Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Рабочие программы / Өзін-өзі тану Сабырлылық пен ұстамдылық
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Өзін-өзі тану Сабырлылық пен ұстамдылық

библиотека
материалов

Мектеп № 267 орта мектеп Мерзiмі: №23

Тақырып: Сабырлылық пен ұстамдылық

Құндылық: дұрыс әрекет. Қасиеттер: сенімділік,адалдық

Мұғалiм: Арихова Лайла Сынып: 5 «А» Оқушылар саны : 20

Сабақ мақсаты: «сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарының құндылығы мен маңыздылығын ашу

Міндеттері:

-оқушылардың сабырлылық, ұстамдылық және мінез –құлық мәдениеті туралы түсінік беру

-оқушылардың дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту.

- өз сезімдері мен көңіл күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық;

Дәптер;

Күнделік;

Қалам)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

 Оқу құралдарын әзірлеу: сабаққа назар аударту. 5Тережесін еске түсіру

1.Тәртіп+сүйіспеншілік

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену»

(Бірнеше оқушылардан алған әсерлері туралы сұрау)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Жан жарасы жазылмайды

Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

Ашуды ақылға жеңгізге біл деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талдау:













3.Дәйексөз: «Ұстамдылық –әдептің ұстазы,ұстамсыздық –әлектің нұсқасы»


Дәйексөзді қалай түсінесіңдер

(Дәйексөзді әуелі ұлдарға 2 рет,қыздарға 2 рет айтқызамын)

Оқушыларға хормен оқыту;

Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіні сұралады;

Дәптерге жаздырылады;


4.Әңгiмелеу

Сабырлылық дәні

Аңыз әңгіме 

     Ертеде арабтық шөл даласында жағдайы ауыр бір отбасы өмір сүріпті.Олар отырықшылдыққа қарағанда, дала кезіп айдалада тұрғанды ұнатады екен.Бұл отбасы өзінің күн көрісне шүкіршілік, өмірдің қиындығына сабырлық етіп ғұмыр сүріпті. Сол жылы осы өлкеде қатты қуаңшылық болып,шіліңгір ыстыққа жан баласы шыдамапты. Үйдегі бала-шағаның іштеріне ыстық түсіп,ауырып науқасқа ұшырайды.Азық та, су да таусылады.Соңында бір-екі бидайдың дәні мен тек бір адамның шөлін басатын су қалыпты.

Сонда да ерлі-зайыптылар қиыншылыққа төзімділік,шыдамдылық, сабырлық танытып үміттерін үзбепті. Бір күні алыстан бір қара көрініп, арып-шаршаған біреу келеді.Келуші шөлде адасқан,бір мүсәпір екен. Үйге жете бере «Су, су!»- деп құлап түседі. Өздері қиын жағдайға душар болған ерлі - зайыптылар «Бір адамды тірілткен, бүкіл адамзатты тірілткенмен пара - пар» деп, қалған бір жұтым суын жаңағы мүсәпірге ішкізеді. Мүсәпір есін жиып, әлденген соң өз жөніне кетеді.

Ал, аштық пен кенесесі кепкен, шөлдеп өлуге шақ тұрған үй иесі тыстан ат тұяғының дүбірін естиді. Үйге судай құаруланған бірнеше адам кіріп келеді. Киімдеріне қарағанда патшаның нөкерлері сияқты. Олар «Бұл маңда Ахмет деген кісінің үйі бар ма екен?» деп сұрайды. Отағасы «Ахмет менмін. Бұл жерде бізден өзге ешкім жоқ», дейді.

Нөкерлер «Біз осы аймақтың билеушісі ханның адамдарымыз. Хан сізге есік алдында тұрған сыйлықты жеткізуді бұйырды», дейді.

Аң – таң болған үй иесі тысқа шықса есік алдында жүк тиелген 10 түйе, 5 жылқы байлаулы тұрған екен.

Таң – тамаша болған отағасы «Бұны ол не үшін тарту етті?», деп сұрайды.

Нөкерлер «Біздің патша тұтқыннан қашып келе жатқанда су беріп, өлім аузынан алып қалғаныңыз үшін тарту етті», деп жауап беріпті.

Талқылануға берілген сұрақтар:

  1. Мәтіндегі отбасының жағдайы туралы не айтуға болады?

  2. Басына іс түскен адамға қалай көмек берді?

  3. Шыдамдылықтың арқасында қандай сый - сияпатқа ие болды?

  4. Хан бұл отбасының қандай қасиетіне тәнті болып, ризашылығын айтты деп ойлайсыздар?

  5. Осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер

Сабырлыққа жетелеу.

Сабырлық жолын меңгерген

Жаны жайсаң жандардай

Іздену керек кез-келген

Игілік жолын тайсалмай

Сабыр түбі сары алтын

Төзіммен бойла тереңге

Алмайық оны жоғалтып

Табылады ол сенен, менен де

Мінездің асыл төресі

Қөмкерілген көркеммен

Ізгіліктің кемесі

Сабырлықпен өлшенген.


5.Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға «Тәубеңе кел» видеоролик көрсетіледі.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-топқа Сабырлық дегеніміз........ ..................

2-топқа Ұстамдылық дегеніміз.........................

1-топқа Ұстамдылық маған не үйретті

2-топқа Сабырлық маған не үйретті

Тақырыбында постер қорғау

Оқушылар өз ойларын жеткізеді.


6.Топпен ән айту. (Оқушылар орындарынан тұрып әнді орындайды.)

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


7.Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтағы «Жан жарасы жазылмайды » аңыз әңгімесін оқу


8.Соңғы тыныштық сәтi.

Біз бүгінгі сабағымызда сабырлылық туралы әңгімеледік. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Бүгінгі керемет сабақ үшін рахмет!





















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.04.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров176
Номер материала ДБ-036716
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх