Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын интеграциялау моделін бірыңғай білім үрдісіне енгізу сұрақтары талқыланды. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының ұсыныстарын орындау жүрісі туралы қорытынды есептерді қарастырудың

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын интеграциялау моделін бірыңғай білім үрдісіне енгізу сұрақтары талқыланды. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының ұсыныстарын орындау жүрісі туралы қорытынды есептерді қарастырудың

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

198 Жалпы білім беретін мектеп

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Айбекова Айгерім Арзыбекқызы

Сабақтың тақырыбы: «Нашақорлық - ғасыр дерті»

Мақсаты: 1. Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, зиянды әдеттер – араққа, темекі шегуге және есірткіге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру, сақтандыру, олардың алдын алу шаралары туралы түсінік беру.
2. Дүниетанымын, сөздік қорын, ақыл - ойын дамыту.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, баяндау, пікірлесу, «өзім үшін жазу»,
Сабақтың көрнекілігі: «Денің сау болсын десең...» атты кітап көрмесі, суреттер, ХХІ ғасыр - есірткісіз ғасыр, «Есірткіге жол жоқ!», «Есірткісіз болашақ», слайд, бейнекөрме.
Пәнаралық байланыс: медицина, биология, валеология.

Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.
Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүкіл дүниежүзілік шылым шегушілерге, нашақорлыққа қарсы күрес күніне байланысты 4 «Ә» – сынып оқушыларының «Нашақорлық - ғасыр дерті» атты кіріктірілген үлгідегі ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. 
Тәрбие сағатының өтілу кезеңдерімен таныстыру.
1 - кезең. « Ел болашағымыз»
2 - кезең. Сахналық қойылым. « Уланбасын өмірің»
3 - кезең.«Заман және жастар»
4 - кезең.«Аулақ бол жаман әдеттен»
5 - кезең. Топтық жұмыс. «Бірінші байлық - денсаулық»
6 - кезең. «Өмір ағашымен сырласу»
7 - кезең. Рефлексия
Психологиялық дайындық.
Өмірге адам бір - ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
1 - кезең. «Ел болашағымыз»
1 - жүргізуші: Елбасының «Қазақстан - 2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз.

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

2 - жүргізуші: Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері: шылым шегу, арақ, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. «Денсаулық - зор байлық»«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз.
шылым шегу нашақорлық
арақ

2 - кезең. Сахналық қойылым. « Уланбасын өмірің»
Қойылымды тамашалау.
- Балалар, біз не көрдік, не білдік, не айта аламыз?
1 - оқушы: Біздің ата - бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл - ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ - шарап дегеннен аулақ болды. Ата - бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді. Балалар ұлттық ойын ойнап, шынығып, шымыр болып өсті.
2 - оқушы: Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.
3 - оқушы: Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан, қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.
4 - оқушы: Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көкөрім жастар.
5 - оқушы: Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата - анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.

Бәрі қосылып: Біз есірткісіз болашақты қалаймыз.

3 - кезең. «Заман және жастар»
6 - оқушы: Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар. Елбасының 3 тұғырлы саясат үндеуін насихаттау мақсатында көрсетілген суретті қазақ тіліне аудартып, оқушы пікірін тыңдау.

7 - оқушы: Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
8 - оқушы: Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш
майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

9 - оқушы:
Нашақорлық - бүкіл адамзат баласы үшiн аса үрейлi мәселелердiң бiрi. Қаншама ұрпақтың өмiрiн жалмаған, осынау аждаһамен күрес күн санап күшейтiлсе де дес бермей отыр. Ең бiр сорақысы есiрткiге елiтiп, есiнен айырылғандардың көбiсi жастар мен жасөспiрiмдер.
Нашақорлық дегеніміз не?

Нашақорлықтың ауру, жаман әдет, қылмыс, бизнес екендігін білдік. Енді осы нашақорлық Қазақстан Республикасында қалай белең алып өрбуде оны білу үшін мына статистикалық мәліметтерге назар аударайық.

10 - оқушы: Кеңес Одағы кезiнде есiрткiге қарсы күрес жасырын түрде жүргізiлiп келсе, оның күшейгенi сонша бара - бара бетпердесi ашылып қалды. 1990 жылдардан кейiн нашақорлықтың алдын алу шаралары ашық түрде барынша пәрмендi жүрiлуде. Ақпарат көздерiнiң мәлiметiне қарағанда, Қазақстанда 500 мыңға жуық нашақор бар көрiнедi.

11 - оқушы: Бұлардың тең жартысы 17 мен 29 арасындағы жастар. Бүгiнде Қазақстанда әр жыл сайын есiрткiге қатысты 20 мың қылмыс тiркеледi. Есiрткi бизнесi ерекше пайдалы, табысты болғандықтан онымен күресу қиынға соғып отыр. Бұл бизнестiң түрiне 1 доллар жұмсасаңыз ол бiр жылда 12400 долларға айналады. Мұндай iрi көлемдi табыс мұнай саласында да бола бермейдi

12 - оқушы: Сондықтан бұл салада пайда табатындар қанша жасырын жүргiзсе де, тұтынушылар қатарын жыл санап молайтуда. Олардың ең әуелгi құрбандары жастар. Нашақорлардың 40 пайызға жуығы ауқатты отбасылардан шыққандар. Соған қарағанда бұл әлеуметтiк жағдайға да байланысты емес. Кейбiр деректерде әр жыл сайын әлемде 50 млн. адамның нашақорлық салдарынан жарық дүниемен қоштасатындығы айтылып жүр.

13 - оқушы:
Қазақстанға есiрткi Ресейден, Ауғанстаннан сонымен қатар Батыс елдерiнен тасымалданады. Нашақорлық жаһанға жалпылай тарап кеткен аса қатерлi дерт. Бұған бай да, кедей де тәуелдi болып қалады. Қазақстанда есiрткi құмарлардың көбiсi түнгi клубтарда көптеп ұшырасады.

4 - кезең. «Аулақ бол жаман әдеттен» Балалар, бүгін нашақорлық туралы көптеген деректер, мысалдар айтылды, өздеріңе осы айтылған, көрсетілген нәрселерден қандай әсер алғандарыңды өз сөздеріңмен айтып беріңдерші.
14 - оқушы: Анаша шегушілер бара - бара өздерінің адамдық қасиетінен айырылады. Олар тек қана өзін ойлайды. Оқу, жұмыс жайына қалады.
15 - оқушы: Олар өтірік айтады. Ұрлық істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алу үшін кісі өлтіруден де шімірікпейді.
16 - оқушы: Есірткіні шприц арқылы тамырына жіберушілер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалдығады.
17 - оқушы: Анаша шегушілер - өзін - өзі өлтірушілер.
18 - оқушы: Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан мен Тәжікстанда бірнеше мыңдаған тонна апиын сақталып отыр.
19 - оқушы: Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді.
20 - оқушы: Олай болса, сақ болайық, ағайын!
21 - оқушы: Ажал тарататын анашадан абай болайық!
22 - оқушы: Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек,
Ата - анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,
23 - оқушы: Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек,
Бәрі бірігіп:
Ел болып, халық болып, анашаны ауыздықтайық! Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік, бауырлар!
Сергіту сәті:

5 - кезең. Топтық жұмыс. «Бірінші байлық - денсаулық»
І топ: Денсаулықтың достары: салауатты өмір салты, спортпен шұғылдану, жүгіру, тазалық, дұрыс тамақтану, ерінбеу, аурулардың алдын алу, зиянды заттардан аулық болу...
Денсаулықтың дұшпандары: денсаулыққа қарамау, аурулардың алдын алмау, спортпен шұғылданбау, еріншектік, дұрыс тамақтанбау, тазалық сақтамау, зиянды нәрселерге әуес болу...(оқушылар білгендерін сызбаға салып топтастырып, қорғайды.)
ІІ топ: Сурет салу «Біз нашақорлыққа қарсымыз»
ІІІ топ: «Өзім үшін жазу» әдісі:
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық. Қазір сіздер өз өздеріңізбен кеңесіп сөз бересіздер. Және алдарыңыздағы қағазға жазып, «Өмір ағашына» ілесіздер.
Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен.

6 - кезең.«Өмір ағашымен сырласу»
Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.
Ар - намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір - ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.

Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!

Проблемалық сұрақ. Спортшылардың суретін көрсету. Егер олар наркотикті таңдаса, осындай жеңіске жетер ме еді?(Оқушылар өз пікірлерін айтып, дәлелдейді.)
Зульфия Чиншанло Әділбек Ниязымбетов
7 - кезең. Рефлексия ( балауыз шамды жағып көрсету)

1 - жүргізуші:

Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ
өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ
өмірімізге неге балта шабамыз?
Хормен:
Өз өміріміз үшін күресе білейік!
Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Мұғалім сөзі:
Нашақорлық - қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата - аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- бүгінгі сабақ сендердің өмір жолында адаспай еліміздің дені мен жаны таза азамат болып өсулеріңе аз болса да өзіндік үлесін қосты деп ойлаймын.- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.

Оқушыларға «Аулақ бол жаман әдеттен» атты қима қағаз таратылады.
Нашақорлық - бойымызды улайтын кесел. Ендеше осы кеселден бойымызды аулақ ұстайық.
1. Жаман әдеттерден аулақ болуға
2. Спортпен шұғылдануға
3. Табиғатты ластамауға
4. Темекі тартпауға
5. Арақ ішпеуге
6. Анашаға жоламауға
7. Тәуелсіздігімізді қорғауға
8. Білімді азамат болуға
Бәріңді шақырамыз.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров188
Номер материала ДВ-155200
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх