Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Өзін-өзі тану пәні мұғалімінің мұғалімдерге арналған семинары

Өзін-өзі тану пәні мұғалімінің мұғалімдерге арналған семинары

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Мұғалімдерге арналған әдістемелік

семинардың жоспары


Мектеп «№11ЖОББМ» КММ Семинарды тыңдаушылардың саны 25

Мерзімі 13.10.2016 ж Мұғалім Тлеубердиева Н.Д.

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы Жалпыадамзаттық құндылықтар мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі


Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі екені жайлы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1) балаларды ізгілікке тәрбиелеуде мұғалімнің рөлін түсіндіру;

2) Жалпыадамзаттық құндылықтармен таныстыра отырып, бойларындағы құндылықтарды дамыту;

3) Жалпыадамзаттық құндылықтарды жүректен жүрекке жеткізіп, балаларға шапағат нұрын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Ресурстары:(материалдары, көздері)

- интерактивтік тақта;

- презентация

- плакат

- қалам;

- ән ойнататын құралдар.


Жоспар:

1.«Өзін-өзі тану»  рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негізі.

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасының аксиологиялық негізі.

3.Өзін-өзі тану рухани адамгершілік бағдарламасын басқа пәндермен интеграциялау.

Залға кіргенде мұғалімдерді топқа бөлу.

Оңтайлы күйге келтіру сәті.

Классикалық ән.

-Тік отырып, терең тыныс алып, денелеріңізді босатып, көздеріңізді жұмып, барлық жағдайларды ұмытып, тек музыканы тыңдаңыздар.

  С.А.Назарбаева «Өзін-өзі тану» білім беру Бағдарламасының авторы: «Мейірбандық пен Сүйіспеншілік жүректен жүрекке жетіп, әлемге шапағат нұрын төге берсін...»,-деп айтқан.

1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

  Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.

  К.Д.Ушинский: «Білімін үздіксіз жетілдіруден жалықпаған ұстаз ғана мұғалім болуға жарайды, ал біліктілігін шыңдаудан қалған күні мұғалім болудан да қалады».

 В.А.Сухомлинскийдің сөзі: «Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы дайындалады. Біздің мамандығымыздың рухани және философиялық негізі осында: оқушыларға білім ұшқынын шашу үшін мұғалім өз бойына телегей-теңіз нұр жинауы керек»,-дейді.

И.К.Крупская: «Бөтен адамның сөзінен гөрі,өзінің жақсы көретін мұғалімінің сөзі басқаша қабылданады»,-деген.

  Өзін-өзі тану сабақтарын жүргізу барысында заманауи психологиялық ілімге сүйене отырып, қажетті дағдыларды ерте жасынан қалыптастырған абзал.

 «Егер мұғалім тек сабағына деген махаббатты көрсетсе, онда ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім балаға  анасы, әкесі сияқты махаббатты сыйласа, онда ол барлық кітапты оқып, бәрін білетін мұғалімнен екі есе жақсы мұғалім»,-деген екен Л.Толстой.

  «Өзін-өзі тану сабағы- бірлескен асқақ өмірдің айрықша кезеңі. Өсіп келе жатқан бала мұғалімнің ісі, сөзі және ойымен Нұрланады, өзінің шынайы рухани табиғатын ашады, шабыттана отырып, өзінің рухани сыйын әлемге таратады.

 Мишель Монтень: «Оқушы құлағына воронкаға май құйғандай үнемі ақпарат құюды әдетке айналдырып, айқанымызды қайталауды ғана талап етеміз.

  Мен болсам, мұның дұрыс емес екендігін мұғалім түсінгенін қалаймын. Мұғалім о бастан баланың табиғи қабілеттілігіне қарай талап қойып,  оған ойындағысын айтуға мүмкіндік беруі қажет».

  Шәкәрім Құдабердіұлы

Жастайынан бастап адамдардың бойында жоғары парасаттылық, өзін-өзі қадірлеу сезімін тәрбиелеу керек, бұл оның өзіндегі айуандық инстинкті жоюға, қауіпті құмарлықты құруға көмектеседі.

   Сонда ғана адамның және адамзаттың түзелетініне үміттенуге болады.

  «Өзін-өзі тануды» оқыту сананы өзгерту арқылы, яғни біздің шынайы табиғатымыз-руханилық, жалпыадамзаттық құндылықтар және осы құндылықтарға сәйкес өмір сүру тыныс алу сияқты, табиғи болу керек.

   Ш.А.Амонашвилидің «Улыбка где ты?» деген кітабында «Балаға күлкі сыйлайтын -мұғалім» деген. Табиғат аясында отбасы өмір сүрген екен, олар жымыңдаған жұлдыздарға, шуақты күнге күнде күлімсіреп жүрген еді. Заман өзгеріп, балаларды тәрбиелеуге мұғалім келді. Балалар өзгере бастады, ашуланшақ бола бастады, енді табиғатқа күлімсіреп қарамайтын болды. Мұғалім балаларды мәдениетке үйретсе де, бар күлкілерінен айырған екен. Ендеше, құрметті ұстаздар, балаларға сүйіспеншілік күлкісін сыйлай білейік, балаларды қайта табиғи күйіне алып келейік.

2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

  Жалпыадамзаттық құндылықтар -тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар –бұл «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының көпұлтты дәне көп конфессионалды мемлекет жағдайындағы бірден бір мүмкін негізі.«Өзін-өзі тану»  бағдарламасының  авторы Сара Алпысқызы Назарбаева:  «« Өзін-өзі тану»  пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді»,- деп атап айтқан.Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Адам кемелденуге деген талпынысы оның ізгілікке деген өсуін білдіреді. Ішкі рухани үйлесімділікке жету үшін әрбір адам өзінің ой, сөз, іс-әрекеттерінде жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуына тырысып, бірлікті тануы керек. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды мәуелі ағашқа теңеп  көрсек, мәуелі ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты, сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, мәуелі ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Мәуелі ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.

   Ақиқат-өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау. Дұрыс пен бұрыстың арасындағы шынайылықты ажырату.Ол уақытқа: өткенге, бүгінге, болашаққа тәуелді емес. Сүйіспеншілік- бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат. Дұрыс әрекет- борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-құлық.

   Қиянат жасамау- ешкімге оймен, сөзбен қиянат жасамау.

    Ішкі тыныштық- ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. Ақыл мен жүрек тең болғанда ішкі тыныштық орнайды. 

  Құндылықтардың алғашқы екеуі –ақиқат пен дұрыс әрекет, барлық адамгершіліктің мәнін қамтиды. Шыншылдық, туралық пен адалдық іштей осы екеуіне тән,барлық жағдайларда шындықты айт және іштегі ар-ождан дауысына сәйкес әрекет ет. Адам риясыз сүйіспеншілікпен әрекет етсе, ол жетістікке жеткеніне немесе жеңіліске  ұшырағанына, рахаттану немесе жан күйзелісіне, қуаныш немесе қайғыға қарамастан ол толық ішкі тыныштықта болады. Бейнематериал: «Сүйіспеншілік туралы астарлы әңгіме».

  1. Не себепті сүйіспеншілік теңіз жағасында қалып қойды?

  2. Қандай себептен сүйіспеншілікті ешқайсысы өз кемесіне алғысы келмеді?

  3. Сүйіспеншілікке кім көмекке келді?

  4. Қалайша сүйіспеншіліктің маңыздылығын уақыт қана түсінеді?

  5. Сіз жақындарыңызға сүйіспеншілігіңізді қалай көрсетесіз?

3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік Бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы.

  Ш.А.Амонашвили: «Балаларды қазіргі мектеп қанағаттандырмайды. Балалар бізден жанды білім күтеді, ал біз болсақ оларға жансыз білім берудеміз».

  Жанды білім-биікке самғайтын қанаттар. Жансыз білім-аяқтағы кісендер. Зияткерлік (сыртқы) білім санадан орын алады (жұмысқа тұру үшін).Рухани-адамгершілік (ішкі) білім жүректен орын алады (бақытты болу үшін). Тұтастырылған білім беру= сыртқы білім+ішкі білім. Білім берудің екі қыры өмір үндестігін құрып диалектикалық бірлікте болуы тиіс. Ш.А.Амонашвили: «Балалар-қорқынышы жоқ ғалымдар, қате жібереді, сынап көреді, іздейді, тіпті өмірлерін де қатерге тіге алады.Балалар оқуды сүймейді, оларда жалқаулық бар деп кім айтты?-Бұл адасу.Ал біз, үлкендер не істейміз: біртұтас білімді ұсақ бөлшектерге бөлеміз, оларды ұзынынан-ұзақ нөмірленген жаттығулар, мысалдар, тапсырмалар, параграфтар тізбесіне айналдырамыз және де оларды орындап, жаттауға мәжбүрлейміз...».

Интеграциялау жолдары:

1.Ұлы ғалымдардың өмірінен және ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдар келтіру.

2.Қазіргі ғылымның жаңалықтарымен таныстыру.

3.Әр оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау.

  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы- ол, ең алдыменен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол-біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзыттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандықтың біртқтастығын көре білу.Мәңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын нәрселеріміздің барлығының біртқтас екендігін көрсетуіміз керек.

«Менің атым Қожа» атты қазақ фильмін көрсету.

-Не себепті Қожа Майқанова мұғалімге қарсы?

-Оспан Рахмановичтің бойындағы қандай қасиет Қожаны өзіне тарта алады?

«Сәлемдеме беру» ойыны.

Шарты: Мұғалімдер әуен қосылған сәтте немесе ән айтқан кезде, қолдарындағы сәлемдемесі бар қорапшаны бір-біріне береді. Әуен аяқталғанда, қолында қорапшасы бар мұғалім, оның ішінен бүктелген қағазды алып, соның ішінде жазылған тапсырманы орындайды. Әр қағазда бір құндылықты көрсету тапсырмасы болады.       

Тапсырма:

Шындықтың маңыздылығы туралы әңгіме айтыңыз.

«Сүйіспеншілік» тақырыбында  ән айтыңыз.

«Мейірімділік» тақырыбында өлең оқыңыз.

«Ақылдылық»тақырыбында нақыл сөз айтыңыз.

«Білім» тақырыбында мақал-мәтел айтыңыз.

Өміріңізде болған қиыншылықты айтып, оны құндылық арқылы қалай шешкеніңізді айтыңыз.

Сабақта болған ыңғайсыз оқиғадан құндылық арқылы қалай шешімін тапқаныңызды айтыңыз.

Қиын баланы өзіңіздің бойындағы қандай құндылық арқылы өзгерткеніңізді айтыңыз.

«Сүйіспеншілік гүлі» ойыны.

 Шарты: Бұл іс-әрекетке барлық мұғалімдер қатысады. Әр мұғалім гүл түрінде кесілген түрлі-түсті қағаз алады. Сол гүлге өздерінің бойындағы ең жақсы қасиеттерін жазулары тиіс, содан кейін барлық гүлдер плакатқа әдемі бақшаның  ішіне жапсырылады. Плакат тақтаға ілінеді.

Қорытынды: Балаларға жанданған білім беріп, осы гүл тәрізді әдемі болып өсіп, мұғалімдердің жағымды қасиеттерімен ол гүлдерге шабыт беру.

Үй тапсырмасы. «Сүйіспеншілік гүлі» атты

ойынындағы мұғалімдердің жақсы қасиеттеріне күнделікті тағы жақсы қасиеттердің қосылуын өз іс-әрекеттерінен бақылап, жазу.

Жиналыстың қорытынды сәті:

Әдемі баяу ән.

-Тік отырып, денемізді босатып, терең тыныс алып, көзімізді жұмайық. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет, сыныпқа оралыңыздар. Көздеріңді ашуға болады.

Бүгінгі семинарға уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Балалар, біздің болашағымыз, бақытымыз! Ендеше, осы балаларға жанды білім беріп, жағымды қасиеттерді бойларына сіңіре білейік, сонда ғана бұл әлем сақталып қалмақ!




Үй тапсырмаcы.

«Звездочки на земле» фильмін көру

Ән айту: Құрмаш Махан «Риясыз махаббат»

Жиналыстың қорытынды сәті.





«№11 ЖОББМ» КММ директоры Айтказина К.М.


Өзін-өзі тану мұғалімі Тлеубердиева Н.Д.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 11.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров28
Номер материала ДБ-342223
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх