Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Өзін-өзі тану»пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары

«Өзін-өзі тану»пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Өзін-өзі тану»пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары

Мектеп: №14 О.М. Мерзімі: 03.10 2016ж

Пәні:Дүниетану

Сабақ түрі:Кіріктірілген сабақ

Тақырып:Жүрек-қан тамырлары

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Айналадағы адамдарға сүйіспеншілікпен қарау,өзара қарым-қатынас сыйластық.

Мұғалім:Қасымбекова О.Б. Сынып:3 «А»

Оқушылар саны:20.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Жүрек-қан тамырлары жайлы түсіндіру.

2.Дамытушылық:Адам өмірі жайлы түсінікті тереңдетіп,өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

3.Тәрбиелік:Өмірге жақсы көзқараспен қарауға,айналадағы адамдарға мейірімділік танытуға,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық,интерактивті тақта,суреттер,

мәліметтер,

мақалдар,

шығармашылық тапсырмаларт.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқу құралдарын дайындап,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Қаңқа және бұлшық ет

Сұрақ-жауап.

1.Дене бітімі сымбатты болып жетілу үшін қандай жағдайларға мән беру керек?

-Партада дұрыс отыру керек.

2.Бұлшық ет қандай мүшенің бұйрығымен қызмет жасайды?

-Мидың бұйрығымен қызмет жасайды.

3.Адам қаңқасын ата.

-Бас,мойын,көкірек,қол және аяқ сүйектері

Қосымша мәліметтер:

Адам денесінде 200-ге жуық сүйек бар.Барлық сүйектер бір-бірімен әр түрлі жолмен байланысқан.

Адам өз салмағындай ауырлықты көтере алады.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты.Шығармашылық жұмыс барысында бойында мейірімділік,сүйіспеншілік қасиеттерді жинай білді.

Дәйексөз

Жақсы сөз-жүрек жылытар

Халық даналығы

Дәйексөз оқушылар арасында талқыланады.

Әңгімелеу (Сұхбат)

Жан-жағымызға мұқият қарасақ,айналамызда күйбең тірішілік жүріп жатыр.Адамдар еңбек етуде,жұмысқа бара жатады,жұмыстан қайтып жатады.Демалады,қонаққа барады.Ал кейбіреулері қайғы-мұңды бастарынан өткізіп,кейбіреулері алға қойған мақсаттарына жетіп жатыр.

Бұл-өмір

Ал адам ұзақ өмір сүру үшін денсаулық керек.

Жаңа сабақ:

Жүрек-қан тамырлары

Жүрек көкірек қуысының сол жағында орналасқан.Ол-біздің ағзамызға негізгі қан айдайтын қозғағыш саналады.Оның үлкендігі адамның өз жұдырығындай.Жүрек жақсы жетілген қалың еттен тұрады.Жүрек еті бір жиырылып,бір босаңсып тұрып,кезекпен тынымсыз еңбек етеді.Жүрек жиырылғанда қан күшпен қан тамырларға айдап шығарылып,адамның барлық мүшелеріне тарайды.Жүрек қалпына келіп босаңсығанда мүшелерді аралап қайтқан қанға толады.Жүректен келетін ең ірі қан тамыры-қолқа деп аталады.Жүректен тарайтын қан тамырларын қызыл тамыр немесе артерия деп атайды.Ал жүрекке баратын қан тамырын-көк тамыр деп атайды.Жүрекке келген қан өкпеге, бүйрекке,теріге тарайды.

Суреттермен жұмыс

Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем

Қосымша мәлімет:

Жүрек ауруын емдейтін дәрігерді кардиология маманы дейді.

Егер адам көп мөлшерде қан жоғалтса өміріне қауіп төнуі мүмкін.Сондықтан ондай жағдайда қан құюды қажет етеді.Оларды донорлар деп атайды.

Сергіту сәті:

Бір,екі,үш,

Бойға жинап күш.

Төрт,бес,алты,

Салауатты өмір салты.

Жүректі күтудің ережелері:

Спорттық жаттығуларды жиі жасау

Таза ауада серуендеу

Еңбек жүктемесіне мән беріп,уақытында демалу,уақытында тамақтану.


Шығармашылық жұмыс

(Топтық жұмыс)1-жұмыс

Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер.

1топ.Жүрегі мейірімге толы адамды суреттеп беріңдер.

2топ.Жүрегі мейірімді адам қандай іс-әрекеттер жасайды?

3топ.Мейірімді адамның бойында қандай жақсы қасиеттер болады?

2-жұмыс «Жалғасын тап»ойыны

Мақалдың жалғасын тап.

Денсаулық-...(зор байлық)

Спорт- ... (денсаулық кепілі)

Шынықсаң- ... (шымыр боласың)



«Шын жүректен»

Жүрекшеге бір-біріне тілек жазып,тақтаға іледі.

Қорытынды:Адамның ерте тұруы,дене шынықтыруы және өзіне ұнаған спорт түрімен айналысуы оған қуаныш,шаттық сыйлайды.Яғни салауатты өмір салтын сақтау,жүректің дұрыс қызмет етуіне зор ықпалын тигізеді.

Бағалау:


Топпен ән айту

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Сөзі Е.Өтетілеуов.

Әні И.Нүсіпбаев.








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 03.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров22
Номер материала ДБ-316122
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх