Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Өзiн-өзi тану пәні "Батылдық пен өжеттілік" 4 Б" сынып

Өзiн-өзi тану пәні "Батылдық пен өжеттілік" 4 Б" сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №48 Мерзiмі:

Тақырып: Батылдық пен өжеттілік

Құндылық: «Ержүректік, батырлық, өжеттік» Қасиеттер: шыдамдылық, сабырлық, батылдық

Мұғалiм: Омаршаева Нагима Сынып: 4 Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: «Ержүректік», «өжеттік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Батылдықтың, өжеттіктің, сабырлықтың өмірдегі маңызын түсіндіру;

  • Шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;

  • Көпшілдікке, әділдікке, кешірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (үнтаспа «Көк тудың желбірегені» әні) «Батылдық, өжеттік» ұғымы туралы жазылған өнегелі сөздер, топтық жұмыстың тапсырмалары

Сабақ барысы:

  1. Мотивациясын ояту

Шеңбер құрып «Көк тудың желбірегені» әнін шырқайды

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. «Батырлық» деген сөзді түрлі түсті етіп жаз. Тақтаға ілеміз.

  • Неліктен осы түстерді таңдадың?

Музыка ойнап тұрады

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

  • «Батыр» туралы өлең оқып беру




Оқушылар өздері дайындаған өлеңдерін оқиды

  1. Әңгімелеу (сұхбат)

Пікірлесу, сұрақ қою.

  • Қаһарман батырлардың қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласың?

  • Өздеріңнің бойларында батылдық бар деп ойлайсыңдар ма?

  • Неліктен?

  • Өжеттілік көрсеткен кездерің болды ма?

  • Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Әңгіме соңында қорытындылау жасалынады.

Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруге тырысу

  1. Дәйексөз

«Батыл болмай, батыр болмайды» Мақал

Әңгімелесу тұжырымы негізінде бұл дәйек сөз дәптерге жазылады.

Талдау, естерінде сақтату

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Постер қорғау:

  1. Шағын эссе жазу. 1 топ

  2. Өлең шығару. 2 топ

  3. Сурет салу. 3 топ

  4. Шағын көрініс. 4 топ

  5. Жағдаяттарды жалғастыру ұйымдастырылады.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Топпен жұмыс

  1. Топпен ойын:

«Өмірде ерлікке орын жетеді»

Дәптермен жұмыс:

Оқушылар дәйексөзді жазып алып, өз ойын қысқаша жазады.


  1. Жүректен жүрекке /жылы лебіздерін білдіреді/



Автор
Дата добавления 20.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров327
Номер материала ДВ-081490
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх