Инфоурок Другое СтатьиӨзін-өзі тану пәні бойынша баяндама

Өзін-өзі тану пәні бойынша баяндама

Скачать материал

 

«ОҚУШЫНЫҢ РУХАНИ  ӘЛЕМІН  БАЙЫТУ КӨЗІ»

ШҚО

Үржар ауданы,

Қабанбай ауылы,

«Жарбұлақ орта мектебі»КММ мұғалімі

Омарова Гульнара Алимкановна

 

 

Құрметті ұстаздар! Биылғы оқу жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр, ендеше барлығыңызды қос мерекемен құттықтаймын.  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің филология факультетіне  1989 жылы түсіп 1994 жылы тәмамдағанмын. Мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.  

«Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз тегін  айтпаған.  Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге мұғалімдерге тапсырды. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу мұғалімдер қауымының міндеті.  Қиын да қызықты мамандық ұстаздық жолымның бастау алғанына 20 жылдан асты. Жарбұлақ орта мектебінің өзін- өзі тану пәні мұғалімі болып жүргенімен екінші жыл.

Өзін- өзі тану курсын жүргізетін мұғалім қандайда бір пәннің маманы болып табылатыны мәлім. Бірақ бұл сабаққа әзірлену және оны жүргізу ісі қалыптасқан стандартты әдістерден бөлек, жаңаша көзқарасты  талап етеді.

Өзін-өзі тану пәнін ендіру туралы еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынғаны баршамызға мәлім. 2002 жылы 21 наурыздағы “Жалпы білім беретін мектептерде өзін-өзі тану курсын ендіру туралы” №204 бұйрығын орындау мақсатында авторлық жоба пән ретінде оқу жоспарына ендіріліп, оқытылуда.

Ал енді оқушыға  рухани, адамгершілік  тәрбие берудің маңызы  мектептің күн тәртібінен ешқашан түскен емес. «Өзін  - өзі тану» пәні  рухани- адамгершілік  білім беруде мынадай жалпы мақсаттарды алдына қояды.

-      Әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және оның дербестігіне ықпал ету;

-      Өзінің өмірлік позициясын анықтау;

-      Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым қатынас жасау.

-      Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және іс-әрекеттеріне шынайы болу;

-      Жасампаздық, белменділік, азаматтық және отансүйгіштік таныту.

-      Өз ойы, сөзі  мен ісіне жауапты болу;

-      «Адам жолында екі түрлі бір біріне қарама қарсы ағыстар бар.

Бір ағыс қаталдыққа жетелесе, екіншісі – мейірімділікке талпынады.» деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар.

Рух – адам бойындағы күш қуат. Ол қуат барлық жақсылықтармен бірге жасайтын игі істердің  қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер болады. Біздің мақсатымыз мүмкіндігінше оқушыларды жан жақты етіп тәрбиелеу. «Мен өмірде неге қол жеткізуім керек?» деген сұрақтан бұрын «Мен қандай болуым керек? Адам болу деген не?» деген сұрақтарға ойлануымыз керек. 

Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Әрбір оқушы өзін- өзі рухани жетілдіру үшін өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға жетелеу керек екенін түсінуі тиіс.  

Осы орайда біз өзін - өзі тану пәнінің басты критерийлерін анықтап алдық. Олар:

1.     Демократиялық стиль. Бұл оқушы мен оқытушының тең дәрежеде болуын, қандайда бір кедергілерге жол берілмеуін қажет етеді. Мұндай жағдайда оқушылар біртіндеп ашыла бастайды. Мұғалімді одақтасы ретінде қабылдайды.

2.      Тыңдай білу. Оқушының айтқанынын уақыт қанша шектеулі болса да, ақырына дейін бөлмей тыңдау.

3.     Пәнді оқытудың стандарттық әдіс тәсілдері. Сабақ құрылымының өзі әдеттегі сабақтардың белгілі кезеңдерін еске салмайтындай болуы керек.

Әр бал аның жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту үшін өзін өзі тану пәні арқылы ерекшеленеді. Өзін өзі тану пәні сабақтарындағы технологиялық әдіс тәсілдер:

1.     Дискуссия (талқылау, шешімін іздеу, бір пікірге келу)

2.     Сендіру, іздену, салыстыру, анализ жасау, қорытындылау тәсілдері. (алған білімдерін жинақтау)

3.     Өзін өзі басқару (өзі іздену, зерттеу)

4.     Шығармашылық әдістері – бір бірінің пікірін талдау, бағалау келісу, мойындату, еркін ойлау, өзіндік әсер, логика, тұжырымдама жасау.

Өзін-өзі тану пәнін оқытуда интерактивті әдістер:

1.    Рөлдік ойындар, сахналау, көріністер, идеяны ашу

2.    Миға шабуыл. Тақырып бойынша пікірін білдіріп, сын айтады, тұжырым жасайды.

3.    Диалог- журнал жүргізу, оқыған кітаптарын,пікір ойын бөліседі.

4.    Плакаттық жоба қорғау. Оқушының шығармашыл қабілетін ашуға мүмкіндік береді.

 

«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды»,- демекші, ата бабаларымыздан қалған әдеби мұраларды рухани адамгершілік тәрбие беруде тиімді қолдану «Өзін- өзі тану» пәнінің еншісінде  десек қателеспейміз.  Сондықтан да бұл пән ата- бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүріміздің жалғасы іспеттес деуге болады.

Өзін- өзі тану пәні мұғалімі үшін ең үлкен сый – оқушыларының сабаққа ықыласпен келіп, өз ой-пікірлерін бөлісуі, өз өмірлерінен мысалдар келтіруі, бір біріне кеңес беруі, жолдасын мұқият тыңдап, онымен бірге күйініп сүйінуі болып табылады.

Біз оқушыларымыздың барлық сұрақтарына кейбір оқу бағдарламасының аясына сия бермейтін тақырыптарға да  жауап беруге тиіспіз. Бүгін ерік -жігер туралы ертең басқа туралы өтетін пәнге айналдыруға болмайды. Бұл өзара сенім атмосферасын қалыптастыру үшін маңызды ереже болып табылады.

Өзін-өзі тану пәнінің ерекшелігі сол мұғалім тәмсілдердң ертегілерді немесе бейнеклиптерді қалауынша таңдап алады, оған мүмкіндігі де мол. Өз сабақтарымда тәмсілдерді көрсеткеннен кейін балалардан сұрау тәсілін қолданамын.  Балалардан сұрағаннан кейін барып әңгімені түйіндеймін. Өзімнің сабақтарымда қолданатын бейнебаяндарды көрсетейін.(достық, мейірімділік, мақсатқа жету, жанашырлық, ана туралы және тағы басқалар)

Сабақта оқушылардың алған бағаларын бес баллдық жүйе аясында  бағалау мүмкін емес. Шын мәнінде де нағыз адалдықты, бекзаттықты, ақжарқын мейірімділікті қалай бағалауға болады?

Ол қазіргі кезе жаңа технология бойынша  шығып жатқан критериалды бағалау. Оқушыға ойшыл деген атақ беру сый тапсырмалар ұсыну, мұғалімінен естелік оқушылардың өздігінен ойлай білу қабілетін дамытуға оңды ықпал ететін, соған ұмтылысын ынталандыратын нәрселер болып табылады. (осы арада оқушыларға арналған открыткалар мен оригамилерді көрсетемін).

Өзін өзі тану пәні үнемі ізденісте, шығармашылық шабытта жүретіні мәлім. Сабағын қайтсем қызықты өткізсем деген ойда болады. Бұл арада пәнаралық байланысты атап кетуге болады,  яғни оқушылардың ынтасын арттырып, творчестволық тұрғыдан өзін-өзі көрсете білуіне ықпал ететін әдістерді қолдану. Мұндай әдістерді бірі денешынықтыру минуттары, хореография сабақтың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Жаттығу сәтіндегі эмоционалдық климатқа оқушылардың оны орындауға деген ықыласына назар аудару керек. Сабақтарымдағы осы әдісті пайдалану би билеу, флеш моб нәтижесі мектебімізде «Би әлемі» сайысының дәстүрге айналуына ықпалын тигізді. Күнделікті таңертеңгі жаттығулар мен соңғы қоңыраудағы мектеп бітірушілер вальсі барлық мектеп оқушылары билейтін флеш мобқа айналды.

Міне осындай тәсілдерден тұратын өзін-өзі тану пәні оқушылардың бойына  рухани байлығы мол болашақ азаматтарды тәрбиелеуге мол үлес қосатын пән болып  есептеледі.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі оқытып қана қоймайды, бағыт бағдар береді. Өзінің ішкі жан дүниесінің шексіз әсемдігін ашуға бағыттайды. Ал, оқушылар соны аша отырып, өздеріне қажетті білім мен ар – ождан дауысын ашады. Әр оқушы керемет рухани күш иесі. Жас ұрпақтың өзін -  өзі дамуына жол көрсетуде мұғалімге қойылатын талап та маңызды.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімінің заңдары: баланы, сүю, баланы түсіне білу, баланы шабыттандыру.

Шәкәрім Құдайбердіұлы  «Ең үздік тәсіл – әңгімелесу. Адамның бойындағы руханилық пен адамгершілік туралы ой  толғау керек» десе, ұлы педагог В. Сухомлинский «Мұғалім өз бойына телегей теңіз нұр жинауы керек» деген сөздердің өзінде терең философия жатқандығын көруге болады.

Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, оқушының  жүрегінінің төрінен орын алған жағдайда  жас ұрпақты  мейірімді, рухани адамгершілігі мол, жан жағына шуақ шашқан, елжанды адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз. Сондықтан бар жән-тәнімізбен өз мамандығымызды сүйіп еңбек етейік.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Өзін-өзі тану Самопознание. №2  2014ж

2.     Сынып жетекші анықтамалығы. №1  2015ж

3.     Қазақстан мектебі №10 2010ж

4.     Оқыту- тәрбиелеу технологиясы.№5-6-7  2016ж

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәні бойынша баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 765 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.03.2017 2066
    • DOCX 52 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Гульнара Алимкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарова Гульнара Алимкановна
    Омарова Гульнара Алимкановна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8600
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе