Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары 7-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары 7-сынып

библиотека
материалов

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп«Алтынтөбе» жалпы орта мектебі

Тақырып: Сәулесімен санаңның, жігерленсін талабың

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сүйіспеншілік

Мұғалім: Жетпісова Қалима Сынып 8 Оқушылыр саны

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға ерік-жігер, күш-қуат, сана-сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділігі:

оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға, күш-жігерін ырықты түрде толық пайдалана алуға үйрету;

Дамытушылығы:

оқушылардың ерік-жігерін, күш-қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелілігі:

оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлілікке, қажырлылыққа, ерік-күштің мықтылығына тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

немесе

1..................2

Ресурстар:(құралдар,

мәліметтер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

К.Салықовтың «Жанбасаң, жарық бермейсің» өлеңін сұрау

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз:

Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді. Адам еркі, соның ішінде берік адамның еркі – ғаламат күш.

А.И. Герцен


4.Әңгімелеу(сұхбат):

  • «Ерік-күші мықты адам» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

  • Саналы әрекет дегенді қалай түсіндірер едіңдер?



5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)

Күш қайдан келеді?

Қ. Толыбаев

  • Неліктен адам бәрінен күшті деп ойлайсыңдар?

  • Балаға өздерің қандай ақыл қосар едіңдер?



6.Топпен ән айту.

ЕРЛІККЕ ШАҚЫРУ

Сөзі мен әні М. Шахановтікі

Мiне, саған ойланатын келдi күн, Азамат боп атқа мiндiң сен бүгiн. Бiрақ атқа мiнгенiңнен не пайда, Жүрегiңде қалғып жатса ерлiгiң. А – а – а Бозбала, Қанатыңды талдырма, Алай-түлей жаңбырда, Тiзгiнiңдi берiп қойма тағдырға, Қуанышым. Жан-тәнiңмен бiр адамды сүймегенiң үшiн, Сүйе алмағаның үшiн Табиғаттың алдында кiнәлiсiң. Қорға, жаным, сенiмiңдi жеруден, Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден. Өмiрдегi үлкен жеңiс әрдайым, Басталмай ма өзiңдi өзiң жеңуден. Болашағың алдыңда әлi, бүлдiршiн, Ер жiгiттiң намысында бұл бiр сын. Бүгiн көрсет қайратыңды, күшiңдi, Ертең мүмкiн кеш бола ма, кiм бiлсiн.


7.Үй тапсырмасы.

Үй жұмысы ретінде жігер, ерік-күш, қажыр-қайрат жөнінде бірнеше мақал жазып келу тапсырылады.


8.Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық....бар жерде,тыныштық.....бүкіл әлемде)

(Баяу күй ойнайды)
• Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!




Автор
Дата добавления 30.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров67
Номер материала ДБ-403861
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх