Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӨзін-өзі тану сабағы Табиғат сыйы" (3 сынып)

Өзін-өзі тану сабағы Табиғат сыйы" (3 сынып)

Скачать материал

Өзін – өзі тану сабағының жоспары Сынып – 3

Мектеп:Семеновка  орта мектебі                      Мерзімі                       №29-30

Тақырып: Табиғат сыйы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Адалдық,адамгершілік, әділ болу.

Мұғалім:                                                                    Оқушылар саны

 


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың тарту еткен сыйын аялау,оған қамқорлық жасау әрбір адамның  міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілікке тәрбиелеу .

Міндеттері:

     • Оқушыларға табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіру.

     • Оқушыларға адам табиғаттан сұлулықты, әдемілікті үйрене алатынын түсіндіру.

     • Оқушылардың «Табиғат», «Табиғат – Ана» туралы түсініктерін қалыптастыру.

 

Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты  ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

1.Үй тапсырмасын тексеру.

Күннің орнында болсаңдар, жан – жағыңа қандай жылылық сылар едіңдер, өз ойларыңды жазыңдар.

 

2.Дәйексөз

Табиғаттың әдемілігі – адам жанының тазалығы.

В.А.Сухомлинский

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

 

 Жаңа тақырыпқа дайындық.

«Адамның артықшылығы» шығармасын оқып, талдау.Сұрақтарға жауап беру.

 

1.Адамдар табиғаттан нені үйрене алады ?

2.Табиғаттың адам көңіл – күйіне қандай әсері бар ?

3. «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?

3.Әңгімелеу

Наурызгүл

Ертеректе Қаратау өңірінде бағасы асып, дәулеті тасыған жылқылы бай өтіпті. Сол төрт құбыласы түгел мырзаның жалғыз қызы ұзатылуға санаулы күн қалғанда мұрттай ұшып, ұшына ауырады. Қолы ұзын, қалтасы терең, уәлі ауызды адамға не тұрады, ат тұяғы жететін жерден бақсы – балгер, емші – тәуіп, құшнаш – тамыршыларды тегіс алдырып, апталап, айлап қаратады. Бірақ ештеңеден тапшылық та, таршылық та көрмей бұла болып өскен қыздың дертіне дауа табылмайды.

Бір мезгілде қырын келген қыс қайтып, мұз бұзылып, қар еріп,көктем иісі бұрқырап біліне бастайды. Күннің осы жылт еткенін қапы жібермейтін байдың жылқышылары малды таудың еңіс етегіне түсіріп, өздері кір – қоңын жудыруға үйлеріне келеді. Жылқышылар арасында «бай болып көрмеген, кедей болып өлмеген» аса намысты, кеудесін ешкімге бастырмайтын еті тірі сері жігіт болыпты.Байдың ерке қызы « ерді кебенек ішінен танып», әкесінің осы жылқышысын көптен ұнатып жүреді. Бірақ «қызға қырық үйден тыюдың» дәуірлеген шағында әдептен озбай, іш құсадан дерті меңдей түседі. Дауасыз дерттің неден екенін  қапысыз білетін жігіт таудан етекке түсерде кез келгеннің қолы жете бермейтін, мұзарт шыңда өсетін наурызгүлдің бір уысын алып келіп, есебін тауып, ардақ тұтқан аруына ұсынады. Жігіттің жүрек сәлемі дер кезінде, дәл мезгілінде тиеді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, мең – зең күйде жатқан қыз қасат қарды жарып шыққан қайсар гүлді көріп, басын жастықтан жұлып алыпты. Ол ештеңеге елең етпей, дүниенің бәрін ұмытып, екі көзін гүлге қадап:

«О, айналайын сенен, қадірлім де қасиеттім, сарғайтып, сағындырған Наурызгүлім, жанымның шипасы» , - деп емірене иіскеп, кеудесіне құшырлана қыса беріпті.....

Сырқат қыздың сол күннен бастап беті бері қарайды. Тазалық пен пәктік, төзімділік пен қайсарлық тал бойына дарып, жинақталған осы асыл өсімдіктің емдік дәруінен бай қызы сауығып, әрі «ел мақтаған жігітке» көңілі толып, ауруынан айыққан екен дейді көнеден қалған аңыз.

 

1.Қызды Наурызгүл қалай сауықтырды ?

2.Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма ? Неліктен ?

3.Наурыз гүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?

 

 

4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Табиғат – Анаға» деген сүйіспеншіліктеріңді жазыңдар.

 

5.Топпен ән айту

 

6.Үй тапсырмасы.

«Табиғатым аң – құсымен ажарлы» тақырыбына өздеріңе ұнайтын аң – құстардың суретін салып келіңдер.

 

7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге

 

 

 

 

 

 

 

Дәйексөз

Табиғаттың әдемілігі – адам жанының тазалығы.

В.А.Сухомлинский

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану сабағы Табиғат сыйы" (3 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 517 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2016 6203
    • DOCX 21.4 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжетаева Шолпан Сереккановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50119
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 684 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 276 человек