Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану пәнінен ойын түрлері
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Өзін-өзі тану пәнінен ойын түрлері

библиотека
материалов

Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасын дамытуға бағытталған ойындар жинағы

Топтағы қарым-қатынас деңгейін арттыру жаттығулары

Аппаратшылар

Топтан үш адам шақырылады – бұлар механик аппаратшылар, басқа қатысушылар – роботтар. Механик-аппаратшылардың міндеті – роботтар бір-бірімен соқтығыспауы және сынып қалмауы керек. Роботтар механик-аппаратшылардың белгілеген бағыттары бойынша бөлме ішіндегі түзу сызықтармен қозғалады. Егер роботтар дуалға немесе бір біріне соқтығысып қалса, олар сынып, қатты шырылдай бастайды. Оларды басқа жаққа тек механик-аппаратшылар ғана бағыттай алады.

Механик-аппаратшылардың құпиясы оларға ойша үшбұрыш құру керек. Бірақта жүргізуші бұл туралы айтпайды. Қатысушылар өздері біліп, дұрыс стратегия табу керек.

Анализдеуге арналған материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар табылады:

  • Осы жаттығудан кейін не сезінесіңдер;

  • Тапсырманы орындай алдыңыздар ма;

  • Бұған сізге қанша уақыт керек болды;

  • Осы міндетті орындау үшін сіз қандай стратегияны таңдауыңыз;

  • Оны жасап шығу үшін не істедіңіз;

  • Әрбір қатысушы-аппаратшы қандай рөл атқарады ;

  • Тапсытманы орындау кезде сізге не қиындық жасады;

  • Бұл тапсырманы басқаша қалай орындауға болар еді;


Гирлянда

Қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді. Олардың міндеті өз киімдерінен грилянда байлау керек. Кімде грилянда ұзындау болса, сол жеңеді.

Бұл ойын-жарыс микротоптпар қақтығыстарды шешеді. Микротоптардағы қарым-қатынастар «ойдағыдай емес» болып тұрғанда жақсы жетістіктерге жету үшін, бұрыннан дос еместерді топтастырып араластырып жіберу керек. Сонымен бірге онша таныс еместерді. Сонда ойынның қызған кезінде қатысушылар өз қарым-қатынастарын тезірек және ұтымды етіп реттеп алады.

Анализдеуге арналған материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар табылады:

  • Топтардың бірі жеңе алды ма?

  • Бұл үшін қанша уақыт керек болды?

  • Тапсырманың орындалуына не әсерін тигізді?

  • Әрбір қатысушының рөлі?

  • Сіздерге, ұтылған топқа тапсырмаларды орындау кезінде не кедергі жасады?


Сөйлейтін мүсіндер

Бір қатысушы мүсінші болады да, ал екі ойыншы өз еркімен шығып сазбалшық болады. Былайша айтқанда «фигураны жасайтын материал» болады.

Болашақ мүсіншілердің көздерін байлайды. Бақылаушы болып табылатын қатысушылар тобы бір ертегінің екі кейіпкерін жасырады, жұмбақтар айтады. Мысалы: қызыл телпек және қасқыр, Мальвина және Пьеро. Жасырған кезде «кейіпкерлер» кім болып жатқанын білмеу керек.

Мүсінші өз жұмысын аяқтаған кезде «мүсіндердің» көздерін шешеді. Жүргізуші оларға ертегінің атын айтады, бірақта қай кейіпкер екенін айтпайды. Олар диалогты бастайды, сол арада кім кім екенін түсіну керек. Бұл жаттығу қатысушыларға өз қарым қатынастарын бірлесіп тұрғызуға талаптандырады. Олар бір мақсатқа ұмтылатындықтан (кімнің кім екенін түсінгілері келеді) түсінбеушіліктен бірге шығу керек болғандықтан екеуі бірлесіп мәселені кешеді. Сонымен бірге қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерінің ашылуына ықпал етеді. Егерде бір-бірімен келіспей жүрген қатысушыларды топтастырып ойнатса осы жаттығудың әсерін байқауға болады.

Анализдеуге арналған материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар табылады:

  • Осы жаттығудан кейін сіз не сездіңіз?

  • Тапсырманы орындай алдыңызба және кейіпкерлерді тани алдыңыз ба?

  • Жаттығу кезінде не байқадыңыз?


Зум

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші: «қазір біз үлкен жылдамдықпен машиналар жүріп жатқан трассадамыз. Ал біз былай жүріп барамыз. Мен басымды бірден оң жақтағы көршіге бұрамын және оған «зум» дыбысын айтамын. Ал ол болса осы дыбысты оң жақтағы көршісіне айтып жалғаса береді. Ал егер біреу тежеп тоқтағысы келсе, ол кішкене артқа шайқалып осы дыбысты кері бағытқа бұрып жібереді. Бұл жаттығу бөлініп кеткен топ мүшелерінің басын қосқанға жақсы.

Бұл ойын жоғарғы эмоционалды өтетін болғандықтан күрделі сабақтар алдында жүргізуге болмайды.


Бұзылған телефон

Ойыншылар бір – бірінің құлағына сыбырлап айта алатындай болып отыру керек. Жүргізуші бір сөзді ойлап тауып, бірінші қатысушының құлағына айтады. Осылай жалғаса береді. Соңынан жүргізуші ең соңғы қатысушыдан келіп не естігенін сұрайды. Барлық кезде бастапқы сөзден қызықты өзгеріс болады. Мысалы: бастапқы сөз «сұлу» болса ол басқаша өзгеріп, «ұлу» болып кетеді. Бірақ сөзді ойын барысында әдейі өзгертуге болмайтынын айтып қойған дұрыс.


Дос іздеймін

Топтың әрбір қатысушысы таза қағазға дос іздейтіні туралы хабарландыру жазады. Ең бастысы аты-жөні жазылмаса болғаны. Бұған 8-10 минут уақыт беріледі. Бұл хабарландыру бөлменің әр жеріне жабсырылады. Сосын барлық қатысушылар оқып шығып, үш хабарландыруды таңдап алады. «X» немесе «V» белгісін қойып шығады. Сосын барлық хабарландыруларды жинап, қойылған белгілер саналады. Содан кейін неге бір хабарландырулар көп белгілер жинағанын талқылап шығуға болады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Осы жаттығудан кейін сіз не сезінесіз?

  • Хабарландыруды таңдау кезінде неге сүйендіңіз?

  • Бұған қанша уақыт керек болды?

  • Қанша хабарландыру таңдадыңыз?

  • Сіздің хабарландыруларыңзда акцент неге қойылады: өзіңізді таныстыруға ма, әлде достарыңызға қоятын талаптарға ма? Неге?

  • Сіздің хабарландыруларыңызға қанша адам жауап берді?

  • Қазір мүмкіндік болса хабарландыруды өзгертер ме едіңіз?

Өз тобыңызды адамдар арасындағы қатынастарды талқылауға тартыңыздар. Қатысушылардың позициясын бағалаудың қажеті жоқ. Олар бір – біріне кері байланыс берсін. Жауап берерде не сезініп не ойлағанын айтсын және де өздері үшін қай позиция тиімді екенін анықтап алсын.


Теңіз фигурасы

Жүргізуші айтады: «теңіз толқиды бір, теңз толқиды екі, теңіз толқиды үш», «теңіз фигуралары қатып қал». Еркін қозғалушылар соңғы сөзде қатып қалады. Жүргізуші мүсіндерді аралап жүріп, оның біреуін көрсетіп, қандай фигура екенін айтуға тырысады. Егер жүргізуші дұрыс айтса онда фигура тіріліп, әйтеуір бір қимыл жасайды. Содан кейін осы ойыншы жүргізуші болады. Ойын жаңадан басталады.


Мен не екенімді ешқайсыңыз білмейсіз...

Қатысушылар шеңбер бойымен отырып, бір-біріне доп лақтырады. Доп кімде болса сөз шумуғын аяқтау керек: «Мен не екенімді ешкім білмейді...».

Жүргізуші доптың бәрінде болып шыққанын қадағалайды. Бұл жаттығудың көмегімен сіздің тобыңыздағы әрбір қатысушының сыртқа көрінбейтін жасырын мінезін анықтауға көмектеседі. Сонымен бірге қатысушылардың бір-біріне деген сенімін, құрметін, байланысының дәрежесін көтереді.


Үйін – Жота – Жол

Ойыншылар 6-10 адам болып топтарға бөлінеді. Әрбір топтың қатысушылары қол ұстасып шеңбер түзеді. Ойын оңға қарай жәй жүгірумен басталады. «Жол» деген сигнал бойынша ойыншылар қатар түзеп отыра қалу керек.

Жүргізуші «Үйін» деген кезде әрбір топ екіге бөлініп, қол ұстасып қолдарын жоғары көтеру керек. «Жота» сигналында ойыншылар қайтадан қатарға тұру керек. Бірақ біріншілері тік тұрады қалғандары бірінен соң бірі төмендей отыру керек.осы айтқандарды дұрыс және тез орындаған топ ұпай алады. Ұпайды көп жинаған топ ұтып шығады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Осы жаттығудан кейін сіз не сезінесіз?

  • Тапсырманы орындай алдыңыз ба?

  • Сізге қанша уақыт қажет болды?

  • Оны орындау үшін сіз не істедіңіз?

  • Әрбір қатысушы қандай рөл атқарды?

  • Тапсырманы орындау үшін сізге не кедергі жасады?


Саусақтар

Жүргізуші саусақтарымен санның белгісін көрсетеді. Сол көрсетілген сан бойынша қатысушы орнынан тұру керек. Тұрған ойыншы ойынды жалғастырады. Топтың лидері әр кезде бәрінен бұрын тұруы мүмкін екенін ескеру керек. Сонда ол өзінен басқа тұрғандар көп болса қайтадан отыра салады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Сіз қандай бағытты таңдадыңыз?

  • Кімге қарап жасадыңыз?

  • Сіздің араңызда тапсырманы орындау үшін кедергі жасаған адамдар болдыма?


Өрмек

Барлық қатысушылар тығыз шеңбер жасап, қолдарын ортаға созады. Сигнал бойынша бәрі қол ұстасып қалу керек. Шарты: оң немесе сол жақтағы адамдардың емес алдындағы адамдардың қолын ұстау керек және тек бір ғана адамның қолын ұстаған дұрыс. Сосын қолдарын жібермей тұрып қатысушылар өрмектен шығып кетулері керек. Нәтижесінде улкен және кішігірім шеңберлер пайда болуы мүмкін.

Жақсы орындаған топтар үшін тапсырманы қиындатуға болады. Онда қатысушылар көздерін жұмып орындайды.

Жүргізуші мұқият қарап тұрады; кім қандай рөл атқарды, қандай ұсыныс берді, берілген ұсыныстарға қалай бағынды немесе қарсы шықты. Көмектесті ме, әлде кедергі жасады ма?

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Осы жаттығудан кейін не сезіндіңіз?

  • Тапсырманы орындай алдыңыз ба?

  • Қанша уақыт кетті?

  • Сіздің араңызда тапсырманы орындау үшін кедергі жасаған адамдар болдыма?


Өрмек – 2

Әрбір қатысушы өзіне бір қимыл ойлап тауып оны басқаларға кезегімен көрсетеді. Қатысушылардың мақсаты, бір-бірінің қимылын есте сақтау. Осыдан кейін қатысушылардың бірі алдымен өз қимылын сосын көрсетіп жатқан адамның қимылын қөрсетеді. Ал ол өз кезегімен ары қарай жалғастырады.

Бұл жаттығулар негізінде топтағы қатысушылардың кімге жақын екенін байқауға болады.өйткені көбінесе жүріс – достарына, сыйлайтын адамдарына беріледі. Ал аутсайдерлерге жай ғана қолдау үшін жүріс беріледі.


Аралар мен жыландар.

Ойын басталарда теңдей екі топқа бөліну керек. Бірінші топ - аралар, екінші топ – жыландар болады. Әрбір топ өздеріне «Патша» тағайындайды. «Аралар патшасы», «жыландар патшасы» сыртқа шығып кетеді. Осы уақытта жүгізуші екі затты тығып қояды. Біреуін аралар патшасы, екіншісін жыландар патшасы табу керек. Бұл заттар «бал» және «жылан жұмыртқасы». Аралар мен жыландар өз патшаларына дыбыстап көмек көрсетеді. Патша неғұрлым жасырынған затқа жақындаған сайын оған тобы «ж-ж-ж» деп немесе «ш-ш-ш» деп қаттырақ дыбыстап тұрады. Қай топтың патшасы затты бірінші болып тапса сол топ ұтады ойын кезінде сөйлеуге тиым салынады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Қай топ өз патшасына жақсы көмектесті?

  • Сіздер бір-біріңізбен қалай өзара әрекеттестіңіздер?

  • «Патша» рөлінде өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

  • Осы рөлде ең қиыны не болды?

  • Патша мен топ бір-біріне риза ма?

Көлік құралы

Қатысушылар шеңбер құрап отырып, бір ойыншы өз қалауымен ортаға шығады. Және транспорт құралының бір бөлшегін бейнелейді. Оған екінші ойыншы қосылады т.с.с.

Транспорт құралы дайын болған кезде, басқа қатысушылар олардың қандай транспорт құралын жасап шығарғанын анықтайды. Бұдан кейін машина екі метр болса да алға жылжуға ұмтылады.

Жүргізуші біз транспорт құралын жасауға жиналдық, брақ бізде не пайда болғанын білмейміз дейді. Қалған ойыншылар қандай транспорт бейнеленгенін табады.

Бұндай жаттығулар ойыншылардың бірін-бірі «сезінуіне» мүмкіндік береді.








Зейінін шоғырландыруды дамытуға арналған жаттығулар

Арифмометр

Қатысушылар шеңбер құрап отырады да, бірінші ойыншы бір сан айтады. Шеңбердегі келесі ойыншы арифметикалық «қосу немесе азайту» белгілерін, келесісі қайтадан сан солай жалғаса береді. Ойыншы арифметикалық белгіні айтуы тиіс болса «тең болады» деп айтуына болады. Сол кезде келесі ойыншы шешімін табу керек.

Жүргізуші есептің шешімінің дұрыстығын тексеріп тұрады.

Егер ойын бар уақытта бір бағытта (сағат тілімен) жүретін болса, онда барлық уақытта сол ойыншылар арифметикалық белгіні айтады ал қалғандары санды.

Бұл үрдісті әр түрлі үлгіде болуы үшін мынадай ережелер керек: Есептің шешімін соңңы созді айтқан адамнан кейінгі төртінші ойыншы ойынды жалғастырады.

Немесе мынадай өзгеріс: соңғы шешімді «тең болады» деп айтқан адамның алдындағы ойыншы шешімін айтады, және ойынның бағыты (сағат тіліне қарсы бағытта) өзгереді.

Боб – Доб

Барлық қатысушылар үстел бойымен отырады.

Үстелдің бір жағында жүргізуші отырады. Біреуіне тиын (немесе кішкене зат) береді.

Үстелдің астынан бір-біріне білдіртпей тиынды беру керек.

Ойламаған жерден жүргізуші дауыстап: «Барлықтарың қолдарыңды үстелдің үстіне!»

Барлығы үстелдің үстіне алақандарын қою керек.

Жүргізуші тиын кімде екенін табуы тиіс (алақандарын үстел үстіне қойғанда дыбысынан және т.б.)

Оның бұйрығымен алақандарын көтерулері керек.

Егер жүргізуші қателессе, ойын қайталанады, ал тапса тиын кімде болды сол ойыншы жүргізуші болады, ал жүргізуші барлығымен бірге қатысушы сияқты үстел бойына отырады.

Бұл барлығына бала кезден белгілі ескі ойын бірақ ол осы бөлімге арналған міндеттерді шешеді. Бұл ойынды шағын топпен (10-15 адамға дейін) жүргізген тиімді. Ал топ үлкен болса, оларды бірнеше топтарға бөліп, топ ішіндегі жүлдегерді анықтауға болады.


Назар аудар!

Қатысушылар әр түрлі қимылдар, іс-әрекеттер жасап жүреді. Жүргізуші «Назар аударыңдар !» дегенде жүргізушінің қимылын қайталайды.

Мысалы, «Назар аударыңдар, оң қолдарыңды көтеріңдер!» - қатысушылар орындайды. Ал егер ол «секіріңдер, өтінемін» - десе онда бұл әрекетті орындауға болмайды. Себебі «назар аудар!» деп айтылған жоқ.

Жүргізуші бастапқыда ақырын бастайды да, «Назар аударыңдар» деген сөзді екпінмен айтады.

Қатысушыларды шатастыру және тапсырманы орындау барысында қатысушылардың көп күш жұмсау үшін дауыс ырғағын төмендетіп, жоғарлатып, темпін өзгертіп, біртіндеп ойынды қиындата түседі.


«Иә» немесе «Жоқ» деп айтпаныңыздар

Ойынға 5-30 адам қатыса алады.

Жүргізуші айтады: «Сізге жүз теңге беріп жіберді ма? Не қаласаңыз соны алыңыз, қараны ақпен алмаңыз». «Ия» және «Жоқ» деп айтпаңыз.

Сосын жүргізуші бір қатысушымен әңгімені бастайды. Үрейлі дауыспен сұрақтар қояды. Мысалы, «Сіз білесіз, шөптің түсі қандай?» (Ереже бойынша, «ия» деп жауап бермеуі керек. Егер «ия» деп жауап беріп қойса, белгәше, орамал, фант, бәтеңке т.б. беруге тура келеді.

Тапқыр ойыншы жеңілмеу үшін «білмеймін» деп жауап береді. Ал жүргізуші жаңадан басқа сұрақтар қояды.

Ал аспанның түсі қандай?

Қардың түсі қандай?

Аспан көк, қар ақ. Ой мен қателестім. Қар туралы: бордың түсі сияқты деп айту керек.

Кім дұрыс емес жауап берсе, фант беруге тура келеді.

Жүргізуші барлық ойыншылармен әңгімелеседі, оларды «тұзаққа түсіруге» тырысады.

Егер жүргізуші бірнеше фант алса, қатысушылар оларды қайтарып алуға тырысады.

Егер жүргізуші ешқандай фант жинай алмаса, онда жүргізушінің орнына басқа ойыншы ауысады.

Жауап берушіге көмектесуге болмайды. кез-келген сұрақта және жауапта күлмеу керек екендігі туралы жиі келісім болып тұрады. Күлген ойыншы фант береді.

Тиым салынған қимыл

Жүргізуші түсіндіреді: мен көрсеткен қимылдарды барлық ойыншылар қайталауы тиіс. Тиым салынғанынан басқасын қолын басына айналдыру.

Жүргізуші қолдарымен, аяқтарымен, басымен, бүкіл денесімен әр түрлі қимылдарды.

Ыңғайлы сәтті пайдаланып, күтпеген жерден тиым салынған қимылдарды жасайды. Кім сол қимылды қайталаса, және орындауға тырысса сол ойыншы ойынның тәртібін бұзушы болады және ойыннан шығарылады.

Бастапқыда жүргізуші жай ырғақпен қатысушыларға басты ережені яғни, тиым салынған қимылды қайталамауға мүмкіндік жасай жүргізеді. Сосын ойын қарқыны жылдамдайды. Соңында бір немесе бірнеше ойыншы жеңімпаз атанады.


Тиым салынған күн

Жүргізуші апта күндерін атайды, ойыншылар әр күн атаудан кейін бір рет шапалақтайды. Сәрсенбі – тиым салынған күн. Жүргізуші сәрсенбі күнді айтқанда, шапалақ ұрмай зейінді болу керек.

Жүргізуші жәй ырғақпен бастайды және апта күндерін атап шығады. Ал сосын шатастыру үшін араластырып жылдам айта бастайды. Бұл ойынды 15-200 адамға дейін жүргізуге болады.


Байланыс

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Олардың біреуі алфабит бойынша әріптерді айта бастайды. Жүргізуші тоқтатады, мысалы, «м» әріпіне келген болса сол әріптен келетін сөз ойластырады.

Егер қатысушылардың біріне ой туындаса, бұл қандай сөз екенін білу үшін ол «бұл жәндік» дейді, ал тағы біреуі кім ойлап тапты: «Байланыс бар ма, бір, екі, үш...» және бірге айтады (мысалы, «маса» ).

Егер ол үлгерсе, онда қатысушылар әрі қарай табады, егер үлгермесе, сөздің келесі әріпін айтады және ойын жалғаса береді.

Келесі ойынды сөзді тапқан адам жүргізеді.

Бұл ойынды 10-12 адамнан құралған топта жүргізген жөн.


Қызыққыш

Ойыншылар дөңгелек құрып отырады.

Бір жүргізуші қызыққыш ортасында тұрады. Ойыншылар дайындал дегенше ол әлдебір әріпті дауыстап айтады және күтеді. Ол ойыншыларға тез-тез қарап, оларға қысқа сұрақтар қояды: Кім? Қайда? Қашан? Не үшін? Ойыншылар хабарланған бас әріпке тез сөзбен жауап беруі керек. Мысалы, хабарланған әріпке «к» жауаптары төмендегідей болуы мүмкін «композитор», «киноға», «күнде» т.б.

Жауап беруші адам басқа әріптен басталатын сөз айтса, ол бұрынғы «қызыққыштың» орнына отырады. Бастапқы кезде «қызыққыш» жүргізуші болады, ал ойынға ырғақ пен қарқын береді, ойындарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, осындай әрекеттермен түзетеді.


Дақтар

Барлық ойыншылар шеңбер бойымен тұрады, және жүргізуші өзін қосып әр ойыншыға реттік сан береді.

Жұргізуші шеңбердің ортасына шығып екі сан айтады, мысалы, 3және 15. Қатысушылардың қайсысының саны айтылса, солар ортаға келіп, тізелерін ұрып «ой-ой-ой» деп айқайлап, серіктестерінің орнын алуға тырысады.

Сол кезде жүргізуші бір бос тұрған орынғабарып тұрады. Бір қатысушыға орын жетпей ортада қалып қойса сол жүргізуші болады.

Бұл ойын көңілді әрі топтағы қатысушылардың көңіл-күйін көтеруге көмектеседі.


Шалқан – қырыққабат

Шалқан – алақанның төмен қарағанын білдіреді (ол шалқанның жер астында өсетінін білдіреді). Қырыққабат – жоғары ашылған алақан (ол қырыққабаттың жер бетінде өсетінін білдіреді).

Жүргізуші «шалқан» немесе «қырыққабат» деп айтады да, қатысушыларды шатастыру үшін алақанмен көрсетеді. Кімде-кім шатастырып қалса, кейін бір өлең шумағын немесе ән айтып береді.


Шапалақтар ырғағы

Қатысушылар жұпқа бөлінеді.

Әр жұп кезекпен буынға бөліп, ырғақпен (мысалы, Спартак) айтады.

Барлығы бірдей ырғақпен, фудбол жанкүйерлері сияқты «Спартак чемпион!» деп қол шапалақтайды.

Бір адам екі рет қол соғып қоюға болмайды, және қол соғуды жіберіп алуға да болмайды. Егер ойыншы осы ережені бұзса онда қайтадан бастайды.

Бұл жаттығу тек қана зейін шоғырландыруға ғана емес, қатысушылардың өзата түсінісуіне, тыңдауына, сезінуіне көмектеседі.


Балықтар, құстар , аңдар

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жқдырықтарыңды тізелеріңе қойып отырыңдар дейді.

«Балықтар , (немесе құстар, немесе аңдар)?»

Қатысушылар бұл класқа жататындарды көрсету керек. Ойластыруға үш секунд уақыт кетеді.

Егер қатысушы тапса онда ойын жалғаса береді, ал таппаса ойыншы бір жұдырық жіберіп алады.

Ойын бір немесе бірнеше жеңімпаз болғанша жалғаса береді.


Зат есім – сын есім

Жүргізуші шеңбер бойымен қолына доп ұстап айналып жүреді. Ол бір ойыншыға допты лақтырып қандай да бір зат есім, (мысалы, «тал») ал ойыншы осы сөзге тез арада сынесімдегі бір сөзді (мысалы «талдай») ойлап тауып, допты қайта жүргізушіге лақтырады.

Егер үш секунд ішінде ешқандай сын есімдегі сөзді таппаса, онда ол фант береді, ол фант үшін қайтадан орындайды.

Ойынды қызықты әрі күрделі етіп жүргізу үшін, сын есімді тез арада ойлап табу қиын болатындай қйын зат есімді ойлап табу керек. Мысалы, шалбар, камзол, пианино т.б.


Есеп

Жүргізуші әр түрлі сандарды айтады, сол кезде қанша сан айтылса сонша ойыншы бір мезгілде орындарынан тұру керек.

Тапсырма үнсіз орындалады.

Ойын басында аз сандардан бастап, бірден беске дейін, ал сосын тапсырманы қиындатып ойыншылардың саны қанша болса сол санды айтуға да болады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Тапсырманы орындауда неге сүйендіңіз?

  • Қойылған тапсырманы орындауда не көмектесті, кім кедергі жасады?

  • Сіздің тәсіліңіз қандай болды және ол қаншалықты жүзеге асты?


Психикалық және эмоциялық жағдайды реттеу жаттығулары


Біз арыстан аулауға шығамыз

Қолдарымен тізесін шапалақтап, хормен бәрі бірдей мына шумақты айтады:

Біз арыстан аулауға шығамыз,

Біз арыстан аулауға шығамыз,

Біз одан қорықпаймыз,

Біз одан қорықпаймыз.

Бізде қанжар қылыш

Және үлкен қару (тапанша ТТ, Калашников автоматы, танк).

Ары қарай сөздер ым-ишарамен көрсетіледі.

Барлығы «Ой! Бұл не?». Жүргізуші «Бұл көл» (батпақ, шалғын, соңында – арыстан). Барлығы: ой одан өте алмайсың, оның үстінен ұша алмайсың, астынан да өте алмайсың. Жол тығырық.

Буль – буль – буль (немесе, чав-чав немесе шур-шур, а-а-а). «Арыстан сөзінен кейін барлығы қимыл мен дыбысты кері ретімен айтады. Жүргізуші: «Қаштық!!!»

Жүргізушінің міндеті – «Қаштық!!!» «Біз одан қорықпаймыз» деген сөздерді екпінмен айту керек.

Ойын қарқыны әрі қарай дамып отырады.


6 бөлім емделушілері

Екі ойыншы өз еркімен ортаға шығады олар – дәрігерлер. Ал қалғандары - №6 бөлімнің психиатриялық емделушілері болады. Дәрігерлер аурулардың белгілерін анықтаулары тиіс. дәрігерлер шеңбер бойымен жүріп ауруларға бір сұрақтан қойып отырады. Бірақ сұраққа сұрақ қойылған адамнан кейінгі екінші адам жауап беруі керек. Бірінші екі ойыншы «өзің жынды!» деген сөзді айтады. (немесе сол сияқты сөзді).

Дәрігер кіргенде оларға өзінің дәрігер екенін хабарлайды. Ал қалғандар №6 бөлімнің емделушілері екенін айтады. Әрі қарай оларға аурудың белгілерін анықтау үшін қандай сұрақ қою керектігін түсіндіреді.

Жүргізуші дәрігерлердің рөліндегі ойыншылардың өздерін жайсыз сезінбеуі, өзін төмен сезінбеуі керек екенін айтады. Ойыннан кейін анықталған белгілерді тапқандарыүшін алғыс білдіреді. кез – келген жағдайда қалыпты эмоциялық аумақты қамтамассыз ету керек.

Реттеуші

Ойыншылардың арасынан «Реттеуші» таңдап алынады. Барлығы ән айтады ал ол қолын жоғары көтереді және сағат тілімен түсіреді.

Үш ереже:

  • Қол жоғары – әнді қатты дауыстап айтады (немесе секіреді және тақылдатады).

  • Қолы көлденең жағдайда – тынышталады.

  • Қолы төменде – өзі жайлы ән айтады.

«Реттеуші» жаймен қолын көтереді т.с.с. ойын жалғасады. Ойынның қарқынын өзгертіп отыру керек. Ойыншылар «Реттеушінің» ережелері мен қимылдарын нақты және дәл орындауы керек.


Абрам атада

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Алдымен мына сөздер жатталынады.

Абрам атада

Он екі ұл бар

Олар ештеңе жемейді

Олар ұйықтамайды

Олар ешқашан зерікпейді

Сөздер тез және ырғақпен айтылады.

Сосын «оң қол» қосылады.

Оң қолы оң аяқ тізесін шапалақтау қосылады.

Сөздер қайталанады да,

Сосын «оң қол, сол қол» қосылады.

Сол қолдың шапалағы да пайда болады.

Сосын дененің әр түрлі бөліктерін айту қосылады. Мысалы, оң аяқ, сол аяқ, иық, құлақ, бас, т.с.с.

Жүргізуші басынан бастап жоғары қарқынмен бастау керек.біртіндеп оны күшейтіп және ойынның әсер ету динамикасын мұқият бақылау керек.

Ха!

Қатысушылар еденге жатады. Екінші ойыншы бірінші ойыншының ішіне басын қойып жатады, үшінші ойыншы екіншінің, осылай ретпен бәрі жатқанша жалғасады.

Бірінші ойыншы «ха!» сөзін қатты айтады. Екіншісі оны екі рет қайталайды, үшіншісі үш рет т.с.с. жалғаса береді.

Басты міндет – сөздің санынан жаңылыспау, бұл ереже бұзылса бәрі қайтадан басталады.


Мәскеу хайуанаттар бағының хоры

Қатысушылар кіші топтарға бөлінеді. Әр топ өздеріне бір жануар түрін таңдап алады және сол жануарға тән дыбыстарды шығарады. (мысалы, «гаф», «мяу», «бе е», «кар», «му-у», «ква» т.с.с.)

Жүргізуші дерижер болады және ән салуды бұйырады.(мысалы, «Мәскеулік кеш» ) әр топ өз тілімен орындайды.

«Дкрижер» әр топқа кезекпен айтқызады. Бір топтың айтқан әнін өз тілінде жалғастырады.

Егер топ жануарды өз еркімен таңдай алмаса, жүргізуші өзі таңдап тапсырма береді. Егер топ белсенді емес екенін байқасаңыз үлестірмелі қағаздарға тапсырмаларды жазып жеребе тастай аласыз.


Қалпақ

Кез-келген көңілді және тез орындалатын ән айтылады немесе әуен қойылады. «Қалпақ» ойынының қатысушылары шеңбер бойымен тұрады.

Сол қолы – арқасында. Оң қолымен ән ырғағымен қалпақты шешеді және оң жақ көршісіне қалпақты кигізеді. Кімде кім ырғақты бұзса ойыннан шығады. Егер іуендік жетелеуді қамтамассыз ете алмасаңыз ән айтып, тақылдатып ырғақ шығаруға болады.

Агрессияны төмендетуге арналған жаттығулар


Қасқырлар – қасқырлар

Жүргізуші ойыншыларды барынша бір-біріне жақын бір бұрышқа тұрғызады. Сосын ойыншыларға өзі айтқан сөзді қайталатады.

Жүргізушінің сөзі: қасқырлар – қасқырлар.

Қатысушылардың сөзі: қасқыр жоқ.

Ос сөзді үш-төрт рет қайталағаннан кейін (ойыншылар бір дауыспен «қасқыр жоқ» дегенге келгенде) жүргізуші дауыстап барлығына айтады: «Бұрыштағының бәрі ақымақ».

Бұл ойынның көмегімен барлық ойыншыларды теңестіріп, жұптап сондай-ақ жағымсыз диструктивті көшбасшыдан арылуға топтағы аутсайдерлердің беделін жоғарылатуға болады.

Ескерту: жүргізуші абай болу керек! Өзіне қаншалықты аграссия шақыру арқылы ол топқа өзін қарсы қоюы мүмкін. Бұл топтың жүргізушіге келіспеушілігін тудырып, қарсы шығуы мүмкін.бұл әдісті өзіңізге толықтай сенімді болғанда қолданыңыз.


Сиқыршы

Жүргізуші топтың қатысушыларына айтады: «Достар, біз қазір адамның зерттелмеген бергісіз мүмкіндіктерін көреміз». Кім сиқыршының рөліне енгісі келеді? (кез-келген ойыншыны таңдайды). Ал енді кім осындай әрекетті басынан өткізгісі келеді? Бірнеше адам ортаға шығады.

Батылырақ!

Енді жүргізуші бес, алты басынан өткеруші адамдарға айтады: « қазір мен бір әрекетті айтамын, сіздер соны орындауларыңыз қажет.отыр десем отырасыз, аузыңды аш десем ашасыздар». Ал сіздер (сиқыршыға қарап отырыңыздар) қатысушыларға қарап орыруға тиіссіздер және оймен зер сала қарап, менің даусымның әсеріне мән бересіздер. Сиқырды басынан кешірушілер көздерін жұмады (психотерапевттің дауыс ырғағына қарай).

Елестетіңіздер: «Сіздер керемет саябақта келе жатырсыздар. Таза ауа, көгілдір аспан, күн жарқырап тұр. Жолдың жиегінде гүлдер өсіп тұр сол жерден кішкене роза гүлді кездестіресіз. Сіз таңқалғаныңыз сонша тізерлей кетесіз (қатысушы орындайды). Сіз нәзік жапырақтарды көресіз. Әлемде жоқ сиқырлы иісті сезінесіз де қолыңызды роза гүліне тигізесіз (қатысушылар орындайды).тигізе бергенде кәшкентай шық тамшысын көріп қалып, тамшыға жету үшін тіліңіздң созасыз, оған жетуге тырысасыз. (Бірден сиқыршыға қарап, дауыс ырғағын өзгертіп) жолдас старшина қызметші иттер тобы дайын!...»

Міндетті шарттар: ойын басталарда көрермендерден тыныштықты және сабырлылықты талап ету қажет; «Қатысушылар» көрермендерге тура қарайды. Олардың көздері үнемі жабық болады. Дауыс ырғақтарыңызға ие болыңыздар.

Әңгімені қалауыңызша өзгертуге болады.


Жылан

Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады.

Бастаушы шеңбердің ортасына шығады да айтады: «Мен жыланмын, жыланмын, жыланмын», «Мен сырғимын, сырғимын, сырғимын». Қатысушылардың бірі шығып айтады: «Менің құйрығым болғың келе ме?», егер келіссе, жыланның белінен ұстап, артына жалғаса береді.

Олар шеңбер бойымен жүреді және ойын жалғаса береді. Барлық қатысушылар «жыланға» қосылады. Соңында қалған бір қатысушы қалып қояды, ол жыланның астымен сырғиды, қатысушылар шеңберді тұйықтайды және ол ұзақ сырғуы мүмкін.

Бұл ойын арқылы топтағы диструктивті көшбасшылықты жоюға болады. Сондай-ақ бұл ойынды ауада қозғалмалы ойын ретінде ойнауға болады: «Мен жыланмын, жыланмын, жыланмын, мен жүземін, жүземін, жүземін».


Сен Яцекті білесің бе?

Қатысушылар 8-10 адам тығыз бір қатарға тұрады.

Жүргізуші қатарда тұрғандардың біріншісінен сұрайды «Сен Яцекті білесің бе? Яцек міне мынадай: содан соң қолын басынан жоғары көтереді.

Біріншісі екіншісінен сұрайды да жүргізушінің қимылын қайталайды. Екіншісі үшіншісінен... Солай жалғасып кете береді. Қимылдары сол қалпында сақталады. Қатарды бастап келе жатқан жүргізуші шеңбер жасайды, бірақ қолдары бел деңгейінде болады. Енді қолдары тізе деңгейіне түседі, соңында қолдары еденге жақындайлһды. Барлығы ыңғайсыз жағдайға түскен кезде жүргізуші айтады: «Сен Яцекті білесің бе? Яцек міне мынндай!» осы сөзден кейін бірінші ойыншыны итеріп жібереді.

Ойыншылардың ортасында салмағы көптеу ойыншының болмауына көңіл бөліңіз. Себебі, ол құлағанда ойынды бұзуы мүмкін.


Менің Бразилиялық әжем

Ойыншылар айнала шеңбер жасай тұрады.

Жүргізуші ойыншыларға мына шумақты жаттап алуды ұсынады: «Менің Бразилияда әжем бар» барлығы осы шумақты тез әрі ырғақпен қайталайды. Енді қимылды қайталау керек болады. Сонымен, «Менің Бразилияда әжем бар және оның аяқтары мынандай» - аяқтарын сілтейді. Міне мынандай аяқтары, міне мынандай қолдары деп, қолдарын сілкейді. Бет әлпеті өзгеріп, күлкі пайда болады және тілін шығарады. Содан соң қызықты секірулер, соңында: «Менің Бразилияда әжем бар. Оның мынандай аяқтары, мынандай қолдары, мынандай түрі ол былай секіреді дкп айқайлайды: «у-ля-ля, у-ля-ля». Күлкілер сәл тиылған кезде жүргізуші айтады: «Ия... әжесі қандай болса – немерелері де сондай...»

Ойын басталар алдындағы жүргізушінің міндеті – соңғы сөзі ақылға қонымды болуы үшін қатысушыларға әсер ететіндей мысал көрсету керек, ал қатысушылар ойынға беріліп кеткен кезде жәй ғана бақылаушыға айналуы керек.


МОК (менің оң жақтағы көршім).

Қалауы бойынша бір ойыншы бөлмеден шығып кетеді.

Сырттағы ойыншы қайта келгенде бір ойыншыны жасырып қойдық соны табуың керек дейді. Ойыншылардың әрқайсысына сағат тілі бойынша сұрақ қойып, кімді жасырғандарын анықтауға тырысады. Сұрақ қойғанда ойыншылар өзінің оң жақтағы көршісі туралы айтады (неге қызығады? Сыртқы келбеті т.б.) Сырттан келген ойыншының міндеті – «Менің оң жақтағы көршім» - дегенді табу керек.

Егер сырттан келген ойыншы жауап бергеніне қарай ойынның қағидасын анықтай алмаса, оны көп қинай беруге болмайды. Ол үш-төрт айналым жасаған кезде де таппаса ойынның қағидасын айту керек.


Бақшадағы қарақшының мектебі.

Жүргізуші шеңбер бойындағы ойыншыларға айтады: «Қолымызды жоғары көтеріп, оларды қозғаймыз енді қаттырақ қозғаймыз, ышылдаймыз: «ш –ш –ш – кш – кш» рахмет! Сіздер бақшадағы қарақшының мектебін сәтті аяқтадыңыздар».

Менің Бразилиялық әжем ойыны сияқты, жүргізушінің міндеті барынша әсерлі болу және қатысушыларға үлгі көрсету.

Соңғы сөзі қонымды болуы үшін қатысушылар ойынға беріліп кеткен кезде жай ғана бақылаушыға айналу керек.


Топтағы көшбасшылықты анықтауға арналған жаттығулары

Жұдырық

Қатысушылар жұптасады. Олардың бірі жұдырығын түйеді.

Екінші ойыншының міндеті – бір минуттың ішінде бірінші ойыншының жұдырығын ашу.

Содан соң ойыншылар ойын ауысады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Өз мақсатыңызға жету үшін сіз қандай тәсілдерді қолдануыңыз (қысым, күш көрсету т.б.)

  • Сіздің жұдырығыңызды ашуға не сеьеп болды, жоқ әлде жұмулы күйінде қалды ма?

Поезд

Жаттығу өткізілетін жер барынша кең болу керек. Кең жерде орындықтар кедергі сияқты қойылады. Қатысушылар үш үштен бөлініп, бірінен кейін бірі белінен ұстап тұрады. Нәтижесінде бірнеша паравоз пайда болады, соңғы паравоз, басқа екеуі вагондары. Тек соңғы қатысушының ғана көзі ашық болады. Ол қатарды басқарады және кедергілерге соғыспауын қамтамассыз етеді. Ол мұны ортадағы ойыншының белінен ұстап тұрып поезд оңға бұрылғанда оңға, солға бұрылғанда солға бұрылып отырады. Ортадағы тұрған ойыншы алдындағы ойыншыға нұсқауын беріп отырады. Алдыңғы ортадағының көрсеткен бағытымен жүреді.

Әр ойыншыға үш орында да болуына мүмкіндік береміз.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Сіз әрбір орында өзіңізді қадай сезіндіңіз?

  • Қай орында өзіңізді жақсы сезіндіңіз?


Мен кіммін?

Қатысушылар жиырма сөзді пайдаланып, «Мен кіммін?» деген сұраққа он бес минутта жауап береді. Дұрыс жауапты көп іздеп ойланбастан, ойына бірінші келген жауапты жазады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Қатысушылардың жауаптары қандай топтарға бөлінеді?

  • Әркім сараптаған жауабын төрт топқа бас әріптерін қою арқылы белгілейді:

«М - бұл маған байланысты»

«Б – бұл басқаларға байланысты»

«К – бұл тағдырға байланысты»

«Ж жәй осылай болды»

Бұл белгіленген әріптер – қатысушылардың жеке әріптері. «М» - әріпіне көп жауап берсе, топта көшбасшылыққа ұмтылушылар көп болғандығы.



Есімхатпен айырбас

Әрбір қатысушы өзінің есімхатын дайындайды. Тек өзінің атынан басқасының барлығын жазуға және салуға болады. Тапсырманы орындауға бес минут уақыт беріледі. Содан кейін жүргізуші барлық есімхатты жинап алады да, топқа көрсетеді, ал топтағылар есімхаттың кімдікі екендерін анықтаулары керек.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Авторды табуға не көмектесті?

  • Сіз өз есімхатыңызда қандай сәтті бейнеледіңіз?

Мен – адамзатқа силықпын.

Біз де өз әрбіріміз өз мүмкіндігімізге сенуіміз керек, әсіресе басшыға.

Бірінші кезеңде әрбір қатысушыға ол неліктен адамзатқа сыилық екендігін түсіндіріп жазу үшін бір минут уақыт береді. Екінші кезеңде, олар үш, төрт адамнан топқа бірігеді, әрбір топ өзінің жажғанын дәлелдеп қорғайды және қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Бұған бес, алты минут уақыт бөлінеді.

Қатысушы топтардың орындауына қарай терең жауап беруіне және сараптамалардың қорытындыларының маңыздылығына қарай орын бөледі.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Сіз жаттығуды орындағаннан кейін не сезінесіз?

  • Сіз өз мүмкіндіктеріңізді сезіне алдыңыз ба?

  • Сіз өз қабілеттілігіңіз бен мүмкіндігіңізді қаншалықты терең бағалай аласыз?


Жазбаша нұсқаулық

Әрбір ойынға қатысушы қағаз алады. Мүқият оқы және нұсқаулықта жазылғандарды бұлжытпай орында.

  1. Қатысушының таза парағын алып, төменгі оң жақ бұрышына есіміңді жаз;

  2. Парақтың ортасына кішкентай үй сал;

  3. Үйдің сол жағына су жиналатын тоған сал. Тоғанда екі аққу жүзіп жүрсін;

  4. Үйге қарай парақтың сол жақ бұрышынан басталатын жол сал;

  5. Жолдың оң жақ бөлігіне үш гүл салып сәнде;

  6. Парақтың оң жақ бұрышына күн сал;

  7. Есіміңнің жанына тал сал;

Әрбір қатысушы нұсқаулықты өз бетінше орындайды. (10-15 минутта). Сосын қатысушылар жұптасады. Әркім қарапайым және дәл әдістерді қолдана отырып, ыңғайлы нұсқаулық жазады. (5-10 минутта). Сосын нұсқаулықтарды айырбастайды және орындайды.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Сіз осы ойында нні үйрендіңіз?

  • Сіздің нұсқаулығыңыз нақты әрі түсінікті болдыма? Неге?

  • Қайсысы қиын – нұсқаулықты жазу ма, әлде толтыру ма?

Нұсқаулық бойынша сурет.

Қатысушылар жұп болып жұмыс істейді. Әркім өз парағына жәй үй салады, жанындағы серігіне көрсетпейді. Сосын салып болған соң бір-біріне суретті көрсетеді. Кім «а» кім «б» екенін шешеді.

«Б» жаңа парақ қарындаш алады және көзін байлайды.

«А» болса «Б» -ның салған суретін көріп отырады және «б»-ның қарындашын басқарып отырады. Мұндағы мақсат «б»-ның салған үйі мүмкіндігінше «а»-ның салған үйіне ұқсас болуы тиіс. Бірақ «б»-ның «а»-ның қолынан ұстап оның қолын басқаруына құқы жоқ.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

«Дәл нұсқаулық беру қиын ба, әлде серіктесіңіздің нұсқаулығымен ба?»


Мені алыңыз

Топтан үш адамды таңдап алады – олар мектеп кеңесінің мүшелері.

Қалғандары басқа орындарға үміткерлер. Әр қатысушы сол орынға лайық екенін көрсету керек. Кеңес әр маманды ұқыптылықпен тыңдайды. Бардық үміткерлерге арнайы тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздары таратылады. Үлестірме қағаздарының нұсқалары:

Тау шаңғысы.

Жас натуралист

Кітапханашы

Спортшы

Сықақшы

Ақылды

Еңбекқор

Озат

Үлгермеуші

Қайырымды

Бұзақы

Жолы болмайтын

Ұсақ ұры

Былжырақ

Мамасының баласы

Жалқау

Мақтаншақ жігіт

Арамтамақ

Фотомодель

Қырсық

Сәнқой

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Сізге берілген рөлді орындау оңай болды ма?

  • Сіз сол орынға лайық болу үшін қандай әдісті қолдандыңыз?

  • Кеңес үміткерлерді қандай қасиеттеріне қарап алды?


Шеңберден шық

Шеңбердің ортасына бір талапкер шығады оның міндеті шеңберден екі, үш минут ішінде шығу керек.

Шеңбардегілер оны шығарғылары келмейді. Егер шеңбердегілердің біреуі оны шығарғысы келсе оны шығаруына мүмкіндігі бар. Бұның келесі ойыншыны таңдауға ешқандай әсері болмауы керек. Күшпен шығаруға болмайды.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Сіз шеңберден шыға алдыңыз ба?

  • Шеңберден шығу үшін қандай әдістерді қолдандыңыз?

  • Шеңберден ойыншыны шығарғыңыз келген кез болды ма? Неге?


Сендіру сыйы

Қатысушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы отырады. Екі минут ішінде әрбір ойыншы алдағы болатын әңгімеге қатысты ойларын қағаз бетіне түсірулері керек. Сосын олар әңгімелесуді бастайды, негізгі мақсаты қарсыласын сендіру. Әңгімелесу уақыты үш минут.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Қарсыласыңызды сендіре алдыңыз ба?

  • Қандай әдістерді қолдандыңыз?

  • Сіз болған әңгімеде неге қол жеткіздіңіз, неге қол жеткізе алмадыңыз?


Сенімді адам

Әр ойыншы өзінің сөйлейтін сөзіне, көпшіліктің алдында айтатын ойын құрастырып, тыңдаушыларды сендіру мақсатында сіздер сеніп тұрған адам «ең лайықты», мысалыға «жыл адамы» атағына қатысушы топтағы адамды онымен ақылдаспай-ақ таңдайды, топтағылардың ешқайсысы оның кімді айтайын деп тұрғанын білмеуі керек.

Түсініктемеде ол өз қалауы бойынша сол адамның құндылықтарын ғана айтуына болады, ол оның нақты есімін және сол адамның мінезін сыртқы келбетін айтпауы керек.

Түсініктемеге дайындалуға бес минут уақыт беріледі содан соң, қатысушылар 5-6 адамнан топтарға бірігіп тапсырманы орындайды.

Тапсырманы орындауға екі минут уақыт беріледі.

Жүргізуші уақытты қадағалайды, бірақ топтардың жұмысына араласпайды.

Талқылау біткен соң, жүргізуші бір-біріне сұрақ қоюға және «бір орынға – бір адам» ұстанымы бойынша орын бөлуге уақыт бөледі.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Үміткерлерді таңдау қиын болды ма?

  • Сізге үміткердің құндылығын бағалауыңызға не көмектесті?

  • Өзіңіздің пікіріңіздің дұрыстығын басқаларды сендіру үшін қандай амал қолдандыңыз?


Шын әлде өтірік

Қолданылатын заттар: әр ойыншыға көз таңатын байлағыш және темйр теңге.

Ойынңа үш ерікті ойыншы керек. Біреуі қазына іздеуші болады: ол байлаулы көзімен теңгені іздейді, қалған екеуі өзара келісіп, қазына іздегіштен екі метр қашықтықта теңгені еденге қояды. Бұл екі бала қайырымды және қатыгез періштелердің міндетін атқарады. Қайырымдысы қазына іздегішке шындықты, яғни қалай қарай жүру керектігін айтады, ал қатыгезі өтірік айтып, басқа бағытты көрсетеді. Алайда қазына іздегіш кімнің қатыгез, кімнің қайырымды екенін білмейді.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Қазына іздегіш қалай шешті? Кімқатыгез, кім қайырымды?

  • Сіз қазынаны қалай іздедіңіз?

  • Үш ойыншы өздерін рөлдерде қалай сезінеді?

  • Сіз қулығыңызды асыру үшін не істер едіңіз?

  • Сіз сенімге кіріп көндіре аласыз ба?


Орындық

Орындықтар саны қатысушылар санымен бірдей болады. Орындықтар шеңбер тәрізді арасынан отуге болатындай етіп қойылады. Топтағылар мынадай тапсырма орындайды: барлығы орындыққа отырады, орындық арқа тұсында тұрады, орындықты кеуде тұсына дейін көтереді, түсіреді, қайтып бұрынғы орнына барып орындыққа отырады. Тапсырманы орындау кезінде сөйлесуге болмайды. Егер ойын ережесі бұзылса жүргізуші белгі береді.


Заңсыз зат тасушы

Қатысушылардың міндеті – өзіне сенбейтін топтағы адамдарды өзіне сендіру. Жүргізуші хабарлайды, шақырылған ойыншылар кеденнен заңсыз жүк алып, өтпекші болған саяхатшылардың кейіпінде болады. Алып өтетін зат саяхатшының біреуінің киімінде жасырылады. Ол қандай зат, қай саяхатшыға жасырады оны есік сыртында өздері шешіп алады. Олар келіп бүкіл топтың алдында орындыққа отырады. Қалған қатысушы ойыншылар заттың қай саяхатшыда екенін табу керек. Саяхатшыға кез-келген сұрақты қоюға, кінілауға, ұялтуға, алдаусыратуға, шындықты айтқызуға болады. Саяхатшылар сұрақ шабуылға өз бетінше жауап береді. Ксік сыртында келіскен саяхатшылар жүргізушіден көмек ала алады. Ойын жүргізуші саяхатшыға топтың назарын аударатын рөлді алуға кеңес береді. Саяхптшының біреуі, мысалы толқып тұрғандай, сөзшең, ақталып тұрғандай ьолып көрәнуі тиіс. Басқа ойыншы күдікті болған ойыншыны ақтап сөйлеуге тырысады т.с.с. Ал нағыз заңсыз затты жасырған ойыншының міндеті – өзіне ешқандай назар аудартпау, екі жаққа да қызығушылық танытпайтын жан болу керек. Жалпы саяхатшылардың міндеті топтың оған қатысты күдіктенудің орынсыз екеніне сендіру.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  1. Саяхатшыларға:

  • Жауап алу барысында сіздің қобалжыған сәттеріңіз?

  • Сіздің сендірудегі амалыңыз?

  1. Табушыларға:

  • Сізге табуға не көмектесті?

Топтың әдетте жасайтын негізгі шешімдері;

  • Жауап алудың бір минутына назар аударыңыз;

  • Сұрақтың мазмұны: кінәліні айыптау емес мазаламайтын сұрақтар.







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-404064

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"