Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Рабочие программы / Өзін-өзі тану Сүйіспеншілік-өмір өзегі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Өзін-өзі тану Сүйіспеншілік-өмір өзегі

библиотека
материалов


Мектеп № 267 орта мектеп Мерзiмі: № 9

Тақырып: Сүйіспеншілік - өмір өзегі

Құндылық: Сүйіспеншілік . Қасиеттер: жақсы көру,қадірлеу ,сыйластық

Мұғалiм: Арихова Лайла Сынып: 5 «А» Оқушылар саны : 20

Сабақ мақсаты: оқушыларға сүйіспеншіліктің өмір өзегі екендігін ұғындыра отырып сүйіспешілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушылардың риясыз сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

-оқушылардың бойында жақсы көру,қадірлеу,сыйластық қасиеттерін дамыту;

  • оқушыларды туған елін, жерін, ата-анасын және баршаны риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу .

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық;

Дәптер;

Күнделік;

Қалам)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

 Оқу құралдарын әзірлеу: сабаққа назар аударту. 5Тережесін еске түсіру

1.Тәртіп+сүйіспеншілік

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

36- беттегі Автор Р.Рождественскийдің «Махаббат шуағы» өлеңін оқу, талдау

Талқылау сұрақтары:

1.«Бәрінің бастауы-Махаббат!» -деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.Махаббат,жақсы көру неліктен адамның жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?

3.Достықтың,сүйіспеншіліктің , яғни, махаббаттың қандай түрлерін білесіңдер?

4.Риясыз махаббат дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талдау:















3.Дәйексөз:

Сүйіспеншілік – жүректен.

Ш.Құдайбердіұлы


(Дәйексөзді әуелі ұлдарға 2 рет,қыздарға 2 рет айтқызамын)

Оқушыларға хормен оқыту;

  • Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіні сұралады;

  • Дәптерге жаздырылады;


4.Әңгiмелеу


Бір ананың жеті қызы (В.Сухомлинский) «Даналық сабақтары». Аудармалар


Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде олар алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.
- Мен сені күн сәулесін күткен гүлдей сағындым,- деді біріншісі.
- Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,- деді екіншісі.
- Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым,- деді үшіншісі.
- Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын,- деді төртіншісі.
- Сен менің түсіме раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,- деді бесіншісі.
- Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым,- деді алтыншысы.
Жетінші қызы үндеген жоқ.Ол шешесінің аяқкиімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.


Талқылау сұрақтары

1. Әңгімеден не түсіндіңдер?

2. Қыздары аналарына сүйіспеншіліктерін қалай білдірді?

3.Жетінші қызы анасына сүйіспеншілігін қалай білдірді?

4. Сендер өз аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?


5. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ

Анамызға арнап, өзіміздің ішіміздегі білдіре алмай жүрген риясыз сүйіспеншілігімізді  хат арқылы жолдайық.

Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарына сәйкес келесі өлең жолдарын толықтыруды ұсыну.

(Балалар шығармашылығы)

 2-топ

Отан

Қорғаймын мен ,...

Кең байтақ өлке ...

Көсіле жатқан ...

Сатпаймын мен ...

3 топ

Табиғат

Жер ана бізге үн.... ,

Қорғаңдар әсем .....

Қорғап , сақта ..,

күтіп , бапта .....

4 топ

Сен бақытты ұлансың

Анаң-күнің,...

Әкең-өмір.....

Сен бақытты....

Бәрі саған...

(Өз шығармашылығынан айтып беру)

Отан

Қорғаймын мен елімді,

Кең байтақ өлке жерімді.

Көсіле жатқан даламды.

Сатпаймын мен Отанды.

Табиғат

Жер ана бізге үн қатты ,

Қорғаңдар әсем табиғатты.

Қорғап , сақта аңдарды,

Күтіп , бапта бауларды.



Сен бақытты ұлансың

Анаң-күнің ,жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!


6.Топпен ән айту. (Оқушылар орындарынан тұрып әнді орындайды.)


«Ана туралы жыр»

Сөзі Ғ.Қайырбектовтікі

әні Ш.Қалдаяқовтікі


Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.


Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай күнін, қолыма түспеді.

Қайырмасы.

Ете гөр қанағат, әзірге берермін,

Балалық махаббат, балалық жүрегім.

Бол риза, анажан, қолдағы осы бар,

Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.

Қайырмасы.


7.Үй тапсырмасы.

1.«Менің анам» деген тақырыпта эссе жазу,өлең шығару,сурет салып келу.

2. Оқулықтағы 40 беттегі «Отбасы татулығы» мәтінін оқып келу


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық .  Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 































Өзін-өзі тану сабағына рефлексивті есеп №1

Арихова Лайла Жакебаевна

Қызылода облысы ,Қызылорда қаласы

267 орта мектептің

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі.


Бүгін 16 қараша күні 5 «А» сыныбында Сүйіспеншілік - өмір өзегі тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен сабақ өткіздім.

Сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері толық жүзеге асырылды. Тыныштық сәтінен алған әсерлерімен оқушылар ой бөлісті.

Әсеттің жауабы: - Мен бүгін тыныштық сәтінен өте жақсы әсер алдым. Өзімнен шыққан нұрды бар әлемге шашып тұрған сияқтымын. Айналамның барлығын жақсы көретінімді сездім. Алыстағы туысқандарыма , лагерьде болған достарыма нұр жібердім. Үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға оқушылар жақсы жауап берді.

Оқушылар тақырыпқа байланысты сабақ материалдарын (әңгімелеу, шығармашылық жұмыс бөлімдерінде берілген материалдарды) жақсы қабылдап, «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашуға ат салысты. Сабақтың әңгімелеу бөлімінде «Бір ананаың жеті қызы» тақырыбындағы әңгімені бар ынталарымен тыңдап, сұрақтарға жауап берді. Адамға сүйіспеншілік не үшін қажет екендігі туралы пікірлерін айтты.

Оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы жауаптары:

Жанель: -Менің ойымша махаббат ,жақсы көру адамның жанын нұрға,көңілін қуанышқа бөлейді.

Аружан: - Менің ойымша риясыз махаббат ол еш қайтарымсыз махаббат.Риясыз сүйіспеншіліктің бастауы да,аяғы да болмайды.

Оқушылардың сабақ мазмұнына қызығушылығы, шабыттануы сабақтың шығармашылық бөлімінде танылды. Балалар топта бірлесе отырып жұмыс жасады. Барлық топтар да берілген тапсырманы құндылық, қасиеттермен жақсы байланыстыра білді.Өлең шумақтарын өз шығармашылығымен толықтырып айтып берді. Аналарына арнап айта алмай жүрген риясыз сүйіспеншіліктерін жеткізе білді.

Сабақта қол жеткен және қол жетпеген нәтижелерге тоқталсам, тыныштық сәті, үй жұмысын сұрау шығармашылық жұмыс, әңгімені талдау сәттері нәтижелі болды.

Дәйексөзді талдау кезінде ойлары сәл шашыраңқы болып, соңынан толықтырылды.Топпен ән айту кезінде әннің нотасы жоғарылау болып ,балалардың дауысы шамалы жетіңкіремей қалды .

Сабақты өзгерту және жақсарту бойынша ұсыныстар - уақытты тиімді пайдалану, тақырыпқа байланысты бейне роликтер көрсету.











hello_html_36961044.pnghello_html_4e5798d2.png





hello_html_72c55d76.pnghello_html_7c1116cc.png



hello_html_m729d478.png



hello_html_m23e89f56.pnghello_html_m61d2bbc4.png

hello_html_28369060.pnghello_html_m5ded762a.png

Автор
Дата добавления 17.04.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1777
Номер материала ДБ-036710
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх