Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / «Өзін-өзі тану» пәні 9 «А» сынып бойынша сабақтар топтамасының жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

«Өзін-өзі тану» пәні 9 «А» сынып бойынша сабақтар топтамасының жоспары

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы. Өзіңді тану-өмірді тану

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • өмірде мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;

  • өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Сахналау

ІV. Тыныштық сәті

V. Тапсырма

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, А. Шамкеновтың «Жас өмір» әнін айтады.

Әңгімелесу.

  1. Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендік?

  2. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  3. Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?

Сахналау. Оқушыларға оқулықтағы диалогті сахналайды.

Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Тапсырма. Оқулықтағы М. Мақатаевтың өмір туралы пайымдауларын басшылыққа ала отырып, жазбаша түйіндеме жасаңдар.

Дәйексөз. «Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың».

Үй тапсырмасын беру. «Өзіңді тану-өмірді тану тақырыбына шығарма жазу».

Жүректен жүрекке. Оқушылар сабақты бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы сабақты аятайды.

Бағалау




Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Өзіңді тану-өмірді тану

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • өмірде мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;

  • өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Оқу ақпараты

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Дәптермен жұмыс

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, А. Шамкеновтың «Жас өмір» әнін айтады.

Әңгімелесу.

  1. Өмірді бағалай білесің бе?

  2. Өмірден не күтесін?

  3. Сенің мақсатың қандай?

Оқу ақпараты. Жақсы көру, өз күшіне сену, сенім арту, қамқорлық жасау арқылы рухани, әлеуеметтік шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін ашады және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым-қатынас жасауы, оның өмірлік позициясын анықтауына көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы Ә. Файзуллаұлының «Өмірдің мәні» атты ертегісін оқып, өмірдің мәні туралы өз ойларын ортаға салады.

Дәптермен жұмыс. Ғалымдардың оқулықтағы «Өмір» туралы төменде берілген пайымдауларымен танысып, өз ой-толғаныстарыңды жазыңдар.

Үй тапсырмасын беру. «Өмір» деген сөзге сөз жұмбақ құрастырып келу.

Дәйексөз. Адам-өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.

Бағалау

Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Салауаттылық-өмір негізі

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

  • салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

  • денсаулығын бағалауға, салауатты өмір ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Назар аударту

ІV. Шығармашылық жұмыс

V. Мәтінмен жұмыс

VІ. Тыныштық сәті

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бәрі бірге Н. Сарсенбаевтің өлең жолдарын оқиды.

Әңгімелесу.

  1. Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?

  3. Өзің салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсың?

Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Шығармашылық жұмыс. Оқулықтағы Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтырыңдар. Жеті өсиетін талдап беріңдер.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы А. Самиғоллаұлының «Ойлан, достым...» әңгімесін оқып, жан-жақты талдайды.

Үй тапсырмасын беру. 21-30 беттерді оқу.

Назар аударыңыз. Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырлуы деп ұққан жөн.

Жүректен жүрекке. Оқушылар сабақты бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Бағалау

Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Салауаттылық-өмір негізі

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту және өз өмірін сақтауға үйрету.

Міндеттері:

  • салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

  • салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

  • денсаулығын бағалауға, салауатты өмір ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Назар аударту

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Оқу ақпараты

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектер айтады.

Әңгімелесу.

  1. «Салауаттық-өмір негізі» деген ойға көзқарасыңыз қандай?

  2. Сен салауатты өмір салтын ұстанасың ба?

  3. Денсаулыққа зиян қандай заттарды білесің? Олардың адам өміріне қандай зияны бар?

Назар аударыңдар. Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы Р. Пернеханқызының «Қателіктің арты өкініш» мәтінін зейінмен оқып шығады.

Оқу ақпараты. Есірткі- бұл адамның көңіл күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір шырмалған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады. Шығатын жол біреу, ол-салауатты өмір сүру. Өз сеніміңе берік болу.

Дәйексөз. «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі».

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, барлығы қосылып «Көңіл көктемі» әнін айтады.

Үй тапсырмасын беру. «Менің қалауым-салауаттылық» тақырыбына ой-толғау жазыңдар.

Бағалау

Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Әсемдік-өмір жарасымы

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;

  • әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Шығармашылық жұмыс

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Оқу ақпараты

VІ. Назар аударыңдар

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, оқулықтағы

Ф. Оңғарсынованың өлеңін оқиды.

Әңгімелесу.

  1. Сендер әсемдік сыры неде деп ойлайсыңдар?

  2. Табиғат пен адамның арасындағы қандай байланысты сезіндіңдер?

  3. Не үшін табиғатты әсемдікке балайды?

Шығармашылық жұмыс. «Табиғат-әсемдік-өмір» сұлбасын үш баған түзіңіздер. Бірінші бағанға сұлбаның мағынасын ашатын сұрақ қойыңдар. Екіншісінде қойылған сұрақтарға жауап беріңдер. Үшіншісінде қорытынды шығарыңдар.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» ертегісін оқиды.

Оқу ақпараты. Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек-адамды адам еткен болса, сұлулық-адам бойын қуаныш, әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады. Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып, тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс. Айналадағы дүниенің әсемдігін түйсіну сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра алуға, бағалай білуге үйретеді. Сұлулық адамның ізгі сезімдерін тербеп, көңілі мен жүрегін баурап алады

Назар аударыңдар. Жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз. Жанның әсемдігі-адамның әділеттілігінен, ер жүректілігінен, саналығынан, яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.

Жүректен жүрекке. Оқушылар сабақты бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы аятайды.

Үй тапсырмасын беру. «Әсемдік-өмір жарасымы» тақырыбына эссе жазыңдар.

Бағалау









































Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Әсемдік-өмір жарасымы

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;

  • әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Оқу ақпараты

ІV. Дәптермен жұмыс

V. Тапсырма

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Адамды сұлу ететін не нәрсе?

  2. Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?

  3. Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?

Оқу ақпараты. Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады... Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарымен берілген Ә.Кекілбаевтың «Әлди» әңгімесін оқып ,талдауда оқушыларға ананың әлдиі бөлеген әсем сезімдердің өмірде қандай орны бар екенін түсіндіру. Өмірдегі әсемдіктің өзі ананың махаббаты деген асыл сезіммен басталатынына көңіл аудару.

  • Осы мәтінде әлди мен әсемдіктің байланысы қандай ?

  • Әлди бөлеген әсем сезімдерді атап бере аласыңдар ма?

  • Тағы басқа қандай өнер түрлері сізді әсемдікке бөлей алады?

Дәптермен жұмыс. Тәттімбеттің күйі «Саржайлау» естіген тыңдағандарың болса онда не туралы айтылғанын дәптерге шығарма ретінде жазу. Күйде табиғаттың сұлулығы туралы шертілетінін естен шығармаңдар.

Тапсырма. Оқулықта Ә. Нілібаевтың «сұлулық» өлеңі берілген Өлеңді оқып отырып өмірде кездесетін сүлулық туралы өз ойларын айтады.

Дәйексөз . Адам бойындағыының бәрі де- бет-пішіні де, киім-киісі де жан дүниесі де, ақыл ойы да сұлу болуға тиіс. А.П.Чехов

009Жүректен жүрекке009 Сен сұлу М. Жұмабаев

Үйге тапсырма беру. Сен сулу өлеңін жаттау.

Бағалау.






































Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Еңбек-өмір мәні

Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға еңбектің адам үшін маңыздылығын түсіндіру мен қатар еңбек істеуге ықпал ету.

Міндеттері:

  • шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту;

  • еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Оқу ақпараты

ІV. Шығармашылық жұмыс.

V. Тыныштық сәті

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері . Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

  2. Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

  3. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқу ақпараты. Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Ал, өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту, сол жолда тынымсыз еңбектену әр адамның өзіне байланысты. Оқушының басты еңбегі-жақсы оқу, сапалы білім алу. Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік-күшін, жігерін соған бағындырса, өзін – өзі кемелдендіріп, үлкен жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын таба алады.

Шығармашылық жұмыс. Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбына эссе жазыңдар.

Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Үй тапсырмасын беру. «Еңбек-бірлік бастауы» тақырыбына шығарма жазу.

Дәйексөз. Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

Бағалау

Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Еңбек-өмір мәні

Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті деген сөздің мән мағынасын ашып түсіндіру мен қатар еңбекке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушыларды мақсатқа жетуге баулу;

  • еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

ІV. Шығармашылық жұмыс.

V. Дәйексөз

VІ. Тапсырма

VІІ. Оқу ақпараты

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері .

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Д. Әлімжановтың «Еңбек-өмір мәні» атты өлең жолдарын оқиды.

Әңгімелесу.

  • Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

  • Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?

  • Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы аңызды оқып, сұрақтарға жауап беру.

Шығармашылық жұмыс. «Адам көркі - еңбек» тақырыбына ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме құрастырыңдар. Суретші ретінде сурет салыңдар.

Дәйексөз. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады..

Тапсырма. Оқулықта берілген өлең жолдарын оқып, еңбек туралы түйінді ойларды іріктеп анықтаңдар.

Оқу ақпараты. Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Ал, өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту, сол жолда тынымсыз еңбектену әр адамның өзіне байланысты. Оқушының басты еңбегі-жақсы оқу, сапалы білім алу. Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік-күшін, жігерін соған бағындырса, өзін – өзі кемелдендіріп, үлкен жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын таба алады.

Үй тапсырмасын беру. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

Жүректен жүрекке.

Оқушылар сабақты Н. Байғаниннің мына өлең жолдарымен аяқтайды:

Жастыққа еңбек ету қандай қызық,

Қуаныш билемей ме бойды кернеп?..

Қызықты тұрмысымды етем десең,

Аянбай маңдай термен істе қызмет.

Бағалау



















































Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Қайталау

Сабақтың мақсаты 1.Оқушылардың өзін-өзі тану сабағынан алған білімдерін ары қарай жетілдіруге ықпал ету.

Міндеттері:

  • оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;

  • еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;

  • оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Өзіммен-өзім

ІV. Оқу ақпараты.

V. Үй тапсырмасын беру

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-біріне ізгі тілектер айтады.

Әңгімелесу.

  1. Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендің?

  2. Өмірді бағалай білесің бе?

  3. Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Өзің салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсыңдар?

Өзіммен-өзім. Көздеріңді жұмып бір минут уақыттарыңды бөліп денсаулыққа көз жүгіртіңдер. Әрбір оқушы өз денсаулығы туралы ойлансын. Енді көздеріңді ашыңдар не сезіндіңдер? Бір-бірлеріңе айтып беріңдер.

Оқу ақпараты.Әсемдік, әдемілік, денсаулық адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек-адамды адам еткен болса, сулулық-адам бойына қуаныш,әсем сезімге бөлей отырып,сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады. Адамның өмірін әсем ететін тағы бір күш ол денсаулық талаптылық ,қажырлық, төзімділік болып табылады.

  1. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

  2. Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

  3. Еңбек етуде шығармашылық ,шабыт не үшін қажет?

Үй тапсырмасын беру. Өткен сабақтарды қайталап оқып, дәптерді толтырып келу.

Дәйексөз. «Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.» Абай

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Бағалау

Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Жақсылық-жан жадыратады.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және адамдарға қамқорлық көрсету , қол ұшын беруге қалыптастыру.

Міндеттері:

  • жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

  • жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Оқу ақпараты

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Назар аударыңдар.

VІ. Дәптермен жұмыс

VІІ. Дәйексөз

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Д. Әлімжановтың «Жақсы адам көңілі-күн» атты өлең жолдарын оқиды.

Әңгімелесу.

  1. Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

  2. Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

  3. Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

Оқу ақпараты. Адамгершілік пен имандылық жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықта берілген А. Құнанбаевтың «Жиырма үшінші сөз» атты қара сөзін оқып, талдау жасау арқылы өз ойларынды айтыңдар.

Назар аударыңдар. «Жақсы» да, «жаман» да-жеке адамның мінез-құлық, қам-қаректі, қарым-қатынасынан бастап, тұтас бір ұлттың ортақ мінез-құлқын, ұлттық сипатын қалыптастырады. «Жаман» адам болады, ал «жаман» ұлт бола ма? Мейлі ол барып тұрған оңбағанның оңбағаны болсын, ешкім өзін «мен жаман адаммын»

демейді.

Дәптермен жұмыс. Оқушы дәптерінде берілген «Мен бүгін:» айдарымен әр сабақта арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап, оны талдаңдар немесе өз ойларынды білдіріңдер.

Дәйексөз.

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады.

М. Әлімбаев.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру. Өз жасаған жақсылықтарынды тізбектеп жазыңдар.

Бағалау.




























Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Жақсылық-жан жадыратады.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

  • жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Назар аударыңдар

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Тапсырма

VІ. Тыныштық сәті

VІІ. Түйіндеме

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

Әңгімелесу.

  1. Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

  2. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Назар аударыңдар. «Жақсыда жаттық жоқ» дейді қазақ. Жақсының – бәрі жақсы. Менің ғана түсінігімше, қазақтың бойындағы ең жақсы қасиеттер мыналар: тектілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетушілік, «өлі риза болмай, тірі байымайды» дейтіндігі, аңқылдаған ашық, ақкөңілділігі, астындағы жалғыз атын қонағына сойып тастауға дайын тұратын жомарттығы, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлілігі, дарындылығы, алғырлығы, сөзге шешендігі, сөзге ұсталығы, икемділігі, қойдай қоңыр мінезі мен төзімділігі, ұлттық салт-дәстүрге беріктігі, жан баласының көңілін қалдырмауға талпынуы, ниетінің түзулігі, жеті атаға дейін қыз алыспайтын қанының тазалығы, т.б. жүздеген, тіпті, мыңдаған жақсы жақтары бар.

Ж. Кененбай.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы А. Қоныстың «Сөз құдіреті» әңгімесін оқыңдар.

Тапсырма. Оқулықтағы Ғ. Мүсіреповтың мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

  • «Адам күлдірем деп күйдіреді, сүйдірем деп сүріндіреді» немесе «жұбатам деп жылатады» дегенді қалай түсінесіз?

Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Түйіндеме. Жақсылық төрт түрлі болады. Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз. Екіншіден, ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз. Үшіншіден, ол-тамақ, дәрі және пайдалы дене тәрбиесі. Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды т.с.с. өнері айтады.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне ізгі тілектер айтады.

Үй тапсырмасын беру. «Жақсылық» сөзіне сөз жұмбақ құрастырындар.

Бағалау.




























Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Ар – намыс керек адамға.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;

  • адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

  • адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

ІV. Жағдаяттарды талдау

V. Оқу ақпараты

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, оқулықтағы Б. Үсенбаевтың «Намыс» әнін қосылып айтады.

Әңгімелесу.

  1. Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не білесіз?

  2. Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма?

  3. «Ар – намыс керек адамға» дегенді қалай түсінесіз?

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықта берілген А. Құнанбаевтың «Жиырма алтынша сөз» атты қара сөзін оқып, сұрақтар арқылы талдау барысында адамдардың ұялмас нәрседен ұялғанды – ақымақтық, жамандық дейді деген сөздерге оқушылар көңіл бөледі.

Жағдаяттарды талдау. Оқушылар оқулықта берілген жағдаяттарды оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Оқу ақпараты. Ар-әр адамның өз өмірінде, қоғамда, жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиеті. Адам бойындағы ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін және оның әдептілік нормаларын сақтап, одан аспауына, іс – әрекеті мен мінез – құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет. Ар – ұят адамның қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін терең сезінуінен көрінеді. Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, кісілігі оның адамдық ар-намысты ардақтауынан, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуынан байқалады. Арлы адам – ардақты және басқаларға қашан да үлгі – өнеге.

Дәйексөз.

Малым – жанымның садағасы,

Жаным – арымның садағасы.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру. «Ар – намыс керек адамға» тақырыбына шығарма жазып келу.

Бағалау.
































Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Ар – намыс керек адамға.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;

  • адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

  • адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

ІV. Тапсырма

V. Назар аударыңыз

VІ. Түйіндеме

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Қандай жағдайда ішкі дауысыңызды тыңдайсыз?

  2. Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттері көмектеседі?

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Балқар аңызы» атты аңыз әңгімені оқиды.

Тапсырма. Оқулықта берілген мәтінді оқыңдар. Мәтінде айтылған «Өлімнен ұят күшті», «Өлімнен намыс жоғары» деген сөздерді талдап, түсіндіріп беріңдер.

Назар аударыңдар. Әр адамның бойында абырой, намысы болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін құрмет тұтып, патриоттық сезімі жоғары болатынына ешқандай күмәнің болмайды. Бұл да – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі.

Түйіндеме.

Ар-намысыңның пәктігі –

Жан-дүниеңнің шаттығы.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру. «Ар – намыс керек адамға» тақырыбына эссе жазыңдар.

Бағалау.



Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Қайталау.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың өткен сабақтар бойынша білімін тексеру мен қатар адамгершілік қасиеттердің мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

  • ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;

  • адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

  • жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІV. Оқу ақпараты

V. Тыныштық сәті

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір – бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

  2. Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

  3. Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

Оқу ақпараты. Адамгершілік пен имандылық жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.

Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Дәйексөз.

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңберге тұрып бір – бірлеріне жақсылық тілеу арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру. «Жақсылық» сөзіне сөз жұмбақ құрастырып келу.

Бағалау.




































Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Мінез – адам көрсеткіші.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

  • жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

  • адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Тапсырма

VІ. Оқу ақпараты

VІІ. Дәйексөз

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Қ. Нақысбековтың өлеңін оқиды.

Әңгімелесу.

  1. Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?

  2. Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

  3. Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

  4. Жаман мінезді қалай түзеуге болады?

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы А. Құнанбаевтың өлеңін оқыңдар.

Тапсырма. Оқулықтағы В.А. Сухомлинскийдің өсиет сөздерін оқып, ойдарынды ортаға салыңдар.

Оқу ақпараты. «Мінез – кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі ерекшелігінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез кісіні әр қырынан көрсетіп тұрады... Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, айқын, салмақты т.б. негізгі сапаларға бөлінеді».

Дәйексөз.

Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе) –

Ізгі іс немесе мінезі түзулік.

Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.

Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

Ж. Баласағуни

Жүректен жүрекке. Оқушылар оқулықтағы Ш. Мұхамеджановтың «Сыйластық» өлеңін айтып сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру. «Мінез – адам көрсеткіші» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Бағалау.



































Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Адалдық – адамдықтың белгісі.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

  • адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

  • адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Мәтінмен жұмыс

ІV. Әңгімелесу

V. Тапсырма

VІ. Оқу ақпараты

VІІ. Дәйексөз

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, С. Сейітовтың «Шындық шырайы» өлеңін оқиды.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы Зейін Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесін оқыңдар.

Әңгімелесу.

  1. Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?

  2. «Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Неліктен адалдық «кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүреді?

Тапсырма. Оқулықта берілген мәтінді оқыңдар. Сен шәкірт орнында болсаң қалай жауап берер едіңіз?

Оқу ақпараты. Ары таза адал мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түседі. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды. Адал болу тек қанан өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Дәйексөз. «Адалдық – ардың ісі».

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, О. Әубәкіровтің «Аман болсын, адамдар» өлеңін айтады.

Үй тапсырмасын беру. «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Бағалау.

Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Татулы – достық кілті.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

  • адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Назар аударыңыз

VІ. Оқу ақпараты

VІІ. Дәйексөз

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Е. Бағаевтың өлең жолдарын айтады.

Әңгімелесу.

  1. Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?

  2. Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде болады?

  3. Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едің?

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Құстар торға қалай түсті?» атты үнді аңызын оқып, талдайды.

Назар аударыңыз. Сұхбаттасқан адамының жан дүниесін тануға деген құлшыныс, оның ой сезіміне деген құлытылық, әсіресе сырласының жүрек түкпіріндегі мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру – әрбір қазақтың қарапайым қарым-қатынасынан бастап барша болмысына дейін айқын көрініс тауып отырады. Сонымен бірге, тек өзімдікі дұрыс деп өндіршектейтін бірмойын да емес, өзгенің талғам-танымы көңілге қонбай жатса да, түсіністікпен қарауға бейім. Өзгенің дүние – танымын, құндылықтарды тануын сергек сезімталдықпен түсіну қазақ болмысының ең бір аяулы қасиеті. Мұның өзі, қазіргідей қарқынды өмір ахуалына бейімделе білудің қажеттілігі туындап отырған заманда айырықша мәнді.

Оқу ақпараты. Адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлық танытуынан татулықты байқауға болады. Адамдар арасындағы татулық, жақсы сыйластық пен келісімді бірліктің көрінісі ретінде достық қарым-қатынасқа ұласады.

Дәйексөз.

«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді»

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Бағалау.






























Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Татулы – достық кілті.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

  • адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Жағдаяттарды талдау

VІ. Оқу ақпараты

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Е. Бағаевтың өлең жолдарын айтады.

Әңгімелесу.

  1. Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?

  2. Кез келген мәселені сабырмен шеше аласын ба?

  3. «Татулық достық кілті» дегенді қалай түсінесің?

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы А. Хамзаұлының «Бала жетектеген әйел» атты әңгімесін оқиды.

Жағдаяттарды талдау. Оқулықта берілген Ә. Әбдібайқызының мәтінін оқып, сұраққа жауап беріңдер.

  • Мұғалім неліктен Әлібекті батыр деп жариялады?

Оқу ақпараты. Адамдар арасындағы татулық шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеуден көрінеді. Адам достық қарым-қатынасты бағалай алса, басқа адамдарды түсіне білсе және дау-жанжалды болдырмауды үнемі еске ұстап, өз-өзіне, ісіне есеп берсе, тұрған ортасы мен тату-тәтті өмір сүреді.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңберге тұрып, Ә. Ысқақтың «Бақытты болыңдар, адамдар!» әнін айтады.

Үй тапсырмасын беру. «Татулы – достық кілті» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Бағалау.

Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Адами қарым-қатынас ізгіліктері.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру;

  • адами қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • адами қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Назар аударыңдар

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Тыныштық сәті

VІ. Оқу ақпараты

VІІ. Дәйексөз

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, К. Салықовтың «Бір ауыз сөз» әнін айтады.

Әңгімелесу.

  1. Адамның шын ықыласпен істеген іс – әрекеттері қандай сезім тудырады?

  2. Сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер? Кімге? Неліктен?

  3. Туған жер, табиғат қандай сезім тудырады?

Назар аударыңдар.

Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.

Ғ. Мұстафин.

Мәтінмен жұмыс.

Оқулықтағы Ж. Бейсенбаевтың әңгімесін оқып, оны талдаңдар.

Тыныштық сәті.

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Оқу ақпараты.

Адами қарым-қатынастағы маңызды іс – әрекеттің бірі – бұл сөйлесу болып табылады. Сөйлеу мәдениеті тілден, тілдің тазалығынан басталады. Әрбір адам ана тілінде сөйлегенде ғана ұлт өркен жаяды. Ақын Ә. Тәжібаевтың

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» деген өлеңі өте орынды айтылған. Осы тіл арқылы жеткізілетін, дамитын қазақ халқының сөйлеу мәдениетіне әдепті сөйлеу, шешен сөйлеу, астарлап сөйлеу жатады. Шешен сөйлеу көп ойды аз сөзбен жеткізу ғана емес, мақалдатып, тілдің шырайын келтіре сөйлеу. Ал, астарлап сөйлеу кісінің көңіліне тимес үшін, әрі жекіп, ұрсып, дөрекі сөздерді қоспау үшін ойды тұспалдап айту.

Дәйексөз.

«Түсінудің өзі де – адамның үлкен еңбегі».

Б. Момышұлы.

Үй тапсырмасын беру. «Адами қарым-қатынас» сөзін қалай түсінесің, өз ойынды жаз.

Бағалау.





















Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Адами қарым-қатынас ізгіліктері.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру;

  • адами қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • адами қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Дәптермен жұмыс

ІV. Назар аударыңдар

V. Мәтінмен жұмыс

VІ. Оқу ақпараты

VІІ. Дәйексөз

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?

  2. Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?

  3. Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген кестені толтырыңдар. Күнделікті өмірде кездесетін сыпайы сөздердің тізімін жасаңдар.

Назар аударыңдар.

Кешірім қалай сұралуы керек?

Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен мына жайларды есіңізде ұстаңыз.

  1. Кез келген адамның тұрмыс – тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ.

  2. Сен – бала, сені өкпелеткен адам шешең емес, олай болса сен өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауыңа болады.

  3. Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.

  4. Оның айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түсіреді.

  5. Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыңдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін сондықтан кешірім сұрағанда екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.

  6. Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.

Д. Мамырбаев.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар сабақта түйген ойларын оқулықтағы Ұ. Асыловтың әңгімесімен жалғастырады.

Оқу ақпараты. Адами қарым – қатынастағы игі әрекеттердің бірі – тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрау болып табылады. Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді жағдайлар болады. Кикілжіңнің себебі, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, қызығушылықтардың келіспеуі болатындығын естен шығармаңыздар. Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым – қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен дұрыс.

Дәйексөз. «Құнды сөз құнарлы ойдан шығады».

Л.Н. Толстой

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру. «Адами қарым – қатынас» тақырыбына эссе жазыңдар.

Бағалау.
















Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Әдептен озбайық.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • қоғамдық орындардағы, адами қарым – қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

  • әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

  • әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

ІV. Жағдаяттарды талдау

V. Тапсырма

VІ. Оқу ақпараты

VІІ. Дәйексөз

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, М. Мөңкеұлының жырымен сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Сіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз?

  2. Қазақ халқының және туысқан басқа да халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз?

  3. Әдеп нормаларының жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бола ма?

Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы Ж. Бейсеновтың «Студент қыздың әңгімесі» атты әңгімені оқып, оны талдайды.

Жағдаяттарды талдау.

Оқулықта берілген жағдаяттарды талдап, берілген сұрақтарға жауап беріңдер?

  • Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?

  • Назымға қандай кеңес берер едіңіз?

Тапсырма. Оқулықта берілген ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсініп алыңдар.

Оқу ақпараты.

Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай – ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл – қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.

Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлеуіне және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады.

Дәйексөз.

«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін».

Жүректен жүрекке.

Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Бағалау.


























Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Әдептен озбайық.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • қоғамдық орындардағы, адами қарым – қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

  • әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

  • әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Оқу ақпараты

ІІІ. Дәптермен жұмыс

ІV. Тапсырма

V. Тыныштық сәті

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, М. Мөңкеұлының жырымен сабақты бастайды.

Оқу ақпараты.

Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып қалады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек. Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі барлық тапсырмаларды орындау.

Тапсырма.

Оқулықта берілген әдеп қағидаларын өз ойдарынмен жалғастырыңдар.

Тыныштық сәті.

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Дәйексөз.

Ата – бабаларымыздың дана сөздері әдептілікке, кішіпейілділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке баулиды.

Жүректен жүрекке.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер тілеу арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру.

«Әдеп» туралы мақал-мәтелдер жазып келіңдер.

Бағалау.













































Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Әдептілік-адамгершіліктің бастауы.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың әдептілік, инабатталық, сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • әдептілік, инабаттылық, сыйластықтықтың адамиқарым-қатынастағы мәнін ашу;

  • ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

ІV. Оқу ақпараты

V. Тыныштық сәті

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Ғ. Қараштың «Әдеп» атты өлеңін бәрі бірігіп оқып шығады.

Әңгімелесу.

  1. «Әдептілік – адамгершілік бастауы» дегенді қалай түсінесіз?

  2. Өз іс-әрекетіңізбен ұялған кезіңіз болды ма?

  3. Әдепті адам бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы Н. Шакузадаұлының «Әдептілік әліппесі» атты мәтінін оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?

  2. Әдепті әдетке қалай айналдыруға болады?

Оқу ақпараты.

Әдептілікке адамның ізеттілігі, сыпайылығы сияқты көркем мінездері мен өнегелігі, қарапайымдылығы, тәрбиелілігі, инабаттылығы жатады. Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады. Әдепті кісі өз абыройына кір келтіретін әрекеттерден аулақ жүреді. Кездейсоқ, білместік салдарынан бір жарамсыз іс істеп қойса өкініп, ұялып, жүзі қызарып, істеген ісіне қиналды және түзетуге тырысады. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу.

Тыныштық сәті.

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Дәйексөз.

Инабат – ердің азығы,

Бақыт пенен дәулеттің

Ұстайтұғын қазығы.

К. Әбубәкір.

Жүректен жүреккке.

Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру.

«Әдептілік-адамгершіліктің бастауы» тақырыбына шығармаз жазып келіңдер.

Бағалау.




























Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Әдептілік-адамгершіліктің бастауы.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың әдептілік, инабатталық, сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • әдептілік, инабаттылық, сыйластықтықтың адамиқарым-қатынастағы мәнін ашу;

  • ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Назар аударыңдар

ІІІ. Шығармашылық жұмыс

ІV. Дәптермен жұмыс

V. Түйіндеме

VІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Назар аударыңдар

Иә бүкіл дүниенің тұтқасы адамдардың сыйластығына ғана сыйып тұр десек, артық айтқандық емес. Көрші екеш көршімен жақсы болмасаң, арадағы береке кетеді. Оны айтасыз, бір отбасының ынтымағы болмаса ше, бүкіл шаңырақ шайқалып кетпей ме?!

Адамдарға адамдар жақындауға асығып жүрсе қандай жарасады. Айтыңдаршы, өмірде «Сіз» деп, бір-біріңді іздеп жүргеннен, адамға қуаныш сыйлағаннан артық бақыт бар ма?!

Ақ ниетті жандарға шын көңіліңді білдіріп, таза пейіліңді арнап жатсаң, одан артық шаттық барма?!

Әрине, пенде болған соң жақсыны да жаманды да бастан өткерсің. Өзіңше ой түйесің. Болған істі қорытындылайсың. Кейде түзу дегеннің қисық, қисық дегенің түзу болып шығады. Бұлтарыс – қалтарыстары... өткелдері .... көктемдері...күздері... іздері... көп өмір ғой бұл!

Ә. Ысқақов

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар оқулықта берілген ұғымдардың өзіңе ұнағанын таңдап алып, шағын әңгіме жазыңдар.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар дәптерде берілген барлық тапсырмаларды орындайды.

Түйіндеме.

Әдеп әлеміне барар жол.

  • Әдеп – сана;

  • Әдеп – мәдениет;

  • Әдеп – ізет;

  • Әдеп – парасат;

  • Әдеп – тәрбие;

  • Әдеп – инабат;

  • Әдеп – асыл ой;

  • Әдеп – өмір сыны;

  • Әдеп – отаншылдық сезім;

  • Әдеп – мінез;

  • Әдеп – намыс:

  • Әдеп – әдемі сөз.

Жүректен жүрекке.

Оқушылар шеңберге тұрып, оқулықтағы Д. Әлімжановтың «Көңіліңе ұстап, тоқып ал» өлеңін бәрі бірігіп оқып шығады.

Үй тапсырмасын беру.

Әдепті болу үшін не істеу керек, тізбектеп жазыңдар. Мысалы:

  • Әдепті болу үшін –тәрбиелі болу керек;

  • Әдепті болу үшін –білімді болу керек.

Бағалау.
















Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы. Қайталау.

Сабақтың мақсаты 1.Оқушылардың өзін-өзі тану сабағынан алған білімдерін ары қарай жетілдіруге ықпал ету.

Міндеттері:

  • оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;

  • еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;

  • оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Тыныштық сәті

ІV. Оқу ақпараты

V. Дәйексөз

VІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-біріне ізгі тілектер айтады.

Әңгімелесу.

  1. Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?

  2. Адамның шын ықыласпен істеген іс – әрекеттері қандай сезім тудырады?

  3. Сіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз?

Тыныштық сәті.

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Оқу ақпараты.

Адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлық танытуынан татулықты байқауға болады. Адамдар арасындағы татулық, жақсы сыйластық пен келісімді бірліктің көрінісі ретінде достық қарым-қатынасқа ұласады.

Адами қарым-қатынастағы маңызды іс – әрекеттің бірі – бұл сөйлесу болып табылады. Сөйлеу мәдениеті тілден, тілдің тазалығынан басталады. Әрбір адам ана тілінде сөйлегенде ғана ұлт өркен жаяды. Ақын Ә. Тәжібаевтың

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» деген өлеңі өте орынды айтылған.

Әдептілікке адамның ізеттілігі, сыпайылығы сияқты көркем мінездері мен өнегелігі, қарапайымдылығы, тәрбиелілігі, инабаттылығы жатады. Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.

Дәйексөз.

«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді».

Жүректен жүрекке.

Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру.

«Шуағын шашқан көктем!» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Бағалау.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.08.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров982
Номер материала ДA-009596
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх