Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Рабочие программы / Өзін-өзі тану табиғат тылысымы

Өзін-өзі тану табиғат тылысымы


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:



Мектеп № 267 орта мектеп Мерзiмі: №27

Тақырып: Табиғат тылысымы

Құндылық:Сүйіспеншілік .Қасиеттер: табиғатты сүю,қорғау

Мұғалiм: Арихова Лайла Сынып: 5 «А» Оқушылар саны :

Сабақ мақсаты:Оқушылардың табиғат тылысымы туралы түсінігін дамыту.

Міндеттері:

Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-баланың табиғатқа аялы қарым-қатынасын дамыту;

-табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық;

Дәптер;

Күнделік;

Қалам)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

 Оқу құралдарын әзірлеу: сабаққа назар аударту. 5Тережесін еске түсіру

1.Тәртіп+сүйіспеншілік

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Жағымды күйге келу. «Теңізге саяхат »

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Жомарттық» мәтінін оқу

Талқылау сұрақтары:

Патша уәзірлерін қалай сынады?

Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер?

Жомарттық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Жомарттық малмен бола ма, жоқ пейілмен бола ма? Деген сұрақты қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талдау:










3.Дәйексөз:

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік,жанға жайлы бір нәрсе бар Ш.Уәлиханов

Дәйексөзді қалай түсінесіңдер

(Дәйексөзді әуелі ұлдарға 1 рет,қыздарға 1 рет айтқызамын)

Оқушыларға хормен оқыту;

Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіні сұралады;

Дәптерге жаздырылады;


4.Әңгiмелеу

«Жер ана туралы мысал»

  • Ертеде жер кіршіксіз таза болыпты. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары болатын. Ол барлық жер бетіндегі тіршілік иелеріне, жануарларға, құстарға, жәндіктерге пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған бар сүйіспеншіліктерін арнап, жанашырлықпен қарады. Күндердің бір күнінде Табиғатадам пайда болды. Ол құдыретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін,ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыратын, ол ән айтқанда онымен бірге аспан мен жел қосылып ән шырқайтын. Жер-ана мен Табиғатадам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Бірақ әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншіліктен алыстай берді. Жер-ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды. Адамдар Жер- ананың кім екенін ұмытты, ал Табиғатадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды. Адамдар өздерінің қажеттіліктері үшін жерді жыртты, егін екті, одан пайда тапты.Тамақ іздеп, олар жердің мәпелеп өсірген өсімдіктері мен жануарларын аяусыз жайратты.Содан соң алтын мен басқа қазба байлықтарын іздеп Жер- ананың денесін ойып, шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттер қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтыларды құрту үшін қуатты қаруларды пайдаланып, соғысты. Ал Жер -ана осының бәріне шыдады, ол адамдар естерін жияр, олар Ұлы сүйіспеншіліктің перзенттері екенін түсінер деп сенді. Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп, табиғи апаттарын жасап,өз күшін көрсетті. Сонда да адамдар қорқатын емес, олардың құлақтары алтынның сыңғырынан керең болған, көздері сараңдықтан көрмей қалған, адамдықтың шырқау биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүруде.Егер адамзат Жерге қайырымды болып,нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса,ал Табиғатадамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер- ана мен Табиғат адамның сүйіспеншілік дастаны өкінішпен аяқталуы мүмкін.

Сұрақтар:

        • Жер- ананың бастапқы қалпы қандай болған? Адам ұрпағы Жер-ана мен Табиғат адамның риясыз сүйіспеншілігін жалғастыра алды ма?

        • Жер -ана неге адамдарға ашуланды, ол неден үміттенді?

        • Адамдар неліктен қатыгез болып кетті, одан құтылар жол бар ма?

        • Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

        • Табиғатқа жасалынған залал қиянатқа жата ма? Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтырады?

Сендер жер ана үшін не істей аласындар ?


5. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөлу, «Табиғатты аялайық» тақырыбында постер қорғау.

Табиғат тұтастығын сақтау жөнінде ұсыныстарын айтып, оның мәнділігін дәлелдеу.

Ұсыныстарын: сурет, жоба, өлең түрінде берулеріне болады.

Түйін:

Өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат;

Жаман сөз есту – құлаққа қиянат;

Барлығынан жамандық көру – көзге қиянат;

Жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат;

Жаман әрекет жасау – тәнге қиянат.

Жағымсыз ойлар – бүкіл әлемге қиянат


6.Топпен ән айту. (Оқушылар орындарынан тұрып әнді орындайды.)

«Қос қарлығаш» әні

Сөзі: Б.Ауданбаев

Әні: Н.Еспанов

1.Бір күн келіп алмастырып, бір күнді,

Көктем келіп, айналамыз құлпырды.

Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,

Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш көктемде

Сағындырып жеткен бе?

Қандай сезім жетеледі туған мекенге?

Тағып алып ақ тұмар,

Жұлдыздай боп ақтыңдар,

Ерте өшкен үмітімді қайта жақтыңдар,жақтыңдар.

2.Қос қарлығаш қияқ қанат достарым,

Қанатыңмен тілгілеген аспанын.

Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегім,

Ұя салса ауласына басқаның.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш көктемде

Сағындырып жеткен бе?

Қандай сезім жетеледі туған мекенге?

Тағып алып ақ тұмар,

Жұлдыздай боп ақтыңдар,

Ерте өшкен үмітімді қайта жақтыңдар,жақтыңдар.

Туған жер, туған ел.

3.Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,

Тірліктерің туған жерге өң берген.

Әрбір адам туған жерін сүюді,

Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш көктемде

Сағындырып жеткен бе?

Қандай сезім жетеледі туған мекенге?

Тағып алып ақ тұмар,

Жұлдыздай боп ақтыңдар,

Ерте өшкен үмітімді қайта жақтыңдар,жақтыңдар.


7.Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтағы «Аққулы мекен» мәтінін оқу


8.Соңғы тыныштық сәтi.

Біз бүгінгі сабағымызда табиғат тылысымы туралы әңгімеледік. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Бүгінгі керемет сабақ үшін рахмет!









Автор
Дата добавления 17.04.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров124
Номер материала ДБ-036718
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх