Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ 5-6 сынып

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ 5-6 сынып

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: «Киев орта мектебі» КММ

Мерзімі: 13.02.2016ж.

22

Тақырып: «Сабырлылық пен ұстамдылық» (5 «А»), «Денсаулық зор байлық» (6 «А»)

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну

Мұғалім: Еликбаева Нургул Молдабаевна

Сынып: 5-6«А»

Оқушылар саны: 3


Сабақтың мақсаты: Окушыларға сабырлық пен ұстамдылықты, салауатты өмір салтын ұғындыру арқылы «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға мейірімділік, төзімділік, ізгілік қасиеттері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың мейірімділік,төзімділік, ізгілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, төзімділікке, ізгіліке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп, сабақты жақсы өткізу үшін қажет «5-Т» ережесін еске түсіру, ынта-зейінін сабаққа аудару

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасына 5 «А» сыныпқа коллаж жасау берілсе, 6 «А» сыныпқа жұмыс дәптерімен жұмыс, мақал-мәтел берілген болатын.


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз:

Сабырлы жетер мұратқа.

Халық мақалы

Жаны саудың – тәні сау

Халық даналығы

Дәйек сөзді дәптерлеріне жаздырып, оқушыларға дауыстап оқыту, мағынасын түсіндіру.

(Дәйексөзді бірінші қыздар 2 рет, ұлдар 2 рет,

сосын барлығы бірге оқиды)

Сабырлық пен ұстамдылық – адам бойындағы жағымды қасиет. Басқаның сөзін байыппен тыңдайтын,өз ашуын тежей білетін,әр ісін ақылмен шешетін адам.

Денсаулық – зор байлық деп халқымыз бекер айтпаған. Егер адам дені сау болса, оның өзінің ісіне, айналасына деген қызығушылығы да басым болады.


  1. Мұғалім сыйы:

Әңгімелеу.

Сабырлылық дәні 5 «А» сынып

Аңыз әңгіме

     Ертеде арабтық шөл даласында жағдайы ауыр бір отбасы өмір сүріпті. Олар отырықшылдыққа қарағанда, дала кезіп айдалада тұрғанды ұнатады екен. Бұл отбасы өзінің күн көрісне шүкіршілік, өмірдің қиындығына сабырлық етіп ғұмыр сүріпті. Сол жылы осы өлкеде қатты қуаңшылық болып, шіліңгір ыстыққа жан баласы шыдамапты. Үйдегі бала-шағаның іштеріне ыстық түсіп, ауырып науқасқа ұшырайды. Азық та, су да таусылады. Соңында бір-екі бидайдың дәні мен тек бір адамның шөлін басатын су қалыпты.

Сонда да ерлі-зайыптылар қиыншылыққа төзімділік, шыдамдылық, сабырлық танытып үміттерін үзбепті. Бір күні алыстан бір қара көрініп, арып-шаршаған біреу келеді. Келуші шөлде адасқан, бір мүсәпір екен. Үйге жете бере «Су, су!»- деп құлап түседі. Өздері қиын жағдайға душар болған ерлі - зайыптылар «Бір адамды тірілткен, бүкіл адамзатты тірілткенмен пара - пар» деп, қалған бір жұтым суын жаңағы мүсәпірге ішкізеді. Мүсәпір есін жиып, әлденген соң өз жөніне кетеді.

Ал, аштық пен кенесесі кепкен, шөлдеп өлуге шақ тұрған үй иесі тыстан ат тұяғының дүбірін естиді. Үйге судай құаруланған бірнеше адам кіріп келеді. Киімдеріне қарағанда патшаның нөкерлері сияқты. Олар «Бұл маңда Ахмет деген кісінің үйі бар ма екен?» деп сұрайды. Отағасы «Ахмет менмін. Бұл жерде бізден өзге ешкім жоқ», дейді.

Нөкерлер «Біз осы аймақтың билеушісі ханның адамдарымыз. Хан сізге есік алдында тұрған сыйлықты жеткізуді бұйырды», дейді.

Аң – таң болған үй иесі тысқа шықса есік алдында жүк тиелген 10 түйе, 5 жылқы байлаулы тұрған екен.

Таң – тамаша болған отағасы «Бұны ол не үшін тарту етті?», деп сұрайды.

Нөкерлер «Біздің патша тұтқыннан қашып келе жатқанда су беріп, өлім аузынан алып қалғаныңыз үшін тарту етті», деп жауап беріпті.

«Тәтті алма» 6 «А» сынып (видео көрсету)

Талқылануға берілген сұрақтар:

-Мәтіндегі отбасының жағдайы туралы не айтуға болады?

-Басына іс түскен адамға қалай көмек берді?

-Шыдамдылықтың арқасында қандай сый - сияпатқа ие болды?

-Хан бұл отбасының қандай қасиетіне тәнті болып, ризашылығын айтты деп ойлайсыздар?

- Осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын.


  1. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

Оқушыларға видеоролик көрсетіледі.

  1. Сабырлылық дегеніміз........ ..................

  2. Ұстамдылық дегеніміз.........................

  3. Денсаулық дегеніміз не?

Тақырыбында постер қорғау

Оқушылар өз ойларын жеткізеді.

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті.


6. Топпен ән айту.

«Көк тудың желбірегені»


7. Үй тапсырмасы.

1. Мақал-мәтелдер жазып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәті. Сабақты қорытындылау.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров281
Номер материала ДВ-513012
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх