Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану сабағы. Сабақтың тақырыбы: Сіз деген-әдеп, біз деген-көмек.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Өзін-өзі тану сабағы. Сабақтың тақырыбы: Сіз деген-әдеп, біз деген-көмек.

библиотека
материалов

Сабақтаң тақырыбы: Сіз деген – әдеп, біз деген – көмек.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Сұлулық,адамгершілік, әсемдік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, сыйластыққа,баули отырып, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

Оқушыладың «сыйластық», «әдеп», туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушыларды өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Оқушыларға әдептілікті, сыйластықты, көмек көрсете білудің маңыздылығын түсіндіру.

Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



1.Үй тапсырмасын тексеру.

«Әдептілік», «Сыйластық» туралы мақал – мәтелдерге ребус жасап әкелу.



2.Дәйексөз

Көп жүрген жер – көңілді,

Көп еңбегі – өнімді.

Халық мақалы

Жаңа тақырыпқа дайындық.

«Сіз», «біз» атты өлеңді оқып, өлеңнен түйген ойларыңды жазыңдар.

«Өзара сыйластық» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсетесіңдер?



3.Әңгімелеу

Бірлік

Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да,аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды.Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді.

  • Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, - деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты.

  • Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық, жарай ма?

  • Жарайды, - деді Данияр қуанып.

Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көмекке көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап – күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды.

  • Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! - деп айқайлады балалар.

Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде – ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді.



1.Бірлесіп жұмыс істеу неге қызық?

2. «Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?


4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Бес нәрсеге асық бол!» өлеңді сахналап көрсетіңдер.



5.Топпен ән айту

Достарым

ә.Т.Серіков

с.Т.Серіков

1.Достарыммен шаттанамын мен,

Әрқайсымен мақтанамын мен

Арқа сүйер достарым барда,

Атар таңға аттанамын мен.

Сендерсіңдер менің қорғаным,

Сендерсіңдер жасыл орманым

Жанымдағы асыл достарым,

Аман-есен жүрсе болғаны.

Мынау жарқын өмірде,

Дақ түсірмей көңілге

Бір жүрейік достарым менің.

Шыдау керек өмірде,

Ауырға да жеңілге,

Менің жарқын асыл достарым.

2.Шырқалады бүгін асқақ үн,

Сендерсіңдер жырым-дастаным

Аласармай жүрсе болғаны

Алатаудай биік достарым.

Қауырсын боп қанаттарыңа,

Шаттанамын бала таңыма.

Өздеріндей досты сыйлаған,

Алғысым көп жаратқаныма.




6.Үй тапсырмасы

«Мен әдепті баламын» өз жақсы қасиеттеріңді жазып келіңдер.



7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет.








Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров148
Номер материала ДВ-534711
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх