Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану пәні: "Менің сүйікті ісім" 3 - сынып

Өзін-өзі тану пәні: "Менің сүйікті ісім" 3 - сынып

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Бекітемін: Ө. Дүйсәлі

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

1 мектеп-гиимназия

Күні: 28.09.2016жыл

Сабақ: № 4

Тақырып: « Менің сүйікті ісім »

Құндылық: Риясыз сүйіспеншілік

Қасиеттер : Табандылық еңбексүйгіштік,адалдық.

Мұғалiм:Матжанова Айнур Жолаевна

Сынып: 3 "а"

Оқушылар саны: 20


Мақсаты: Оқушыларға әр адамның сүйікті ісі болатындығы жайында түсінік бере отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- сүйікті істерімен айналысу арқылы табандылық қасиеттерін қалыптастыру;

- өз істері арқылы еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту;

- әр істі жасауда адал еңбек етуге тәрбиелеу.


Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. (1 минут)

Оқушыларды түгендеу, кітап, дәптер, қалам, күнделіктерін тексеру.

«5-Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті. Жағымды жағдай туғызу. (5 минут)

«Теңіз түбіне саяхат»

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ой бөлісу: Тыныштық сәтінде қандай сезімде болдыңыздар?

Үй тапсырмасын тексеру (4 минут)

Оқушылардың білімдік бағытта дайындап келген мақал-мәтелдерді талдау


Омыртқа жотамызды тік ұстап, еркін отырамыз.

Қолдарын алдарына қойып, орындыққа арқаларын тақап,

көздерін жұмып отыру сұралады.

Дәйексөз (3 минут)

«Сүйіп істеген іс шаршатпайды»

Халық мақалы

Ұлдар қосылып дауыстап мақалды оқиды. Қыздар қосылып дауыстап мақалды оқиды. Ұлдар мен қыздар бірге қосылып оқиды.

Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендердің сүйікті істерің бар ма?

Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Түйін: Балалар яғни, сүйікті іс дегеніміз – әр адамның өз жан - дүниесімен атқарған ісін айтады. Өзі сүйіп жасаған іс адамды ешқашанда жалықтырмайды.


Мұғалім сыйы (12 минут)

Асығыс үкім.

(аңыз)

Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Есік пен терезе жасап күнелтеді. Ол оның ең сүйікті ісі. Бір күні жұмыс істеп жатқанында электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен. 
      Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.

Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді:

  • Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болса, басымызға бәле болуы мүмкін!

Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет болса керекті. 

Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де оны тыңдамай, күнделігін оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім!.. Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгенін істеймін!»


  1. 1. Осы аңыздағы әкенің әрекетін қалай атауға болады?

  2. 2. Мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін не істеу керек?

  3. 3. Бала қандай әрекет жасады?

  4. 4. Баланың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

  5. 5. Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?

  6. 6. Сен қалай жасаған болар едің?



Шығармашылық жұмыс (15 минут)

I – сүйікті іс туралы төрт жол өлең шығару

II – еңбек туралы мақал-мәтел айту

III – сүйікті істерін суреттеу

IV – сүйікті іс туралы құрастырма жұмыстар (түрлі-түсті қағаздармен)


Топпен ән айту (3 минут)

Болайықшы осындай

Сөзі мен әні А. Меңжанованікі

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиыңдықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай!

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай!


Үй тапсырмасы (1 минут)

Балаларға өздерінің айналысып жүрген ісінен көрініс дайындап келу тапсырылады. Ол сурет салу, аппликация, қол өнер түрлерінен дайындалады. Сол жөнінде әр оқушы өз жұмысын қорғайды.


Соңғы тыныштық сәтi. (1 минут)

Баяу музыка қосылады

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)




Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Матжанова Айнур Жолаевна

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-356759
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>