Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары Мектеп: «Көкпекті орта мектебі»К.М.М Мұғалiм Аяганова А.О. Сынып 2 Оқушылар саны 16 Тақырып : 1 – сабақ. «Біз осындай баламыз» Құндылық: Сүйіспеншілік

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары Мектеп: «Көкпекті орта мектебі»К.М.М Мұғалiм Аяганова А.О. Сынып 2 Оқушылар саны 16 Тақырып : 1 – сабақ. «Біз осындай баламыз» Құндылық: Сүйіспеншілік

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мұғалiм: Аяганова А,О

Сынып: 2

Оқушылар саны: 24

Тақырып: «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет».

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік

 

Сабақ мақсаты: Сыйластық, мейірімділік қасиеттері арқылы дұрыс әрекет құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1. Білімділік. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластық, мейірімділік қасиеттері туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық. Сыйластық, мейірімділік қасиеттері арқылы дұрыс әрекет жасау іскерліктерін дамыту.

3. Тәрбиелік. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

Оқулық, сәуле шашқан күн, ақ қағаздар

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен сәлемдесу, көңіл күйлерін сұрау. 5 т ережесін еске түсіру.

Тәртіп           Талап            Тыныштық         Тазалық       Татулық

 

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Кәнекей, балалар өздеріңе ыңғайлы болатындай етіп еркін отырыңыздар. Көзімізді жәймен жұмып, саяхатқа шығуға дайындалайық. Ол саяхат сіздерге өте қатты ұнайды деген сенімдемін. Өте биік тауға шығып бара жатырмыз деп көз алдымызға елестетейік. Жарқырап тұрған күн өзінің алтындай сәулелерімен қуана-қуана биік тауға жол көрсеткендей. Біз өте қуаныштымыз. Біз өзімізді сергек сезініп тұрмыз. Біз сол биік таудың шыңына жеттік. Бұл шың басына өзіміздің досымызбен шықтық. Біз бір-бірімізге көмек қолын соза отырып шың басына көтерілдік. Тіпті біздің қолдарымыз бір-бірімізді қолдап отырды. Әр минут сайын досымның маған ұсынған көмегін сезіндім. Оған арқа сүйедім. Осындай досымның барына риясыз қуаныштымын. Достарыңның қасында болғаны қандай тамаша десеңізші! Осы сезімді өз бойыңызда сақтап қалуға тырысыңыз. Досыңның қолынан алып, ыстық алақанынан нағыз достық сезімін сезініңіз. Ал енді сыныпқа қайтуға дайындалайық. Күн сәулелері біздің мектепке баратын жолға сәуле шашып, жол көрсетті. Біз сол жолда өзімізді бақытты сезініп келеміз. Сынып есігіне де кірдік. Енді өз орнымызға жайғасып отырамыз. Көзімізді баяу ашамыз. 

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

М.Төрежанов  «Үш дос» әңгімесін оқып келу.

     Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақа трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:

- Ойындарыңа мен де қосылайыншы, - деп өтінді. Қазанқап:

- Ойынға қоспаймыз, - деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.

     Самат біраз қарап тұрдыда, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді. Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:

- Кел! Ойынға сен де аралас , - деді. Қазанқаптың кешегісі түсті.

- Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.

- Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, - деп Самат Қазанқаптың қолынан ойынға өзі араластырды. Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:

- Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, - деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.

§  Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

§  Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

§  Бір-бірімен сыйластықта болу үшін  адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

 

Ескерту

3. Дәйексөз.

«Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің».

                                                                                        Халық даналығы

Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас, дұрыс әрекет жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық, мейірімділікке, достыққа кенеледі. Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын, өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсінеді.

 

 

4. Оқиғаларды әңгiмелеу.

«Үлкендерді сыйлауды үйренген есек» ертегі.

Жолда Алфавит деген есек келе жатты. Келе жатып жылады. Бір кезде алдынан Мармелад деген лақ кездесіп сұрады: - Сен неге жылайсың? Сені ренжіткен біреу бар ма?

-       Жоқ. Мені ешкім де ренжітпеді деп тіл қатты есек.

-       Онда не болды?

-                Әжем үлкендерді сыйлауды үйреніп кел деп жіберді? Ал мен қалай үйренемін егер ондайды үйретін мектеп болмаса деп жауап берді есек.

-       Көз жасыңды сүрт. Мен саған көмектесемін.

-       Рас па?

-       Бірақ сен бірнеше ережені есте сақтап ал. Есте сақтау қабілетін жақсы ма есек?

-       Иә, өте жақсы.

-       Онда өте тамаша! Мені мұқият тыңдап ал. Үлкендерге жол беру керек, үлкендермен сыпайы сөйлесу керек, қарсы сөздер айтпау керек, досыңдай арқасынан қақпа, ең бастысы үлкендердің ақылын тыңдауға тырыс деп ақыл айтты лақ.

-       Неткен көп ереже!? Осының бәрін қалай есіңде сақтап жүрсің деп таң қалды есек.

-       Мен бар болғаны әдепті лақпын.

-       Сонда мына мен әдепсіз есекпін бе деп ашулана түсті.

-                Мен ондай сөздер саған айтқан жоқпын деп Мармелад ренжи сөйледі. Есекпен ұрсып қалмай тұрғанда тез қоштасып алайын деп лақ өз жөнімен кете барды. Ал есек болса жолда арқасына ауыр жүк тиеген Тпру деген атты кездестіріп қалады. Қазір лақтың айтқандары дұрыс па, бұрыс па екенін тексерейін деп аттпен амандасып сұрады:

-          Сәлеметсіз, Тпру ат! Қорықпаңыз сізге дөрекі сөздер айтпаймын, арқаңыздан да қақпаймын.

-          Тағы не болды? Деп күлімсірей сұраған ат.

-          Сізге жол беруге тырысамын. Егер маған ақыл-кеңес айтсаңыз мен оны құлақ түріп тыңдап аламын дейді есек.

-          Өте тамаша! – деп мақтай түсті Тпру. Бірақ бұны неге маған айтып тұрсың?

-       Мені үйдегі әжем үлкен кісілерді сыйлап келуді үйрен деп жібрген. Сіздің ойыңызша мен үйреніп алдым ба үлкендерді сыйлауды деп тіл қатты есек.

-       Иә, үйреніп қалыпсың. Оны мен сенің әжеңе айтып барайын. Бірақ тағы бір кеңес берейін бе дейді Тпру.

-       Әрине деп қуанып кетті есек.

-       Келесі жолы үстіне ауыр жүк тиеген кәрі атты көрсең, жүгін көтерісуге көмек қыл депті.

-       Мақұл! Деп уәде берді есек. Біраз уақыт өткен соң есек, аттан сұрады:

-       Қазір сізге көмек қылсам бола ма? Жоқ па?

 

Сұрақтар:

1) Есек неліктен көңілсіз келе жатты?

2) Лақтың айтқан кеңестері сенің ше дұрыс па?

3) Ат есекке қандай кеңестер айтты?

4) Сенің ойыңша Алфавит деген есек үлкендерді сыйлауды үйрене алды ма?

 

 

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Ойын-жаттығу «Құрмет-ізет».

- Балалар, Алфавит деген есектің үйренген сөздерін мына ағашқа орналастырайық.

Тақтаға жапырақ ағаштардың (үлкен, кіші) суреті ілінген. Оқушыларға қағаздан жасалған таза жапырақтар таратылып беріледі. Жапырақтардың арғы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған. Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса – «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.

Жапырақтардағы сөздер: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу  етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.

 

- Балалар, енді ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы деп атайық. Ал кіші ағашқа ілінген сөздер ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет» ағашы деп атайық.

 

Олай юолса үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсете білетін адамның бойында қандай қасиеттер табылу керек? Оны біз мына күн сәулелеріне жазып ілеміз.

 

 

                                                мейірімділік

                              сыпайылық                 ұқыптылық

 

 

                     қамқорлық                                           адалдық

 

 

 

                                  шыншылдық                      жанашырлық

қарапайымдылық

 

     Сонда қорытындылай келе біз адамға керек қасиеттерді тауып, сол қасиеттер арқылы дұрыс әрекет құндылығын пайдалана білуді үйрендік.  Сонда осы қасиеттер күндей жарқырап, айналасына нұрын шашып тұрса, құрмет пен ізет көрсету де  дұрыс жүргізіледі.

 

 

6. Топпен ән айту.

«Дана әжем»

Сөзі мен әнін жазған М.Керейбаев

1) Мамамыздың анасы,

Ақ жаулықты ақ әжем.

«Айналайын құлыным» -

Деп айтатын дана әжем.

 

Қайырмасы:

Еркелетіп өсірген

Айналайын дара әжем.

Мені жақсы көретін

Сені жақсы көретін

Ірімшігін, мейізін

Бізге сақтап беретін.

 

2)  Ертегі айтып, әлдидеп,,

Әлпештеген, жебеген.

Көп қой бізге айтатын

Ақыл-кеңес, өнегең.

     Қайырмасы:

Еркелетіп өсірген

Айналайын дара әжем.

Мені жақсы көретін

Сені жақсы көретін

Ірімшігін, мейізін

Бізге сақтап беретін.

 

 

7. Үй тапсырмасы.

«Рахмет, ата» әңгімесін оқып, мазмұндап келу. Сұрақтарға жауап беріп келу. Сыйластық туралы 2-3 мақал-мәтел жазып келу.

 

 

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.  «Нұрға бөлену»

Кәнекей, балалар өздеріңе ыңғайлы болатындай етіп еркін отырыңыздар. Көзімізді жәймен жұмып, саяхатқа шығуға дайындалайық. Ол саяхат сіздерге өте қатты ұнайды деген сенімдемін. Өте биік тауға шығып бара жатырмыз деп көз алдымызға елестетейік. Жарқырап тұрған күн өзінің алтындай сәулелерімен қуана-қуана биік тауға жол көрсеткендей. Біз өте қуаныштымыз. Біз өзімізді сергек сезініп тұрмыз. Біз сол биік таудың шыңына жеттік. Бұл шың басына өзіміздің досымызбен шықтық. Біз бір-бірімізге көмек қолын соза отырып шың басына көтерілдік. Тіпті біздің қолдарымыз бір-бірімізді қолдап отырды. Әр минут сайын досымның маған ұсынған көмегін сезіндім. Оған арқа сүйедім. Осындай досымның барына риясыз қуаныштымын. Достарыңның қасында болғаны қандай тамаша десеңізші! Осы сезімді өз бойыңызда сақтап қалуға тырысыңыз. Досыңның қолынан алып, ыстық алақанынан нағыз достық сезімін сезініңіз. Ал енді сыныпқа қайтуға дайындалайық. Күн сәулелері біздің мектепке баратын жолға сәуле шашып, жол көрсетті. Біз сол жолда өзімізді бақытты сезініп келеміз. Сынып есігіне де кірдік. Енді өз орнымызға жайғасып отырамыз. Көзімізді баяу ашамыз. 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары Мектеп: «Көкпекті орта мектебі»К.М.М Мұғалiм Аяганова А.О. Сынып 2 Оқушылар саны 16 Тақырып : 1 – сабақ. «Біз осындай баламыз» Құндылық: Сүйіспеншілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 093 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2017 907
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аяганова Айман Оралгазыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аяганова Айман Оралгазыевна
    Аяганова Айман Оралгазыевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21145
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 144 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1469 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов