Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӨзін-өзі тану пәні "Шаңырақ жарастығы"

Өзін-өзі тану пәні "Шаңырақ жарастығы"

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп №212 мектеп-гимназия Мерзiм 23.11.2015ж

Тақырып Шаңырақ жарастығы

Құндылық сүйіспеншілік

Қасиеттер шыдамдылық, кешірімшілдік, ынтымақшылдық

Мұғалiм Садықова Шаттық Класс 3 «Б» Оқушылар саны 23


Сабақ мақсаты: Шаңырақ жарастығы арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Шаңырақ жарастығы туралы түсініктерін кеңейту;

  • Бала бойындағы шыдамдылық, кешірімшілдік, ынтымақшылдық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды қоршаған айналамен жарастықта болуға тәрбиелеу.

Ресурстар(оқулық, дәптер, түрлі-түсті қаламдар, бейнепроектор, плакат, маркер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5 «Т» ережесін еске түсіру.

Татулық

Тыныштық

Тәртіп

Тазалық

Талап

Тыныштық сәтi (Жағымды күйге ену)

Нұрға бөлену

  • Балалар, қандай әсерде болдыңдар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 48-49 беттеріндегі А. Асылбековтың «Сүйіспеншілік» атты әңгімесін оқып келу.

  • Олар үйлеріне неліктен сүйіспеншілікті шақырды?

  • Сосын не болды?

  • «Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің отбасында сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

  • Сүйіспеншілігімізді тек отбасына ғана білдіреміз бе?

Ескертулер


  1. Дәйексөз

Ата-асқар тау,

Ана-бауырындағы бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Халық мақалы

Барлығы хормен оқиды. Ұлдар, қыздар оқып қайталайды

  • Балалар, халық мақалын қалай түсінесіңдер?.


  1. Әңгiмелеу

«Отбасы татулығы» аңыз әңгімесі

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Олар отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таңды қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған.

Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалады.

-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қояды.



- Патша ауылға не үшін келді?

- Ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді?

- Патшаның бұл оқиғадан кейінгі әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар?

- Өзің отбасы татулығы үшін не істейсің?

- Кешірім жасап, шыдамдылық танытқан кездерің болды ма? Не үшін олай ету керек? Әңгімелеп беріңдер.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

- Балалар, сендерге жаңағы Данышпан ата хат жолдапты.

- Менің ақылды балаларым, қалай жағдайларың? Көңіл-күйлерің қалай? Ата-аналарың, дос-бауырларың қалай? Балаларым, ата-анамызды құрметтеп жүрміз бе? Не үшін құрметтеймін деп бір сәт те ойланбаңдар! Олар сені бар жан-тәнімен жақсы көреді. Барлық жағдайыңды жасайды. Бір сәт ата-анамызға осы жарық дүниені көрсеткені үшін алғыс білдірейік, жарай ма? Мен сендердің өте жақсы болып өсіп келе жатқандарыңды білемін. Ал, біз, ата-ана тақырыбында мақал-мәтел білеміз бе? Менің тапсырмаларымды еш қиналмастан орындайтындарыңа сенемін. Ендеше іске сәт, құлындарым!

- Данышпан атаның тапсырамаларын орындайық. Қазір тапсырманы орындау үшін топтарға бірігейік.

Мақалды жалғастырып, мағынасын ашыңдар.

1-топ

Атаға қарап-... ( ұл өсер)

Анаға қарап-... (қыз өсер)

2-топ.

Ата-ананың қадірін ... (Балалы болғанда білесің)

3-топ

Атаның баласы болма ... (адамның баласы бол)

4-топ. Ұядан не көрсең,...(ұшқанда соны ілерсің)


  1. Топпен ән айту.

Ана туралы жыр

Сөзі: Ғафу Қайырбеков

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Даланың әр гүлін жинадың сен маған

Сен бердің құстардың қанатын самғаған

Балалық қоштарың өзіңе арнаған



Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап өсірген жемісің

Самал жел саябақ құшағың мен үшін

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын



Өтеуге борышын анашым жан сырым

Іздедім сен үшін әлемнің асылын

Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені

Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді



Қайырмасы:



Ете көр қанағат, әзірге берерім

Балалық махаббат, балалық жүрегім

Бол риза анашым, қолдағы осы бар

Өзіңе арнаған әнімді қосып ал


  1. Үй тапсырмасы

Оқулықтың 51-52 беттеріндегі Е.Өтетілеуовтің «Бірлік» атты әңгімесін оқып келу. Оқушы дәптерінің 26-бетіндегі тапсырманы орындау.


  1. Соңғы тыныштық сәтi

  • Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болды?

Бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды жүрегімізде сақтайық. Бүгінгі керемет сабақ үшін сендерге көп рахмет!




Мұғалім:__________ Ш. Садықова

Директор:_________ А. Садықов

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәні "Шаңырақ жарастығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 054 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 889
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыкова Шаттык Жандилдаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыкова Шаттык Жандилдаевна
    Садыкова Шаттык Жандилдаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9594
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 28 регионов

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 26 регионов

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе