Инфоурок Другое КонспектыӨзін-өзі тану пәні "Сүйіспеншілік өмір өзегі"

Өзін-өзі тану пәні "Сүйіспеншілік өмір өзегі"

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:№56.

Мерзiмі: 04.12.2015жыл.

№10- сабақ.

Тақырыбы: Сүйіспеншілік өмір өзегі.        

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттері: жақсылық,сенім, мейірімділік, адамгершілік.

Мұғалiм:Сүншалиева Алтынкөз Ерғалиқызы

Класс:5«Б» «В»                                 Оқушылар саны: 30

Сабақтың мақсаты: риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын оқушыларға ұғындыру.

Міндеттері:

-  оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән- мағынасын түсіндіру;

- жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы, адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды өз Отанын, жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын Риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу

 


Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Дөңгелене отыру.Сәлемдесу.

 5Т( сыныптағы тәртіп , талап , тыныштық , тазалық және татулыққа назар аудару).

2.Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»                                  Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!   

Үй тапсырмасы:Түсінік айтып. Нақыл сөздерді оқып ,талдап, мағынасын түсіндіру                     

Дәйек сөз: «Сүйіспеншілік  — жүректен».

                                                             

                                                                   Ш.Құдайбердіұлы

                                         

2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу және бәріміз бірге қайталау.Дәптерге жазу.

 


Әңгімелеу. «Мұғалімнің сыйы».

Көктем сәні

Балтабай Әділов

  Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салады. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.

-Жар салдыр,-дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!

Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.

-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға  жағалай қарап алып. – Көктем сәні неде?

-Жасыл желек,-деді Ақбөкен.

-Тоғай,-деді Қоян.

-Тау мен тас,-деді Арқар.

-Дала,-деді Қасқыр.

-Ашық аспан,-деді Түлкі.

Салқын самал,-деді Бұғы.

-Еңбек,-деді Піл.

-Шалқыған көңіл, деді Аю.

-Шаттық,-деді Керік.

-Күлкі,-деді Борсық.

-Жігер,-деді Қодас.

-Шуақ,- деді Саршұнақ.

Аңдар айтып біттік дегендей, іркіліп қалады. Арыстан оқты көзімен үнсіз отырған Елікке қадады:

-Сен неге үндемейсің?

Елік лып етіп орнынан тұрады да, Арыстанның  алдына келіп:

Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні-осы  айтылғандардың  бәрі. Солардың бәрін қоссақ, көктемнің сәні шығады.

Еліктің  сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.

Сұрақтар:

Аңдардың табиғатқа деген көз қарасы қандай?

Елік табиғат сұлулығын  қалай бағалады?

Табиғат сұлулығы қандай сезімге бөлейді?

Табиғатқа  деген сүйіспеншілік сезімдеріңді  қалай білдіресіңдер?

 


Шығармашылық  және  топтық іс-әрекет.  

Топпен жұмыс.

1-ші топқа

Отан

………………………….елімді,

………………………..жерімді.

……………………… даламды.

……………………….. Отанды.

2-ші топқа

Табиғат

…………………………… қатты,

……………………… табиғатты.

………………………… аңдарды,

……………………….. бауларды.

(Өз шығармашылығымнан айтып беру)

Отан

Қорғаймын мен елімді,

Кең байтақ өлке жерімді.

Көсіле жатқан даламды.

Сатпаймын мен Отанды.

 

Табиғат

Жер ана бізге үн қатты,

Қорғаңдар әсем табиғатты.

Қорғап, сақта аңдарды,

Күтіп, бапта баулар

 

 Топпен ән айту.   

“Анашым”

               Сөзі: Қ.Жұмағалиевтікі

                                              Әні: М.Омаровтікі

 

1.Шет жүрсем – сағынарым,                         

Жабықсам – шағынарым.                          

Анашым, бір өзіңсің –                                

Табынарым!     

                                          

    Қайырмасы:      

                                        

Анашым, шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.

 

2.Ұшырған сұңқарыңмын,

Қияға шырқарыңмын,

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын.

 

Қайырмасы.

 

Қорғаным өзің деймін,

Жан дауа – сөзің деймін.

Анашым, сені ойласам,               

Көз ілмеймін….

Қайырмасы

Үйге тапсырма: №10 сабақ, оқулықтың 39 бетіндегі А.Самиғоллаұлының «Махаббат мәні» өлеңін жаттап келу. Жұмыс дәптерінде  берілген 1,2-ші тапсырманы орындап келу.

Соңғы қортындыдау сәтi:

Баяу әуен қойылады.                                                                                     Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 

Ресурстар:

оқулық,дәптер, аудио.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысын талдау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәні "Сүйіспеншілік өмір өзегі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 185 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 1966
    • DOCX 33.7 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалуова Алтынкөз Ерғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қалуова Алтынкөз Ерғалиқызы
    Қалуова Алтынкөз Ерғалиқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18529
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой