Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану. Шаттыққа толы жүрекпен. 1 сынып

Өзін-өзі тану. Шаттыққа толы жүрекпен. 1 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мерзімі:_________ № 1-2 сабақ

Тақырып: Шаттыққа толы жүрекпен

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, мейірімділік,махаббат.

Сынып – 1 сынып

Сабақтың мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету

Міндеттері:

  • «Өзін-өзі тану» пәні туралы түсінік беру;

  • Өзіне деген сенімділігін арттыру;

  • Өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.


Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады.



  1. Дәйексөз

Өмірді тану - өзіңді танудан басталады.

Халық даналығы.


Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.


  1. Әңгімелеу

Балапан

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды. Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.

 Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

·        Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

·        Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


Оқушылар топпен жұмыс жасайды.


Табиғат аясын өздеріңе ұнайтын түспен бояңдар.




  1. Топпен ән айту

Луиза Хей «Ризашылық әні»


Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінег!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз казірге!

Ризамын, ризамын,

Ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын,

Ризамын қазірге!


  1. Үй тапсырмасы

1-2 сабақ. Жұмыс дәптерінен 6 беттегі 1- тапсырманы орындау.


«Өзін-өзі тану елін» өздеріңе ұнайтын түстермен бояндар.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып турады.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!








Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров417
Номер материала ДВ-387414
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх