Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары "Жүрек жылуы" 2 класс

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары "Жүрек жылуы" 2 класс

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Күні_____________№ 6

Тақырып: Білімге құштарлық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: еңбексүйгіштік, сүйіспеншілік

Класс: 2

Сабақтың мақсаты: «білім», «махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

Білімділігі: - оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: - оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;

Тәрбиелілігі: - кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:

Балалар көзімізді жұмамыз, сіздер енді мектекптен шығып барасыздар, самал жел таза ауа орманға да кеп қалдыңыздар, өте әдемі, гүлдер, гүлдер бірінен кейін бірін иіскеп жүрсіздер, құстардың жағымды дауысы қандай керемет кішкене отырып дем алыңыздар. Енді артқа келген жолмен сабаққа асығып келесіздер, кеп қалдыңыз да, енді көзімізді ашып сабаққа дайындалайық.

  1. Тапсырма:

  • Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?

  • Кітаптан қалай дос болуға болады?

  1. Дәйексөз:

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

  1. Тапсырма:

Оқулықта берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, мүмкіндігінше жаттап алыңдар:

«Оқу – білім бұлағы

Білім – өмір шырағы»

«Оқу инемен құдық қазғандай»

«Оқу түбі – тоқу»

  1. Дәптермен жұмыс:

Оқушылар тапсырманы дәптерлерінде орындайды. Орындап біткен соң жария етеді.

  1. Шығармашылық жұмыс:

Берілген суреттерді пайдалана отырып, сөзжұмбақты шешіңдер.

  1. Соңғы тыныштық сәті.

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығаруға және сыртқа шығарғаннан кейінгі аз үзіліске назар аударыңдар.

Тыныс алу фазаларына сәйкес ойша: «Демді ішке алу, дем шығару, үзіліс», - деген сөзді 3 рет қайталаңдар. Үзіліс жасамай-ақ осылайша тыныс алып, демді ауызбен жай үрлеп шығарыңдар. Осы кезде сыртқа шыққан леппен жағымсыз сезім мен әдеттер бірге кетті деп елестетіңдер.

Дем шығарғанда: «Сенімсіздік, жалтақтық, алаңдаушылық, ашу-ыза», - бірге кетті деп айтыңдар. 5 – 10 рет қайталау керек.

  1. Бағалау:

Оқушылардың сабаққа белсене қатысқандары үшін бағалау.












Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров143
Номер материала ДВ-395601
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх