Инфоурок Другое КонспектыӨзін-өзі тану сабағы "Рухани байлық игілік көзі" (10 сынып)

Өзін-өзі тану сабағы "Рухани байлық игілік көзі" (10 сынып)

Скачать материал

Өзін - өзі тану сабағының жоспары                               Сынып: 10                       

Мектеп:Семеновка  орта мектебі                           Мерзімі:               7-8сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Рухани байлық игілік көзі.

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер:мейірімділік,қайырымдылық,кішіпейілділік,адалдық т.б.

Мұғалім:                                           Оқушылар саны:

Мақсаты

1.«Құндылық», «рухани құндылық», «адамгершілік» ұғымдарын түсіндіру; саралап көрсету. Оқушылардың бойында рухани  құндылықтарды қалыптастыру жолдарын табу.

2.Жастардың бойындағы адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті адамгершіліктерін, ой-өрістерін дамыту.

3. «Үлкенге ізет, кішіге құрмет»- дегендей сыйластыққа,сүйіспеншілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

      Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми негіздерін анықтап,жастарға білім бере отырып, оларды рухани тәрбиелеу.

•        Рухани құндылықтарға тәрбиелеудің маңызы

•        Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастырудағы шарттарын анықтау

 

Сабақ барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана бастайды,сіздің денеңізден  шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын”.

Осындай Нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

 

Үй тапсырмасын тексеру.Жаңа сабаққа алдын ала берілген дайындық жұмысы.

 

Дәйексөз

                  Дүниенің көзі тұтқасы,түп негізі заттық нәрсе емес,рухани дүние.

                                                                                         Платон

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып,мағынасын ашып,өз ойларын жеткізеді.

 

Әңгімелеу.

                      Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

      Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

      Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

      Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

      Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

      Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

      Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

"Бүркіт пен онын балапандары" аңызынан не ұқтыңыздар? Аңыздын мані неде?Аңыздың -өмірлік мані неде?

 

Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

Әңгімені рөлдерге бөліп оқу,кейіпкердің сөзін өз ойларыңызбен жалғастырыңыздар.

 

Топпен ән айту.      “ Сенім”

                                                                             Мәдина Садуақасова

1) Сездірмей жүрген,

    Тек өзің білген,

    Бір сенім бар жоғалмас мүлдем.

    Сол сенім барда,

    Асығам алға,  

    Ақ тілегім биікке самға.

 

Қайырмасы:

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы,

Сенім маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылдыда жеңемін,

Жүрегіммен сенемін!

2) Жылуын берер,

    Шапағат төгер,

    Махаббатым адаспай келер.

    Асқардай биік,

    Армандар жиі,

    Мен өтермін өмірді сүйіп.

 

Қайырмасы:

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы,

Сенім маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылдыда жеңемін,

Жүрегіммен сенемін!

 

Үй тапсырмасы.   Берілген ойды жалғастырыңыздар:

             Адам- ең жоғары құндылық,оның өмірі бәрінен де қымбат.

              Ұлттық ұлағат рухани мұраларда көрініс табады.

              Атадан қалған асыл сөз,нұр құяды көңілге.

              Ата- баба дәстүрін құрметпен ұғынам.

              Менің елім - менің байлығым.           

 

Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан                         алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!

 

 

 

             

             

            

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану сабағы "Рухани байлық игілік көзі" (10 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2016 4602
    • DOCX 59 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжетаева Шолпан Сереккановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50125
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек