Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі тану пәнінің жоспары

Бекітемін: ___________Оқу ісінің меңгерушісі: Е.Берікқалиев.

Күні: 29.04.2015ж .

Тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Құндылық : Қиянат жасамау.

Қасиеттер : адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, сабырлылық, ақылдылық.

Мұғалім: К.Айжарикова

Сынып 4 «а,ә » Оқушы саны: 39

Сабақтың мақсаты:

- «Табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін  кеңейту.

Міндеттері:

- Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

-Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;

-Табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер, күн суреті, жүрекше.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесі «5-Т-ны» қайталаймыз.

Сыныпты топқа бөлу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып, денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз. Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашыр тұр.күннің нұры қоға барды, қолдарыныздың саусақтарына ыстық сезім ұялатты, қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті. Аяғың нұрлы жолға бастады. Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды,Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Талғайран ауылын, отбасыларыңызға, осы сыныпқа, тіпті егемен еліміздің түкпір- түкпір аралап өткен жерлеріне жақсылық, қуаныш ,жылылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге оралды. Сіз нұр сәулесісіз!

2.Үй тапсырмасы.

М.Аяғанованың «Табиғатпен тілдессем» өленін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сабақ барысын талдау.


Дәйексөз.

«Табиғатқа тазалықты тарту ет»

Р.Сәтімбеков

Адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге. Өйткені оның жерінде дүниеге келіп, суын ішіп,ашық аспанында күн нұрына малынып,өсімдіктермен тынығып, жаңбыр- қарының қызығын көріп өсіп-жетіледі.Табиғатта адамның оны сақтауымен, қорғауымен,күтімімен дамып келеді. Демек, олардың бір – бірінсіз өмір сүруі қиын.


Мұғалім сыйы: Ә.Қасым «Табиғат»

Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су мөлдір уа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ,замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де,беретіне қарызға.
Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.
Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
О,Табиғат,сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең,керемет ең!


Әңгімелеу

- «Жасыл ел» туралы естігендеріңіз бар ма?

- «Жасыл ел» тобын құрған адамдар немен айналысады?

- Олардың атқарған іс-шаралары қандай мақсатпен жасалуда деп ойлайсыңдар?


Жаңа ақпарат

Табиғат тазалығы – адам денсаулығының кепілі.Алуан түсті гүлдер алқабы,сайраған құстар, бұлақ сылдыры,биік таулар, жарқыраған күн, таза ауа адамдарға саулық пен қуаныш сыйлады.


Шығармашылық жұмыс.

1. «Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау» коллаж жасау

2. «Денсаулық жан саулығыңның кепілі» эссе жазу

3. «Мен туған өлкемнің табиғатын жырлаймын» 5 жол өлең

4. «Табиғатым-мекенім» тақырыбына өлең шығару


Топпен ән айту.

«Табиғатым».


Жағдаяттарды талдау.

1-   жағдаят:

Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол

 « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағдаят:

Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?


Дәптермен жұмыс

Табиғат аясында жасаған тазалық жұмыстарынан алған әсерлерін жазу.


Үй тапсырмасы.

Сахналау: Күн, ауа, су, жер, оқушы.


Соңғы тыныштық сәті.




Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 10.04.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров310
Номер материала ДБ-019752
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх