Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыӨзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ "Жарасымды қарым-қатынас"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ "Жарасымды қарым-қатынас"

Скачать материал

Сынып: 5-6

Сабақтың тақырыбы: «Жарасымды қарым-қатынас»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын анықтау

Қолданылатын әдістер:Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, іскерлік ойын, тестілеу т.б.

Көрнекілігі:

Слайд, нақыл сөздер, үнтаспа, үлестірмелі тест парақтары, түрлі-түсті гүлдер, техникалық құралдар т.б.

Сабақ барысы:
І. Қызығушылықтарын ояту  (ұйымдастыру) кезеңі.

 

 

 

Студенттер мен амандасу, назарларын сабаққа аудару.

 

 «Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар мен қонақтар!»

-  Бүгін мен сіздерге «Психология» пәнінен «Өз араңызда қандайсыз?»

Іс-шара өткізгелі тұрмын. Сабақты бастамас бұрын столда қағаздан жасалған түрлі-түсті гүлдер жатыр, соның арасынан өздеріңе ұнайтын бір түсті таңдап аламыз да, қасымызға яғни, столдың үстіне қойып қоямыз. Сабақтың соңында нәтижесін бірақ айтамын.

II. Тыныштық сәті.Ал енді барлығымыз денемізді бос ұстап,жайғасып, жаймен отырамыз.Мен сіздерге алдымен «Әдемі гүл» атты, табиғат әуенімен жаттығу өткіземін.

Релаксация:«Әдемі гүл»

Оқытушы:Терең демалайық! Көзімізді ақырындап жұмайық та, құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз.

Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздерсіздер. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі.Осы гүлді иіскеп терең дем алып, ақырын ғана көзімізді ашайық!

-         Сіздерге жаттығу ұнады ма?

-          Қандай әсер алдыңыздар?

 

ІІІ. Ой қозғау.

Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жарасымды қарым-қатынас» Яғни балалар біз бүгінгі тақырыбызда қарым-қатынас туралы айтамыз.

-         Балалар кім айтып бере алады «Қарым-қатынас» дегенді қалай түсінесіңдер?

(Оқушылар жауабы)

Ал енді осы сөздің негізгі анықтамасын тақтадан көрейік.

(Слайдта қарым-қатынас ұғымына  анықтама беріледі)

ІV. Жаңа ақпарат.

Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы обьектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. Қарым- қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі қажет. Кез- келген адам сізбен қарым – қатынаста жеке пікірін айтуға, шешім қабылдауға құқығы бар.  Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді.

Сонымен қатар адамға ауа, тамақ, киім, баспана қандай қажет болса айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да аса маңызды.

Қарым-қатынас түрлеріне келетін болсақ, сан алуан. Оның ең бастысы – сөйлеу. Басқалармен түрлі ым-ишара,  яғни орысша айтқанда жест, белгі, таңба арқылы түсінісетін адамдарда бір-біріне қажетті ақпарат бере алады..

Жест дегеніміз Ым-ишара.

Ым - дегеніміз біздің түсінігімізше, адамның басын изеу, иек көтеру, көз қысу, қарашығын жылжыту, қас керу, қабақ шыту, ерін шығару, езу тарту арқылы екінші адамға үнсіз, дыбыссыз ақпарат беруі.Тіпті, таңдай қағу, бас изеу, көз қадау, т.б. осы секілді «ұсақ-түйек» атрибуттар да қарым-қатынастың қызмет атқарады. Халқымыз «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан екен.

Ым адамзат дамуының алғашқы сатысынан бастап, бүгінгі күнге дейін адамдармен бірге өмір сүріп келеді.

Ишара деп адамның бет-әлпеті және екі қолы, он саусағымен белгілі бір мағынасы бар қимылдар, әрекеттер арқылы дыбыссыз ақпарат беруін айтамыз. Сонымен бірге, айтайын деген ойын әрекет, іс арқылы астарлап жеткізуді де ишара дейміз.

Бұған мынадай мысалдарды келтіруге болады: Дәркембай болыс бір топ адаммен Мақсұттың үйіне келгенде, амандықтан соң үй иесі шидің кішкентай сынығын ортасынан сындырып қазанның құлағына қойып, сыртқа беттеп бара жатқанда оның бұл қимылдарын көріп отырған Дәркембай: — Әй, Мақсұт, осынша адамға сынық қазының жартысы ас бола ма, салдырсаң, бүтін қазы салдырт әйеліңе,- деген екен. Мақсұттың сынық шиді сындырып қазанның құлағына қоюы — әйеліне: «қазанға бір қазының жартысын ғана сал» деген пәрменін ишаралап жеткізгені.

 

V. Дәйексөз
Қарым-қатынас туралы дәйек сөздерді оқиық.

« Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе оның басқа адамдармен қарым- қатынасы»

  А.Линкольн
 «Адам көп нәрселерсіз өмір сүре алады, адам тек адамсыз өмір сүре алмайды».Л.Берне.

«Бауырласың болмаса,  жолдас ізде:  жақсы жолдас - бауырлас»

Ю.Баласағұни

 

«Әдептің басы – байқап сөйлеу».

Әдиб Ахмед ибн Махмут Йүгінеки

 

VI.Әңгімелесу « Пікірлесейік»

 

Қарым- қатынастың тағы бір түрі -  Сәлемдесу болып табылады.

Сәлемдесу және тиым салынады

1.Танысын, танымасын жасы кіші адам үлкенге сәлем береді. Атты адам жаяуға бірінші сәлем береді.
2.Танитын адамдармен сәлемдеспей, немесе сәлемін алмай өтпейді.
3. Келе жатқан адам отырған адамға сәлем береді.
4. Әкесінің, шешесінің көзін көргендерге айрықша сәлем беріп, құрмет көрсетеді, батасын алады.
5. Кешке не түнде үйге кірген адам: «Кеш жарық!» деп сәлемдеспей кетпейді.

 

1.Ат үстінде тұрып сәлем бермейді.

 2.Ұйықтап жатқан кісіге.
 3.Моншаға түскенде.
4. Аузыңызда ас шайнап отырғаныңызда.
 5.Дұға оқып отырған кісіге.
 6.Азан айтып тұрғанда.
 7.Құран Кәрімді оқып отырғанда.
8.Намаз үстінде сәлем бермейді

 

Әр елдегі сәлемдесу түрлері

·         Қазақстанда қолқысып амандасады.

·         Италияда құшақтасып амандасады.

·         Зимбавада арқаларымен төс қағысып амандасады.

·         Никарагуада  шынтақтарын тигізіп амандасады.

·         Бразилияда арқаларын сипап амандасады.

·         Австралияда боригендер 3 түрлі  амандасады: қол шапалақтайды; секіреді; жамбастарын оң жақ бүйірден, сол жақ бүйірден соғып амандықтарын білдіреді.

 

 

 

Тест

Өміріміз айналамыздағылармен тығыс қарым-қатынас құралған.

Өкінішке орай арада кейде түсінбеушілік, керістер болады. Себебі неде? Қате

кімнен? Мүмкін өзіміз адамдардың көңілін түсініп тыңдай білмейтін

шығармыз? Осы сұрақтарға жауап алу үшін сізге тест

«Өз-араңыздақандайсыз?» ұсынамын.

 

1. Сіз біреумен ұрсып қалғанда өзіңізді қалай ұстайсыз?

А). Бірқалыпты – 3 ұпай

Ә). Өрши түсемін – 2 ұпай

Б).Үндемей құтыласыз - 1 ұпай

 

2. Достарыңызбен ара-қатынасыңыз қалай?

А). Жиі араласып тұрасыз – 3 ұпай

Ә). Онша араласпайсыз – 0 ұпай

Б). Реті келгенде - 2 ұпай

 

3. Демалыс күніңізді қайда өткізесіз?

А).Үйде – 3 ұпай

Ә). Достарыңызбен бірге – 2 ұпай

Б). Кино, кафе, дискотекада - 3 ұпай

 

4. Газет-журнал оқып тұрасыз ба?

А).Иә – 0 ұпай

Ә). Уақытыңыз болғанда – 3 ұпай

Б). Анда-санда - 2 ұпай

 

5. Әдемі киінгенді ұнатасыз ба?

А).Әрине – 3 ұпай

Ә). Киім таңдамайсыз – 2 ұпай

Б). Модамен киінесіз - 0 ұпай

 

6. Қатты дауыс шықса, құлақ түріп көңіл бөлесіз бе?

А).Иә – 4 ұпай

Ә). Жоқ – 3 ұпай

Б).Біреудін шаруасына араласпайсыз - 1 ұпай

 

7. Көпшілікте өзіңізді қалай ұстайсыз?

А).Бірқалыпты – 3 ұпай

Ә). Үндемей қаласыз – 0 ұпай

Б). Жеңілдей сезінесіз - 1 ұпай

 

10-15 ұпай. Сіз бір қалыпты жансыз. Ұрыс-керісті жаныңыз қаламайды.

Айқай-шудан басыңызды аулақ ұстауға тырысасыз. Араға түсіп, арашалап

Алу дегенді білмейсіз. Ашуыңыз келіп тұрса да, үндемей құтыласыз.

16-25 ұпай.Ұрыс – керіс болса-ақ ешкімге бағынбай өршелене түсесіз.

Тырнақ астынан кір іздеп, сол адамды жеңуге тырысасыз. Өзгенің пікіріне

қосылмай, тек өзіңіздікін дұрыс деп бағамдайсыз. Сіздей жанмен бір

шаңырақ астында өмір сүру қиынға түсері айдан анық. Жалғыз қалмау үшін

әрдайым ұстамды болғаныңыз дұрыс болар. Мәдениетті адам болғандықтан

«Сабырлы жетер мұратына» деген мақалға еріп, әр керісті сабырлықпен

шешу керекпіз.

 

Шығармашылық жұмыс: «Кракадил» ойыны. Вербальды емес қарым – қатынас. Жесть, мимка арқылы көрсету.

 

 

 

VII. Қорытынды

 

Гүлдердің нәтижесін слайдқа қарап, айтып беру.

Жүректен жүрекке: Қайсар ағамыздың  «Иман» деген өсиетін тыңдап көрейік.

 

Көксу ауданы

Кеңарал ауылы

С.Қырықбаева атындағы мектепке дейінгі

 шағын орталығы бар орта мектеп

Педагог-психолог: Ш.Н.Нұртаева

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ "Жарасымды қарым-қатынас""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 661 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 1364
    • DOCX 26.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұртаева Шолпан Нұртайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нұртаева Шолпан Нұртайқызы
    Нұртаева Шолпан Нұртайқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22910
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы психодиагностики

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Курс повышения квалификации

Психологическое сопровождение детей-спортсменов

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 145 человек

Курс повышения квалификации

Особенности психологического консультирования при нарушениях пищевого поведения

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 107 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции