Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Өзін-өзі тану сабақ жоспары



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Өзін-өзі тану пәнінің жоспары

Бекітемін: ___________Оқу ісінің меңгерушісі: Е.Берікқалиев.

Күні: 08.04.2015ж .

Тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық

Құндылық : Қиянат жасамау.

Қасиеттер : адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, сабырлылық, ақылдылық.

Мұғалім: К.Айжарикова

Сынып 4 «а » Оқушы саны: 19

Сабақтың мақсаты:

- : Балалардың “табиғат”, “қамқорлық” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:

- Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін дамыту;
- Табиғаттың аң - құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер, күн суреті, жүрекше.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесі «5-Т-ны» қайталаймыз.

Сыныпты топқа бөлу.

Тыныштық сәті. « Нұрға бөлену».

2.Үй тапсырмасы.

А.Мырзағұлованың «Табиғат ана» мәтінін мазмұндап, сұрақтарға толық жауап беру.

-Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Табиғат-ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры неде деп ойлайсыңдар?

-Сендер табиғат-ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?

Сабақ барысын талдау.


Дәйексөз.

«Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық».

Халық даналығы.


Мұғалім сыйы: Қ.Аманжолов «КӨКТЕМ»өлеңі

Төбеден төнген аспан, күн мен айы,

«Тамаша» жанға жайлы күн райы.

Ақырын жылжып қана көктем келед,

Сықылды жас жігіттің сәулетайы.

Күлімдеп кел тезірек, кел, көктемім,

Өмірдің «рақатына» тең көктемім.

Тігілген он бір қанат ұлы ордама,

Сұлудай тәжім етіп ен, көктемім.

Мен биыл он бір қанат орда тіктім,

Төрінен орын қойып сені күттім.

Жырыммен бетіңді ашып енгізейін,

Тезірек кел, көктемім, кел, сүйіктім!

Масайрап, гүл-гүл жайнап, кел тезірек,

Сағынған жер анаң да тұр елжіреп,

Сүті ағып, «алпыс екі тамыры иіп»,

Жадырап, жаны жібіп, күлімсіреп.

Жер күліп, аспан төніп құшақтасып, -

Бейне бір қосылғандай екі ғашық.

Асқандай аясынан айдын шалқып,

Кербез бел күнге қарап қойнын ашып.

Аспанда қаз бен үйрек қиқуласып,

Жерде еңбек ерлері жүр ән шырқасып.

Жайраңдап, қыза қайнап, күшін сайлап,

Маржандай, егін жайға, тұқым шашып.

Құлпырып ұлан-байтақ сәнді дала,

Тамаша думан-тойлы сансыз қала.

Бәрі де: «көктем келед!» дейді күліп,

Көктемге көңілдене, құмарлана.

Көңлі шат, жүзінде нұр бәрінің де,

Қайғыдан хабары жоқ кәрінің де.

Бақыттың дариясы шалқығандай,

Қарайды қуанышпен алтын күнге.

Кел, көктем, күлім қағып қарсылайық,

Арудай аймалайық, құшақ жайып.

Қосылған сүйгеніне жас сұлудай –

Көктемім – көңілді елге сен лайық!

Көктемім – көңіл қошым, кел тезірек,

Көріктім көзің күн де, жүзің жібек.

Өмірді нұрға бөлеп, гүлге орайық,

Жаннаттай жиһазыңды бер тезірек.

1937. Алматы


Жаңа ақпарат.

«Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті».


Шығармашылық тапсырма.

Қыс” тобы:“Сезімнен шыққан өлең”-өлең шығару

Көктем” тобы:“Табиғат ғажабы”-коллаж құрастыру

Жаз” тобы:“Дәлелденген эссе”-ой толғау жазу

Күз” тобы:“Табиғат қоржыны”-мақал-мәтелдер жазу


Топпен ән айту.

«Желсіз түнде жарық ай».

Абай.


Топтық жұмыс.

Постер қорғау.
Ітоп:“Табиғаттың ластануы”

ІІ топ: “Табиғатқа тіл бітсе...”

ІІІ топ: “Табиғатқа қамқорлық”

ІҮ топ: “Табиғат-өмір мәні”


Түйіндеме.

«Табиғатты қорғау» тақырыбын қорытындылау, топтастыру.

Табиғаттың тазалығына, гүлденуіне, оны қамқорлыққа алып, аялауға, сақтауға адам жауапты. Адам мен табиғат үндістікте өмір сүреді. Ал жас табиғат қамқоршылары жиналған топ «Жасыл ел» деп аталады. "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары 2005 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы. "Жасыл ел" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында аталмыш Жолдау негізінде 2005 жылы 18 ақпанда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы өз жұмысын бастады. Штабтың негізгі мақсаты - жастардың көмегімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау.
Біздер «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұранмен адам жаны сау болып, салауатты өмір сүру үшін жұмыстар жүргіземіз. Бүгін біз «Жасыл ел» тобы болып, жасыл түсті эмблемаларды тағып, табиғатқа қамқорлығымызды көрсетеміз. Жасыл эмблема – біздің табиғатқа деген жауапкершілігімізді білдіреді. Өйткені, табиғат тазалығы – адам денсаулығының кепілі.


Дәптермен жұмыс

«Менің ауылым» тақырыбына шығарма жазу.


Қорытындылау.

Теректің суретіне жапырақтар іледі. «Мен қабылдайтын шешімдер....» деп айтып жапырақтарды терекке жапсырады. Мысалы:

-табиғатты таза ұстауға шешім қабылдаймын.

-табиғат қамқоршысы ретінде бұлақ көздерін тазалаймын.

-табиғатты көркейту үшін ә жылы ағаш егуге шешім қабылдаймын. Т.б


Үй тапсырмасы.

«Көктем исі» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.


Соңғы тыныштық сәті.






Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-418690

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>