Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Өзін-өзі тану сабағы "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" (2-сынып)

Өзін-өзі тану сабағы "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" (2-сынып)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: «Үлкенге –құрмет, кішіге-ізет»
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: шар, ақ қағаздар.
Жоспары:
І. Кіріспе сөз.
ІІ. «Мен кіммін» тренингі
ІІІ. «Мен қандаймын» жаттығуы.
ІҮ. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.
Ү.
Шығармашылық жұмыс.
ҮІ. Қорытынды:

І. Кіріспе сөз.
-Құрметті ата-аналар, оқушылар. Бүгінгі сабағымызға 29 қазан Қамқоршылық күніне байланысты мектебіміздің қамқолығындағы Бөкенші орта мектебінің 2-сынып оқушысы Оразбаева Даяна келіп отыр.Даянаны қол шапалақтап отамызға шақырайық.

  « Жағымды көңіл-күй» қалыптастырайық 

       Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан дүниесін  ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретету. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

І. «Мен кіммін» тренингі
Мақсаты: «Мен кіммін? деген сұраққа жауап беру. Өз есімдерін ұнату арқылы өзін бағалауға үйрету.
Бәрімізде адам болғандықтан, есім беріледі. Есімді қоярда бізден ешкім саған осы есім ұнай ма? деп сұрамайды. Сондықтан кей кездері өз есімдеріміз ұнамай қалып жатады.
Көзін жұмып ұнататындықтарын саусақпен көрсету. 1 саусақ – мүлде, 2 саусақ – ұнатпау, 3 саусақ – қанағаттанарлық, 4 саусақ – ұнатамын, 5 саусақ - өте қатты ұнатамын.
Өз есімдеріңді елестетіңдер. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе сурет күйінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай үлкен бе? Кіші ме? Оның түсі қандай? Дыбыс естисіңдер ма?
Біз өзіміздің бағыт – бағдарымызды анықтап, өзімізді ғана емес, қоршаған ортадағы адамдар өміріне де араласып, ұлы адамдар өмірінен, мінез-құлқынан, жүріс - тұрысы, яғни бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерінен үлгі - өнеге алып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Осы мақсатта қазір «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» атты жаттығуы жүргізіледі.

ІІ. «Мен қандаймын» жаттығуы.
Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.
Саусақтарыңызды айқастырып ұстаңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз.
Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Шапалақтаңыз... Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз.
ІҮ. «Өзінді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.
Ойын шарты: Оқушыларға ауылға еңбек сіңірген адамдардың суреттері беріледі. Балалар осы кісі туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез – құлқы туралы әңгімелейді.
Ү. Шығармашылық жұмыс. Ата-аналар мен оқушылар « Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында сурет алып, қорғайды
ҮІ. Қорытынды.

.«Ақ тілек » 

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.                                                                                                            Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды. Тренинг соңында әр қатысушы өз ойын біледі.





























Мәтінмен жұмыс. «Үш дос» Әңгімені оқу, талдау.
- Балалар неге бірге ойнай алмады?
- Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет»
Жаңа ақпарат. Оқушылар оқулықтағы жаңа ақпараттарды оқи отырып, адамдардың арасында көп нәрсе сыйластыққа байланысты екенін түсінуі қажет.
Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.

Дәптермен жұмыс
Сабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.

1- Тапсырма: «Менің айтар ақылым». Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі), ініңе арнап хат жаз.
2- Тапсырма «Менің айтар ақылым». Үйдегі үлкендердің өзіңе айтқан ақылдарын жазуға ұсыныс жаса.
Сахналау
«Кішілік-кісілік»
Көп ойланып есебі,
Келсе керек білгісі.
Сөз сұрапты деседі автор
Қариядан бір кісі:
— Уа, қария, данамыз,
Алайық бір түсініп.
Үлкендік деп ұғамыз? бір кісі
Дейміз нені кішілік?
— Ағайынмен, досымен,
Тату болса ісімен.
Санаспай-ақ жасымен,
Сыйлас болса кісімен;
Кезек күтіп сөйлесе, қария
Көрсетсе ізет, білгендік.
Кеуде кере келмесе,
Сол — Кісілік — үлкендік.
— Сіз үлкендік дегенмен,
Басқаша ұқтық мұны біз.
Мәмілешіл бар елмен бір кісі
Кішілік қой мұнымыз.
— Жөн-ақ өзің аңдасаң,
Сөздің мәнін түсініп.
Ұйқасады әрқашан қария
Кішілік пен кісілік.

Жүректен жүрекке
Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі өлеңді бірге айтып, сабақты аяқтайды.
«Ақ әжем» әнін айтқызу

Өткізген: Кокушева Сәуле Асқарқызы
Өзін-өзі тану. «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет». 2-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Үлкенге — ізет, кішіге — құрмет
Сабақтың мақсаттары: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылығы туралы түмініктерін кеңейту, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар.
Пайдаланған әдебиет: әдістемелік нұсқау, «Қазақтың мақал-мәтелдері», 2008 г., «Қазақстан»
Сабақ барысы:
1. Шаттық шеңбері
— Балалар, кәне «Шаттық шеңберге» тұрып бір-бірімізбен бас иіп, жымиып амандасайық.
— Балалар, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай жымиып бас ию — адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Адамға деген құрметің жымиып тұрып амандасудан басталады. Кәне сәлем беру туралы мақал — мәтелдерді есімізге түсірейік (Сәлем — сөздің атасы, Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергенің, т.с.с.)
Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Риза— шылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.
2. Ән айту. Әңгімелеу
— Балалар, «Анамды жақсы көремін» өлеңін айтайық (өлең айту).
Үлкенмін ғой мен енді, жудым еденді,

Аналарға арналаған жаттадым өлеңді.

Апатайым менің, апатайым-ай,

Саған арнап әнімді тағы айтайын-ай.
Әнді айтып берейін,

Би де билеймін.

Өйткені мен анамды

Жақсы көремін.
Өнерімді құптаған сенсің білемін,

Өлең көп жұптадым саған жүрегім.

Анамды мен сүйемін,сөзін ұғамын,

Ардақтаймын әрқашан асыл тұмарым.
Қайырмасы:
— Балалар, ата-аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма?
Ендеше, балалар, сыйластық отбасынан басталады.
Балалардың үлкендерді сыйлауға және үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру мақсатында сұрақтар қою:
— Балалар, ата, әжелерің сендерге қандай ақыл-кеңестер айтады?
— Сендер әжелеріңе қандай құрмет көрсетесіңдер?
3. Тапсырма
— Балалар, сендер өздеріңнің ерекше сыйлайтын адамдары туралы және оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық екенін ойланып, айтып беріңдер.
(оқушылардың жауаптары)
4. Жағдаяттарды шешу
Оқушылардың адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін бекіте түсу үшін 37-бетте сюжетті суреттерге көңіл аудару.
Сюжетті суреттер:
1. Шығармашылық кездесу кезінде өзіңді қызықтырған сұрақ қойғың келді. Ол

2. Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі

3. Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ

— Балалар, осы жағдаяттарды жалғастырып көріңдер.
4. Мәтінмен жұмыс
— Қазір біз «Рақмет, ата» әңгімені оқып шығайық.
Рақмет, ата!
Баламның амандығын біліп,немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жасар шамасындағы қыз тұрды.
Қасына келіп:
— Бұл жерде неғып тұрмың? — дедім.
— Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.
— Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?
— Гүлнар.
— Кімнің баласысың?
— Әжемнің баласымын.
Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.
— Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! — деп жүзіме қуана қарады.Кіп кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.
— Балалар, Гүлнардың үлкенді сыйлайтынын, кішіге қамқоршы екенін қандай іс-әрекеттерінен аңғаруға болады?
— Атай Гүлнарға қандай ізеттілік көрсетті?
— Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарға қандай құрмет көрсетесің?
5. Дәйек сөз
«Өзгеге жасаған ізетің — өзіңе жасаған құрметің» (халық даналығы)
— Балалар, құрмет — үлкен адамдарға көрсетілетін сыйластықты қарым-қатынас. Ізет — үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы. Өзің сыйласаң, сен де сыйлайды. Сондықтан жастайыңнан үлкенді құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет жасауды білсең өмір бойы сыйлы болып өтерсің. «Өзгеге жасаған ізетің — өзіңе жасаған құрметің» деген сөздің мағынасы осы.
6. Тыныштық сәті
— Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді аш— саңдар да болады.
7. Сахналау
— Ал, қазір, балалар, біз «Кісілік — кішілік» атты өлеңді рөлдерге бөліп оқимыз.
Көп ойланып есебі,

Келсе керек білгісі.

Сөз сұрапты деседі

Қариядан бір кісі:

— Уа, қария, данамыз,

Алайық бір түсініп.

Үлкендік деп ұғамыз?

Дейміз нені кішілік?

— Ағайынмен, досымен,

Тату болса ісімен.
Санаспай-ақ жасымен,

Сыйлас болса кісімен;

Кезек күтіп сөйлесе,

Көрсетсе ізет, білгендік.

Кеуде кере келмесе,

Сол — Кісілік — үлкендік.

— Сіз үлкендік дегенмен,

Басқаша ұқтық мұны біз.

Мәмілешіл бар елмен

Кішілік қой мұнымыз.

— Жөн-ақ өзің аңдасаң,

Сөздің мәнін түсініп.

Ұйқасады әрқашан

Кішілік пен кісілік.
— Балалар, өлеңдегі кісілікке тән қасиеттерді айтып беріңдер.
— Кішілікке тән қасиеттерді іріктеп айтыңдар.
8. Дәптермен жұмыс
— Сурет бойынша әңгіме құрастырып, дәптерлеріңе жазыңдар.
— Берілген сөздердің шеңбер ішінде берілген отбасы мүшелерінің қайсысына қатысты екендігін тауып белгілеңдер және айтып беріңдер.
9. Жүректен жүрекке
— Балалар, біз шаттық шеңберге тұрып, бір бірімізге жүрегімізден шыққан жақсы тілек айтайық (жұмсақ жүректі қолдан қолға беріп).
— Сонымен, балалар, адамдар өзара сыйласып, бір — бірінің жақсы, ізгі қасиеттерін құрметтесе, сыйластыққа қол жеткізеді. Өзін — өзі сыйлайтын адам өзгелерді де сыйлай біледі.



Сабақтың тақырыбы: «Өзін-өзін тану» тренингі

                        Мақсаты: «Тұлғалық қасиетті білу».

1.«Менің есімім» атты жаттығу.

Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т.б.

 «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.

1а) Интерпритация

Қызыл қуанышты көңіл-күй

Ал қызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған  көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш  қуаттың төмендеуі

Ақ –анықталмаған көңіл-күй.

 2а) Әр оқушы  өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны  оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

  1. « Әнмен бой сергіту».

Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған  қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін  жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде  осындай үш не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша  өз әуенін естіп Азаматпен бір топты қ

 2.«Мимикалық ситуация».

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары  ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген.Әр топ өз тақырыптарына  байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.

                2.«Автопортрет».

Ф. Бернстің «Афтопортрет» әдістемесі арқылы тұлғаның қасиетін анықтау.Қатысушыларға дәптер, қалам беріледі. Олар өздерінің автопортреттерін салады. Нәтижесін психологтар талдайды.Қажетті заттар: дәптер, түрлі-түсті қаламдар, медитациялық музыка.2.«Ақ тілек » 

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.                                                                                                            Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.

                             Тренинг соңында әр қатысушы өз ойын біледі.

             

  « Жағымды көңіл-күй» қалыптастырайық 

       Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан дүниесін  ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретету. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.



Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)

Жарияланды 10-01-2014, 03:53 Категориясы: Психология 

«Өз - өзіңді танысаң - істің басы» тренинг - сабақ

«Өз - өзіңді танысаң - істің басы» тренинг - сабақ
Мақсаты: оқушылардың өзін - өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беру. Өз - өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру. Өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: тренинг - сабақ барысында берілген ақпараттарды игере отырып, өз - өзін тани алуы, өз мүмкіншіліктерін білуі. Оқушының ойлау аймағының шексіз екендігін көрсете отырып, өз - өзін түсінуге, бағалауға баулу. Байқампаздыққа жетелеу.

«Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе – өзіңді - өзің түсіну» (Әл – Фараби)
Жоспары:
І. Кіріспе сөз.
ІІ. «Мен кіммін» тренингі
ІІІ. «Мен қандаймын» жаттығуы.
ІҮ. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.
Ү. «Өз ұстазыңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?» жаттығуы.
ҮІ. Қорытынды:

І. Кіріспе сөз.
«Өзін - өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым - қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.
Тұлғаның өзін - өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.
1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез - құлықтың және іс - әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.
2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне - өзі сенімділік, өзін - өзі таныту.
3. Тұлғаның құндылықтық - мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.
4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік
Р. С. Немов өзiн - өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата - ана, туған - туыс, достар т. б баланың іс - әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз iс - әрекетiн өзгелердiң iс - әрекетiмен салыстыра бағалауы.
3. Өзiн - өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.

ІІ. «Мен кіммін» тренингі
Мақсаты: «Мен кіммін? деген сұраққа жауап беру. Өз есімдерін ұнату арқылы өзін бағалауға үйрету.
Бәрімізде адам болғандықтан, есім беріледі. Есімді қоярда бізден ешкім саған осы есім ұнай ма? деп сұрамайды. Сондықтан кей кездері өз есімдеріміз ұнамай қалып жатады.
Көзін жұмып ұнататындықтарын саусақпен көрсету. 1 саусақ – мүлде, 2 саусақ – ұнатпау, 3 саусақ – қанағаттанарлық, 4 саусақ – ұнатамын, 5 саусақ - өте қатты ұнатамын.
Өз есімдеріңді елестетіңдер. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе сурет күйінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай үлкен бе? Кіші ме? Оның түсі қандай? Дыбыс естисіңдер ма?
Біз өзіміздің бағыт – бағдарымызды анықтап, өзімізді ғана емес, қоршаған ортадағы адамдар өміріне де араласып, ұлы адамдар өмірінен, мінез-құлқынан, жүріс - тұрысы, яғни бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерінен үлгі - өнеге алып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Осы мақсатта қазір «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» атты жаттығуы жүргізіледі.

ІІІ. «Мен қандаймын» жаттығуы.
Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.
Саусақтарыңызды айқастырып ұстаңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз.
Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Шапалақтаңыз... Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз.

ІҮ. «Өзінді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.
Ойын шарты: Оқушыларға ауылға еңбек сіңірген адамдардың суреттері беріледі. Балалар осы кісі туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез – құлқы туралы әңгімелейді.

Ү. «Өз ұстазыңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?» жаттығуы.
Біз бағанадан бері сынып оқушыларымен жұмыстар жүрігіздік. Енді күделікті сынып өміріне етене араласып, тәрбие мен білімді ұштастырып отырған сынып оқытушыларының сынып оқушылары туралы қаншалықты жақсы білетіндігін байқау мақсатында, яғни оқушы мен оқытушы қарым – қатынасы қандай екендігін тексерейік.
Жүргізілу жолы: Сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер алдын – ала төмендегідей сауалдарға жауап толтырады. Мұғалім осы сыныптағы бір оқушыны таңдап алып, сол оқушының атынан сауалдарға жауап береді.
Менің есімім
Менің сүйікті түсім
Менің сүйікті ісім
Менің аяқ - киім өлшемім
Менің сүйікті әнім
Менің сүйікті фильмім
Осындай сауалдар үлгісі сынып оқытушыларынан алдын – ала алынып қойылады да, оқушылар жауабымен салыстырылады.

ҮІ. Қорытынды. Адамның өз «Менін» сезіне бастауын Абай атамыз тілімен айтқанда, кісінің өзіне - өзі ұдайы есеп беруінен, өзін - өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Біріншісі - өз бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – тұйықтықтан, үшіншісі – ұялшақтықтан арылғысы келеді. Жоғарыда өздерін біраз кемшіліктер туралы, көптеген жақсылықтар туралы айтып өттіңдер. Бәріміз де пендеміз, жаратылыста кем – кетіксіз адам болмайды, дегенмен шындап қолға алса, адам мінезінің сөзсіз өзгеретіндігі жаңалық емес.
Адам ғалам, ғажайып жеке - дара,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң – істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1719
Номер материала ДВ-097219
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх