Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Өзін-өзі тану сабағы "Жаным толған жақсылық"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Өзін-өзі тану сабағы "Жаным толған жақсылық"

библиотека
материалов

Жаным толған жақсылық

Сабақтың мақсаты: Балалардың «жақсылық», « махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:-жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

-жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.

-қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Әдісі:Сұрақ- жауап, әңгімелесу, «Сиқырлы көзілдірік» ойыны,пікірталас картасы.hello_html_ec65fc4.png


Оқыту нәтижелері: Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді;

Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады;

Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді;

Көрнекі құралдар: слайдтар,дәптер,оқулық,плакат, «тамшы» үлгісінде қиылған көгілдір түсті қағаздар.

Сабақтың барысы:-оқушылардың назарын сабаққа аударту

  • Психологиялық дайындықhello_html_m95f3ae9.png

  • Шаттық шеңбері, сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:

Сурет салсам...

Сурет салсам- гүл саламын,

« Гүлге толып тұрса алаңым»,-деймін мен.

Сурет салсам-күн саламын,hello_html_m2295dc0e.png

«Күндей күліп тұрса маңым»,-деймін мен.

Сурет салсам-қала салам,

«Болсын барлық баласы аман»,-деймін мен.

Сурет салсам- Адам салам,

«Қорған болсын маған, саған»,-деймін мен.

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасы сұралады

-Балалар,өткен сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі- мейірімді болу керектігі әңгімелескен болатынбыз.Үйде «Мен мейірімді баламын» тақырыбына әңгіме құрастырып келуге тиіс болғансыңдар.Қанеки, кім бастап айтып береді?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырады:

  • Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу:Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар бойынша әңгіме жүргізеді.

  • Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

«Сиқырлы көзілдірік» ойыны.Сиқырлы көзілдірік киген оқушы өзінің жақсылық ісі туралы айтып береді.

Мәтінмен жұмыс:Жақсылық жасау туралы балаларда түсінік қалыптастыру үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

Мұғалім әңгімелеп береді. hello_html_m6d152e8d.png

Жан Ана

Енгін Көсеұғлұ

Түрік тілінен аударған С. Дағайқызы

Мұғалім әңгімеде айтылған ой туралы балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қояды.

Пікірталас картасы

Ауылдағылардың Жан анаға жасаған әрекеттері дұрыс па?

Ия

Жоқ





hello_html_m61e4fd5c.png

Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Дәйексөз.Оқушылардың әңгіме мазмұны бойынша ойлары дәйексөзбен түйінделеді. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деген нақыл сөзін жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді: адамға жақсылық жасасаң риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен,адал ниетпен жасалған іс.Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың . «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.

Шығармашылық жұмыс: hello_html_1cb4737b.png

Айтылган ой «Жақсылық тамшысы» атты шығармашылық жұмыс арқылы бекітіледі. Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалган тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді. Мұғалім тақтадагы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзгі жасаған жақсылықтарын жария етеді. Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қорытындылайды:


- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды. Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Тапсырма:Оқулықтағы суреттер бойынша тапсырма.Осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатынын әңгімелеп айтады.


Ойын «Ептілік пен жақсылық». Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастырылады. Әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез-тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді. Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады. Жеңімпазға Ақботаның қоржынынан «Данышпан ата» сыйлықтары беріледі. Кезек келесі жұпқа беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді.


Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген «Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға мына сұрақтардың жауабын жазыңдар:


1. Айналандағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?

2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттеріңді санамалап жазыңдар.

3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасындар?



V.Тыныштық сәті.

-Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына, ата-анасына, ұстазына қандай жақсылық тілейтіні туралы ойлайық. (2-3 сек) .«Жақсылық жасай білейік»

Мақал-мәтелдер. Жақсылық пен жамандық туралы қандай мақалдарды білесіңдер?hello_html_80e8612.png

1. Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.

2. Жақсының – жолы ашық.

3. Жақсыда жаттық жоқ.

4. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.

5. Жақсыменен дос болсаң – қасында жүрер бөбектеп,hello_html_572c402e.png

Жаманменен дос болсаң – артыңнан жүрер өсектеп.

6. Жаманнан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,

Жақсыдан туған жаман бар – бір асқа алғысыз.

7. Жақсылыққа жақсылық – адамзаттың белгісі.

Мақал – мәтел, нақыл сөздердің барлығы Адам – жеке тұлға болып қалыптасуымыздың көмекші құралы және әр мақалдың өзі тәрбиенің көзі болып саналады


Жүректен-жүрекке.

Балалар шеңберге тұрып, ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді:


- Аяулы анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

- Құрметті ұстазыма зор денсаулық тілеймін.


- Сыныптастарыма бақытты өмір тілеймін.

- Еңбекшіл достарыма қажымас қайрат тілеймін.



Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қазақстандық анаға деген махаббатhello_html_1622ea52.png

Мақсаты:Балалардың «жақсылық», « махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:-жақсылық пен махаббаттың

-жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.

-қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: слайдтар, дәптер,оқулық,плакат, «тамшы» үлгісінде қиылған көгілдір түсті қағаздар.

Сабақтың барысы:-оқушылардың назарын сабаққа аударту

  • Психологиялық дайындық

  • Шаттық шеңбері, сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар қол ұстасып,шеңберге құрып,оқулықтағы А.Асылбековтың «Жақсы болу - өзіңнен» атты өлеңін бірге оқиды.Өлеңнің мазмұны арқылы адамның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында екенін және өз бетінше көп үйренуге, әр ісіне есеп беруге үйрену керек екенін ұғынады.hello_html_742c0514.png

Жақсы – болу өзіңнен.

А.Асылбеков.

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла!

-Балалар,бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Қазақстандық анаға деген махаббат».hello_html_m3b04fe06.png

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді.
1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.

Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы ЖТОО — заводты аяқтады, экономист, ҚазМу-дың құрметті профессоры (2000 ж.). ЖТОО аяқтаған соң Қарағанды металлургиялық комбинатында, «Карагандауголь» КБ қызмет етеді.

1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді.
«Бөбек» республикалық қоры республиканың барлық аймақтарында жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау және көмек көрсету бойынша балалар қорларын ұйымдастырды.

Әдеби монтаж. Оқушылар Сара апаға арнап жаттаған өлеңдерін оқиды.hello_html_3e969bfb.png

1.Мейірімнің нұрын сеуіп бар балаға,

Қамқорлық нәрін бердің жан дауаға.

«Бөбек» қорын бала үшін ашып берген

Мыңда бір алғыс айтам ,Сара анаға.

2.Ел баласын мәпелеп саялаған,

Әр баланы жан тәнімен аялаған.

Біледі үлкен-кіші бар еңбегін,

Бала үшін күш-жігерін аямаған.

3.Ел қолдаған сіз бастаған барлық істі

Өзімізді тануға біз кірістік

Дүниені танып-біліп алмай тұрып

Өзіңді танып білу басы істің

Сара Назарбаева, «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті:
«Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның риясыз сүю, өз күшіне сену, жақсылық жасай білу қабілеттерін аша түседі. Және өмірді танып-білуге деген құштарлығын арттырады..

«Болады-болмайды» тренингі

-Мейірімді болуға...

-Кешірімді болуға...

-Қатыгез болуға...

-Тәртіпті болуға...

-Әдепті болуға...

-Ұрысқақ болуға...

-Сыпайы болуға...

-Қайырымды болуға...

-Бұзық болуға...

-Бауырмал болуға...

-Ақылды болуға...

-Мақтаншақ болуға...

-Шыншыл болуға...

-Арам болуға...

-Маман болуға...

-Жаман болуға...

Айтпақшы,

-Жаман болуға...

Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

Жүрекше арқылы бір – бірімізге жүрек жарды тілегімізді айтайық.

.Қорытынды.Тілегіміз қабыл болсын деп Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнін айтамыз.

«Бала тілегі» әні.

(сөзін жазған С.Молдасанұлы,әнін жазған Ф.Жолдасова).

Бал- балалық,балдырған шақ сан арман,hello_html_m9a05fde.png

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен – қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер бәріміз,


Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.

Рахмет! Бүгінгі сабағымызды мен Е.Бағайдың «Жақсылық жерде қалмайды» өлеңін оқып берейін.


Жақсылық жерде қалмайды.

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.hello_html_m31a8bdf4.png

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.


Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатігез болсаң -* сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды

деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар! Сіздерге арнайы сыныбымыздың атынан жасаған жүрекшелерімізді қабыл алыңыздар!

ММ « №1 орта мектебі»

















Жаным толған жақсылық

Өзін-өзі танудан ашық сабақ

3 сынып









Бастауыш сынып мұғалімі- Искакова Г.Б.













Көкшетау 2013 жыл

Мм « №1 орта мектебі»















Қазақстандық анаға деген махаббат

Өзін-өзі танудан тәрбие сағаты

3 сынып









Бастауыш сынып мұғалімі- Искакова Г.Б.

















Көкшетау 2013 жыл

Жақсылық пен жамандық

Автор
Дата добавления 09.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров418
Номер материала ДБ-018302
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх