік,қуаныш...

«Жақсылық,сүйіспеншілік,қуаныш...» тақырыбында сурет салу.










































Тексерілді:____________

І тоқсан. 2-сабақ. hello_html_4fa652f6.jpg

Мерзімі: 29/02-04/03

Сабақтың тақырыбы: Анама, әжеме, әпкеме мен

қандай гүл шоғын силар едім?

Мақсаты: 1. «Адамгершілік», «жақсы адам» ұғымдарының мағынасын

түсіндіру, түсініктерін кеңейту;

  1. Бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

  2. Жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

  3. Мәтінді MS Word мәтіндік редакторда теріп үйрету

Көрнекілігі: дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1-күн. Әңгімелесу. Аяулы жан – Анашым

8-наурыз адамдар да, тіпті табиғаттыңда өзі бұл күні біздің тамаша әйел аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Ия бұл мерекенің басқа жыл мезгілінде болуы қисынға келмейді. Себебі, көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

Расул Ғамзатовтың мынадай сөзі бар: «Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмас жалғасы. Ол тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды».

Бұл күн 1908 жылдың 8 наурызында тұрмыстың ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халық аралық конференциясы 8 наурызды « Жұмысшы әйелдер күні» деп белгілеп, оны жыл сайын атап өтілетін болған.


2-күн. 8 наурыз: гүл таңдау өнері

Адамзат атаулыға, әсіресе қыз-келіншектер қауымына ерекше бір серпіліс пен қуаныш сыйлайтын көктем мерекелерінің бірі – 8 наурыз. Осы бір халықаралық әйеледер күні келіп жеткенде, әлі де аяз ызғары кетпеген көшелер кенеттен ең алғашқы көктем гүлдерінің иісі мен мереке себепкерлерінің сыңғырлаған күлкілеріне тола бастайды.

Мереке қарсаңында өзара сыйластығымызды білдіру мақсатында бір-бірімізге гүл сыйлау дәстүрі ежелден бері қалыптасқан. Бұл – сезімдерімізді түртетін сөзсіз керемет дәстүр. 8 наурыз мерекесінде бәрімізді ойландыратын мәселе : «Анама, әжеме, қызыма, құрбыма, әйеліме, сондай-ақ, жаныма жақын басқа да адамдарға қандай гүл сыйласам?» – деген сауал. Ендеше бірге жауап іздейік! Кейде сыйға тартатын гүлдерді таңдау әжептеуір қиынға соғып жатады. Мұндайда гүлдің өзінің және түстерінің мағынасын біліп алған жөн.

Гүлді түсіне қарап таңдау:

Сарғылт түс - Шығыста тәкаппарлықтың, алып күштің, биліктің нышаны. Осыған байланысты сарғылт түсті гүл шоғын бастығыңызға сыйлағаныңыз дұрыс. hello_html_6b0e509c.jpg

Көк түс – Батыста сағыныштың, адалдықтың белгісі екен және оны әскерге кетіп жатқан ерлерге сыйлайтын көрінеді. Ал бізде көк гүлдерді адамның ерекшелігін көрсету үшін тарту етеді. hello_html_m23caed31.jpg

Сары түс – жарықтың және күннің нышаны, сары түсті гүлдер мейірім мен жылулық тілеген адамдарға сыйланады. Дегенмен, біздің мәдениетімізде сары гүл сенімсіздіктің, опасыздықтың, айырылысудың нышаны деп қабылданды. Сондықтан жүрегімнің бойтұмары деп есептейтін жаныңызға сары түсті гүлдерді сыйламағаныңыз дұрыс. hello_html_4b541596.jpg

Ақ гүл − нәзіктіктің, тазалықтың нышаны. Біздің түсінігімізде ақ түс − жастықтың, пәктіктің белгісі және оларды үйлену тойына сыйлау дәстүрге айналған. Дала гүлдері: түймедақ, қынжыгүл (ландыш), бәйшешекті кез келген әйел затына ешқандай себепсіз тарту етсеңіз болады.hello_html_29e9f069.jpg

Ал қызыл түс − қарапайымдылық пен жастықтың белгісімен астасып жатыр. Ал қызыл түсті гүлдерді кез келген жастағы адамға, кез келген жағдайда сыйласаңыз болады. hello_html_57b73dd2.jpg

Қызыл түс − махаббат түсі. Бірақ, қызыл түстің өзінің де әр түрлі реңдері бар, осы тұста қателесіп қалмаңыз! Ашық қызыл түсті гүлді ерекше жақсы көретін құрбыңызға немесе туысыңызға, ал қанық қызыл түсті гүлді тек сүйіктіңізге сыйлаған жөн. hello_html_169a83f9.jpg


3-күн. «Раушан гүл» жасау технологиясы.


1) 2) 3) hello_html_63722826.jpghello_html_2a0c3a18.jpghello_html_24c268ad.jpg








hello_html_m2cda34fd.jpghello_html_2632d437.jpghello_html_525d6d7e.jpg

4) 5) 6)






4-күн. «Аяулы анашым» сурет салу.


5-күн. «8-наурыз» Ашық хат жасау.

Тәрбиеленуші өзі қалаған адамға арнап ашық хат жасайды, ішіне тілектер мен құттықтау сөздерін жазады.

1. Пішінді сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.

2. Қағаздың түр түсінің үйлесімділігін анықтап таңдап аламыз.

3. Қалаған пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, қағаз мөлшерімен қиып аламыз.

4. Жүрекшенің сыртқы бөлігіне гүл күлтелерін жапсырып сәндейміз.

5. Ішкі бөлігіне жақындарымызға тілек жазамыз.

Нәтижесінде түрлі - түсті әсем құттықтау ашық хаты пайда болады.


















Тексерілді:____________

І тоқсан. 3-сабақ.

Мерзімі: 28-03/30-03

Сабақтың тақырыбы: Мен қамқор баламын.

Мақсаты: 1. Қамқорлық» ұғымның адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

  1. Ермек саз көмегімен «Жүрек жылуы» атты компазиция жасау.

  2. Қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

  3. MS WORD мәтіндік редакторда мәтін теріп, безендіруге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, ермексаз.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1-күн. Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

-Біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы әңгімемізді жалғастырамыз.

Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Балаға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі.

Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.

-Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?

-Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?

Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:

-Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу.

Сөздікпен жұмыс: Қамқорлық, дос, достық, көмек, асар, мейірім, спонсорлық, сыйлық, қуаныш.


2-күн. Оқулықпен жұмыс.

Балапан мен мысық

Д. Мамырова

Наурыз айы келді. Балалар қараторғайларға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады.

Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапандардың біреуі жерге құлап түсті.

Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапанды құтқармақ болып мысыққа ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар мәз болып әсем әуенге басты.

- Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?

Шығармашылық жұмыс

Сабақта шығармашылық жұмыс бойынша оқулықта берілген суреттерге қарап, оларға қандай қамқорлық жасау керектігін айту тапсырылады. Тәрбиеленуші бұл жумысты өз бетімен орындау қажет.

Жаңа ақпарат

Мұғалім тәрбиеленушіге оқу ақпаратымен таныстырады. Оқу ақпаратында «Адамның жақсы қасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді» деп айтылған. Тәрбиеленуші ақпаратпен танысып, мұғалімнің басшылығымен өз ойын қосып түйіндейді.


3-күн. «Мен қамқор баламын» сурет салу.


4-күн. Ойын «Жақсы-жаман»

Балалар «жақсы» нәрсе туралы айтылғанда қолдарын жоғары көтереді, «жаман» нәрсеге қолдарын көтермейді мысалы:

- Үлкенге көмектесу

- Кішіні жәбірлеу

- Амандасу

- Үлкеннің тілін алмау

- Ағашты кесу

- Ағаш отырғызу

- Жылау

- Күлу және т.б.

Дәйексөз

«Риясыз қамқорлық – баға жетпес жақсылық»

«Мен қамқорлық көрсетемін»


5-күн. Дәптермен жұмыс

Мұғалім «Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Солардың (күшік, мысық, тоты құс, қоян, лақ, қозы, т.б.) суретін салыңдар» –деген тапсырма ұсынады.

Жүректен жүрекке

Балалар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап, мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталайды:

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым,

Қайырымды боламын.





































Тексерілді:____________

ІІ тоқсан. 4-сабақ.

Мерзімі: 28-03/30-03

Сабақтың тақырыбы: Достық неден басталады?.

Мақсаты: 1. «Дос» «Достық» құндылығы туралы түсінік беру.

  1. Балаларды өздерінің әрекетімен демалысың, қарым –қатынастарын, құрбыларымен сыпайлы болуға, белсеңді әңгімеге қатысуға үйрету.

  2. Бір –бірінің көңіл күйің байқауды, достыққа үйрету

  3. Айналасындағы адамдарды құрметтеп, қуаныш әкелуге, мейірімдікке

Көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1-күн. Әңгімелеу.

В. Осееваның «Үш жолдас» әңгімесі. Әңгіме бойынша сұрақ-жауап.

Әңгімелеу (сұхбат)

- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінде біз «Достық татулықтан басталады» тақырыбында әңгімелесеміз.

- Балалар, сендердің достарың көп пе?

- Достарыңмен татусыңдар ма?

- Мен бүгін сендерге В. Сухомлинскийдің «Әйнек - адам» атты әңгімесін оқып беремін. Мұқият тыңдайық.

Бір баланың титімдей досы - Әйнек – адамы болды. Өзі мөп - мөлдір. Бір ғажабы; қасиетті Әйнек – адам досының не ойлағанын, неге мұңайғанына дейін біліп қояды. Бала анасының тілін алмай сыртқа ойнауға шыққалы жатса, - Әйнек – адам бұрынғыдай мөлдіремей, сәл - пәл күңгірт тартып:

- Олай етуге болмайды, әуелі ісіңді тындыр. Ойнауға содан соң шық,- дейді.

Бала ұялып қалады. Дереу жұмысқа кіріседі. Жұмысын бітірген соң, сыртқа шығады. Әйнек - адам үндемейді. Бірақ қайтадан мөп - мөлдір түске енеді.

Бірде баланың аулада бірге ойнайтын жолдасы ауырып қалды. Бір күн өтті, екі күн өтті. Бала досын есіне алмады. Әйнек - адамына көзі түсіп еді, жауар бұлттай түнеріп кетіпті. Кімге жаманшылық жасап қойдым, қандай жаман ой ойлап қойдым,- деп сұрады бала дегбірі қашып...

- Ешкімге жаманшылық жасаған жоқсың. Жаман ой да ойлаған жоқсың... Тек досыңды ұмытқаның болмаса.

Баланы ұят қысты. Дереу ауру досының үйіне тартты. Оған анасы сыйлаған бір шоқ гүлін, үлкен - үлкен алмаларын ала барды.

Әйнек – адам осылай баланы нағыз адам, нағыз дос болып өсуге баулыды. Ол – баланың ұят, ары еді.

- Балалар, бұл әңгімеден не түсіндіңдер?

- Бала ойынға шығарда Әйнек – адам неге күңгірт тартты?

- Бала жұмысын тындырғаннан кейін Әйнек – адам қандай түске енді?

- Әйнек - адамның түсі тағы неге бұзылды?

- Ол баланың есіне нені салды?

2-күн.














Автор
Дата добавления 07.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДБ-070553
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх