Инфоурок Другое Конспекты«Өзін-өзі тану сабағында оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату».

«Өзін-өзі тану сабағында оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату».

Скачать материал

hello_html_m52ee5d.gif54 жалпы орта мектебі



















Тақырыбы: "Оқушылардың бойына  рухани  адамгершілік қасиеттерді  ұялату".







Орындаған: «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Барлыбаева Г.Қ.

















Шымкент қ. 2014 жыл

54 жалпы орта мектебі өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Барлыбаева Гүлнара Қоршыбайқызы.

«Өзін-өзі тану сабағында оқушылардың бойына  рухани 

адамгершілік қасиеттерді  ұялату».


Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.

Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.

Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде уақыт талабына сай болу С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» атты білім жобасының негізінде оқу жоспарына жаңа пәннің енгізілуінің қажеттілігін айқын аңғартып отыр.

Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда оқушылардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде. Өзін-өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп, басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзіне-өзі бағыт алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылық пен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табуы мүмкін емес.

«Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Оқушылар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады.

Өзін-өзі тану бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну. Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы оқушының жан дүниесін байытып, рухани-адамгершілік білімді халықтық дәстүр арқылы жеткізу. Адамзат өз елінің, халқының мәдениетін сәби шағынан біліп өсуі маңызды. Сондықтан адамның бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу ең басты міндетіміз.

Оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - оқушылардың өзіне деген сенімділігін нығайта отырып, олардың бойына имандылық қасиеттерді дарытып, жағымды ойларға бейімдеу мақсатында түрлі өлең, шығармаларды пайдаландым. Оқушылардың бойында жауапкершілік, өнегелік, дербестік мінездері қалыптасып, барлық адамды сүюді үйренуге көңіл бөлдім.

Шығармашылық тақырыбым «Өзін-өзі тану сабағында оқушылардың бойына  рухани  адамгершілік қасиеттерді  ұялату" тақырыбыма сәйкес әр сабақта 2-3 минуттық тренингтер пайдаландым. Мысалы: Шаттық шеңбері. Ортаға шығып, дөңгеленіп тұрып шаттық шеңберін құрайық. Өзімізді таныстырып, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізге тек жақсы тілектер айталық. Армандайық. Көзімізді жұмып өзімізді отбасында, ошақ қасында, аяулы да, аялы балаларымыздың қасындамыз деп елестетейік. Сәл ойланайықшы, осы бізге баламызды кей кезде түсінуге не жетпей жатады? Әрине, ТӨЗІМ, ШЫДАМДЫЛЫҚ, УАҚЫТ, МЕЙІРІМ, ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ. Енді аялы алақанымызды күн анаға созып, жылытайық. Енді сол жылумен жүрегімізді нұрландырайық. Енді жүрек жылуымен бөлісейік. Бір-бірімздің алақанымызды қысып, жүрек жылуын сыйлайық.

Әңгімелесейік. Ал енді түс таңдайық. Сол түстерді таңдау арқылы топтарға бөлініп отырайық.

Қызыл түс-сенімділік, ұшқырлық, өжеттілік.

Көк түс-жарқындық, дархандық.

Сары түс-сабырлылық, ұстамдылық.

Тыныштық сәті. Тыныштық сәті-өзін-өзі тану сабақтарында баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс ауын реттеу үшін қолданылатын тәсіл. Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.

Сабақтың өзіне тән ерекшелігі – сабақтың стандартты емес түрлері ұсынылады: ойланатын сабақтар, талдау сабақтары, сайыс сабақтар, концерт сабақтар, экскурсия сабақтар, ойын сабақтар, сахналау т.б. «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтан тыс жұмыстары сабақта меңгерген білімдерін іс жүзінде өмірде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.

Тақырыптардағы негізгі ойды жеткізуде халық ауыз әдебиеті үлгілерін, тиым сөздер, мақал - мәтелдер, ағартушы жазушылардың шығармаларын пайдаландым. Сонымен қатар оқушыларға басқа ұлт өкілдеріне құрмет көрсетіп, сыйластық қарым - қатынаста болу керектігін де ұғындырдым. Өзге ұлттың салт - дәстүрлерін, мәдениетін, ұлттық ойындарын таныстыру арқылы достық байланысты нығайтуға көңіл бөлдім.

Мен 5-сыныптарда өткен «Жақсылықпен жаным дос» атты сабағында топпен жұмыс жасау, сергіту сәті, театрландырылған көрініс, мәтін қуаласпақ ойыны және т.б. түрлерін қолдандым. Алдымен оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі ниет ақ тілектерін айтып сабақты бастауды. Мысалы: Жанерке-оқуда озат болуыңа тілектеспім т.б. Мен оқушыларға түрлі түсті жұлдызша таратамын, жылдызың биіктен көрінсін деген мақсатта сынып жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы төрт топқа бөлінді. C:\Users\User\Desktop\МУЗЫКА\101OLYMP\PA263205.JPG


Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында флеш видео «Бумеранг добра» әлеуметтік видеороликті көрсете отырып, оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу арқылы жүргіздім.


Мысалы:

  1. Жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?http://www.bookcity.kz/pics/9789965342011.jpg

  2. Жақсылық жасау дегеніміз не?

  3. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Жақсылық жасау адамның парызы ма? Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді. Әңгімелесу барысындағы ойды толықтыру үшін оқулықта берілген «Жақсылыққа - жақсылық» ертегісін оқушылар театрландырылған көрінісі арқылы көрсетті. C:\Users\User\Desktop\МУЗЫКА\101OLYMP\PA263233.JPG


«Шығармашылық тапсырмада» өзін-өзі тану сабағындағы оқушылардың топтық жұмысының маңызды бөлігі.  Оған рөлдік ойындар және жаттығулар, сурет салу және театрландырылған көрініс, макет, плакаттар дайындау кіреді. Оқушылар мұнда өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашады, өздері жасаған және қайта жаңғыртқан образдары арқылы өзіндік «Мені» көрсетеді. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, елгезектік өз пікірін айта білу және өзінің пікірін сыйлау сияқты қасиеттерді сезінеді, өзіне сенімділік қалыптасып, өз қабілетіне және шығармашылық мүмкіндігіне сенімі нығаяды. Бірлескен шығармашылық әрекет балаға да, үлкен адамға да тақырыпты тереңірек түсінуге, бір-біріне сенуге, бір-біріне құрметпен, қамқорлықпен қатынас жасауға көмектеседі.hello_html_212c4cfa.png

Мақал қуаласпақ ойыны.

Адамның жақсы мен жаман қасиеттері бойынша мақал айтып жарысу.


1.Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен

2.Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық.

3.Ат жаманы жолдан қалдырар,жолдас жаманы қолда қалдырар.

4.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.

5.Жолдас,жолдасқа қиянат еткен оңбас.

6.Жақсы жаныңа жолдас,жаман малына жолдас.

7.Жалқаудың жаны тәтті,еңбектің наны тәтті.

8.Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі ғой,жамандыққа жақсылық ер адамның ісі ғой.

9.Таудың басын көр де,
Түбіне барма;

Жақсының өзін көр де,
Үйіне барма.
 10.Ақ сауыттың жағасы бар,
Жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар,
Кегі жоқ.
 11.Жақсыда кек жоқ.
 12.Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.
 13. Жақсының жаны  – жаннат.

14. Жақсының аты өлмейді,
Ақынның хаты өлмейді.
 15. Жақсыны жатқа санама,
Аласаны атқа санама.
 16. Жақсы адамда жаттық жоқ,
Тәуекелдің көңілі жоқ.
 17. Аққу құстың төресі,
Жалғыз жатып оттамас
Қас жақсының белгісі
Қара сөзді жақтамас.
 18.Жақсы қыз  –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт  –
Көктегі жұлдыз.
 18.Жақсы туса  – ел ырысы,
Жауын жауса  – жер ырысы.


Ойын «Ептілік пен жақсылық». Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастырылады. Әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез-тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді. Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады.C:\Users\User\Documents\САМОПОЗНАНИЕ\суреттер\PA263199.JPG

Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады. Ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып «жақсылық» тақырыбына ой түйіндейді. Мыс: Қайырымдылық - жақсылық жасаудың ең тиімді жолы. hello_html_m47311927.png

Оқушыларды топтастыру арқылы сыныпта үнемі ынтымақтастық атмосфера қалыптасқаны байқалды. Бұл сыныпта бір-бірін тыңдауды білмейтін, ұрыс көп болатын. Оқушылар бір-бірінің сөзіне құлақ салуды, пікірлерімен бөлісуді білді. Олар өздерінің оқуға нәтижелі жету жолдарын үйренді. Сабаққа күнделікті дайындалуды, көптеген мәліметтерді білуге ұмтыла бастады. Топтың белгіленген критерилерімен бағаланатын болған соң, топ мүшелері үлгерімі төмен оқушыға міндеттер жүктеп, жан-жақтан үйретіп жатты. Сабақтың мақсатына жету үшін, сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда пайдалы және қызықты болды. Оқушыларға рефлекция Не білдім? Не білгім келеді? жаздырып отырдым. Рефлекцияны жаздыра отырып, әр оқушының тақырыпты меңгергенін сабаққа қызыққанын, не білгісі келетінін байқадым.C:\Users\User\Desktop\101OLYMP\PA303326.JPG

Оқушылар өздігінен тірек сызбалар, Венн диаграммасын құру және семантикалық картаны толтыруға үйренді. Ал ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылы, белсенділігі артты. Топпен жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсарды.

Топтың аты

Мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу

Мағынаны тану.

Шығармашылық жұмыс. Ой толғау

Топтық жұмыс.

Жалпы балл

1-топ. Ақылдылар













hello_html_55051940.png







Қорытынды: өзіміздің іс-тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.

  1. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

  2. Жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.

  3. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

  4. Әрбір сабақта озық технологияларды өткізу, әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
















Қолданылған әдебиеттер:


1.     Ақиқатты тани біл (Ғибрат толғамдары): V кітап/ Қурастырушы  Сейтақов А.– Алматы, 2004.-320 б.

2.     Познай истину: Книга VI. Самопознание. Мысли на каждый день.- Алматы, 2005.- 136с.

3.     Назарбаева С.А. Ұстаздан ұлағат.-Алматы: Атамұра, 2000.-40   б.

4.     Назарбаева С.А. Самопознание  и гармоничное развитие человека//Самопознание (теория, практика, поиск новых парадигм). Материалы республиканских научно-практических семинаров по нравственно-духовному образованию. Вып.1.-Алматы, 2003.-116 с.

5.     Бердяев Н.А. Самопознание.-М., 2001

6. Ұ.Асылов, Ж. Нұсқабайұлы Әдеп. Инабаттылық дәрістері. Оқу құралы.- Алматы: Рауан, 1998







































Сіздерді бүгінгі конференцияның буклетімен таныстырып өтсем:

Модуль. Өзін-өзі тану деген не?

Модуль. Тренингтер.

Модуль. Шығармашылық тақырып бойынша ашық сабақтың үлгісі.


Буклетте көрсетілгендей, енді «Өзін-өзі тану» туралы сөз қозғайық. С.А. Назарбаева айтқандай: Өзін-өзі тану –рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі. Өзін-өзі тану пәні «Бөбек» ұлттық қорының басшысы Сара Алпысқызы Назарбаеваның авторлық туындысы. “Бөбек” Ұлттық қоры 1997 жылы құрылған. Авторы: Сара Алпысовна Назарбаева. Жетекшісі:Тілек Уәлиевич Қарымсақов. Жалпы орта білім беретін мектептерге арналған өзін-өзі тану бойынша бағдарламалар жинағы жарық көрді.(Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО, Адамның үйлесімді дамуы институты, 2010 ж.) Өзін-өзі тану пәні С.А.Назарбаеваның авторлығымен рухани-адамгершілік тәрбие жобасы аясында жас ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырып, ұлттық бай мұраларымызды игеруге бағытталып жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздеген.


Жалпы білім беру ұйымдарындағы 1-11-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің типтік оқу бағдарламаларын бекіту туралы № 71 бұйрық шықты. 2010-2011 оқу жылы өзін-өзі тану пәнін енгізу жылы.

Өзін-өзі тану – оқушыны ізгілікке, адамгершілік құндылықтарға, жас ұрпақты сапалы білім алуға бағдарлайтын пән.

Оқушылар нені үйренеді?

Қарым-қатынас психологиясын

Әдеп әліппесін

Әдет-қылықтар пәлсәпасын

Адам болмысын тануды

Дидактикалық ойындарды

Топтық жаттығуларды


«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:

Әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар түйінді құзіреттерді мақсатты түрде дамыту.


Өзін-өзі тану пәнінің өзіндік қайталанбас әдіс-тәсілдері бар. Осы әдіс-тәсілдер арқылы ұстаз баланың бойына бар ізгі қасиеттерді құяды, өзіндік «Менің» қалыптастыруға жол ашады.

hello_html_m1fb4546d.gif


Тренингтер.


Ресейдің Беслан қаласында болған қанды оқиға осы адами-зұлымдықтың нәтижесі екенін ұмытпайық. Сара Алпысқызы Назарбаева мен Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың бастамасымен Бесланда мектеп салынып, осы мектеп қалпына келтірілген болатын.Сол Бесландағы оқиғадан аман қалаған балалр, қазір ержетіп отыр. Елбасымызға, қазақ халқына деген ақ алғыстарын мына журнал беттерінен оқуға болады. Сара Алпысқызы өзінің еңбегі үшін «Алтын жүрек» медалімен марапатталды.








Сонымен, өзін-өзі тану әлеміне қош келіпсіздер!

1.Кіріспе презентация

1-слайд. Ата-ананың махаббаты шексіз...

2-слайд. Ата-ана махаббаты әрқашан шынайы...

3-слайд. Бала махаббаты деген-сіздердің баларыңыздың ақ алғыстары, күміс күлкілері...

4-слайд. Ата-ана әрқашан “ұстамды”.., “сабырлы”.., “салиқалы”..., “кешірімді”.., “жан-жақты” болуы тиіс, АТА-АНАНЫҢ МАХАББАТЫ шексіз екенін ұмытпайық!
5-слайд. Ойланыңыз!
Сіздің бойыңызда осы асыл қасиеттер бар ма?


2. Сонымен, кіріспе презентацияда айтылғандай, сіздердің бойларыңызда адамгершіліктің құнды қасиеттері бар ма? Рухани құндылықтарға қаншалықты бай екенімізді бүгінгі пікірталас сағатында білетін боламыз.


Тренинг “Отбасы қалқаны”hello_html_m46766a06.gif

Өзіңізді неге, кімге теңейсіз?

Сіздің өмірлік ұстанымыңыз?

Сіздің сүйікті ісіңіз?

Сіздердің ақ армандарыңыз?




Жауаптарын сурет түрінде береді. Оны мына мәуелі ағашқа іледі.

Видео фильм «Өзін-өзі тану әлемі және ата-аналар»

Тренинг «Жүректен жүрекке» шеңбер құрып тұрып, бір-біріне ақ тілектер айту.


26.10.2013жылы 5-«А» сыныбында ашық сабақ өттім. Сабақтың тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос»

Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі

түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Оқытудың мақсаты: Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға

ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға

дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар

оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.


Оқыту нәтижелері: Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді;

Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады;

Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді;

Топпен жұмыс барысында ойы толығады,әрекетті сыни бағалауды

үйренеді;

Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу.Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы 4 топқа бөлеміз.

1-топ. Ақылдылар

2-топ. Мейірімділер.

3-топ. Тәртіптілер.

4-топ. Әдептілер.

Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады.


ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып «жақсылық» тақырыбына ой түйіндейді. Мыс: Қайырымдылық - жақсылық жасаудың ең тиімді жолы.D:\өзін-өзі\06.jpg





Шығармашылық тақырып бойынша ізденуіме байланысты күнделікті өмірде қоршаған ортамен қарым-қатынаста бола отырып, әлемге деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке, сыйлауға әдеттенуді қажет деп қабылдауын көрдім.  


Рахмет.



































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Өзін-өзі тану сабағында оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.

Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 073 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 8110
    • DOCX 3.7 мбайт
    • 70 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Барлыбаева Гульнара Коршибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35469
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 628 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 195 человек