Инфоурок Дошкольное образование КонспектыӨзін-өзі тану пәнінен сабақ үлгісі "Мен әдепті баламын"

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ үлгісі "Мен әдепті баламын"

Скачать материал

                                         МЕН ӘДЕПТІ БАЛАМЫН

                                                                                 Әдепті бала- жақсы бала.

                                                                                                         Мақал.                         

                                                                                                                                  

   Мақсаты:   «әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.

  Міндеттері:

·        Әдептілік туралы түсініктерін кеңейту;

·        Жағымды қарым – қатынас дағдыларын дамыту;

·        Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

  Балалар ортаға жиналып, Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен айтып, бір – бірімен амандасады.

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағалекум!», - деп

Алдан әже жолықса,

Бөгелемін әдейілеп:

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей»,- деп.

Кім кезіксе көшеде

Аға, тәте, көкеге,

«Сәлеметсіз бе!», - деймін.

-         Балалар, әліппе дәптерде берілген картаның келесі аялдамасын әдемілеп боятып, суреттің мазмұнын ашып, әдептілік әлеміне шақырып, онда ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, адал, еңбекқор балалар туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу.

·        Қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер?

·        Әдепті балалар қандай болады?

·        Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

 

 

Жауаптарды тыңдау, қорытындылау:

-         Әдепті сөздер – сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз, т.с.с.  Әдепті балалар әдепті сөздерді үнемі қолданады. Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала, ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді.  Ата – анасының айтқанын орындайды. Әдепті бала айналасындағылармен жақсы қарым – қатынас жасап, көмек қажет болса, дайын тұрады. Өзіне міндеттелген жұмыстарды атқарады. Өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді.

Әңгімелеу:

В. Осееваның «Сиқырлы сөз» атты әңгімесін оқып, талдау.

·        Қария Павликке қандай сиқырлы сөз айтты?

·        Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға бола ма? Неліктен?

·        Павликке қария кездеспесе не болар еді деп ойлайсыңдар?

·        Сендерге осындай жағдайлар болды ма?

Жауаптарды тыңдап, қорытындылау:

-         Қария Павликке өтінемін деген сиқырлы сөз айтты. Павликті әдепсіз деп айтуға болмайды. Өйткені ол өз қатесін түсініп, қарияның тілін алып, сиқырлы сөзді айту арқылы өзінің отбасымен табысты. Егер қария кездеспесе, онда Павлик ешкіммен жылы сөйлесе алмайтын еді. Әдепті балалар үлкендерді тыңдап, айтқандарын екі етпей орындап, жылы сөйлеседі. Әдепті балалар біреуден бір нәрсе сұрағысы келсе, Павлик сияқты тура қарап, ақырын, жайлап сұрағын жеткізеді және өтінемін деген сөзді айтуды ұмытпайды.

Ойын «Әдепті сөздер»

  Балалар шеңберге тұрып, допты лақтырып – қағып алу арқылы бір – біріне әдепті сөздер айтады.

-         Рақмет.

-         Сәлем!

-         Қалың қалай?

-         Сәлеметсіз бе?

-         Амансыз ба?

-         Қош келдіңіз! Сізді көргеніме өте қуаныштымын!

-         Кешіріңіз! Өтінемін.

-         Сау болыңыз! Қош болыңыз! Кездескенше!

Үйден жаттап келген әдептілік ережелерін айтып беру:

-         Әдепті бала қашанда сәлемедеседі.

-         Әрқашан сыпайы болу керек.

-         Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.

-         Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

-         Ескертусіз үйден, мектептен кетіп қалмайды.

Дәйексөз.

-         Бүгінгі сабақтың дәйексөзі – халық мақалы «Әдепті бала – жақсы бала».

Ғажайып сөздер:

-         Біз – әдепті, сыпайы баламыз.

-         Әдепті бала-жақсы бала.

Қорытындылау.

-         Балалар, біз бүгінгі сабағымызды әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік.

Жүректен  жүрекке.

  Балалардың есте сақтауларын дамыту мақсатында Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен қайталату.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ үлгісі "Мен әдепті баламын""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 1095
    • DOCX 16.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шатанова Айгуль Саветкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шатанова Айгуль Саветкановна
    Шатанова Айгуль Саветкановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6794
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование индивидуально-ориентированной методики Сесиль Лупан для детей дошкольного возраста через развитие интеллектуальной и эмоциональной сферы

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс профессиональной переподготовки

Сурдопедагогика в дошкольном образовании (работа с обучающимися с нарушениями слуха)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения слуха)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование физкультурно-образовательной среды дошкольной организации в соответствии с ФГОС ДО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек