Инфоурок Другое Другие методич. материалыӨзін-өзі тану сабағының жоспары. Үлкенге – құрмет кішіге – ізет

Өзін-өзі тану сабағының жоспары. Үлкенге – құрмет кішіге – ізет

Скачать материал

                                              Өзін-өзі тану сабағының жоспары
                                                                  № 10сабақ
 Мектеп
:Ақсай қаласы №4 ЖОББМ                 Мерзім2а(14.11.15)ә(12.11.15)б(18.11.15)в(13.11.15)
Тақырып
:Үлкенге – құрмет кішіге – ізет                                   Құндылық:Дұрыс әрекет
Қасиеттер
:сыпайылық, сыйластық, құрмет
Мұғалім
:Жандосова.А.Ж                                                                                       Сынып- 2

Сабақ мақсаты:
«Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері
:
– үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру
– сыйлы қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту
– үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу

Ресурстар:

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып,«Өзін – өзі тану»сабағының ережесін «5-Т»қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.
Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
2.Тыныштық сәті.            Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей,

 

 

ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 
3.Үй тапсырмасын тексеру.
10 сабақ Дәптермен жұмыс

 

4.Әңгімелесу.Рақмет, ата!
   Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өткен жолдың қиылысында төрт–бес жасар шамасындағы қыз тұрды.
   Қасына келіп:
–Бұл жерде неғып тұрсың? дедім.

–Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.
–Ой, айналып кетейін,көп жаса! Атың кім?
–Гүлнар.
–Кімнің баласысың?
–Әжемнің баласымын.

Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.

–Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата!–деп жүзіме қуана қарады. Кіп–кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.
–Гүлнардың үлкенді сыйлайтынын, кішіге қамқоршы екенін қандай іс–әрекеттерінен аңғаруға болады?
–Атай Гүлнарға қандай ізеттілік көрсетті?

 

5.Дәйексөз.
« Адамшылдық негізі, үлкенге құрметтен басталады »

 

6.Шығармашылық жұмыс.
Қарт әжейге көмек (сурет салу)Кішіге қамқорлық (сурет салу)
Кімді не үшін құрметтеу керек?

 

7.Топпен ән айту.Кісілік – кішілік
Көп ойланып есебі,
Келсе керек білгісі.
Сөз сұрапты деседі
Қариядан бір кісі.
–Уа, қария, данамыз,
Алайық бір түсініп.
Үлкендік деп не ұғамыз?


Дейміз нені кішілік?
–Ағайынмен, досымен,
Тату болса ісімен.
Санаспай–ақ жасымен,
Сыйлас болса кісімен;

Кезек күтіп сөйлесе,
Көрсетсе ізет, білгендік.
Кеуде кере келмесе,
Сол – Кісілік–үлкендік.

–Сіз үлкендік дегенмен,
Басқаша ұқтық мұны біз,
Мәмілешіл бар елмен
Кішілік қой мұнымыз.

Жөн – ақ өзің аңдасаң,
Сөздің мәнін түсініп.
Ұйқасады әрқашан
Кішілік пен кісілік.

 

8.Үй тапсырмасы.

№11 сабақ дәптермен жұмыс

 

9.Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
   Мұғалім жәй дауыстап
:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану сабағының жоспары. Үлкенге – құрмет кішіге – ізет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.11.2015 1007
    • DOCX 19.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жандосова Айжан Жандосқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жандосова Айжан Жандосқызы
    Жандосова Айжан Жандосқызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13775
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 27 регионов