Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары "Жақсылық - жан жадыратады" 9 класс

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары "Жақсылық - жан жадыратады" 9 класс

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары


Күні_____________№ 10

Тақырып: Жақсылық – жан жадыратады

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: мейірімділік, жақсылық

Класс: 9

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері.

Білімділігі: - жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

Дамытушылығы: - жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілігі: - жақсылық жасауға тәрбиелеу;

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімб +ізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Жақсылық» сөзіне сөзжұмбақ құрастырындар.

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Жақсы сөз, шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?

  1. Тапсырма

«Жақсы сөз айту – жағымпаздық...» тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңыз. Өз өмірлеріңізден мысал келтіріп, көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

  1. Шығармашылық жұмыс

Мәтіндерді оқып, ой бөлісіңдер. Өз ұсыныстарыңды жинақтап, жақсылыққа жету туралы шағын әңгіме жазыңдар.

  1. Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс:

Төмендегі тапсырма бойынша өз бойыңыздағы жақсы қасиеттердің бірін таңдап, сөйлемді аяқтаңыз. Өз өміріңізден мысал келтіріп, түсіндіріңіз.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығаруға және сыртқа шығарғаннан кейінгі аз үзіліске назар аударыңдар.

Тыныс алу фазаларына сәйкес ойша: «Демді ішке алу, дем шығару, үзіліс», - деген сөзді 3 рет қайталаңдар. Үзіліс жасамай-ақ осылайша тыныс алып, демді ауызбен жай үрлеп шығарыңдар. Осы кезде сыртқа шыққан леппен жағымсыз сезім мен әдеттер бірге кетті деп елестетіңдер.

Дем шығарғанда: «Сенімсіздік, жалтақтық, алаңдаушылық, ашу-ыза», - бірге кетті деп айтыңдар. 5 – 10 рет қайталау керек.


  1. Бағалау

Балаларды сабаққа белсене қатысқандарына қарай бағалау.



Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров102
Номер материала ДВ-395622
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх