Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Шаған ЖОББМ
Тақырып: Жақсылық-жан жадыратады./1-сағаты/
Құндылық: жан тыныштығы
Қасиеттер: жақсылық жасау,жақсы сөз айту,мейірімділік,адалдық.
Мұғалiм –Куанышкалиева Ф.А., Сынып – 9 а,ә , Оқушылар саны -
Сабақмақсаты:Жақсылық жасау арқылы ішкі тыныштыққа жету жолдары туралы түсінік беру; Міндеттері: -жақсылық жасау арқылы адам бойында туатын ішкі тыныштығын ояту,ашу; -Оқушылардың бойында ішкі тыныштық құндылығын дамыту; -Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге,адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу; |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Дәптер,оқулық,бейнефильм, аңыз,тамшылар үлгісі. |
Сабақ барысы:
А.Құнанбаевтың «Жиырма үшінші сөзі» -Жаманға салысып жақсы бола ма?дегенді қалай түсінесіңдер? -Адам басқаның жамандығына қуанудан немесе жұбаныш болудан жақсы адам бола ала ма? |
Сабақ барысын талқылау: |
«Жақсылық қылсаң жасыр, Жақсылық көрсең асыр» /Халық даналығы/ |
|
Аңыз әңгіме: «Өмір сүрудің ең жақсы жолы» мұғалім оқып түсіндіреді. Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады.Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді.Ол ақкөңіл,жайдарлы болғандықтан,ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін.Бір күні ауыр науқастанып,бұл дүниеден өтерін сезген адам,артында қалған үш ұлын қасына шақырып: -Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады.Мирасымды соған қалдырамын.Менің дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін.Осы долларға бір нәрселер алыңдар.Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек.Шартым осы. Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айрылып қалмауды ойлап,не істерлерін білмей қатты абыржыды.Қалаға барып үшеуіде долларларын жаратты.Кешкісін әкелерінің қасына келгенде үлкен баласы: -Досымның шаруашылығына барып,екі қап сабан сатып алдым,-деді де,қаптарды ашып,сабанды әр тарапқа шаша бастады.Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал екінші баласы: -Дүкенге барып екі жастық алдым,-деді де жастықтарды сөгіп,ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады.Бірақ жүн де жерге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал үшінші ұлы: -Долларды ұсақтап,50 центін мешітке бердім,20 центін қайырымдылық қорға бердім,20 центін садақа ретінде тараттым.Қалған 10 центке екі нәрсе алдым,қалтасынан сіріңке мен шырақты алды.Бөлменің жарығын сөндіріп,шырақты жақты.Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.Әкесі баласына риза болып: -Мирасымды саған қалдырамын,өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы-айналаңа жарық тарату екенін білдің. -Үшінші ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көзқарасыңыз? -Әкелерінің ішкі тыныштық табуына не себеп болды? -Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер? -Ішкі тыныштықты тағы қайдан табуға болады? |
|
Жақсылық туралы бейнефильм көрсету. 3-топқа бөлініп, Жақсылық тамшысы топтық жұмыста тамшы үлгісінде қиылған көк қағаздарды балаларға үлестіріледі.Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті.Біз дариямызды құрау үшін бейнекөріністегі жағдайларды көре отырып,мына тамшыларға жасаған жақсылықтарымыз бен игі істерімізді жазуымыз керек. /Балалар,әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса,жер бетінде тыныштық орнап,адамдар бақытты өмір сүреді./ |
|
«Армансыз күнім болмайды» әнін топпен айтамыз. |
|
«Сөз құдіреті» мәтіні,дәптермен жұмысты алу. |
|
Әрқашанда бір-бірімізге жақсылық жасап,өміріміз тыныштыққа толы болсын делік.Сабақ аяқталды. |
|
Настоящий материал опубликован пользователем Муратова Клара Ораевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалучитель начальних классов
Файл будет скачан в формате:
Сіздерге «Өзін-өзі күту» карточкасын ұсынамыз. Бұл карточка өзіңізге назар аударып, көңіл-күйіңізді көтеруге арналған тиімді құрал.
Карточкада өзіңізді жақсы сезіну мен ішкі тыныштық табу үшін қажетті кеңестер мен ұсыныстар бар. Жеке уақыт өткізу, медитация жасау, жаяу серуендеу немесе жанға жайлы фильм көру сияқты қарапайым, бірақ әсерлі тәсілдер сіздің эмоционалдық және физикалық әл-ауқатыңызды жақсартуға көмектеседі.
«Өзін-өзі күту» карточкасы арқылы сіз өзіңізге көңіл бөліп, өмірдің шағын, бірақ маңызды сәттерінен ләззат ала аласыз.
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Жақсылық жасау арқылы адам бойында туатын ішкі тыныштығын ояту.Оқушылардың бойында ішкі тыныштық құндылығын дамыту,өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге,адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету.Оқушыларды ізетті,сыпайы,әдепті,ілтипатты болуға тәрбиелеу. Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту.Оқушылардың бойына кішіпейіл,адал,сенімді,кешірімді болуға дағдыландыру.Оларды зиянды заттарды қолданудың алдын алуына көмектесу.Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;Оқушылардың күнделікті қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал ету.Оқушыларды өзін-өзі басқара алуға,өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.
Өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру,ізгілікке тәрбиелеу.Оқушы өзінің бойын ұстамдылыққа,сабырлылыққа,ризашылдыққа үйрету.Жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік қалыптастыру.Оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы өте зор екендігін оқушыларға жеткізу.Кітапты қадірлеуге,еңбекті сүюге тәрбиелеу,үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.Үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.Достыққа бейімділік сапаларын дамыту,өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу,бірлікте,көпшіл болуға іскерліктерін дамыту.Бір-біріне көмектесуге,бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу;Ата-тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру.Мейірімділікке,үнемдей білуге тәрбиелеу.Ойын әрекетіндегі шығармашылық қабілеттерін дамыту.Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру.Оқушыларды рухани адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге,өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.Өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту.Адамдарды сыйлай,қадірлей білуге тәрбиелеу.Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу.Оқушылардың жаңа бастама,жақсы істер,ел болашағы жөнінде ұғымдарын дамыту.Оқушыларды ізгі істерге баулып,шығармашылыққа жетелеп,белсенділіктерін арттыру.Ойлау қабілеттерін дамыту.Топпен жұмыс істеуге,жұппен бірлесуге баулу.Оқушының жақсы оқуына,сапалы білім алуына,саналы тәрбие беруге,әдепті сөйлей білуге үйрету.Адал достыққа,жағымды қарым-қатынасқа,мол адамгершілікке тәрбиелеу.Шығармашылық қабілетті анықтай отырып,дарындылықты байқау.Сұрақтарға орынды,толық мәнді де жауап беруге талпындыру.Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру.Оқушылардың сөздік қорын зерттей отырып,өз ойын ашық білдіруге,толық жеткізе білуге дағдыландыру.Табиғатты аялауға,өз отанын сүйе білуге,сүйіспеншілікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.Жақсы мен жаманды ажырата білуге,жақсылықты түсіне білуге баулу.Алдына мақсат қоя біліп,оған жетуге,яғни ізденіп,еңбектеніп қол жеткізуге баулу.Уақытты бағалай алуға,бір күнгі сәтті өмірдің қадірін білуге үйрету.Өз-өзіне сенімділікпен қарауға дағдыландыру.Оқушылардың өз денсаулығына күтіммен қарауға,шын ниет,шын жүрегімен ойлауға үйрету.Тез шешім қабылдай алуға, ізденімпаздыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.
7 232 601 материал в базе
Вам будут доступны для скачивания все 214 354 материалы из нашего маркетплейса.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.