Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану пәні "Сабақтың дәйек сөзі"

Өзін-өзі тану пәні "Сабақтың дәйек сөзі"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

 «Сабақтың дәйек сөзі» - оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоциялық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөздер, даналық сөздер, ұлағатты сөздер алынады

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай)

***

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

(Төле би)

***

Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.

(Бұқар жырау)

***

Үйі құтты азамат ер бақытты,
Жолықтырса адал жарды-жақұтты!

(В.А.Жуковский)

***

Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

(Жүсіпбек Аймауытұлы)

***

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

(Мұхтар Әуезов)

***

Әлемде адамдар достасулары керек. Олардың бірін-бірі сүюге мәжбүрлей алмаспыз, бірақ мен адамдар арасындағы өшпенділіктердің көзін жойғым келеді.

(Айзек Азимов)

***

Шындық арнайы рұқсатсыз-ақ әлемді еркін аралай береді.

 

Ғылыми тәжірибе теориядан алыстаған сайын Нобель сыйлығына жақындай түседі.

(Фредрик Жолио-Кюри)

***

Мемлекет басқаруға лайықты жаралғанбыз дейтіндер көбіне-көп ақылы орта, жаны жарымжан адамдар. Міне, солар асқан жігер мен табандылық танытып алға ұмтылады. Ақыры біреуі өлермендікпен үкімет басына жетіп жығылады.

(Ч.И.Амирэджиби)

***

Бір адал адамды ұрып-соғып жатқанда, барлық адал адамдардың жаны қоса ышқынып, аяққа тапталған адамдық асыл қасиеттің азабын бірге шегіп, ашынулары керек.

Өтірік пен жалғандық – өмірдің адамды қорлауының ең бір кең тараған оңбаған түрі.

(Л.Н.Андреев)

***

Өзімізді-өзіміз тежеп ұстай білуге жарты өмірімізді жұмсайды екенбіз.

Әйелдермен ақыл арқылы емес, жүрекпен сөйлесу керек.

(М.Арнольд)


1.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн.
***********
2.Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Сенека.
***********
3.Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т.Фуллер.
***********
4.Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.
А.П.Чехов.
************
5. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн
****************
6."Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов.
***************
7.Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
А.С. Макаренко
*************
8.«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К.Д.Ушинский
*************
9.Құт берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат.
Қазыбек би
*************
10.Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.
*************
11.Ұстаз – анаңдай ұлы.
**************
12.Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi ұшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
**************
13.Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.
*************
14.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
************
15.Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз.
**************
16.Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .
Жүсіпбек Аймауытұлы
***********
17.Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.
Қадыр Мырза Әлі
*************
18…Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев
****************
19.Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин
****************
20.Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов
***************
21.Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов
****************
22.Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек Аймауытов
****************
23.Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы
***************
24.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов
*************
25.Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов
*************
26.Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов
**************
27.Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
Жалау Мыңбаев
************
28. «Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
С. Аманжолов
************
29. “Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
Мұхтар Әуезов
************
30.Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
***********
31.Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары
***********
32.Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
*************

33.Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
Абай
*************
34.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
************
35.Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Абай
*************
36.Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би
***********
37.Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар жыра
************
38.Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Жүсіпбек Аймауытұлы
**************
39.Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
****************
40.“ Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл”-
*************
41.Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.
Қабуснамадан
*******************
42.Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.
Халел Досмұхаммедұлы
***************

43.Көрінеді тілден түйсік, білім де,
Біле білсек жарылқаушы – тілінде.
***************
44.Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.
*******************

45.Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі.
**************
46. Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір.
*****************
47.Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.
Жүсіп Баласағұн
**************
48.Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.
Махмұд Қашқари
**************
49.Әдеп басы — тіл.
*************
50.Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.
Ахмет Йүгінеки
*************
51.Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.
Ыбырай Алтынсарин
*************
52.Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпай сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
**************
53.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
***********
53.Шешеннің тілі
Шебердің бізі.
Абай Құнанбайұлы
************
54.Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
Ахмет Байтұрсынұлы
*************
55.Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
“Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғандығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз”
Ахмет Байтұрсынұлы
*****************
56.Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
Ахмет Байтұрсынұлы
***************
57.Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын.
Ахмет Байтұрсынұлы
**************
58.Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
Ахмет Байтұрсынұлы
******************
59.Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
Ахмет Байтұрсынұлы
*************
60.Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.
**************
61.“Біздің тәжірибемізде қазақ тілі — бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек”.
**************
62.Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.
Халел Досмұхаммедұлы
***************
63.Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
***************
64.Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
************
65.“Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек”.
Міржақып Дулатов
*************
66.“Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті”, “Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі”.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
*************
67.“Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік”.
************
68.Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.
Мағжан Жұмабаев
*************
69.“Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі”.
Жүсіпбек Аймауытов
************
70.Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…
Сәкен Сейфуллин
*************
71.“Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деу де болады, себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса, рухани-ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Тегінде, қай мамандық саласында жүрген адам болса да, шын интеллигент дәрежесіне жету үшін әдебиетті білу жалпылығы ортақ шарт. нна тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел “азған” ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес”.
*************
72.Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
************
73. Қазақша жазу — қазақ сөздерінің кез-келгенін құрастыра беру емес.
************
74….Көген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: “Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.
************
75.Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болады.
Мұхтар Әуезов
************
76.Әркімнің туған тілі – туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.
Сәбит Мұқанов
************
77.Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені.
Сәбит Мұқанов
************
78.Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.

79.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
************
80.…Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл…
Бауыржан Момышұлы
***************
81.Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.
Бауыржан Момышұлы
***************
82.Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.
Бауыржан Момышұлы
***************
83.Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.
Бауыржан Момышұлы
***************
84.Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге белгісі.
Бауыржан Момышұлы
***************
85.Ана тілін ананың баласындай сүй.
86.Тіл өлгенді де тірілтеді.
87.Пайдасыз мың сөзден бармақтай ғана пайдалы бір іс артық.
88.Қамшы дағы етте, тіл дағы жүректе.
89.Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.
Ғабиден Мұстафин
**************
90.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді…
Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.
91.Ана тілі дегеніміз – баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі.
92.“Әдебиет тілі бір халықтың тіл байлығын ғана көрсетпейді, сонымен бірге, сол халықтың елдік дәрежесін, ой-кемерін сезіну тереңдігі мен таяздылығын да көрсетіп тұрады. Ең ақыры — ана тілін білмеген ақын, жазушы ел-жұртының ескілі-жаңалы тіршілігімен ажырасқанын да көрсетеді”.
93.Ана тілін білмеушілер өздерін білімсіз деп санамайды-ау деймін. Сондықтан өздерін асырап отырған ана тілін қалай болса да солай қорлай беруге ұялмайды.
94.Тілден биік асқар тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.
95.Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдереді.сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін де бүлдіреді. Қуантамын деп қуартады. Келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады.
Ғабит Мүсірепов
******************
96.Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.
Қабдеш Жұмаділов
********************
97.Қазіргі қазақ тілі — небір керемет философиялық толғаныстарды да, күрделі терең ойларды да, қылдан нәзік, жібектен биязы, аяулы сезім-тебіреністерін де емін-еркін әсерлі жеткізетін көсілмелі, кең құлашты көркем тіл, “толқынын жүрегінің хаттай танытар” ғажап тілдердің бірі. Бұған барша қазақ баласы мақтана алады.
**************
98.Ана тілі
Ананың құнар сүті ғой,
Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі
Халқыңның ырыс-құты ғой,
Игілігіңе кенелетін.
Мұзафар Әлімбаев
******************
99.Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік.
Әбіш Кекілбаев
*****************
100.Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы.
Шыңғыс Айтматов
********************
101.Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисымын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң не бір алуан – шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте, тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне! … Осындай майса сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Нұртас Оңдасынов
*******************
102.Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының , туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.
Шерхан Мұртаза
******************
103.Мемлекеттік тілде ғылым дамымай, мемлекеттік тіл де дамымайды.
104.Тілді аудармамен дамыта алмаймыз.
105.Тіл – халықтың басты белгісі. Мемлекеттік тіл – тек мемлекеттік рәміздердің бірі ғана емес, ұлттардың, мемлекеттердің бірегей негізі.
Бәріміз де мойындауға тиіс бір шындық бар: Жалпы адам баласы, жеке ұлттар мен ұлыстар жер бетінде қанша жасамасын, оның тілсіз көрген күні – тұл.
Әбдуәли Қайдар
********************
106.Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!
107.Тілден артық қазына жоқ
Тілден артық қасиет жоқ.
108.Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады.
109.Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі.
110.Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
Нұрсұлтан Назарбаев
**********************
111.Алтынды басқаларға қаздырып алармыз, бірақ қазақ тілін басқалар арқылы дамыта алмаймыз. Қазақ тілін тек қазақ халқының өзі ғана мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізе алады.
****************
112.Ұлттық тіліміздің – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге барлық қазақ ортақ күш салуға тиіспіз деп ойлаймыз.
Нәбижан Мұқамедханұлы
*****************
113.Қазақ тілі жайында жылаңқы 40 мақала жазғанша, 40 адамды қазақ тіліне үйретіп шығарғанымыз артық.
Алтынбек Сәрсенбаев
***********
114.Тілің үшін жаныңды аяма, құлыным. Тіл халықтың жаны. Тілсіз халық, халық болудан қалады. Тіліңді қорға!
108-жастағы Божай ана
************
115.Ана тілі дегеніміз – күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы.
Бақытжан Хасанов
************
116.Тәуелсіз еліміз бар, байырғы жеріміз бар, баянды атамекеніміз бар, қайырлы дініміз бар, зайырлы діліміз бар, бай тіліміз бар, осынау шалқар даламыз бар, Бас иер Президентіміз бар. Сондықтан мығым Ел боламыз деген Құдайдан үмітіміз бар.
Болашақ үшін тілімізді қайткенде де сақтауымыз тиіс.
Өмірзақ Айтбайұлы
*************
117.Бүгінгі таңдағы ана тіліміз үшін күрес екі майданда жүргізілуі керек, бірі – қазақ тілінің әлеуметтік қызмет аясын кеңейту, оны әсіресе кеңсе-іс қағаздарының да, ғылымның да, заң-сот істерінің де тіліне айналдыру болса, екіншісі одан кем түспейтін, тіл мәдениетін көтеру, тілімізді тек дұрыс қана емес, әсерлі, әдемі етіп жұмсау үшін күрес болуға тиіс.
Рабиға Сыздық
***********
118.Тіл игеру тың игеруден де қиын.
Қонысбай Әбіл
**********
119.Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
Ахмет Жұбанов
***********
120.Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл
Әбіш Кекілбай
**********
121.Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта
Әлихан Бөкейхан
***********
122. Біздің қазақ бауырларымыз аталы сөзді өте түсінетін, өте зерек халық.
Сайфи Құдаш
************
123. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз
Ғұмар Қараш
*************
124.Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
************
125.Қасиетін сезем деп ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның
Мұқағали Мақатаев
***********
126.Тіл – діліміздің діңгегі, салт-дәстүріміздің қайнар бұлағы.
Амангелді Ермегияев
**********
127.Тәрбиенің бірінші шарты балаға жақсы есім таңдау.
Әлішер Науай
************
128.Баланың тәртіпсіздігі үшін әкені аяусыз жазалау керек.
Феликс Дзержинский
***********
129.Нәтижелі тәрбиенің сыры мұғалімге болған құрметте.
Р.Эмерсон
************
130.Перзенттер аналарды бриллианттан да артық безейді.
Самуэль Батлер
************
131.Бала еш нәрсеге қызықпаса, еш нәрсені үйрене алмайды.
************
132.Тәрбиеші болу үшін,тәрбиеленген болуың керек.
С.А.Макаренко
************
133.Балалар тәрбиесін – үлкендерден бастау керек.
М.Горкий
*************
134.Мектеп ақылыңа,ақыл қосады
мұғалім келешектің,жолын сызады.
**********
135.Бала-дүниеге әкелгендікі емес,тәрбиелегендікі.
Халық мақалы
************
136.Ақылы қысқаның тілі ұзын.
Аристофан
************
137.Қалай болса солай сөйлейтін адам, қалай болса солай ойлайтын адам.
************
138.Ешбір ата-ана өз перзентіне мінез-құлқынан артық мұра қалдырмайды.
(Мың бір хадис)
************
139.Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын.
Ж.Баласағұн.
*************
140.Өзі білмей, білгеннің тілін алған ғалым,
Өзі білмей білгеннің тілін алмаған, өзіне залым.
З.М.Бабыр.
************
141.Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік.
К.Г.Паустовский.
*************
142.Балаға берілген дұрыс тәрбие-бұл бақытты кәрілік,
қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз.
С.А.Макаренко
*************
143.Білім көп өмір аз,
Керегіңді тасқа жаз
*************
144.Халық үшін наннан соң ең маңыздысы-мектеп
У.Дантон
************
145.Білім және атамұраны жақсы тәрбие менен безеу керек
Абу Насыр Фарабий
************
146.Баланы тәрбиелеуге күші жетпеген адам ғана оның үстінен арыз етеді.
*************
147.Ақ жолында кім үйретсе бір әріп
Болмас оның қызметін қайтарып
Әлішер Науай.
************
148.«Маған жақсы мұғалім бәріненде артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»
Ы. Алтынсарин
************
149.«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»
*************
150.«Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққаннан кейін оннан да көбірек оқу керек»
Д.И.Писарев
************
151.Білімнен жақсырақ қазына болмас,
Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас.
А.Рудакий
************
152.Мектеп құшағында білімге талпын,
Ертең азамат – деп ардақтар халқың.
**************
153.Сен оқытқан әріптер,
Дүние сырын дәріптер.
************
154.Мұғалімнің сөзі – тәрбиенің құралы
*************
155.Баланы тәрбиелеу - қоғам басқаруынан да ауыр.
************
156.Ұстаз – әр бір оқушыға ақыл-кеңес айтатын, бақыт жолын көрсететін, жақсылыққа жол сілтеуші, жанашыр адамның бірі.
**************
157.Сақтар болсаң халқыңды,тілді сақта.
Баға жетпес мұра жоқ,тілден басқа.
Әбу Сәрсенбаев.
*************
158.Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда,
Қарашасын жалмаса?
Молдалықтан не пайда,
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса?
ТӨЛЕ БИ
*************
159.Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қалжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.
МАЙҚЫ БИ
**************
160.Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

*************
161.Азға-азды қоса берсең аз-аздан,
Ол аз кейін көп болады орасан.
Грек мақалы


  • «Ойланып бас қадамыңды, түсіп кетпе шұңқырға,

Онда, қалқам, ой түгіл, денең көнбес ырқыңа»

Рудаки


  • «Бәрінен көшті адам - өзіне- өзі сенетін адам»

Луций Сенека



  • «Өзіңді – өзің тану даналықтың бір інші белгісі»

Карл Маркс

  • «Ерекше іс істесен, ел таңырқайды».

Қ.Айнабеков


  • «Сен істі сүйсең,іс саған бас иеді».

Халық мақалы


  • «Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет».

М.Горький


  • Әзір ас жоқ дүниеде

М.Әлімбааев


  • Сабақ өзі оқылмайды,

Белбеу өзі буылмайды.

  • Үйлер өзі салынбайды,

Кітап өзі жазылмайды.

  • Шарбақ өзі тоқылмайды.

Тұқым өзі себілмейді,

  • Көйлек өзі жуылмайды,

Барлық істің батыры- біз,

  • Құдық өзі қазылмайды,

Арба өзі жегілмейді.




  • Өмірге қуаныш –бұл денсаулықтың белгісі ғана емес, аурудан сауығудың тиімді жолы.

Халық даналығы.

  • Не ақылы, не күш қайраты жоқ адам ғана нағыз сорлы

Бенцел- Штернау.

  • Қарапайымдылық- моральдық сұлулықтың басты шарты

Л.М. Толстой.

  • Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын...

Абай.


  • Өз жанына көп үнілген жан қателігін тез сезеді, еріксіз салмақты болады, бәрін білем демейді, көкірек кермейді.

К.Гельвеций


  • Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керек?

Жаның таза болмаса, тіл тазасы не керек?

Қазақ халқының даналығы


  • «Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады»

Абай Құнанбаев



  • «Адамды ұзаққа созылған дене әрекетсіздігіндей ештеңе де соншалық титықтатып, бүлдірмейді»

Аристотель

  • «Ең басты дәрі- дәрмек – таза ауа, суық су, ара мен балта.»

Василиий Поленов

  • «Қызыры білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет.»

Чарльз Дарвин


  • «Қарапайымдылық – жасыл алқап,

Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.»

Ахмет Йгүнеки


  • Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Ж. Баласағұни


  • Ізгі мінез, түзу құлық болғанда,

Пайда түгел екі бірдей жалғанда.

Екінші – ұят, сосын шындық – үшінші,

Үшеуімен ел көгерер (түсінші!)


    • Биязыны халық сүйіп, ұғады,

Ісі түзу кісі төрге шығады.


Ж. Баласағұни


  • « Қуыс кеуде болғаннан артық қорқынышта, қорлықта жоқ.

Қорқақтық – ездік, аяшақтық, көнбістік – құлдықтың ең жаман түрі.»

Бауыржан Момышұлы



  • « Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.»

Людвиг Фейербах


  • Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды.

Ахмед Югнеки


  • Өзі жетпей мал жинап сараң болады, содан күні қараң болады.

Махмұд Қашғари


  • Сараңдық күш алса, қуаныш азаяды.

Жүсіп Баласағұни


Әділ болсаң – араға - ақ, аққа – жақ,

Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!

Ж.Баласағұни


Ақиқаттың ең сенімді белгісі – қарапайымдылық пен ашықтық.

Жалғандық әрқашан қиын, түсініксіз және көпсөзді болады.

Л.Н.Толостой


  • Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны

Абай Құнанбаев


  • Еріншекке – есік те асу көрінер, жалқауға бұлт та жүк көрінер.

Махмұд Қашғари


  • Еріншектің ерні жібімес, жалқаудың ісі маңдымас.

  • Еріншекке бүгіннен ертең оңай.

  • Еріншек түске дейін ұйықтамайды, кешке дейін есінейді.



    • « Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамдар салихалы, сыпайы сөзімен сәнді»

Әлішер Науаи



    • « Ойы таза адамның жаны таза»

Бернардино Сиенский


    • Өзіңе қарай дос таңда,

Күшіңе қарай жүк көтер.

Жүсіп Баласағұн

    • Махаббат - өмірдің өлең – жыры, жарық күні.

Виссарион Белинский












Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров436
Номер материала ДВ-320769
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх