Инфоурок Другое Рабочие программы"Өзін-өзі тану" пәнінен ашық сабақ "Бұл әлемге келген соң..."

"Өзін-өзі тану" пәнінен ашық сабақ "Бұл әлемге келген соң..."

Скачать материал

                                                                           Тексерілді: _______________           

                                                                «____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

№: 2

Мұғалімі:

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Бұл әлемге келген соң...

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, шынайылық, жанашырлық.

 

Мақсаты: Оқушыларға бұл өмірге келген соң адам айналасындағылармен жақсы қарым – қатынаста болу керектігін, өмірдің мәні ізгі қарым - қатынаста екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.     Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңызын түсініру.

2.     Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

3.     Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға жанашыр болуға  тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kk.wikipedia.org

2.http://bilimsite.kz

Сабақтың барысы:

1.   Ұйымдастыру кезеңі. 

5 Т – ережесі:

1.   Тәртіп.

2.   Талап.

3.   Тыныштық.

4.   Тазалық.

5.   Татулық.
     Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

     Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
     Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2.   Үйге тапсырманы тексеру.

1. №1 - сабақ. Адамдар арасындағы ізгі қарым – қатынас туралы эссе жазып келу.

2. Келесі сабақ. №2, «Абай жолы» романынан үзінді «Қайтқанда» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1.     Аналары Абайды қалай қарсы алды?

2.     Абай өзінің наным – сенімдерге көзқарасын қалай байқатты?

3.     Абайдың аналарымен қарым – қатынасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсінуге болады?

4.     Абайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

5.     Өзіңнің анаңмен қандай жағымды оқиғалар болды? Айтып беріңдер.

3.   Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болса да ілгері баспайды.

                                                  Павлов Иван Петрович

Иван Петрович Павлов (14 (26) қыркүйек 1849, Рязань — 

27 ақпан 1936, Ленинград) — орыс ғалым, бірінші орыс Нобель сыйлығының лауреаты, физиолог, жоғары жүйке қызметін және жүйке тізбектерін қалыптастыру ғылымын жасаушы; Ресейдің ең ірі физиологиялық мектебінің негізін қалаушы.

Сұрақтар:

1.     Адам өмірінде сүйіспеншіліктің маңызы қандай?

2.     Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 

4.   Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Өмірде Сүйіспеншілік маңызды

Бір кездері Қуаныш, Қайғы, Ақылдылық, Сүйіспеншілік, Байлық, Тәкаппарлық, т.б. барлық сезімдер бір аралда тұрған екен. Бір күні арал бата бастады да, барлық сезімдер кемелерге отырып аралдан алыстауға асықты. Тез арада бос кеме қалмай қалды. Сүйіспеншіліккемеге отырып үлгермеді де, кемесіз қалып қалды. Аралдың тез батып бара жатқанын көріп, Сүйіспеншілікбасқа сезімдерден көмек сұрауға жүгірді.

Байлық өте үлкен кеме ішінде жалғыз отыр екен. Сүйіспеншілік:

-   Байлық, мені қасыңа алшы, маған кеме жетпей қалды, - деп жалынды.

-   Жоқ, ала алмаймын. Кемемде алтын мен күміс өте көп, саған орын жоқ! - деді Байлық.

Сүйіспеншілік өте әдемі кеме ішінде кетіп бара жатқан Тәкаппарлықты көріп оған:

-   Тәкаппарлық, маған көмектесші, жалғыз қалып барамын! — деді.

-   Саған көмектесе алмаймын, Сүйіспеншілік. Үсті-басың су болып қалды, кемемді кірлетесің!

Қастарынан Қайғы өтіп бара жатыр екен, Сүйіспеншілік Қайғыга дауыстап:

-   Қайғы, сенімен барайыншы...

-   Уф, Сүйіспеншілік, сондай қайғылымын, жалғыз қалғым келеді, - деді Қайғы.

Қуаныш та Сүйіспеншіліктің қасынан өтіп барады, шаттанғанынан Сүйіспеншіліктің сөздерін естімей өте беріпті.

Бір кезде Сүйіспеншілік “Кел, Сүйіспеншілік, сені қасыма алайын” деген біреудің дауысын естиді. Бұрылып қараса, оны қасына шақырған жасы үлкен бір ақсақал екен. Сүйіспеншілік қуанып оның кемесіне отырып алады. Жаңа аралға жеткен кезде Сүйіспеншілік ақсақалдың кім екенін сүрауды ұмытқанын түсінеді. Ақсақал болса баяғыдан-ақ кетіп қалған еді. Сүйіспеншілік Ақылдылықтың қасына барып сұрайды:

-   Маған көмектескен ақсақал кім болды екен?

-   A-а, ол ма? Ол - Уақыт!

-   Уақыт? Маған неге көмектескенін білесің бе?

-   Өйткені тек қана уақыт Сүйіспеншіліктің қаншалықты маңызды екенін түсіне алады...

Сұрақтар:

1.     Неге адамдардың жүректерін риясыз сүйіспеншілікпен толтыру күрделі іс?

2.     Әр адамның өмірінде риясыз сүйіспеншіліктің маңызын қалай түсінесіз, жалпы әлемде Сүйіспеншіліктің рөлі қандай?

3.     Сіздер қалай ойлайсыздар осы әлемде барлығын не біріктіреді? Өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.

4.     Өзінің мейірімді істерінің нәтижесі ретінде қарастырылатын риясыз сүйіспеншіліктіңкөрінісімен байланысты оқиғаларды сипаттаңыздар?

 

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

 Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: «Мақалдарды толықтыру»

1 – топ: «Жанашырлық»

1. Өмір — теңіз,
... — егіз,
Ақыл — сегіз. (еңбек)

2. Өмірдің өзі — ұлы ... (ұстаз)

3. ... жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны. (көңіл)

4. Балалық шағы — ... тағы. (патшаның)

2 – топ: «Мейірімділік»

1. Өзінің ... мінін көрмей,
Біреудің инедей мінін көреді. (кетпендей)

2. Бұл өмірде жалғыз бақыт – тоқтаусыз алға қарай ... (талпыну)

3. Өмірдің мәні не? ... қызмет етіп, көмек көрсету. (айналаңа)

4. Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің ... емес. (кереметтері)

3 – топ: «Сүйіспеншілік»

1. Ұят — адам өміріндегі ... жол басшы. (сенімді)

2. Ақша қымбат, адам өмірі одан қымбат, ал ... бәрінен қымбат. (уақыт)

Өміріңді байлық қыл — пайдасы болсын ... (ізгілік)

Ең ... мектеп - өмір мектебі. (жақсы)

4 – топ: «Ізгілік»
1. ... жемістінің — Өмірі келісті. (жұмысы)

2. Өмірде із қалдыру ... басталады. (балалықтан)

3. Өмір – үлкен ... (мектеп)

4. Шын көңілден айтылған тілекке - ... жауап беру парыз. (шындықпен)

 

6. Топпен ән айту.

Өміріңе немқұрайлы қарама
әні: Сәкен Дәрібаев 
сөзі : Серік Сейітман 
Сәкен Дәрібаев орындайды.

Тыңда досым, мен айтайын от тілек, 
Дүниеден кетті бай да, өтті бек. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, 
Зерлі шапан киінсең де жақұттан. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Шақша басың айналса да бақыттан 

қайырмасы: 
Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. 
Кенелсең де досым қанша шаттыққа 
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. 
Қанша азап көрсең дағы,бауырым, 
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тұсау салып бастатқызбай көш дара, 
Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын, 
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Айдын көлге айналса да көз жасың.

 

7. Үй тапсырмасы.

1. №2 – сабақ. М.Әуезовтың «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жа буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» деген ойын басшылыққа алып, ой – толғау жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №3, «Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім» мәтінін оқып келу.

 

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе   1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өзін-өзі тану" пәнінен ашық сабақ "Бұл әлемге келген соң...""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 515 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2018 2533
    • DOCX 26.6 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утембаева Надира Дуйсенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утембаева Надира Дуйсенбаевна
    Утембаева Надира Дуйсенбаевна
    • На сайте: 5 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8997
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека